Студопедия — ПОЛИЭНДОКРИНОПАТИЯЛАР
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ПОЛИЭНДОКРИНОПАТИЯЛАР






10.1. Аутоиммунды полигландулярлы синдромдар

10.1.1. Аутоиммунды полигландулярлы синдромның 1 тү рі

10.1.2. Аутоиммунды полигландулярлы синдромның 2 тү рі

10.2. Кө птеген эндокринді неоплазиялар синдромы

10.2.1. Кө птеген эндокринді неоплазиялар синдромының 1-тү рі

10.2.2. Кө птеген эндокринді неоплазиялар синдромының 2-тү рі

 

11 бө лім

ТАҒ АМДАНУ ТӘ РТІБІНІҢ БҰ ЗЫЛЫСТАРЫ

11.1. Май тіні

11.2. Семіздік жә не метаболикалық синдром

11.3. Жү йкелік анорексия


Қ ЫСҚ АРТЫЛҒ АН СӨ ЗДЕР ТІЗІМІ

 

17-OHPg — 17-гидроксипрогестерон

5-ГИСҚ — 5-гидроксииндолсірке қ ышқ ылы

L-T4 — левотироксин

АБЕТС — аналық бездің ерте тозу синдромы

АГ — артериалдық гипертензия

АДГ — антидиурездік гормон

АИТ — аутоиммунды тиреоидит

АКТГ — адренокортикотропты гормон

АЛД — адренолейкодистрофия

АмИТ— амиодароиндуцирлеуші тиреотоксикоз

АПС — аутоиммунды полигландулярлы синдром

АХГ — адамның хорионды гонадотропині

БА — бел айналымы

БА — бө ксе айналымы

БГА — біріншілік гиперальдостеронизм

БГП — біріншілік гиперпаратиреоз

БҚ ЗТД — бү йрек ү сті безі қ ыртысты затының туа біткен дисфункциясы

БТЕС —бос тү рік ертшігі синдромы

НПХ (БХП) — бейтарап Хагедорн протамині

БҮ БЖ — бү йрек ү сті безінің жеткіліксіздігі

ВИП — вазобелсенді интенстинальды пептид

ВМҚ — ванилил-миндаль қ ышқ ылы

ГА — Грейвс ауруы

ГГБЕА — гипофиздің гормональды-белсенді емес аденомасы

ГК — глюкокортикоидтар

ГҚ Д — гестациялы қ антты диабет

ГОК — гиперосмолярлы кома

ГТБ — глюкозағ а толеранттылық тың бұ зылуы

ДКА — диабеттік кетоацидоз

ДМИ — дене массасының индексі

ДНЕ — диабеттік нейропатия

ДНФ — диабеттік нефропатия

ДР — диабеттік ретинопатия

ДТС — диабеттік табан синдромы

ДЭА — дегидроэпиандростерон

ДЭА-С — дегидроэпиандростерон-сульфат

Е2 — эстрадиол

ЕГА — екіншілік гиперальдостеронизм

ЕГП — екіншілік гиперпаратиреоз

ЖА — жү йкелік анорексия

ЖГБГ — жыныс гормондарымен байланысушы глобулин

ЖДҚ БҚ І — жоғ ары дифференциаланғ ан қ алқ анша бездің қ атерлі ісігі

ЖИАБ — жің ішке инелі аспирациялы биопсия

ИТФ — инсулинтә різді фактор

ЙТА — йодтапшылық аурулар

КА — Кушинг ауруы

КК — кетоацидоздық кома

КРГ — кортикотропин-рилизинг-гормон

КС — Кушинг синдромы

КТ — компьютерлі томография

Қ Б — қ алқ анша без

Қ БМО— қ алқ анша бездің медуллярлы обыры

Қ БҚ І— қ алқ анша бездің қ атерлі ісігі

Қ Д — қ антты диабет

Қ зД — қ антсыз диабет

Қ МБ — қ алқ анша маң ы бездері

Қ СРБ — қ ан сарысуы ренинінің белсенділігі

ЛГ — лютеиндеуші гормон

ЛПГ — липотропты гормон

МЙБГ — метайодбензилгуанидин

МРТ — магниттік-резонансты томография

МС — метаболикалық синдром

МСГ — меланоцитстимулдеуші гормон

МЭН — кө птеген эндокринді неоплазия синдромы

НБ — нан бірлігі

АБГ — ашқ арынғ а бұ зылғ ан гликемия

ОГТС — оральды глюкозотолерантты сынама

Ө Г — ө су гормоны

Ө Г-РГ —ө су гормонының рилизинг гормоны

ПАБС — поликистозды аналық без синдромы

ПОМК — проопиомеланокортин

ПТГ — паратгормон

ПТУ — пропилтиоурацил

рТ3 — реверсивті ү шйодтиронин

СБҮ БЖ — созылмалы бү йрек ү сті безінің жеткіліксіздігі

СБЖ — созылмалы бү йрек жеткіліксіздігі

СМП — сульфонилмочевина дә рілері

Т3 — трийодтиронин

Т4 — тироксин

ТБГ — тироксин-байлаушы глобулин

ТГ — туа біткен гипотиреоз

ТГ-Қ Д — тиреоглобулинге қ арсыденелер

ТПО — тиреоидты пероксидаза

ТТГ — тиреотропты гормон

ТТГр-Қ Д — ТТГ рецепторларына қ арсыденелер

ТТҚ ДТД — таблетка тү ріндегі қ ант дең гейін тө мендететін дә рілер

УДЗ — ультрадыбысты зерттеу

Ұ Б— ұ йқ ы безі

ФА — функциональды автономия

ФСГ — фолликулстимулдеуші гормон

ШСС — Шиен-Симмондс синдромы

ШФЖ — шумақ тық фильтрация жылдамдығ ы

ЭОП — эндокринді офтальмопатия


Алғ ы сө з

Эндокринология — гормондардың биосинтез ү рдісі мен ә сер ету механизмін, эндокринді аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық кө рінісін, сонымен қ атар басқ а да патологияларда кездесетін эндокринді жү йе бұ зылыстарын зерттейтін медицинаның саласы. Кең мағ ынада эндокринология ағ заның гуморальды интегративті жү йесі жө ніндегі ғ ылым болып табылады. Бұ л клиникалық жә не теориялық медицинаның қ арқ ынды дамып жатқ ан салаларының бірі. Медицина саласындағ ы ә рбір бесінші Нобель сыйлығ ының эндокринология саласындағ ы ең бектерге берілгендігі сө зсіз оны дә лелдейді.

Эндокринологиядағ ы қ абылданғ ан кейбір қ алыптар қ азіргі таң да жалпы биологиялық пә ндердің іргетасы ретінде, тіпті кү нделікті тә жірибеде қ олданыс таппағ аны белгілі. Алайда, соң ғ ы жарты ғ асырда клиникалық эндокринология саласындағ ы қ ол жеткізген зор жетістіктер ешкімде де кү мә н туғ ызбайды. Бұ дан жарты ғ асыр бұ рын науқ астарда эндокринологиялық сырқ аттың дамуы ү кім ретінде қ абылданса, қ азір ө мір бойғ ы емді қ ажет ететін емделмейтін сырқ аттардың ө зі заманауи емдеу ә дістері мен бақ ылаулар арқ асында науқ астарғ а толық қ ұ нды ө мір сү руге, ө зінің интеллектуальды жә не психологиялық ерекшеліктеріне сай мамандық таң дауғ а, тіпті ө з отбасын қ ұ рып, сау балаларының болу мү мкіндігіне ие болып отыр.

Қ азіргі таң да эндокринология негіздері жө нінде білімі жоқ дә рігер медицинаның қ ай саласында қ ызмет атқ арса да қ иындық тар туындауы сө зсіз. Бұ л эндокринопатиялардың эпидемиялық кең таралуына ғ ана байланысты емес, сонымен қ атар эндокринология курсындағ ы талданатын мә селелер дә стү рлі жеті эндокринді бездердің патологиясы шең берінен шығ ып кеткендігінде. Медицинаның барлық саласындағ ы дә рігерлер гормоналдық терапияны қ олданатыны сө зсіз, ал медицинаның кей пә ндеріне заманауи тұ рғ ыдан жақ ынырақ ү ң ілсең эндокринологияның жеке бір саласы екені анық.

Оқ улық ты жазу барысында авторлар И.М. Сеченов атындағ ы Москва Медициналық Академиясының эндокринология кафедрасындағ ы білім берудегі кө п жылдық тә жірибелерін қ олданды, ал оқ улық тың бірінші ө ң делген басылымы педагогикалық ү рдістің бес жылғ ы тә жірибесіне негізделген болатын. Сонымен қ атар, біз Ресейдің кө птеген жоғ арғ ы оқ у орындарынан келіп тү скен тілектер мен ескертулерді де ескердік.

Оқ улық тың екінші басылымының кө лемі біршама қ ысқ арды. Бұ л оқ ыту ү рдісін интенсификациялау қ ажеттігінен туындаса керек, себебі іс жү зінде байқ ағ анымыздай материалдың аса кө птігі студенттерге берілген уақ ыт аралығ ында талданатын мә селенің негізгі тұ стары нә тижелі мең герілмейді, ө йткені олардың ойы жан-жақ қ а шашырап маң ызы аз тұ старғ а кө бірек бө лінеді.Сол себепті, оқ улық тың бірінші басылымы қ айта ө ң деліп, оқ улық жаң адан жазылып шық ты. Тә жірибелік эндокринологиядағ ы клиникалық маң ызды мә селелерге кө бірек кө ң іл бө лінді. Басқ а пә ндерден алынғ ан кейбір тараулар тү гелдей қ ысқ артылды.Екінші рет басылғ ан оқ улық нақ ты тарамдалып, аргоитмделіп жә не сызбалар мен кестелер тү рінде берілген. Соң ғ ы бес жылда эндокринологияның кө птеген салаларына арналғ ан нұ сқ аулық тар мен монографиялар басылып шық ты, Интернет жү йесімен таралатын электрондық басылымдар ұ йымдастырылды. Сондық тан, жаң а оқ улық базалық курста эндокринология пә нін оқ итын студенттер мен ординаторлар ү шін нақ ты жә не пайдалы кітап болатынына сенімдіміз.

Жаң а оқ улық заман талабына сай динамикалы, қ ысқ а, ә рі ақ паратты жазылғ ан. Эндокринді ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын алу ұ станымдары дә лелді медицинана ұ станымдары мен халық аралық клиникалық тә жірибе қ алыптарына негізделген.

Тү рлі бағ ыттардағ ы ғ ылыми-практикалық ә дебиеттермен жасалғ ан тә жірибелер, монографиялар жазуғ а қ арағ анда, іс жү зінде оқ улық жасаудың кү рделі міндет екендігіне кө з жеткізді.

Эндокринология толассыз ө ркендеуде, сондық тан кө птеген нұ сқ аулық тар мен оқ улық тар жарық кө рер алдында ескіріп жатады. Бірінші басылымның жарық қ а шық қ анынан бергі алты жыл біздің кейбір кө зқ арастарымызды тү бегейлі ө згертті. Дегенмен оқ улық ү немі жаң артуды талап етеді, пә ннің белгілі бір даму кезең ін кө рсетеді. Сол тұ рғ ыдан автор ө з ә ріптестері-эндокринология оқ ытушыларынан, дә рігерлер мен студенттерден ескертулер мен ұ сыныстарды ризашылық сезіммен қ абылдайды.

 

И.И. Дедов

Г.А. Мельниченко

В.В. Фадеев

2007ж наурыз.


1 БӨ ЛІМ

ЭНДОКРИНДІ АУРУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ

МЕН ЕМДЕУДІҢ ЖАЛПЫ

Қ АҒ ИДАЛАРЫ

1.1. ЭНДОКРИНДІ АУРУЛАРМЕН СЫРҚ АТТАНҒ АН НАУҚ АСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Эндокринді аурулармен сырқ аттанғ ан науқ астарды зерттеу ішкі аурулар тә жірибесіндегі қ абылданғ ан зерттеу жоспарларынан айтарлық тай айырмашылығ ы жоқ. Дегенмен, эндокринді бездер қ ызметінің бұ зылуы бірнеше, кейде кө птеген мү шелер мен жү йелердің зақ ымдалуымен ұ штасатынын есте ұ стағ ан жө н. Эндокринопатия диагноздарын қ оюдың басым кө пшілігі зертханалық жә не аспаптық ә дістермен растауды талап етуіне қ арамастан, анамнездік мә ліметтер мен физикалық зерттеу қ орытындылары маң ыздырақ болып табылады.

Эндокринопатия анамнездерінің жалпы ерекшеліктерінің ішінде ескеретін жә йт, қ антты диабет пен бірқ атар басқ а да ауруларды есептемегенде, эндокринді патологиялардың кө пшілігі жиі салыстырмалы жас кезде дамиды. Кө птеген эндокринді бездер қ ызметінің бұ зылуы кезінде дене массасы, сыртқ ы келбет, физикалық белсенділік пен жыныс қ ызметі ө згереді. Ә йелдерде жү ктілік пен босану фактісінің болуы жорамалды анамнез ретінде ауыр эндокринді патологияның бар екеніне кү мә н тудырады. Эндокринді сырқ ат жө нінде анамнез жинау барысында талқ ылануғ а тиіс маң ызды сұ рақ тар тө мендегі 1.1 кестеде кө рсетілген.

Клиникалық тә жірибеде кең тарағ ан кө птеген ауруларда нақ ты диагноз қ оюда, отбасылық анамнездің маң ызы шектеулі деуге болады (қ антты диабеттің 2 типінен басқ а). Бұ л эндокринопатиялардың басым кө пшілігі тұ қ ым қ уалайтын аурулар емес, тұ қ ым қ уалауғ а бейім патологиялар болуына байланысты болса керек.

 

1.1 кесте. Кө птеген эндокринді патологияларғ а тә н анамнез мә ліметтері

 

 
Дене массасының тө мендеуі (жиі айқ ын) Дене массасының жоғ арылауы (сирек айқ ын) Сырт келбеті мен психикасының ө згеруі Менструальды циклдің бұ зылуы Бедеулік Либидоның тө мендеуі Эректильді дисфункция Галакторея Тер бө лінуінің бұ зылуы (тершең дік, терінің қ ұ рғ ақ тығ ы) Шаш ө судің бұ зылуы (гипертрихоз, шаштың кө п тү суі) Кардиомиопатия (ырғ ақ тың бұ зылуы, жү рек жеткіліксіздігі) Артериялық қ ан қ ысымының ө згеруі (гипотензия, гипертензия) Тамақ тану тә ртібінің бұ зылуы (анорексия, булимия) Бұ лшық еттік ә лсіздік Сү йектердің сынуы Ө судің тежелуі Эндокринді сырқ аттың отбасылық анамнезі  

 

Балалар эндокринологиясы тә жірибесінде тұ қ ым қ уалайтын аурулардың ү лестік салмағ ы айтарлық тай жоғ ары. Дегенмен, бірқ атар тұ қ ым қ уалайтын эндокринопатиялар, алғ аш рет ересек жаста да басталуы мү мкін (кө птеген эндокринді неоплазия синдромы). Кө птеген эндокринді аурулар кезінде науқ асты алғ аш қ арағ анның ө зінде жоғ ары дә лділікпен диагнозды қ оюғ а болады (1.2 кесте).

 

1.2 кесте. Науқ асты қ арау барысында диагнозы тү сінікті (анық) аурулар

 

 
Кушинг синдромы Акромегалия Грейвс ауруы (офтальмопатия болғ анда) Тернер синдромы Аддисон ауруы  

 

Кө птеген эндокринопатиялардың айқ ын клиникалық симптоматикасының науқ астың писхикалық ерекшеліктерімен бірігуі, дә рігерде диагностикалық концепцияның бірден, науқ асты алғ аш қ арағ анынан бастап қ алыптасуына септігін тигізеді жә не диагноз қ оюда маң ызды кейбір шағ ымдарды науқ астың ө зі айтпауына байланысты, дә рігер сұ растыруды белсенді тү рде жү ргізеді. Дегенмен, кейде тіпті тә жірибелі эндокринологтың алғ ашқ ы қ орытындысы гормональды зерттеу нә тижесі бойынша да дә лелденбейтін кездер болады (мысалы, гипотиреоз).

Эндокринді ауруларды диагностикалауда жіберілетін қ ателіктерді 4 топқ а бө луге болады:

1. Айқ ын клиникалық симптоматиканы елемеу. Жиі бұ л қ ателік

Кушинг синдромы мен акромегалия кезінде жіберіледі, себебі баяу дамитын клиникалық симптоматика жиі «жасқ а байланысты» ө згерістер немесе жеке дара симптомдар (артериялық гипертензия, семіздік, анемия), тіпті жеке аурулар ретінде қ абылданады.

2. Зертханалық зерттеу ә дістерінің маң ыздылығ ын асыра бағ алау.

Гормондар дең гейін «кез-келген жағ дайғ а» тексере салу, зертханалық мә ліметтерді абсолюттік диагностикалық маң ыздылық қ а ә келеді. Гормональды зерттеудің нә тижелерін талқ ылауда жиі жіберілетін қ ателіктердің кө зі материалды жинау ережелерін елемеу (консерванттарды, антикоагулянттарды жә не т.б. қ осу), сонымен қ атар гормональды зерттеу ә дістемесін сақ тамау болып табылады.

3. Аспаптық зерттеу ә дістерінің маң ыздылығ ын асыра бағ алау.

Жиі сырқ аттың клиникалық кө рінісін талдамай жә не қ ажетті гормондар дең гейін анық тамай, бү йрек ү сті бездері мен аналық бездердің УДЗ, бү йрек ү сті бездерінің жә не бастың компьютерлік немесе магнитті-резонансты томографиясын ө ткізу, сә йкес мү шелердің патологиясы жө нінде нақ ты емес қ орытынды жасауғ а негіз болып табылады. Сонымен қ атар, анатомиялық қ ұ рылымның орналасу тү рлері немесе қ алыптыдан сә л ғ ана ауытқ уы патологиялық ү рдіске тура кө рсеткіш болып, дамымағ ан жоқ сырқ аттың диагнозын қ оюғ а ә келеді.

4. Эндокриндік патологияны тапжылмай іздеу. Жиі зат алмасуында

конституциональды ерекшеліктері бар, астениялық белгілері, вегетативті жә не алиментарлы бұ зылыстары, дә рі дә рмектерді шектен тыс қ абылдайтын, невроздар мен тү рлі психикалық бұ зылыстары бар адамдарда эндокринді сырқ аттарды табандылық пен іздеу іске асады. Бұ л жағ дайды жү йесіз кө птеген гормональды жә не аспаптық зерттеулерді жү ргізу ушық тырады, мұ ндай науқ астардың кө пшілігінде, кейде негізгі сырқ атпен патогенетикалық байланыспайтын, клиникалық мә ні жоқ болмашы ауытқ улар анық талады.







Дата добавления: 2014-11-12; просмотров: 1323. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия