Студопедия — Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі проблемалар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі проблемалар






 

Жоғарыда талдап өткен көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету проблемаларын анықтадық. Талдап отырған кәсіпорынның активтерінің жалпы құрылымын талдау барысында, нақты активтерінің өсу қарқыны төмен екеніне көз жеткіздік. Бұл көрсеткіштердің төмен болғаны кәсіпорынның болашақтағы кызметінің теріс нәтижесін сипаттайды. Осы көрсеткіштерді анықтағаннан кейін, баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтадық. Осы көрсеткіш қарыздарды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Талдау жүргізілген кәсіпорында бұл коэффициент төмендеген, яғни кәсіпорынның үздіксіз қызмет етуі және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де нашарлаған. Осы көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылыққа ие болып отырғанын көреміз.

Қазіргі нарықтық қатынастар жағадайында кәсіпорынның жұмыс ісетуі және оның дамуы көбіне өзін - өзі қаржыландырумен, меншікті капиталдың көмегімен байланысты болады.

Қаржылық талдауда кәсіпорынның рентабельділігін анықтау басты роль атқарады. Анықталған көрсеткіштер бойынша «Фирма Алтайпромснаб» ЖШС 2006-2008 жылдар аралығында табыс таппады, яғни зиян артты деуге болады. Осы көрсеткіштердің төмендегені, жалпы қаржылық жағдайына тікелей әсерін тигізіп отыр. Кәсіпорынның сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және икемділік коэффициентін анықтадық. Осы көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның қаржылық қиындықтарының тәуекелдігінің өскенін және икемді қаражаттарының жеткіліксіздігіне көз жеткіздік.

Кәсіпорынның тиімділігін анықтауға бағытталған жалпы табыс коэффициентін анықтадық. Бұл көрсеткіш 2006 – 2008 жылдар аралығында күрт төмендеген. Анықталған көрсеткіштерге сүйене отырып, кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен табыстың азайғанын көрсетеді, ал табыстың азайғаны қаржылық жағдайдың нашарлауына әкеліп соқтырады.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының негізгі белгілерінің бірі болғандықтан, онымен тығыз байланысты болады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады. Олар: абсолютті өтімділік коэффициенті, мерзімді өтімділік коэффициенті және ағымдағы өтімділік коэффициенті. Осы аталған көрсеткіштердің әрқайсысын анықтадық.

Абсолютті өтімділік коэффициентін анықтау барысында төмен нәтижені көрсетті, яғни нормативтен төмен болғаны анықталды. Егер бұл көрсеткіш төмен болса онда ағымдағы міндеттемелердің баяу өтелуін көрсетеді. Келесі көрсеткіш кәспорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Айналым қаражаттарының өтімді бөлігінің ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесіне ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша дереу есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының себептері:

1) біріншіден, ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;

2) екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларда жұмыс істеуші капитал немесе қаржы – эксплуатациялық қажеттілік деп атайды.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Талданып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш қалыпты мәнінен яғни 2-ден төмен болып отыр. Қорытындыласақ кәсіпорын міндеттемелерді өтеуге қабілетсіз.

Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден артық болуы орынсыз болып саналады, себебі бұл кәсіпорынның өз қаражаттарын рационалды салмауы мен оларды тиімсіз пайдалануын көрсетеді.

Ағымдағы өтімділік коэффициентінің 2-ге тең нормативтік мәні біздің елімізде есеп беру кәсіпорындағы нақты жағдайды ескермей, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешім қабылдау үшін қажет белгілердің бірі ретінде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні барлық кәсіпорындар үшін бірдей, яғни шаруашылық субъектісінің өндіріс түрі мен салалық ерекшеліктері есепке алынбайды.

Көптеген отандық кәсіпорындарды банкроттық анықтамаға жатқызуға болады. Яғни, бұндай белгілермен анықтау дұрыс емес, себебі көп кәсіпорындар ішінен нақты банкроттық шаралар қаупі төнген кәсіпорындарды бөліп көрсетпейді.

Бұл нормативтік мән әлемдік есептік талдау тәжірибесінде салалар және салааралық бойынша бөлшектеліп қолданылады. Біздің елде де статистикалық материалдарды жинақтау мөлшеріне қарай бұл көрсеткіштің мәнін салалар мен салааралық бойынша бөлшектеп және активтің өтімділігін талдауда қолдану керек.

Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол - әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:

- кәсіпорын және оның қызметінің көлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы-материалдық құндылықтар қоры мол болады);

- өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түскен түсімнің келу жылдамдығы);

- өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);

- материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу жылдамдығы);

- кәсіпорын жұмысының маусымдылығы;

- жалпы экономикалық конъюнктура.

Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің арақатынасы 1:1 төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әртүрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Біздің жағдайда талданып отырған кәсіпорында ағымдағы өтімділік коэффициенті 1:1 арақатынасынан төмен болды, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстардың жоқ болғаны туралы қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі жағдайында бұл маңызды мәселеге айналуы мүмкін, өйткені нақты ақшаның артық көлемі пайдалы жұмысты сипаттамайды. Кейінге қалдырылған кредиторлық қарыздардың жоғары деңгейін иеленгенде кәсіпорын маңызды қаржылық қиыншылықтарға ұшырауы мүмкін, өйткені кредиторлардың қысымы дебиторлық қарызды алғанға дейін, кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Осылайша, біз кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі – төлем қабілеттілігін толық қарастырдық. Ол баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар – елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншікті капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және басқалар әсер етеді.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігі кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.

Қазіргі кезде нарықтық қатынастарды реттейтін заңдар әсерінен кәсіпорынға олардың ұйымдастыру – құқықтық нысандарына тәуелсіз, кешенді несие – есептік және кассалық қызмет көрсететін мемлекеттік, коммерциялық банктердің тармақталған желісі қалыптасуды.

Несиеге қабілеттілігін талдаудың мақсаты – банк тарапынан несиелеу мүмкіндігі және шарттары туралы мәселені шешу алдында анықталатын, қарыз алушыға сапалы баға беру, клиенттің қарызға алған қаржыны несие шарттарының баптарына сәйкес қайтаруға қабілеттілігі мен несиелік салымдарының мақсатқа сайлығын және банк пен қарыз алушы арасындағы несиелеу тұрғысындағы одан кейінгі қатынастың негізделуін және дұрыстығын бағалау (несиелеуді жалғастыру, тоқтату, ұқыпсыз қарыз алушыға санкцияларды қолдану).

Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде беріледі.

Талданып отырған кәсіпорынның несиеге қабілетсіздігінің басты себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы, клиенттер алдында міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуі болып табылады.

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2313. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия