Студопедия — Дәріс. Кәсіпорын капиталын пайдаланудың тиімділігін талдау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Кәсіпорын капиталын пайдаланудың тиімділігін талдау






Кәсіпорын капиталы тиімді жұмсалуы тиіс.

Кәсіпорын капиталын пайдаланудың тиімділігі дегеніміз – оның капиталының әрбір теңгесіне келетін пайда мөлшері.

Кәсіпорын капиталын пайдаланудың тиімділігі капитал рентабельділігі арқылы анықталады:

R(капитал) = ТТ/БҚ *100%

Мұндағы: R(капитал) – капитал рентабельділігі;

ТТ – түскен табыс;

БҚ – баланс қорытындысы.

Кәсіпорын капиталын пайдаланудың жиілігі капиталдың айналымдылық коэффициенті арқылы есептеледі:

К(айналым) = Түсім/ БҚ;

Мұндағы: К(айналым) – капиталдың айналымдылық коэффициенті;

Түсім – өнімді өткізуден түскен табыс;

БҚ – баланс қорытындысы.

Бұл көрсеткіштердің арасындағы арақатынас келесі формуламен есептеледі:

R(капитал) = R(өө)* К(айналым)

Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның қаржылық жағдайын және іскерлік белсенділігін талдауда негізгі көрсеткіштер ретінде қолданылады.

R(капитал) – талдау жүргізушіге кәсіпорын капиталын жұмсаудың басқа балама нұсқаларымен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш кәсіпорынды басқарудың тиімділігін, инвестициялауға қажетті жеткілікті пайда мөлшерін және болашақтағы пайда шамасын болжауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның айналым капиталын пайдаланудың тиімділігі олардың айналымдылық коэффициенті арқылы есептеледі және кәсіпорын капиталының өндіріс пен сауда-саттық процесінің жекелеген сатыларынан өту ұзақтығын көрсетеді.

Келесі формуламен есептеледі: Z=ҚМА*Күн саны / Түсім;

Мұндағы: Z – айналым капиталының айналымдылық коэффициенті;

ҚМА – қысқа мерзімді активтер;

Күн саны – талдау мерзіміндегі күн саны (1 жылда 365 күн);

Түсім – өнімді өткізуден түскен табыс.

Мысалы:

2008 жылдың соңы Z=841 571*365 / 2 097 206= 147 күн.

2009 жылдың соңы Z=3 662 810*365 / 1 740 013 = 769 күн.

Қаражаттардың айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қаражаттарының әрбір теңгесіне шаққандағы өнімді өткізуден түскен түсімнің көлемін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің азаюы айналым қаражаттарын пайдаланудың тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар, айналым қаражаттарының талданып отырған уақыт мерзіміндегі айналым санын анықтайды.

К(қа) = Түсім / АА(ҚМА)

Мұндағы: К(қа) – қаражаттардың айналымдылық коэффициенті;

ҚМА – қысқа мерзімді активтер;

АА – ағымдағы активтер;

Түсім – өнімді өткізуден түскен табыс.

Мысалы:

2008 жылдың соңы К(қа) = 2 097 206 /841 571 = 2,5

2009 жылдың соңы К(қа) = 1 740 013 / 3 662 810 = 0,48

Капиталдың жалпы айналымдық коэффициенті кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен табысын қамтамасыз ету үшін активтердің жалпы көлемінің пайдаланылуының тиімділігін көрсетеді.

К(кжа) = Түсім / БҚ;

Мұндағы: К(кжа) – капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;

Түсім – өнімді өткізуден түскен табыс;

БҚ – баланс қорытындысы.

Мысалы:

2008 жылдың соңы К(кжа) = 0,38

2009 жылдың соңы К(кжа) = 0,22

Бұл жағдайдан кәсіпорын табысын қалыптастыру үшін активтер толық көлемде пайдаланылмағанын байқауға болады.

Кәсіпорынның меншікті капиталының айналымдылық коэффициенті кәсіпорын табысын қалыптастыруда оның қолында бар меншікті капиталын пайдаланудың тиімділігін көрсетеді.

К(мқа) = Түсім / МҚ;

Мұндағы: К(мқа) – меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;

Түсім – өнімді өткізуден түскен табыс;

МҚ – меншікті қаражаттар.

Мысалы:

2008 жылдың соңы К(мқа) = 0,44

2009 жылдың соңы К(мқа) = 0,24

Бұл көрсеткіштің төмендеуі кәсіпорынның қолында бар меншікті айналым қаражаттарының тиімсіз пайдаланылғандығын дәлелдейді.

Қаражаттардың айналымға қосылу коэффициенті өнімді өткізуден түскен түсімнің, яғни табысының әрбір теңгесін қалыптастыруға авансталған (алдын-ала жұмсалған) меншікті қаражаттарының сомасын көрсетеді.Яғни кәсіпорыннның әрбір теңге табысын алуға жұмсалған айналым қаражаттарының шығынын көрсетеді.

К(қақ) = (АА / Түсім) * 100%

Мұндағы: К(қақ) – қаражаттардың айналымға қосылу коэффициенті;

Түсім – өнімді өткізуден түскен табыс;

АА – ағымдағы активтер (айналым қаражаттары).

Мысалы:

2008 жылдың соңы К(қақ) = 40,13 – 4 тиын

2009 жылдың соңы К(қақ) = 210,5 – 21 тиын.

Бұл көрсеткіштің ұлғаюы кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының тиімсіз пайдаланылғандығын көрсетеді.Ал, кемуі кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң ықпалын тигізеді.

№2.9 кесте. Айналым қаражаттарының айналымдылығын талдау.

Көрсеткіштер 2008 жыл 2009 жыл Өзгерісі
1. Түсім (өнімді өткізуден түскен табыс) (мың теңге) 2 097 206 1 740 013 -357 193
2. Талдау мерзіміндегі күн саны      
3. Бір күндік табыс (мың теңге) 5 745 4 767 -978
4. Айналым қаражаттарының қалдығы (мың теңге) 35 385 3 161 628 3 126 243
5. Бір айналымның ұзақтығы (күн) 6,16 663,5 657,3
6. Қаражаттардың айналымдылық коэффициенті 59,3 0,6 -58,7
7. Қаражаттардың айналымға қосылу коэффициенті 0,02 1,7 -1,68

 

Қорытынды:

№2.9 кестенің мәліметтеріне сәйкес талданып отырған кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен табысы (- 357 193 мың т) төмендеген. Ал, бір күндік табысы (- 978 мың т) азайған. Кәсіпорынның айналым қаражаттарының әрбір теңгесіне шаққандағы өнімді өткізуден түскен түсім көлемі (- 58,7) кеміген, яғни айналым қаражаттарын пайдаланудың тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Қаражаттарының айналымға қосылу коэффициентінің 1,68-ге көбейгендігі меншікті айналым қаражаттарының тиімсіз пайдаланылғандығын көрсетеді. Яғни, кәсіпорын жұмысын тиімсіз деп тануға болады.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 3551. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия