Студопедия Главная Случайная страница Задать вопрос

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Фосфотрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталити-калық әсері





Фосфотрансферазалар (киназалар) фосфорлану реакцияларын тездетеді, олар фосфор қышқылының қалдығын тасымалдайды. Олар бір компонентті жай ферменттер, көбі төртіншілік құрылымға ие, аллостерикалық орталықтары болады. Фосфор қышқылының көзі ретінде АТФ-ті пайдаланады. Егер ол макроэргиялық байланысы сақтала тасымалданса, онда реакция қайтымды болады, ал ондай байланыс сақталмаса реакция қайтымсыз болады:

АТФ + глюкоза → АДФ + глюкоза -6- фосфат

Студенттің өзін-өзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер

1.Төмендегі реакцияны қандай фермент тездетеді? Қай класқа жатады?

АТФ + глюкоза → АДФ + глюкозомонофосфат

2.СН3СНNH2-COOH + ? → COOH-(CH2)2CHNH2COOH + CН3CO-COOH

Реакция түрін атаңыз, қандай ферментпен тездетіледі, реакцияға қандай зат қатысады?

3. Креатин + АТФ → АДФ + креатинфосфат. Реакцияны қандай фермент жылдамдатады? Ол қандай класқа жатады?

4. COOH14(CH2)rCHNH2COOH → COOH-(CH2)r-CH2NH2 + CO2

Реакция түрін атаңыз. Қандай ферментпен тездетіледі? Ферменттің құрылысы қандай?

5. ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Реакцияны тездететін негізгі ферменттерді атаңыз.

6. В6 витамині қандай ферменттің құрамына кіреді? Осы фермент тездететін реакцияны жазыңыз.

7. Пируватдегидрогеназа деген не? Қандай реакцияны тездетеді?

8. a– аланин мен a– кетоглутар қышқылының қоспасына қосылды: біріншісіне- бауыр гомогенаты, екіншісіне – алдын-ала қайнатылған бауыр гомогенаты. Пробиркаларды оптималды температурада 30ми-нутқа қойды. Қандай реакция жүрді? Қай пробиркада? Қандай өнім түзілді? Реакция теңдеуін жазыңыз. Бір пробиркада реакция жүрме-ді, неге? Түсіндіріңіз.

9. Пирожүзім қышқылын декарбоксилдегенде бір жағдайда сірке альде-гиді, ал екінші жағдайда ацетил- КоА түзіледі. Айырмашылықтары неде?

10. Амилаза ерітіндісін 3 пробиркаға құйды. Бірінші пробиркадағы ері-тіндінің рН- 1,5, екіншісінікі- 6,8, үшіншісінікі- 8,0.Одан кейін барлық пробиркаларға крахмал ерітіндісін құйды да бөлме температурасын-да біраз уақытқа қалдырды. Пробиркаларға Люголь реактивін қос-қанда бірінші пробирканың түсі қоңыр-көк, екіншісінікі- қызыл- қоңыр түске боялды. Бұл нені көрсетеді?

11. Белок → полипептид → амин қышқылдары

Сахароза → глюкоза + фруктоза

Мальтоза → 2 глюкоза

Лактоза → глюкоза + галактоза

Қандай ферменттер реакцияларды катализдейді? Олар қандай класқа жатады?






Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 505. Нарушение авторских прав

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.006 сек.) русская версия | украинская версия