Студопедия — Дәріс. Банктің меншікті капиталын талдау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Банктің меншікті капиталын талдау






Коммерциялық банктің меншікті капиталы банктің қаржылық ресурстарын құрудың негізгі көзі болып табылады.

Дүниежүзілік тәжірибеде банктің қаржы ресурстарына деген сұранысын меншікті капиталы есебінен 12-20% мөлшерінде қанағаттандырады.

Банктің меншікті капиталы оның қызметін бастаған кезде өте үлкен роль атқарады. Себебі, банк құрылтайшылары банк қызметін бастай сала, ең алғашында кететін шығындардың орнын осы меншікті капиталдың көмегімен жабады.

Сондай-ақ банк қызметін бастағаннан кейін одан әрі даму үшін де меншікті капиталдың атқаратын рөлі үлкен.

Сонымен қатар, банк қызметі барысында меншікті капиталдың жалпы активтердегі үлесін және олардың сырттан тартылған қаражаттары мен арақатынасын үнемі жеткілікті деңгейде қолдап отыру қажет.

1988 жылы шілдеде Швейцарияның Базель қаласында дүниежүзілік банк ұйымдары банктің меншікті капиталына қойылатын талаптар жөніндегі халықаралық келісімге келді. Бұл келісімге сәйкес, банк капиталының мөлшерін анықтаудың, банк капиталын құру принциптерін және меншікті капиталдың міндеттемелермен арақатынасын анықтайтын баршаға бірдей әдісі анықталды.

Банктің меншікті капиталының ең негізгі құрамдас бөлігі – базистік капитал деп аталатын төленген акционерлік капитал мен резервтік капитал болып табылады.

Банктің акционерлік капиталының құрылымы.

 

 

Банктің базистік капиталының мөлшерін оның қаржылық есеп құжаттарынан табу оңай. Базистік капитал – банк операцияларының табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай ықпалын тигізеді. Оның негізінде банк капиталының жеткіліктілік коэффициенті анықталады.

Банктің акционерлік капиталының мөлшері – оның шығарған акцияларының номиналдық құнының қосындысына, яғни жалпы сомасына тең.

Үлестірілмеген табыс дегеніміз – банк балансындағы табыстардың оның шығындарынан артылған бөлігі.

Резервтік капитал құрылтайшылардың пайдасы есебінен құрылады. Олар ол пайданы акционерлік капиталды айналымға шығарудан табады және ағымдағы табыстардың бір бөлігін резервтерге аудару арқылы құрылады.

Банк капиталының құрылымында базистік капиталдан басқа сенімділігі төменірек қосымша капитал да құрылуы мүмкін. Банктің меншікті капиталының жалпы құрылымы келесі түрде құрылуы мүмкін:

1. Базистік капитал(1-дәрежелі):

1.1. Төленген акционерлік капитал;

1.2. Жарияланған ашық резервтер (резервтік капитал).

2. Қосымша капитал (2-дәрежелі):

2.1. Құпия, жарияланбайтын резервтер (провизиялар);

2.2. Активтерді қайта бағалау кезіндегі резервтер;

2.3. Күмәнді қарыздардың орнын толтыру үшін құрылған жалпы резервтер;

2.4. Құпия табыстар;

2.5. Айналым мерзімі белгісіз субординациялық қарыздар мен бағалы қағаздар.

Базель келісіміне сәйкес банк капиталының сенімділігін арттыру мақсатында банк капиталының құрылымына қойылатын талаптар:

1. Банктің меншікті капиталының жалпы көлеміндегі базистік капиталдың мөлшері 50%-дан кем болмау керек. Банктің базистік капиталының мөлшері түскен пайдадан салықтар төленгеннен кейін есептелінеді;

2. Қосымша міндеттемелердің сомасы базистік капиталдың жалпы сомасының 50%-нен аспауы керек;

3. Егер несиелер қайтарылмаған жағдайда банктің резервтік қорының мөлшері тәуекелді активтердің жалпы сомасының қалыпты жағдайда 1,25%-нан аспауы керек, ал қалыпсыз жағдайда 2%-нан аспауы керек;

4. Активтердің құнының өсуі жағдайында құрылатын резервтер сатылмаған бағалы қағаздарды сатудан түсетін құпия табыстар формасында болуы керек және бұл жағдайда меншікті капиталдан 55% мөлшерінен аспауы керек.

 

Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін талдау барысында негізгі 2 коэффициент анықталуы керек:

1. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті:

КМКЖ =МК/Активтер≥8%

2. Банктің меншікті капиталы мен сырттан тартылған қаражаттарының арақатынас коэффициенті:

КМК/СТҚ=МК/СТҚ;

Елімізде жүзеге асып жатқан экономикалық өзгерістерге сәйкес және әлемдік экономикаға интеграциялану барысында банк қызметін реттеудің нормативтері мен заңдылықтары әлемдік талаптарға сәйкестендірілуде. Кез келген жағдайда банк жүйесін реттеу барысында банктің меншікті капиталы келесі талаптарға жауап беруі керек:

· Банктің меншікті капиталы кез келген жағдайда пайда болуы мүмкін шығындардың орнын толтыруға жеткілікті болуы керек;

· Меншікті капиталдың жеткіліктілігі банктің басқа операцияларын тиімді жүзеге асыруға түрткі болуы керек.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2065. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия