Студопедия — Кеуде бөлігінің топографиялық перкуссиясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кеуде бөлігінің топографиялық перкуссиясы






Перкуссия әдісімен әр түрлі мүшелердің шекарасын және оның көлемінанықтайды, көршілес жатқан мүшелерді бір-бірінен айыруға болады, ол мүшенің тығыздығына байланысты (біреуінің құрамында ауа кездеседі де, ал екіншісінде ауа болмайды). Мысалы: өкпе мен бауырдың, өкпе мен жүректің шекарасын нақты анықтауға болады, бірақ бауыр мен жүректің, болмаса асқазан мен ішектердің шекарасын анықтай алмаймыз. Топографиялық перкуссияның анық естілуі перкуторлық соққының күшіне байланысты. Перкуторлық соққы жасай отырып, мүшенің қандай тереңдікте орналасқанын анықталады (оң жақ өкпенің төменгі шеті бауырмен шектелген, яғни беткей орналасқан, жүректің оң жақ шеті өкпенің оң жақ тұсымен жабылған). Өкпе конус пішінді болғандықтан, кеуде клеткаларын жоғарыдан төмен қарай күшті перкуссиялау нәтижесінде перкуторлы дыбыстар кезекпен өзгереді: өкпелік ашық (өкпенің үстінде), салыстырмалы тұйықталған (өкпенің төменгі бөлігі бауырдың жоғары бөлігін жабады), абсолютті тұйық (өкпенің төменгі шекарасы, бауырдың үсті). Осы кезектесіп ауысатын перкуторлық дыбыстар үнемі естілмейді, сондықтан топографиялық перкуссияның дәлдігі төмендейді. Алайда әлсіз перкуссия жасағанда ауаның азғана көлемі тербелісте болады, сондықтан перкуторлы дыбыс бүкіл өкпенің тұсынан анық болып естіледі, тек қана өкпеден тыс абсолютті тұйық болады. Өкпенің топографикалық перкуссиясында әлсіз соққы қолданылады, плессиметр саусақты төмен қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссиялайды. Осы уақытта шымыр адамдарда перкуторлы соққы күшейеді, ал балаларда әлсірейді.

Адамның құлағы ашық дыбыстың тұйық дыбысқа ауысқанын ажырата алатындықтан, керісінше емес, сол бағыт бойынша перкуссиялайды.

Өкпенің жоғары шекарасының топографиялық перкуссиясын алдынан бастайды. Саусақты - бұғана үсті ойығына орнатамыз және ақырындап жоғары 1-2 см жылжытамыз, төс бұғанасындағы емізікше бұлшықетінің сыртқы жағынан тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссиялаймыз. Перкуторлық дыбыс өзгергенде, саусақтың ашық дыбыс шыққан бетінен белгі қоямыз. Қалыпты жағдайда өкпе ұшы бұғанадан 3-4 см жоғары орналасқан. Содан кейін өкпе ұшын кеуденің артқы жағынан анықтау үшін плессиметр саусақты жауырынның жота өсіндісінен 3-4 см VII мойын омыртқасына қарай бағыттап, перкуссиялаймыз. Қалыпты жағдайда өкпе ұштарының бұл шекарасы VII мойын омыртқасының өсіндісіне тура келеді.

Кренинг кеңістігінің көлденең өлшемін анықтау үшін, плессиметр саусақты трапеция тәрізді бұлшық еттің ортасына перпендикулярлы орнатып, алдымен медиальды, одан кейін латеральді перкуссиялайды. Анықталған арақашықтықты сантиметрмен өлшейміз. Қалыпты жағдайда ол шамамен 4-8 cм құрайды.

Эмфизема кезінде өкпе ұшының көлемі үлкейіп, шекарасы жоғары қарай ығысады, Кренингалаңы кеңейеді. Өкпе ұшының тығыздалуы (пневмония, пневмосклероз, ісік) осы шекараларды төмен ығыстырып, Крениг кеңістігі кішірейеді.

Өкпенің төменгі шекарасының скелетотопиясы үшін анатомиялық бағдарларды қолданады (4-1 кесте). Перкуссия жасау әдеттегідей алдыңғы жақтан басталады. Плессиметр саусақты оң жақ екінші қабырғааралық төс маңы сызығы бойынша зерттелетін мүшеге қатаң параллель түрде төмен қарай тұйық дыбыс шыққанша перкуссиялаймыз. Осыған ұқсас тәсіл бойынша өкпенің төменгі шекаралары кестеде көрсетілген жол бойынша анықталады.

 

Өкпенің төменгі шекарасының төмен ығысуы өкпенің немесе онымен көршілес мүшелердің ауруларымен байланысты. Бұларға біріншіден, эмфизема, бронх демікпесі, пневмоторакс, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, кіші қан айналымның бұзылысы жатады. Екіншісіне энтероптоз, яғниқұрсақ қуысының қысымының төменденуінен ішкі мүшелердің төмен түсіп кетуі (жүктіліктен кейін іш қуысының бұлшықеттерінің әлсіреуі, лапароцентез, күрт арықтау) жатады.

Өкпенің төменгі шекараларының жоғарыға ығысуының екі себебін ажыратады: өкпе аурулары (анық пневмосклероз, карнификация, өкпенің төменгі бөлігінің тығыздалуы және плевра қуысының сұйықтыққа толуы өкпені жоғары қарай ығыстырады), сонымен қатар, іш қуысының қысымының көтерілуінен (семіздік, метеоризм, асцит, жүктілік) болады.

 

4-1 кесте. Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шекаралары:

Перкуссия жасайтын орны Оң жақ өкпе Сол жақ өкпе
Төс жанындағы сызық V - қабырғааралық -
Бұғана ортаңғы сызығы VІ- қабырға -
Қолтық асты алдыңғы сызығы VІІ -қабырға VІІ- қабырға
Қолтық асты ортаңғы сызығы VІІІ-қабырға VІІІ- қабырға
Қолтық асты артқы сызығы ІХ- қабырға ІХ- қабырға
Жауырын сызығы Х- қабырға Х- қабырға
Омыртқа жанындағы сызық XІ кеуде омыртқасының өсіндісі

Өкпенің төменгі шетінің жылжымалдығы максималды терең дем алу мен дем шығарудағы төменгі өкпе шетінің күйлерінің арақатынасы. Бұл кезде оң жақта үш, ал сол жақта екі сызық бойынша тексеріс жүргізеді. Тыныс алудың орташа тереңдігінде өкпенің төменгі шекарасының күйін дермографпен теріде белгілейді. Сонымен қатар, бір сәт үзілісте максималды тыныс алуда және максималды тыныс шығаруда орындайды. Аралық жиегін сантиметрмен өлшейміз (4-2 кесте).

 

 

4-2 кесте. Өкпенің төменгі шетінің жылжымалылығын анықтау

 

Топографиялық сызық Өкпенің төменгі жиегінің жылжу шектері,см
Оң жақ Сол жақ
дем алғанда дем шығарғанда қосындысы   дем алғанда дем шығарғаганд қосындысы
Бұғана ортаңғы сызығы 2-3 2-3 4-6 - - -
Қолтық асты ортаңғы сызығы 3-4 3-4 6-8 3-4 3-4 6-8
Жауырын сызығы 2-3 2-3 4-6 2-3 2-3 4-6

 

Өкпенің жиегінің жылжымалылығының төмендеуі немесе мүлдем жойылуы өкпенің өзінің өзгеруінен немесе төменге ығысуынан болады. Біріншісі эмфизема, пневмосклероз, өкпенің ісінуі және тығыздалуынан болады. Екіншісі висцеральді және париетальді плевралардың өсінділерінде (қабысуы), плевра қуысында сұйықтық немесе газдың жиналуында, диафрагманың салдануы және құрсақ қуысының қысымының көтерілуінде (асцит, жүктілік, метеоризм)қарастырылады.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 10713. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия