Студопедия Главная Случайная страница Задать вопрос

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Несие № 8





Тақырыбы 1.Арнайы оқшаулау әдістерін талап етпейтін улы заттар тобының химия-токсикологиялық талдауы. Көміртек оксиді. Қасиеттері, уланулар таралымдығы, себептері, улы әсерінің механизмі. Дифференциальды диагностикасы және дезинтоксикациялық терапия принциптері. Токсикокинетикасы.

Мақсаты:Арнайы оқшаулау әдістерін талап етпейтін улы заттар тобының химия-токсикалық талдау әдістерімен студенттерді таңыстыру. Көміртек оксиді.

Оқыту мақсаты:Көміртек оксидінің химия-токсикалық анализі. Дифференциальды диагностикасы және дезинтоксикациялық терапия принциптері. Токсикокинетикасы.

Өткізу түрі:Презентация қолдану өткізу

Тақырып бойынша тапсырмалар:

3. Көміртек оксиді,токсикалық әсер механизмі.

4. Дифференциальді диагностикасы және дезинтоксикациялық терапия принциптері.

Таратылатын материал:

Монооксидті көміртек барлық жерде кездеседі, көміртек оксидінің толық жанбау кезіңде түзіледі. Ол көптеген өнеркәсіп газдарының құрамына кіреді. Ішкі жану двигателіндегі монооксидті көміртек мөлшері 1% -13 % дейін болады.

Органикалық синтезде монооксидті көміртек бастапқы қосылыс ретінде кең қолданылады. Тағыда монооксидті көміртек жану кезіңде бөлінеді .

Монооксидті көміртек СО — түссіз,иіссіз және дәмсіз. Молекулярлы массасы 28,01. Қайнау температурасы 190 °С, тығыздығы 0,97. Суда ерімейді, көкшілдеу реммен жанады. Көміртек (ІІ) оксидінің қосылысы ауада жаңуы мүмкін. Көміртек (ІІ) оксидінің 16%-73% қосылысы бөлме температурасында жаңғыш.

Монооксидті көміртекпен улану жолдары:

— көміртек газымен көп дем алғанда, жұмыс істеп тұрған двигателі бар жабық гаражда көп уақыт жұмыс істегенде;

— жөнделмеген құрылғылардың болуы;

— өрт болған жерде адамдардың болуы (жабық бөлме және пәтер)

Көміртек оксидімен улану ингаляция жолымен көп кездеседі 17,5 % летальді көрсеткіші. .

Жұмыс істеу бөлмесінің жіберілетін көміртек монооксидінің концентрациясы 20 мг/м3 .

Улану классификациясы

1. Жеңіл улану кезінде естің тануы болмайды.Клиникалық көрсеткіші жалпы ми бұзылыстары. Пульс жилігінің аздап жоғарлайды.

2. Орташа улану. Аз уақыт естің таңуы (ауыр дәрежелі гипоксия). Ми бұзылыстары және психикалық бұзылыс дәрежесі жоғары.

3. Ауыр улану кезінде коматозды жағдай туындайд. Дем алу және жүрек қан айналу жүйесі зақымдалады. Бүйрек және тері трофикалық өзгерістер туындайды.

Монооксидті көміртек организмге токсикалық әсері гемоглобинмен реакцияға түсіп патологиялық пигмент карбоксимиоглобин түзілуіне негізделген. Болатын гипоксия гемиялық сипат береді. Сонымен қатар, монооксидті көміртек Fe2+ бар терінің дем алу ферментімен байланысады.Монооксидті көміртегінің диссоциациясы баяу жүреді. Ол өз кезегінде тотығу-тотықсыздану процесіне кедергі жасайды.

Көміртек (ІІ) оксиді дем алу арқылы қанға түседі, содан кейін гемоглобинмен берік қосылыс түзеді карбоксимиоглобин (СОМНb). Көміртек (ІІ) оксидінің гемоглобинмен беріктігі 300 есе артық оттегімен салыстырғанда.

Көміртек (II) оксидімен уланған адамның қанында гемоглобин және оның қосылысы оттегімен және көміртек (II) оксидімен байланыспаған дезоксигемоглобин (Нb), оксигемоглобин (ОНb) — гемоглобин, оттегімен байланысқан күйде болуы мүмкін. Карбоксигемо­глобин (СОНb)—гемоглобин көміртек (II) оксидімен байланысқан. Сонымен қатар қанда мет гемоглобина (MtHb) болуы мүмкін. Улану кезінде метгемоглобин көміртекне (II) оксидімен байланыспайды..

Көміртек (II) оксидімен уланған адамның бұлшықетінде дезоксимиоглобин (МНb), оксимиоглобин (ОМНb) және карбоксимиоглобин (СОМНb) болады.

Қанда карбоксигемоглобиннің болуы көміртек (II) оксидімен уланғанын дәлелдейді. Карбоксигемоглобинді сандық анықтау үшін: спектроскопиялық, спектрофотометриялық, фотоколориме­триялық, газ-хроматографиялық, химиялық және басқа да әдістерді қолданады..

Спектрофотометриялық және газ-хроматографиялық әдістер карбоксигемоглобинді сандық анықтау үшін пайдалады.

Токсикокинетика және биотрансформация

СО организмге тек тыныс жолы арқылы түседі. 1 сағатта СО концентрациясы 3∙10-3 г/л в тең болса адамға токсикалық әсер көрсетеді.

СО токсикалық әсері карбоксигемоглобина — НbСО түзілуіне негізделген. Ауыр уланған кезде СО эритроциттердегі темір гемоглобинімен байланысады.Созылмалы немесе қайта улану кезінде қан плазмасында темір негемоглобиннің деңгейі жоғарлайды. Темір түскен СО бекітеді.. Аз концентрацияда әсер еткенде СО тіндерде анықталады. СО темір қүрамдас ферменттермен бекітіліп, буындарда темір гемоглобинімен байланысады. Гемоглобиннің миоглобинмен салыстырғанда СО және О шамамен 5 есе аз. СО қан және буындарда таралуы концентрациясына байланысты.Өлімге әкелген улану кезінде қандағы құрамы 58—85% НbСО, қанқа бұлшықетінде 10—53%, миокардта — 3—44% карбоксимиоглобин (МbСО). Буындардағы МbСО концентрациясы қандағы НbСО концентрациясынан төмен болады. НbСО және МbСО концентрациялары улану динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. НЬСО және МbСО корреляциялық коэффициентін анықтау үшін арнайы зерттеулер мен тексерістерді талап етеді.

СО уланғанда көмірсутек алмасуы бұзылады.Қандағы қант деңгейі жоғарлайды. Бірінші минуттан бастап интоксикация басталып гипоксемия әкеледі.Бұл өзгерістер көмірсутек алмасуына СО әсерінен туындайды. Гликоген ыдырауының нәтижесінде туындайды. Гликогенолиздің жоғарлауы гипергликемияға әкеледі.Глюкозаның көп мөлшері қанда және бас тіндерінде кездеседі.

Көміртек оксиді ағзадан негізінен бірнеше сағат ішінде тыныс жолдары арқылы шығарылады. СО-ны дем алып болған соң удың 60—70%-ы адамда 1 сағат ішінде шығарылады, 4 сағаттың ішінде адам ағзасы абсорбирленген 96%-ы шығарылады. Аз мөлшерде СО теріден шығарылады — шамамен 0.007 мл/сағ мөлшерде, ал АІЖ мен бүйректен сәл көп мөлшерде шығарылады. Зәрмен СО темірмен комплекс түзе шығарылады.

СО-мен уланудың лабораториялық диагностикасы қандағы НbСО-ны анықтауға негізделген. Сонымен қатар науқас стационарға түскендегі қандағы НbСО мөлшері науқас улану дәрежесін дәл көрсетпеуі де мүмкін. Көп жағдайда оның мөлшері оның шынайы мөлшерінен аз болуы мүмкін, клиникалық симптаматика ауыр улануды көрсетеді. Бұны уақыт өткен соң НbСО диссоциациясы жүруімен түсіндіреді, сондықтан үлкен диагностикалық мәнге улану үстінде алынған қан ие болады.

 

Әдебиеттер:

1. Токсикологическая химия: метаболизм и анализ токсикантов: учебное пособие + СD/ под ред. Н.И. Калетиной. – М., 2008. – 1016 с. Переплет.

2. Токсикологическая химия: учебник / под ред. Т.В. Плетеневой. – 2-ое изд. – М., 2008. – 512 с. Переплет.

3. Лужников Е.А. Клиническая токсикология. -М.,"Медицина", 1994. –189с.

Бақылау сұрақтары:

1. Улы булар мен газдар. Көміртек оксиді..

2. Уланудың кең таралу себептері.Токсикалығы..

3. Токсикокинетикасы.

4. Улану клиникасы мен клиникалық диагностикасы..

5. Дезинтоксикациялық терапия құрамындағы гипербариялық оксигендеу әдісі.

6. Сапалық анализ.Қандағы карбоксигемоглобинді анықтаудың химиялық экспресс-әдістері..

 

Тақырыбы 2.Карбоксигемоглобиннің химиялық анализ әдісінің принциптері..

Мақсаты: Карбоксигемоглобиннің химиялық анализ әдістерімен студенттердің танысуы

Оқыту мақсаты: Карбоксигемоглобиннің химиялық анализ әдістері бойынша студенттерде білім деңгейін қалыптастыру. принциптері

Өткізу түрі: презентациямен топтық талдау, индивидуальді сабақ өткізудің нәтижелерін талдау.

Тақырып бойынша тапсырмалар–Карбоксигемоглобиннің химиялық әдістерінің презентациясы

1. Биообектіде СО (II) анықтау әдістері.

2. Қандағы СО анықтау






Дата добавления: 2014-10-22; просмотров: 135. Нарушение авторских прав

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.006 сек.) русская версия | украинская версия