Студопедия — Инвестициялық жобаның негізінде қаржылық тұрақтылықты арттыру тәсілі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инвестициялық жобаның негізінде қаржылық тұрақтылықты арттыру тәсілі






 

«Фирма Алтайпромснаб» ЖШС, компьютерлік техника нарығында жұмыс істеуді жоспарлайды. Қызмет түрлері компьютерлік техниканы қолданушылар ауқымында көрсетіледі: тұрмыста қолданушылардан корпоративті ұйымдарға дейін қолдану. Қызмет көрсету орны - Өскемен қаласында көрсетілмек. Фирманың қызметі екі бөлімнен тұрады:

1) Жеке және заңды тұлғаларды компьютерлік техникамен және қосалқы бөлшектерге деген қажеттілігін қанағаттандыру. Сонымен қатар жөндеу жұмыстары, Өскемен қаласы бойынша басқа фирмалардың бағасынан төмен болуы. Компьютердің және оргтехника бағасы клиенттермен алдын ала келісіледі. Компьютерлерді құрастыру және берілген кепіл бойынша көрсетілетін қызметтер, тапсырыс берушіге ақысыз болады. Кәсіпорын мамандары тапсырыс бойынша корпоративті компьютерлік желіге монтаж жасау және қайта өңдеу жұмыстарын жүргізеді;

2) Бағдарламалармен қамтамасыз ету қызметтерін енгізу. Кәсіпорынның негізгі бәсекелестік артықшылығы болып, икемді баға саясаты және қызмет көрсетудегі бағасы төмен (Өскемен қаласы бойынша басқа фирмалардың бағасынан төмен болуы) болғанымен сапасы жоғары болады. «Фирма Алтайпромснаб» ЖШС-де клиент кез-келген оргтехникалық қызмет түрлерін, сонымен бірге бағдарламаны орнату кезіндегі пайда болған техникалық проблемаларды шеше алады.

«Фирма Алтайпромснаб» ЖШС келесі тауарлар мен қызмет түрлері ұсынады:

а) Компьютерлік техника және қосалқы бөлшектер (процессор, модульдер, дискілер, interface card, видеоадаптерлер, мониторлар, принтерлер, сканерлер, көшірме аппараттары, мультимедиа, бөлшектер, т.б.);

ә) Дайын компьютерлік жүйе (офиске арналған компьютерлер, ойынға арналған компьютерлер, т.б.);

б) Қызметтер (компьютер диагностикасы, операциялық жүйені қайта орнату, мамандарды шақыру, қосымша бөлшектерді қосу, модем орнату, компьютерді модернизациялау, лазерлік принтерлердің картриджін толтыру, Сd-r жазу, мониторды жөндеу және т.б.);

в) Бағдарламалармен қамтамасыздандыру (видео, музыка, ойын, оқыту бағдарламалары, басқа да бағдарламалар).

Кәсіпорын тауарларын сатып алушылар заңды және жеке тұлғалар болып табылады. Заңды тұлғалар құрамына: қызмет көрсету және саудамен айналысатын кәсіпорындар, өндірістік кәсіпорындар және басқа да мекемелер. Соның ішінде:

- Мектеп және басқа білім беру орындары;

- Мемлекеттік мекемелер;

- Медициналық мекемелер;

- Бақылаушы органдар;

- Басқалары.

Жеке тұлғаларға:

1) Оқушылар;

2) Студенттер;

3) Программистер;

4) Коммерсанттар;

5) Бизнесмендер;

6) Басқалары.

Бүгінгі таңда компьютерлік және оргтехника нарығы Өскемен қаласында бұл бағыттағы тауарлар жеткілікті деңгейде емес. Қалады осы тауарларды сату қолайлы болып табылады. Нарықтағы өзгерістер келесі сыртқы факторлар әсерінен болады: валюта нарығындағы өзгерістер (кері және оңтайлы болуы мүмкін):

а) тұтынушылардың соңғы шыққан жабдықтарды қалауы;

ә) бәсеке (кері әсері);

б) нарыққа қатысушылардың ішкі құрылымының өзгеруі;

в) сатып алушылар санының өзгерісі;

г) тұтынушылар табысының өзгеруі.

«Фирма Алтайпромснаб» ЖШС-нің компьютерлерді сату көлемін бағалау үшін болжам жасау керек. Ол өткен жылдың нақты көрсеткіштері көмегімен есептеледі. Оптималды болжам келесідей есептеледі: О=бір күнде сатылған компьютерлер бір айдағы күн санына көбейту (мысалы 27), 9*27=243 (компьютер айына).

Нақты болжам: М=7*27=189 дана/айына

Сатудың пессимистік бағалау болжамы: Р=6*27=162 (компьютер айына). Бір күндегі сатылған компьютерлер саны 0-ден 10-нан жоғары болғандықтан, орташа саны алынды, яғни, бір айда сатылған компьютерлер санын 30-ға бөлдік. Енді болашақта сату болжамын (ЕР) формуласы арқылы есептейміз (Формула 30):

ЕР= О+4М+Р = 243+4*189+162 =194 дана/ай. (5.3)
   

Стандартты жетіспеушілік есептемесі 31 формула арқылы анықталады:

СЖ= О-Р = 243-162 =14 дана/айына (5.4)
     

Алдағы уақытта сату болжамы (95% -ға кепіл береді) ол мына мөлшерде болады: ЕР+-2*СЖ=(194+-14) дана/ай.

Компьютерлерді сату көлемі 5.3 кестеде көре аламыз.

5.3 кесте Компьютерлерді сату статистикасы.

Жылдар            
Сатылған компьютерлер колемі, дана *-болжам           11925-14575   14394-17592

 

Сату деңгейінің өсімін болжау уақыт аралығында талдау әдісін қолдану арқылы есептелді. Нәтижесінде: у=2100*х*кх+8700.

мұндағы у-тұрғындар саны,

х-жыл (к коэффициенті 105% құрайды).

Мысалы, 2005 жылы: у=2100*2*1,052+8700=13250

Осы 9 кесте негізінде Өскемен қаласы бойынша сатылған компьютерлер санын келесі 16 графиктік суретте көре аламыз.

16 сурет Өскемен қаласы бойынша сатылған компьютерлер көлемінің диаграммасы

 

Егер компьютер нарығында экономикалық жағдай тұрақты болса, ішкі және сыртқы фактор қалыпты болса, онда компьютер сатылымы 12000-15000 данаға дейін жоғарылауы мүмкін.

Болашақта компьютер қазіргі кездегі телевизор сияқты орын алады. Яғни, әрбір үйде, жұмыс орындарында күнделікті қолданыста болады. Мұндай жағдай егер Өскемен қаласында 350 мың халық саны болса жоғары табыс әкеледі деп есептеуге болады.

Маркетингтік зерттеуі бойынша Өскемен қаласының клиенттері болып, заңды тұлғалар, мемлекеттік ұйымдар және жеке тұлғалар табылады. Тұтыну нарығында заңды және жеке тұлғалар үшін сатып алушылар көлемі бойынша сегментациясы 17 суретте көрсетілген.

 


17 сурет Сатып алушылар саны бойынша нарықтың сегментациясы

Баға құрудың негізгі үш мақсаты бар:

а) имиджді қолдау;

ә) жоғары кіріс табу;

б) қызмет көрсету сапасы бойынша алдыңғы қатарлардың бірі болу (оргтехника және бағдарламалар).

Мақсаттарға сүйене отырып мына стратегияны ұсынамыз: жоғарғы сапа-қолжетерлік баға. Бастапқы кезеңде оргтехника және қызмет көрсету нарығындағы баға қойылады.

Баға саясаты табыстың өсуі, қызмет көрсету бағасын жоғарылату нәтижесінде емес, сатып алу материалдарына кеткен шығындардың төмен болу есебінен көзделеді. «Фирма Алтайпромснаб» ЖШС-нің материалдарға кеткен шығындар, бағдарламамен қамтамасыз ету және қызмет көрсету бағасы ірі жабдықтаушы фирмалармен жасалған дилерлік келісім-шарттардың есебінен төмендетеді. Жабдықтаушылармен жасалған дилерлік және әріптестік келісім-шарт негізінде құрал-жабдықтарға, материалдық шығындар 20-40%-ға дейін төмендетеді. Фирманың бағдарламамен қамтамасыз ету бағасы 40-65%-ға дейін төмендетіледі.

Максималды кіріс алу үшін фирма бағаны «орташа үлес салмағы + табыс» әдісі арқылы есептейді. Бұл әдіс тауардың өзіндік құнына белгілі бір баға қосумен анықталады. Қосу бағасы өзіндік құнынан шамамен 30-50% құрайды. Осындай тауар бағасы нарықтағы бағаның орташа деңгейін көрсетіп, максималды табыс әкелуге бағытталады және басқа бәсекелес кәсіпорындармен салыстырғанда бағаның төмен екенін көреміз.

Алдағы уақытта клиенттерге 3-10% жеңілдіктер жасауды ұсынамыз.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласында жұмыс істейтін компьютерлік және оргтехника нарығында жеті фирма бар. Осы аталған фирмалар, «Rating» компьютерлік орталығынан басқасы барлығы зерттелген. Сатушылардың ақпарат бермегендігінен ешқандай мәлімет алмадық. Өскемен қаласындағы компьютерлік орталықтарды зерттеудің нәтижелерін келесі 5.4 кестеде көре аласыздар.

5.4 кесте Бәсекелестердің салыстырмалы талдауы (0....5-ке дейін бағалау)

Фирманың аты Бәсекелестің формасы  
өнімнің сапасы (А) Ассортимент (түрлері) (В) Баға саясаты* (С) Кредит шарттары (D) Жарнама (E) Кепіл (F) Қызмет көрсету (G) Қорытынды балл (Z)
Програмсервис   1,5 3,0 - -     3,2
Интерлэнд 4,5 3,1 3,7 4,5 - 4,5 3,0 3,1
Уникод 4,1 4,0 3,7 3,0 0,8 4,5 2,9 3,5
Фэнтези 3,0 1,8 4,0 4,7 2,2 4,5 2,6 3,2
Ром 3,9 3,5 4,0 4,5 1,8 2,0 2,6 3,3
Компьютерлік свалка 3,2 2,8 4,5 - - 1,0 1,0 2,6

 

*-қорытынды балл неғұрлым жоғары болса, соғұрлым баға төмен болады. Максималды бағалау – 5 балл, минималды – 0 балл, сызық белгілер көрсетілген қызметтің немесе мәліметтің жоқтығын білдіреді. Жалпы балл әрбір категорияның үлесін қосып есептелді - баға саясаты үшін 5, өнімнің түрлері мен сапасы үшін 4, қызмет көрсету мен кепіл беру категориясы 3 балмен, жарнама 2 және кредит шарттары үшін 1 баллмен. Осы балдардың негізінде келесі (32) формуланы анықтадық.

   

(5.5)

мұндағы 22-барлық үлестің қосындысы.

Кестеде көрсетілгендей бәсекелестердің негізгі кемшіліктері ол: ассортименттердің аздығы, қызмет көрсету сапасының төмендігі және жарнаманың жоқтығы. Кейбір фирмалардың өнімнің бағасы жоғары болғанымен сапасы өте төмен. Ал ассортименттің аздығы клиенттерге әсер етеді, себебі оларға керек өнімнің прайс-бетте жоқ болғандықтан сатушылар кейінгіге қалтырып немесе тапсырысқа беруді ұсынады, осының себебінен клиенттерді жоғалтып алуы мүмкін. Кейбір кәсіпорындар тұрақты клиенттерге сенім артып осындай жағдайға көп көңіл аудармайды. Фирмалардың көбі өздерінің қаланың ортасындағы тұрғылықты жерлеріне бейімделген (Қазақстан көшесінің аумағы) – «Ром», «Фэнтези», «Компьютерная свалка», «Интерлэнд»; Қасым Қайсенов көшесі – «Програмсервис»; Серікбаев көшесі – «Уникод» немесе қаланың шетіндегі «Отрар» (Защита ауданы).

Біздің негізгі ерекшелігіміз, Согра ауданындағы орналасқан жерімізде бірде бір бәсекелестің жоқтығы. Екінші ерекшелігіміз – сатып алуға немесе арендаға орын алмаймыз, өзіміздегі қойманы сату павильонына жөндеп, есесіне ақша қаражаттарын үнемдеуге болады. Жобаның мықты және әлсіз жақтары анықталды. Мықты жақтары:

1) Офистің орналасу жері;

2) Орналасу жерін өзгертпей болашақта жаңа қызмет түрлерін көрсету;

3) Аты әйгілі оргтехника жабдықтаушылармен жұмыс істеу;

4) Кәсіпорынның икемді баға саясаты;

5) Жол жүру жеңілдігі;

6) Қауіпсіздік жүйесі;

7) Огртехникалық қызмет көрсетудің толық кешені: «бағдарламамен қамтамасыз ету+сервистік қызмет»;

8) Офиске арналған меншік орны.

Әлсіз жақтары:

1) Тұрақты клиенттердің болмауы;

2) Кәсіпорын атының шықпауы.

Көріп отырғанымыздай кәсіпорынның мықты жақтары әлсіз жақтарынан басым болуы Өскемен қаласындағы оргтехникалық қызмет көрсету және сату нарығына шығып, тұрақты жұмыс істей алады деген тұжырымға келуге болады.

Жабдықтаушылар ретінде Новосибирск (огртехника мен компьютерлік құрал-жабдықтар үшін) және Мәскеу қаласындағы фирмалар (компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету үшін) таңдалды. Осы фирмалар тауар бағасының төмен болғаны және Новосибирсктің географиялық орны жақын орналасқаны мен Мәскеуден әкелінетін тауарлардың транспорттық жеңілдігі ескеріле отырып таңдалды. Жабдықтаушылармен дилерлік және әріптестік келісім-шарт жасасқанннан кейін, материалдарға кеткен шығындардың бағасы 20-40%-ға дейін төмендейді, ал бағдарламамен қамтамасыз ету бағасы 40-65%-ға дейін төмен болады. Жабдықтаушылардың көрсеткен қызметтерінің бастапқы тізімі келесі 5.5 кестеде көрсетілген.

5.5 кесте Жабдықтаушылардың тізімі

Қызмет көрсетудің түрлері Жабдықтаушылар «Фирма Алтайпроснаб» ЖШС-не арналған жеңілдіктер
Оргтехника, материалдар, құрал-жабдықтар «Ненолет КиТ» компаниясы, Новосибирск қаласы 15-20%
Оргтехника, материалдар, құрал-жабдықтар «Группа Квеста» компаниясы, Новосибирск қаласы 15-20%
Оргтехника, материалдар, құрал-жабдықтар «Диона Компьютер» компаниясы, Новосибирск қаласы   20-35%
Оргтехника, материалдар, құрал-жабдықтар «Арси-Ситек» компаниясы, Новосибирск қаласы 20-30%
Бағдарламамен қамтамасыз ету 1С «1С» компаниясы, Мәскеу қаласы 40-65%
БЭСТ бағдарламасымен қамтамасыз ету «ИНТЕЛЛЕКТ-СЕРВИС»ЖАҚ, Мәскеу қаласы 40-65%
КонсультантПлюс бағдарламасымен қамтамасыз ету «Вычислительная математика и информатика» НПО, Мәскеу қаласы 40-65%

 

Жобаны ұсынушылар жобаның барлық тәуекел деңгейін анықтап, тәуекел ықтималдығын бағалау жүйесінің тізімін ұсынды:

- 0 - тәуекелдің болмауы;

- 25 - болмайтын тәуекел;

- 50 – тәуекелдің болуын анық айтуға болмайды;

- 75 – тәуекелдің ықтималдығы;

- 100 – тәуекелдің болуы.

5.6 кестеде приоритеттерді бағалауы көрсетілген. Қарапайым тәуекелдерді анықтағаннан кейін тәуекелді интегралды бағалаудың екі кезеңі жүргізілді: бірінші әрбір деңгейдің тәуекелін бағалайды, олар: қаржылық – экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және экологиялық. Осыдан кейін барлық тәуекелдерді анықтап, жалпы жобадағы тәуекелдерге баға беруге болады.

Анықталған приоритеттер әлеуметтік-экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады. Ұсынылған инвестициялық жобаның тәуекелін талдау нәтижелері 5.6 кестеде көрсетілген.

5.6 кесте Қарапайым тәуекелдерді бағалау.

Қарапайым тәуекелдер Эксперт 1 Эксперт 2 Эксперт 3 Орташа Приоритет Pi Үлес Wi Бағалау Ii  
Дайындық кезеңі 12,84  
Жоспарланбаған шығындар 50,00 50,00 75,00 58,33   0,04 5,83  
Қарапайым тәуекелдер Эксперт 1 Эксперт 2 Эксперт 3 Орташа Приоритет Pi Үлес Wi Бағалау Ii
Валюталық тәуекел 75,00 50,00 75,00 66,67   0,05 6,67
Құрал-жабдықтарды уақытында жеткізбеу 25,00 25,00 0,00 16,67   0,01 0,17
Жабдықтардың уақытында дайын болмауы 0,00 0,00 0,00 0,00   0,04 0,00
Жұмысшылардың жауапсыздығы 25,00 25,00 0,00 16,67   0,01 0,17
Қаржылық-экономикалық 29,18
Сұраныстың тұрақсыздығы 50,00 75,00 50,00 58,33   0,09 5,83
Ұқсас өнімнің шығуы 50,00 75,00 50,00 58,33   0,01 2,91
                       

 

5.6- ші кестенің жалғасы

Бәсекелестердің бағаны түсіруі 75,00 100,00 75,00 83,33   0,09 8,33
Салықтың өсуі 50,00 25,00 50,00 41,67   0,01 0,42
Тұтынушылардың төлем қабілетсіздігі 50,00 50,00 25,00 41,67   0,09 4,2
өнім бағасының өсуі 75,00 50,00 75,00 66,67   0,09 6,7
Жабдықтаушыларға тәуелділік 25,00 50,00 25,00 33,33   0,01 1,66
Қор қайтарымдылығының жеткіліксіздігі 25,00 25,00 50,00 33,33   0,09 3,33
Әлеуметтік: 4,48
Жұмыс күшін жинау қиындығы 25,00 0,00 50,00 23,33   0,04 1,16
Шеруге шығу 0,00 0,00 0,00 0,00   0,03 0,00
Жергілікті басқарудың қатынастары 25,00 25,00 0,00 16,67   0,04 0,83
Қарапайым тәуекелдер Эксперт 1 Эксперт 2 Эксперт 3 Орташа Приоритет Pi Үлес Wi Бағалау Ii
Техникалық: 2,57
өнім сапасының тұрақсыздығы 25,00 0,00 25,00 16,66   0,01 0,83
Жаңа технология 0,00 25,00 25,00 16,66   0,01 0,83
Қосалқы қорларыдң жеткіліксіздігі 25,00 0,00 0,00 8,33   0,01 0,08
Жобаның тәуекелдігі 0,99 49,07
                     

 

Сатып алушылардың төлем қабілетсіздігі тауар сапасына, бағасына, бәсекелестердің сапасына және санына байланысты. Мұндай тәуекелдің алдын алу үшін, сатып алушылардың төлем қабілеттілігі мен баға арасындағы тепе-теңдікті табу керек. Өте қауіпті тәуекелдердің бірі:

- Жоспарланбаған шығындар – 5,83;

- Валюталық тәуекел – 3,67;

- Сұраныстың тұрақсыздығы – 5,83;

- Бәсекелестердің бағаны түсіруі – 8,33;

- Өнім бағасының өсуі – 6,7.

Аталған тәуекелдердің алдын алу үшін келесі шараларды қолдану қажет:

- жұмысшылардың жауапкершілігін және мүлікті сақтандыру, өзара келісім-шарттар жасау, жоспарланбаған шығындар тәуекелінің алдын алып, жобаның әрбір кезеңін талдау;

- Жабдықтаушылармен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасау;

- Валюталық тәуекелдерді сақтандыру механизмдерін жүргізу (хеджирлеу, валюталық позицияның өтелуі және т.б.);

Тәуекелдерді төмендету шаралары:

- білікті мамандар кадрларын қабылдау;

- керекті құрал-жабдықтарды алу үшін уақытында ақша қаражаттарын бөліп беру.

Маркетингтік тәуекелдер нарыққа шығуға кедергі жасаумен байланысты және қызмет көрсету қызметтерін дұрыс таңдамау, баға саясатындағы қателіктер және т.б. Сондықтан да нарыққа шығу үшін осы бизнес-жобаны ұсынамыз.

Алдағы уақыттағы бастапқы шығындар келесі 5.7 кестеде көре аласыздар.

5.7 кесте Бастапқы шығындар

Шығындар жоспары Бағасы USD
Кассалық аппарат Mini 600  
2 Athlon компьютерлері  
Принтер  
Факс-модем  
Кондиционер  
Офистік жиһаз  
Стеллаждар  
Жалюзи  
Сигализация  
Билборд дайындау  
Жарнама компаниясы  
Пәтерлерді жөңдеу  
Электроэнергия және басқа да коммуналды қызметтер  
Сатушылардың еңбек ақысы, 3 адамға 1 айда  
Күзетшілердің жалақысы, 3 адамға 1 айда  
Еден жуушыға 1 айда  
Жүк тиеушінің еңбек ақысы 1 айда  
Тауар-жүргізуші менеджерінің еңбекақысы1 айда  
Мүлікті сақтандыру  
Тіркелу, рұқсат ету құжаттары  

5.7- ші кестенің жалғасы

Басқа да шығындар  
Барлық шығындар:  

 

ҚР салық кодексі бойынша мүлік салығын, әлеуметтік, ҚҚС, жер және корпорациялық табыс салығын есептейміз.

1) ҚҚС ай сайын төленеді. ҚҚС=12% жалпы табыстан 27681,4*12%=3322 USD 2009 жылдың шілде айына.

2) Мүлікке салынатын салық мүліктің орташа жылдық құнынан 1,5%, жылына 4 рет, тоқсан бойынша төленеді. Мүліктің құны=8800 USD/4=22 USD бір тоқсанда. Жылына 132 ш.б.

3) Жер салығы тоқсан бойынша төленеді. Мүлік ауданы-135 м2*9,35 тг/ м2=1290-8,5 ш.б.

4) Корпорациялық табыс салығы ай сайын (2009 жылдың шілде айына) (27681,4$-4429$)*20%=4650$.

Новосибирсктен әкелінетін тауарларды жеткізуге кеткен транспорттық шығындар:

а) Бензинге кеткен шығындар: 240 литр*70 теңге= 16800 теңге. Барып, қайтқан жолы 1200 км, 20 литр 100 км-ге кетеді.

ә) Жүк автомобилін жалға алу 75000 теңге. (Жүру уақыты 50 сағат, жалға алу бағасы 1 сағаты 1500 теңге).

б) Жүргізуші ақысы 7500 теңге. (1 сағаты 150 теңге).

в) 2 жүк тиеуші-күзетші 14000 теңге. (1 сағаты 140 теңге).

г) Барлығы: 104900 теңге – 700 ш.б.

Мәскеуден әкелінетін бағдарламалармен қамтамасыз етуді жеткізуге кеткен транспорттық шығындар:

- Пойызбен жол жүру шығындары 500 ш.б.

- Тұрғылықты жері - 100 ш.б. (күніне 50 ш.б.)

- Барлығы: 600 ш.б.

Бұл жоба ұзақ мерзім кезеңінде жүзеге асырылуы жоспарланады. Келешекте сервистік қызмет көрсету және сату филиалдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқа қалаларда ашылуы мүмкін. Яғни, нарықта өзінің тұрақтылығын күшейтуге және жоғары табыс табуға жол ашады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 1235. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия