Студопедия — Тақырып. Кәсіпорын қорларының айналымы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Кәсіпорын қорларының айналымы.






1. Фирма- кәсіпкерліктің бастапқы бірлігі.

2. Негізгі және айналмалы капитал айналымы. Амортизация.

3. Инвестиция және оның түрлері- СРС.

1) Кәсіпкерлік қызметтің қызметті ұйымдастырудың базалық нысаны фирма болып табылады.

Фирма - пайда табу мақсатымен ресурстарды тауар және қызметтерді өндіру үшін пайдалатын бір немесе бірнеше кәсіпорны бар ұйым.

Жеке кәсіпкерлер фирманы неге ұйымдастырады, себебі нарықта сәтті қызмет ету үшін қызметпен байланысы жоқ көп шығындар қажет, оларды трансакционды шығындар деп атайды, олар: баға туралы ақпаратты іздеу, келісім дер жүргізу және т.с.с.

Осы шығындарды азайту үшін фирма ұйымдастырылады, онда транакциялар арзан болады.

Фирма қызметі мен мақсатын талдайтын бірнеше фирма теориялары бар:

Дәстүрлі теория – фирма әрекетін пайданы максимизациялауға ұмтылысымен түсіндіреді.

Менеджералды теория – фирма мақсаты алдымен сату көлемін максимизациялау, содан кейін табысты өсіру екендігін дәлелдейді. Бұл процесте негізгі ролі меншік иесі емес менеджерлерде.

Өсуді максимизациялау теориясы - ірі компанияға қарағанда өсуші фирма тиімді деген идеяға негізделген.

Көпмақсатты теория - фирманың жоғары басшылығының әрекетіне көңіл бөледі.

Кез- келген теорияның бөлінбес бөлігі - фирма стратегиясын анықтау б.т.

Стратегия - фирманың ұзақ мерзімді мақсатары мен міндеттерін айқындап, сол мақсаттарына жетуі үшін қызмет жоспарын құрып, ресурстарды бөлуі.

Стратегияның екі типі болады:

Қорғанушы стратегия - фирма нарықты зерттеп, жаңа тауардың пайда болуын күтеді, сол тауардың пайда болуымен бар күшін соның өндірісіне жұмсайды.

Бастандық; стратегиясы - өндірісті жаңалық еңгізу, инновация ақрылы белсенді жаңартуды туындайды.

Сәтсіз стратегия фирманы банкроттылыққа алып келуі мүмкін.

Банкроттылық;- сот немесе арбитраж шешімімен қарыз алушының толығымен төлемқабілетсіздігі, сол себептен қарыздарды өтеу үшін экономикалық қызметті жүргізуге қабілетсіздігі.

Қызметін бастау үшін фирманың бастапқы стартты капиталы болуы керек.

Бастапқы капитал - бастапқы салынған капитал мен алғашқы өндірісті ұйымдастыру үшін қажет ағымдық шығындар сомасы.

Осы шығындарды жабу үшін меншік жіне қарызға алынған қаражат тартылуы мүмкін.

Меншік (ішкі) қаражат, бұл:

· пайда есебінен пайда болған жинақтар;

· амортизацияға арналған ақша;

· акция мен облигация сатудан түсетін капитал дан құрылады, олар кәсіпорын қаржысының 60-70% құрайды.

Қарызға алынған (сыртқы) қаражат, бұл банктік және коммерциялық несие, олардың үлесі 30-40% құрайды. Несиелер ұзақ және қысқа мерзімді (1 жыл ішінде қайтарылатын) болады. Ұзақ мерзімде несие қондырғы, ғимаратты сатып алу үшін алынады. Қысқа мерзімді несие-күнделікті шығындарды жабу үшін алынады: еңбек ақы, шикізат алу үшін. Несие процентпен қайтарылады.

2) Кез- келген фирманың мақсаты оның капиталының айналымда болып ұдайы өндірілуінде.

Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіріп, табыс табы мақсатымен өндіріс факторлерін біріктіріп өндіріп алудың үздіксіз процесі. Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымы болып табылады.

Капиталдың ауыспалы айналымы - өндіріс факторлерінің құнының өндіріс және айналыс сферарасы арқылы қозғалысы, нәтижесінде олар үш кезеңнен өтіп, сәйкесінше өндіргіштік, ақшалай және тауарлы формаға айналады.

Өндірістік цикл кезеңдері:

ӨҚ

А – Т.... Ө..... Т '– А'

ЖК

 

А- бастапқы капитал (ақша); Т- тауар; ЖК – жұмыс күші; ӨҚ- өндіріс құралдары; Ө – өндіріс процесі;

Т '–өндірілген тауарлар мен қызметтер; А' – өскен бастапқы капитал.

Әр кезең белгілі бір қызмет атқарады:

· бірінші кезеңде өндіріс жағдайлары қалыптасады;

· екіншіде тауарлар мен қызметтер өндірісі жүзеге асады;

· үшіншіде тауарлар мен қызметтер сатылып, пайда алынады.

Үнемі жаңарып отыратын ауыспалы айналым процесі - айналым деп аталынады.

Ауыспалы айналым мен айналым арасында айырмашылық бар: бір ауыспалы айналымда (мысалы, аяқ киімнің бір партиясының өндірісі) фирмаға салынған ақшаның тек бір ғана бөлігі қайтады, бір айналым кезінде барлық салынған ақша көлемі қайтады, ол үшін бірнеше ауыспалы айналым қажет болуы мүмкін.

Айналым уақытымен жылдамдығы болады.

Айналым уақыты - ресурстар өндіріс және айналыс сферасын өтіп, бастапқы формасына қайтып келетін уақыт аралығы. Айналым уақыты өндіріс және айналым уақытынан тұрады.

Айналым жылдамдығы – бір жыл ішіндегі ресурстардың айналым саны.

Айналым саны – келесі формуламен анықталады:

n = O / t

мұндағы, n – бір жылдағы айналым саны; O –уақыт өлшемі (1 жыл); t – осы ресурстардың айналым уақыты.

Айналым өндірістік капиталмен жүзеге асады.

Өндірістік капитал - ақшалай формада берілген, өндірістік циклде айналатын өндіріс факторлері. Ол екіге бөлінеді: негізгі және айналмалы.

Айналмалы капитал - өндіріс процесіне бір рет қатысып, өз құнын дайын өнімге толығымен өткізетін құралдар, олар материал, шикізат және т.б.

Негізгі капитал - өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б.

Өндіріс процесі кезінде негізгі капитал физикалық және моралды тозуға шалдығады.

Физикалық тозу -негізгі капиталдың өндіріс процесінде пайдалануына жарамай қалуы, істен шығуы.

Моралды тозу - негізгі капиталдың оның жаңа түрінің пайда болуы салдарынан құнсыздануы, оны пайдалану шығынды.

Негізгі капиталдың моральды және физикалық тозуы амортизация деп атылынады.

Амортизация – белгілі бір уақыт аралығындағы негізгікапитал тозуының құндық бағасы.

Амортизация нормасы – амортизациялық төлемдердің белгіленген жылдық мөлшері, ол негізгі капиталдың құны қанша жыл ішінде қайтарылуы керектігін көрсетеді.

Амортизациялық төлемдер көлемі келесі формуламен анықталады:

А- жылдық амортизациялық төлемдер мөлшері;

А = Қб – Ққ Қб- негізгі капииталдың бастапқы құны; Ққ- пайдаланудан шығарылатын негізгі. Т капиталдың қалдық құны; Т- негізгі капиталдың пайдалану мерзімі.

 

Амортизацияны есептеудің екі әдісі бар:

1. қарапайым амортизация - капитал құнын жыл сайын бірдей мөлшерде шегеріп, амортизациялық қорға аудару.

2. жылдамдатылған амортизация - амортизация нормасын екі есе арттыруды білдіреді, ол ҒТП байланысты, соның арқасында қондырғыны пайдалану мерзімі азаяды.

Негізгі қорды (капиталды) пайдалануды сипаттайтын келесі көрсеткіштер:

· қор қайтарымы - бір теңге қор құнына келетін өнім көлемін көрсетеді.

ҚҚ = Q / Қнег

ҚҚ- қор қайтарымы, Q- шығарылған өнім құныі, Қнег - негізгі өндірістік қорлардың құны.

· материал сыйымдылығы –1 теңге айналым қор құнына келетін өнім көлемін көрсетеді.

МС= Қайн / Q

МС- материал сыйымдылығы, Қайн – айналмалы қор.

Негізгі және айналмалы капиталдан бөлек, айналыс қорлары болады.

Айналыс қорлары - өнімді өткізумен байланысты айналымда болатын қорлар. Айналыс қорларына салынған ақшалай қаражат- айналыс құралдарын құрайды.

Айналыс құралдарының тиімділігі - айналым коэффициенті, ол бір жылда өткізілген өнім құнының айналыс құралдарының қалдығына қатынасы.

3) Инвестиция - пайда табу мақсатымен ел ішінде және оның сыртында мемлекеттік немесе жеке капиталды ұзақ мерзімді салымдары.

Инвестицияның негізгі түрлері:

· өндірістік инвестиция;

· тауарлы- материалды запастарға инвестиция;

· тұрғын үй құрылысына инвестициялар.

Сонымен қоса жиынтық, таза, автономды және индуцирленген инвестиция түрлерін айырады.

Жиынтық инвестициялар - ескі қондырғыны ауыстыруға (амортизация) кеткен шығындар мен өндірісті ұлғайтуға салынған инвестициялардың өсімінің сомасы.

Таза инвестициялар - негізгі капитал амотризациясын алып тастағандағы жиынтық инвестиция.

Автономды инвестициялар - ҒТП нәтижесінде пайда болған жаңалықтармен негізделген инвестициялар.

Инвестициялық сұраныс - кәсіпкерлердің ескірген капиталды қалпына келтіруге және оны ұлғайту үшін өндіріс құралдарына сұранысы.

Инвестицияға сұранысты анықтайтын негізгі факторлар:

· таза пайданың күтілетін нормасы;

· проценттің шынайы ставкасы

Олардың арасындағы байланыс келесідей: егер пайданың күтілетін нормасы жоғары болса, инвестиция өседі. Процент ставкасы- фирманың ақшалай капиталды қарызға алуы үшін төлейтін бағасы.

Егер пайданың күтілетін нормасы (мысалға 10%) процент ставкасынан артық болса (мысалға 7%), инвестиция пайдалы болады, және керісінше.

Осы факторлерден бөлек келесі факторлер де әсерін тигізеді: салық салу деңгейі; өндіріс технологиясындағы өзгерістер; қолда бар негізгі капитал; экономикалық күтулер; жиынтық табыстың динамикасы.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2271. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия