Студопедия Главная Случайная страница Задать вопрос

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Электр жабдықтардың сыртқы оқшауламаларының жылыстау жолдарының нормаланған эффективті ұзындықтары





 

Оқшауламаның орындалу категориясы   Атмосфераның ластану дәрежесі   Номиналды кернеу кезіндегі Uном, кВ, жылыстау жолдарының меншікті эффективті ұзындығы, см/кВ, кем емес
6-35 110-750
А 1,2,3 1.9-2.2 1.4-1.9
Б 3,4,5 2.2-3.0 1.8-2.6
В 5,6 3.0-3.5 2.6-3.1

 

Эффективті жылыстау жолы деп оқшаулатқыштың лас қабаты бойымен разряд пайда болатын жолының ұзындығын айтады.

Әуе электр беріліс желілерінің оқшаулатқыштары көбінде табақшалы, штырьлі және өзекшелі болып келеді. Әдетте бұл оқшаулатқыштар құрғақ кезінде тескіш кернеу бөгеттік кернеуден шамамен 1,6 есе асуы керек деп жобаланады, яғни бұл асқын кернеу кезінде оқшауламаның тесілуін болдырмайды. Табақшалы оқшаулатқыштың мүмкін болатын конструкциясы 2.5-суретте көрсетілген. Оқшауламаның сенімділігін және разрядты кернеуді жоғарылату үшін табақшалы оқшаулатқыштар гирляндыға жалғанады. Табақшалы оқшаулатқыштың бекітілу нүктесінде шарнир орнатылады, осы себепті оқшаулатқышқа тек қана керілу күші әсер етеді.

 

 

2.5-сурет. ПФ-70А оқшаулатқышының эскизі

 

Өзекшелі оқшаулатқыштар беріктілігі жоғары фарфордан және полимерлі материалдан жасалады (2.6-сурет).

 

2.6-сурет. Өзекшелі фарфорлы және өзекшелі полимерлі оқшаулатқыштар

 

Фарфорлы өзекшелі оқшаулатқыштың механикалық беріктілігі табақшалы оқшаулатқыштарға қарағанда аз болады, өйткені фарфор өзекшелі оқшаулатқыш керілуге, кейбір кезде иілуге, ал табақшалы оқшаулатқыш шойын қалпақтың ішінде сығылуға жұмыс жасайды.

Полимерлі оқшаулатқыштың арқалаушы конструкциясына доғаға төзімділігі әлсіз болатын шыныпластикті өзекше жатады. Бұл өзекше дымқылға және ластануға төтеп беретін қасиеті бар кремнийлі органикалық резинадан немесе фторопласттан жасалған қаппен қапталады.

Штырьлі оқшаулатқыштар тірекке металл штырьмен немесе ілмектің көмегімен бекітіледі (2.7-сурет). Бұндай оқшаулатқыштардың иілу күші үлкен болғандықтан, түйіспелі оқшаулатқыштарды 35 кВ жоғары емес кернеуде қолданады.

Электрлендірілген темір жолдың түйіспелі тораптарында оқшаулатқыштардың алуан түрлері қолданылады. Оқшаулатқыштардың орнатылатын орны бойынша және конструкциясы бойынша оқшаулатқыштар алты түрге бөлінеді:

1) аспалы оқшаулатқыштар;

2) фиксаторлық оқшаулатқыштар;

3) консольдік оқшаулатқыштар;

4) секциялаушы оқшаулатқыштар;

5) штырьлі оқшаулатқыштар;

6) тіректік оқшаулатқыштар.

 

2.7-сурет. ШФ-10 оқшаулатқышы

 

Аспалы оқшаулатқыштар түйіспелі торапта көп кездеседі. Фиксаторлық тораптарда (нүктелерде) фиксаторлық оқшаулатқыштар пайдаланылады. Консольдік оқшаулатқыштар оқшауланған консольдерде қолданылады. Олардың маркісі фиксаторлық оқшаулатқыштардың маркісі сияқты болуы мүмкін. Секциялаушы оқшаулатқыштар – секциялық оқшаулатқыштарда қолданылатын оқшаулатқыштың ерекше түрі (секциялық оқшаулатқыштар оқшаулатқыш болып есептелмейді, себебі бұл түйіспелі торапты секциялау үшін жинақтаушы конструкциялар болып саналады). Штырьлі оқшаулатқыштар түйіспелі тораптың тіректерінде орналасатын бойлы электрмен жабдықтау желілерінің сымдарын бекіту үшін қолданылады. Тіректік оқшаулатқыштар матчалы айырғыштарда қолданылады. Станциялық оқшаулатқыштар ретінде көбінесе өзекшелі типті тіректі оқшаулатқыштар, әртүрлі типті өтпелі оқшаулатқыштар және аспалы оқшаулатқыштар (табақшалы оқшаулатқыштардың гирляндылары) қолданылады.

Жоғары кернеудегі өтпелі оқшаулатқыштардың (оларды басқаша кірістер деп те атайды) электр өрісінің үлкен кернеулігі бар электродтардың қолайсыз орналасуы болады. Электр өрісінің ең үлкен кернеулігі оқшаулатқыштардың фланецтерінде (2.8-сурет) жиі кездеседі, яғни оқшаулатқыштың бетінде электр өрісінің кернеулігінің құраушылары және тангенциалды құраушылары қалыпты және жоғары болған жерлерде кездеседі.

2.8-сурет. Өтпелі оқшаулатқыштың сұлбалық бейнеленуі

 

Бұл жерлерде тосқауылды және радиалды тесілуді болдыратын тайғанақ (сырғанақ) разрядтар, тәжі (корона) пайда болуы мүмкін.

Эксплуатациялау кезінде оқшаулатқыштың иілуіне өте қауіпті механикалық жүктемелер жиі ұшырасады. Сонымен қатар оқшаулатқышқа ток өткізгіш бөліктердің қызуынан болатын жылулық жүктемелер әсер етеді.

Қалыпты электр өрісін алу үшін конденсаторлы типті конструкциялар пайдаланылады. Бұл конструкцияларда оқшауламалық конструкциялардың бойымен таралатын қажетті кернеу орау кезінде (2.9-сурет) оқшауламаға салынатын металл қабаттардың көмегімен еріктен тыс жүзеге асырылады. Бұндай конструкция кірістің талап етілген мөлшерін, әсіресе оның диаметрін азайтады, бұл өз кезегінде жылу әкету шартын жақсартады.

 

 

2.9-сурет. Конденсаторлы типті өтпелі оқшаулатқыштың эскизі

 

Конденсаторлы типті оқшаулатқыштар жиі электр өрісінің кернеулігінің аксиалды (бойлық) құраушыларын тұрақтандыратындай етіп жасалады. Бұл үшін оқшаулама қабаттарының қалыңдығын, олардың арасындағы сыйымдылықтар мен әрбір қабаттағы кернеулер бірдей болатындай етіп таңдайды. Бірақ та кейбір кезде қабаттардың қалыңдықтарын да бірдей етіп алады.

Оқшауламаның орындалу типі бойынша өтпелі оқшаулатқыштар былай бөлінеді:

- тұтас фарфорлы;

- қағаз-бакелитті;

- май барьерлі;

- қағаз майлы (конденсаторлы типті).

35 кВ дейінгі кернеуде ішке орналастыру үшін ішінде ток өткізгіш оқшантайы бар фарфорлы арматуралы өтпелі оқшаулатқыштар немесе қағаз-бакелитті, конденсаторлы типті өтпелі оқшаулатқыштар пайдаланылады. Қағаз-бакелитті оқшаулатқыштар, бакелитті смоламен сіңдірілген қағазды орау арқылы дайындалады, ал қабаттары смоланың полимеризациясы болатын 1600 С температураға төтеп беретін, әрі сығымдалатын металлды фольгадан жасалады.

Қағаз-бакелитті кірмелердің кемшіліктеріне: дымқылға төзімділігінің аздығы және газдық қосылыстарының болуы жатады, сондықтан да бұларды 35 кВ жоғары кернеуде қолданбайды.

110 кВ және одан жоғары кернеуде май барьерлі немесе қағаз майлы оқшауламалы конденсаторлы кірмелер пайдаланылады. Жасалу технологиясы қарапайым болғандықтан, соңғысы кең тараған.

Бұл конструкцияда ток өткізгіш өзекшеге кабельдік қағаздан жасалынған оқшаулама оралады, ал қағаз қабаттардың арасына алюминий фольгадан жасалынған металл қабаттар салынады. Қағаз вакууммен құрғатылып, трансформаторлық маймен сіңдіріледі.

Кірменің жылуға төзімділігін жақсарту үшін оқтайшаның қимасының ауданын ұлғайтады, диэлектрлік шығындардың тангенс бұрышын төмендете отырып, оқшауламаның сапасын жақсартады.

Оқшаулатқыштардың гирляндыларының бойында кернеулердің таралуы.Асылғылы табақшалы оқшаулатқыштардан тұратын оқшаулатқыштардың гирляндысы әуе желілерінің және түйіспелі тораптың сымдарының жиі кездесетін оқшауламаларының бірі болып табылады. Оқшаулатқыштардың гирляндысына түсірілген кернеу бірқалыпты таралады, және әр түрлі оқшаулатқыштарға кернеу үлесі әр түрлі беріледі, осының салдарынан тәжі баталар алдындағы және гирляндыны жабатын кернеуді төмендетеді. Сымға ең жақын орналасқан оқшаулатқыш келеңсіз жағдайға көбірек тап болады.

Оқшаулатқыштарда кернеулердің бірдей болмауының негізгі себебіне оқшаулатқыштардың жерге қатысты металл бөліктерінің паразитті сыйымдылықтардың болуын жатқызуға болады (2.10-сурет).

 

 

2.10-сурет. Оқшаулатқыштардың гирляндысы және гирляндының

орынбасу сұлбасы

 

Гирляндыда сыйымдылықтың үш түрін байқауға болады:

- C0 - оқшаулатқыштың өзіндік сыйымдылығы;

- C1 - жерге қатысты металл бөліктерінің паразитті сыйымдылығы;

- C2 - сымға қатысты сыйымдылық.

Сыйымдылықтардың шамаларының реттілігі жуық шамамен алғанда төмендегідей болады: С0≈50 пФ; C1≈5 пФ; C2≈0,5 пФ.

Оқшаулатқыштардың сымға қатысты сыйымдылығының алғашқы жақындасуын есепке алмауға болады, бұл кезде құрғақ оқшауламалардың гирляндыларының орынбасу сұлбасы 2.10, б-суреттегідей болады.

Айнымалы кернеу кезінде сыйымдылықты элементтердің бойымен сыйымдылықты ток өтеді, және төменнен санағанда бірінші оқшаулатқыштың тогы екіге бөлінеді: сыйымдылықты элементте жерге қатысты токқа және гирляндының қалған бөлігіндегі токқа. Төменнен санағанда екінші оқшаулатқышта шамасы аз ток өтеді, және сымға жақын орналасқан нашар жағдайдағы оқшаулатқышта кернеудің түсуі максималды болады. Оқшаулатқыштардың саны үш-төрт көп болғанда минималды кернеу келеді, алайда, ең жоғарыдағы оқшаулатқышта кернеу минималды болмайды. C2 сыйымдылығының болуы кернеулердің түсуінің қалыпты еместігіне кейбір түзетулер жүргізеді және минималды кернеу жоғарыдан санағанда екінші-үшінші оқшаулатқышта (немесе ары қарай гирляндыда оқшаулатқыштардың санына байланысты) болады.

Гирляндының оқшаулатқыштары бойымен кернеулерді түзету (тегістеу) үшін гирляндының төменгі жағынан бекітілген тороид, сопақша келген, сегіз түріндегі экрандар қолданылады; тарамдалған фазалы желілерде жақын тұрған оқшаулатқыштарды тарамдалған фазаның сымдарының арасында төмен орналастырады; сымның жанындағы гирляндына екіге тарамдайды (бөледі). Осы шаралардың барлығы C2 сыйымдылығыныңжоғарылауына байланысты кернеулердің таралуын түзетеді (тегістейді).






Дата добавления: 2014-11-10; просмотров: 393. Нарушение авторских прав

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2017 год . (0.087 сек.) русская версия | украинская версия