Студопедия — Дәріс. Банк балансын талдаудың негізі бағыттары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Банк балансын талдаудың негізі бағыттары






 

Коммерциялық банктің балансын экономикалық - қаржылық тұрғыдан талдаудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:

1) банктің пассивтік операцияларының құрылымын талдау;

2) банктің активтік операцияларының құрылымын талдау;

3) банктің активті – пассивті операцияларының құрылымын талдау;

4) банк қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау.

Банктің пассивтік операциялары қаражат тарту көздері мен банктік қаржылық қарым- қатынастарының табиғатын сипаттайды.

Пассивтік операциялардың нәтижесінде банктердің ресурстық базасы қалыптасады және сол арқылы банк ресурстарының пайдаланудың негізгі

бағыттары мен мөлшері анықталады.

Банктің пассивтік операцияларының негізгі формаларына мыналар жатады:

1) Өз табыстарын қалыптастыруға және ұлғайтуға бағытталған банк пайдасының бір бөлігін аудару операциялары;

2) Басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;

3) Банктің депозиттік операциялары;

4) Банктің бағалы қағаздар шығарып, сату арқылы тартылған қаражаттары.

Банктің пассивтік операцияларын талдаған кезде, ең алдымен, банктің меншікті қаражаттары мен сырттан тартылған қаражаттардың үлес салмақтарын және арақатынастарын анықтау қажет.

Талдаудың екінші кезеңінде банк міндеттемелерінің клиенттер топтары бойынша және орындалу мерзімдері бойынша үлес салмақтары анықталады.

Мұндай талдаудың нәтижесінде банк ресурстарының экономиканың қандай салаларынан және қандай мерзімге тартылғандығын анықтауға болады.Пассивтік операциялардың құрылымын талдау барысында банк пассивтерін басқару жөніндегі негізгі міндеттер анықталады:

1) Банктің міндетті резервтерінен басқа бағыттағы табыс әкелмейтін қаражаттарының болуына және оның ұлғаюына жол бермеу;

2) Клиенттердің алдындағы міндеттемелерді орындауға және әртүрлі активтік операцияларды дамытуға қажетті несиелік ресурстарды табу және олардың мөлшерін ұлғайту;

3) Қаражаттарды арзанға тарту және қымбат бағалы қағаздары орналастыру арқылы банктің қажетті мөлшерде пайдасын қамтамасыз ету.

Банктің активтік операцияларының құрылымын талдау дегеніміз – банк ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын талдау. Бұл жағдайда банк ресурстарын кімге, қандай мақсатқа және қанша мерзімге берілгендігі туралы мәселе қойылады. Активтік операцияларды талдау үшін ең алдымен, несиелеу көрсеткіштері, банк балансының өтімділігі және әртүрлі активтік операциялардың тәуекел мөлшері анықталады.

Банк активтерін басқарудың негізгі міндетіне банк балансының өтімділігін сақтай отырып, оның табыстылығының мөлшерін арттыру жатады.

Банктің әртүрлі активтерінің табыстылық мөлшері және оның тәуекел деңгейі әртүрлі болып келеді. Сондықтан активтерді басқару барысында банк оларды келесі белгілері бойынша жіктейді:

Ø Активтердің жұмсалу мерзімі бойынша;

Ø Олардың әкелетін табыстылық мөлшері бойынша;

Ø Тәуекел мөлшері бойынша.

Дүниежүзілік тәжірибеде банктер активтерді басқару процесінде олардың әкелетін табыстылығын және олардан келетін тәуекелдерді алдын-ала болжау, есептеу барысында математикалық модельдеу әдісін қолданады. Ол әдістің негізгілеріне мыналар жатады:

1) бір факторлы немесе көп факторлы корреляция әдісі;

2) регрессия әдісі;

3) статистикалық - математикалық әдіс;

4) дискреттік талдау әдісі;

5) ықтималдықтар теориясы.

Комерциялық банктердің қаржылық нәтижелерін талдау барысында есеп беру кезеңінің табыстылық көрсеткіштері бұрынғы өткен табыстылық көрсеткіштерімен салыстыра отырып, динамикасын анықтауға бағытталады.

Егер банктің негізгі қаржылық көрсеткіштері өсу динамикасын көрсетсе және банктің операциялық табыстарының үлесі ұлғайса, оның активтерінің сапасының өскендігін көрсетеді және жалпы қаржылық жағдайының жақсарғанын көрсетеді.

 

3.6. 6-дәріс. Банктің қаржылық жағдайын талдаудың кезеңдері(сатылары)

Операция түрі Операцияның мазмұны Талдау барысында қолданылатын әдістер
Алдын-ала дайындық кезеңі
  1.Әртүрлі құрылымдық топтарға бөлу 2.Бақылау және қадағалау 3.Калькуляция 4.Салыстыру 5.Көрнекі материалдарды дайындау А. Баланстың актив, пассивтерін баптар бойынша топтау Ә. Актив, пассивтің әртүрлі баптарының талдаудың әртүрлі бағыттары бойынша сәйкестігін тексеру Б. Бағалаушы және нормативтік көрсеткіштерді есептеу В. Есептелген көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып сипаттау Г. Зерттеліп отырған көрсеткіштің динамикасы мен құрылымын кесте, график, схема түрінде көрсету 1.Топтау әдісі 2.Экономикалық-статистикалық, салыстырмалы әдістері 3. Абсолютті және салыстырмалы шамалар әдістері немесе коэффициенттер әдісі 4.Салыстыру әдісі, динамикалық қатарларды талдау әдісі, индекстік әдіс 5.Алынған нәтижелерді көрнекі түрде көрсету әдісі
Аналитикалық кезең (талдау кезеңі)
  Талдау Алынған есептік көрсеткіштерге сипаттама беру  
Қорытынды кезең    
  Эксперттік талдау Талдау нәтижесін баяндау, сол арқылы банкке ұсыныстар мен нұсқаулар беру  

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2275. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия