Студопедия — Тыныс алу мен тыныс шығару функциясын зерттеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тыныс алу мен тыныс шығару функциясын зерттеу






Спирография (лат.spiro – тыныс алу және грек. grapho - бейнелеу) өкпе функциясын өкпе көлемінің өзгеруінде динамикалық тыныс алу тербелісіне байланысты (тыныс алу тербелісін графикалық жазу) зерттеу әдісі.

- 1 минут ішіндегі тыныс алу жиілігі (ТЖ);

- 1рет тыныс алған кездегі өкпеге түсетін ауа көлемі (ТК –тыныс көлемі);

- 1 минут ішіндегі өкпеге түскен ауа көлемі (МТК- 1 минут ішінде тыныс алу көлемі)

- Оттегі көлемі, ағзаның 1 минут ішіндегі оттегі тұтынуы (оттегіні тұтыну, ОТ2);

- Оттегі көлемі, ағзаның өкпеге түскен 1 литр ауа құрамынан тұтынатын оттегі мөлшері (оттегіні тұтыну коэффициенті, ОТК2);

- Максималды ауа көлемі, максималды дем алғаннан кейін, тыныштық жағдайында демнің шығарылуы (ӨТС- өкпенің тіршілік сиымдылығы);

- Максималды ауа көлемі, максималды терең дем алғаннан кейін, өкпеден үдемелі демнің шығарылуы (өкпенің үдемелі тіршілік сыйымдылығы, ӨҮТС);

- Максималды ауа көлемі, максималды дем шығарғаннан кейін тыныштық жағдайында дем алған кездегі өкпеге түскен ауа көлемі (өкпенің дем алғандағы тіршілік сыйымдылығы, ӨТСда);

- Газдың максималды көлемі, максималды терең дем алғаннан кейін, өкпеден 1 секунд ішінде үдемелі дем шығарғандағы көлем (бірінші секунд ішіндегі үдемелі дем шығару көлемі, ҮДШК1);

- Вотчал–Тиффно индексі, өкпенің тіршілік сыйымдылығына бірінші секундтағы шыққан үдемелі демнің қатынасы пайызбен белгіленеді;

- Максималды дем алғандағы ауа көлемі, максималды терең және жиілікпен үдемелі тыныс алғанда өкпеге 1 минут ішінде түсетін ауа көлемі (өкпенің максималды желдетілуі, ӨМЖ);

- Максималды өкпе желдетілуінің өкпенің тіршілік сыйымдылығына қатынасы қажетті шамалардың пайызымен белгіленеді (ауа қозғалысы жылдамдығының көрсеткіші, АҚЖК – 4.2 сурет).

Клиникалық тұрғыда, өкпенің тіршілік сыйымдылығы, өкпеден 1 секунд ішінде үдемелі дем шығарғандағы ауа көлемі және Вотчал-Тиффно индексі аса маңызды. Оны спирография элементтерімен белгілейді. Қосымша 1 минут ішіндегі дем алу жиілігін, дем алу көлемін, 1 минут ішіндегі дем алғандағы ауа көлемін, оттегіні тұтыну мөлшерін, оттегіні тұтыну коэффициентін және қажет болған жағдайда дем алу сипаттамасын, тыныштық жағдайындағы өкпенің желдетілу көлемі мен тиімділігін, бірінші секунд ішіндегі үдемелі дем шығару көлемін анықтау мүмкін болмағанда ауа қозғалысы жылдамдығының көрсеткіші мен өкпенің максималды желдетілуін анықтауға болады.

Спирография ашық және жабық типті сынамалармен жүзеге асырылады. Жабық типті қарапайым сынама (спирограф) өз сипатына байланысты қозғалмалы бөлігі бар герметикалық ыдыс түрінде, ол тіркеуші құралмен байланысқан, сол арқылы (спирограмма) қисық сызықтар сызылады. Сынамада оттегі қос тотығы жиналуы химиялық жұтылудың алдын алады. Оттегі көлемі азайғанда, ол резервті ыдыстағы көлеммен толтырылады.

Ашық типті прибор (пневмотахограф) газоанализатормен қамтылған, ол оттегіні зерттеу және көміртегі қос тотығын бөлу үшін қолданылып, алған нәтижені автоматты түрде өңдейтін электронды санау құрылғысымен жабдықталған.

 

 

 

 

4-2 сурет. Өкпенің тыныс көлемі

 

Спирографияны аш қарынға немесе тамақ ішкеннен кейін бір сағаттан кейін өткізеді. Арнайы дайындықты талап етпейді. Науқасты отырғызып, приборды ауызына енгізіп, ауа кетіп қалмас үшін мұрынын арнайы қысқышпен қысып қояды. Жабық типті прибор дем шығарғаннан кейін қосылады, ал ашық типті прибор дем алуға байланысты емес. Спирографияны қан түкіргенде және патологиялық өзгерістер кезінде жасау мүмкін емес, себебі, мұндайда үдемелі тыныс алу қиында йды.

Толық спирографиялық тексеруді 3-5 минут тыныш тыныс алғаннан кейін жазумен бастайды. Тыныс алу жиілігін, тыныс алу көлемін және тұтынылатын оттегі көлемін тіркейді. Содан кейін өкпенің тіршілік көлемін, өкпенің үдемелі тіршілік көлемін және өкпенің максималды желдетілуін жазып алады. Зерттеу максималды көрсеткіштер алғанға дейін, үш рет жүргізіледі.

 

 

 


4-3 сурет. Қалыпты спирограмма

 

 

Алынған спирографиялық нәтиже автоматты түрде немесе қолмен өңделеді (3.4-сурет). Қолмен өңдегенде, тыныс алу жиілігі 2-3 минут ішінде тіркелген спирограммалық тісшелер санын сәйкес уақытқа бөлу арқылы анықталады. Тыныс алу көлемінің көрсеткіші спирограмманың тыныс алу тісшелерінің орташа амплитудасы бойынша графикалық анықталады. 1 минуттағы дем алу көлемін анықтау үшін: дем алу санын дем алу көлеміне көбейтеді.

Ағза тұтынған оттегі көлемін спирографта оттегі толықтыру жүйесі болғанда, оған оттегінің түсуі қисық сызығының қисаюымен анықтайды, егер де бұл жүйе болмаса, спирограммада тыныш дем алу қисық сызығын байқауға болады. Оттегінің тұтынылуы жазылған көлемді минут санына бөліп, сол уақыт ішіндегі оттегі тұтынылу шамасын анықтайды. Оттегі көлемін минут ішіндегі дем алу көлеміне бөлу арқылы оттегі қолдану коэфицентін анықтайды. Өкпенің тіршілік көлемін және өкпенің үдемелі тіршілік көлемін есептеу үшін спиограмманың тісшелерінің ұштарының арасындағы қашықтықты өлшейді, ол тыныш және үдемелі максималды дем шығарумен және дем алуға сәйкес келеді. Форсирленген дем шығару өкпенің форсирленген тіршілік көлеміне сәйкес, бірақ форсирленген дем шығаруды дұрыстап есептеу керек. Вотчал-Тиффно индексі мына формула бойынша анықталады:

 

Тиффно индексі = (секунд ішіндегі форсирленген дем шығару: өкпенің тіршілік сыйымдылығы) Х 100.

 

Ол трахеобронхиальді өткізгіштікке обьективті баға беру үшін басты көрсеткіш, сондай-ақ, фармакологиялық сынамакөмегімен олардың патогенезін зерттеу үшін қолданылады (мысалы, әр түрлі механизмді бронхолитиктермен). Бронх қуысының органикалық тарылуында (перибронхиалды пневмосклерозда) Тиффно индексіне фармакологиялық әсер аз. Бірақ, бронхтардың тегіс бұлшықеттерінің қысылуы кезінде Тиффно индексі β-адреномиметиктер мен М-холинолитикті ингаляциядан кейін күшейеді (бронхоспазмның холинергиялық түрінде)

Өкпенің желдетілуінің максималды көлемін максималды тыныс экскурсиясының орташа амплитудасын 1 мин ішіндегі жиілігіне көбейту арқылы табады; ауаның қозғалыс жылдамдығының көрсеткішін – өкпенің максималды желдетілуін оның тіршілік сыйымдылығына бөлу арқылы табады (екі көрсеткіш те қажетті көлемдегі пайыздық көрсеткіште болуы керек).

ТК, ТМК, ӨТС, ӨҮТС, ФТШК1, ӨМЖ бойынша алынған нәтижелер ВТРS (ағылшын аббревиатурасы body temperature and pressure, saturated with water vapour) кестесі арқылы жазылады, 37 °C температурасында қысым 760 мм с б және 100% су буына қанығуы тиіс (бұл жағдайда өкпеде газдар болады). Нәтижелерді бағалау тиісті мөлшеріне байланысты, жасының, жынысының, бойының арнайы формуласын есепке ала отырып бағаланады. Міндетті ӨТС (литрмен өлшенген) келесі формуламен есептеуге болады:

 

 

Ағын (поток)

Дем шығару (выдох)

Көлем (объем)

 

4-4 сурет. Ілмек «ағын-көлем»

 

ер адамдар үшін ӨТС = 5,2хбойы - 0,029хжасы - 3,2;

әйел адамдар үшін ӨТС = 4,9 х бойы - 0,019 х жасы - 3,76

4-тен 17 жасқа дейін бойы 1 м-ден 1,75 м дейінгі қыз балалар үшін ӨТС = 3,75х бойы - 3,15;

1,65 м-ге дейін бойдағы сол жастағы ер балалар үшін ӨТС = 4,53хбойы -3,9, ал бойы 1,65 м-ден асатын ер балалар үшін ӨТС = 10*бойы -12,85.

ӨТС, ӨФТС, ТШФК1, ТИ, ӨМЖ төменгі қалыпты шегі болып 80% есептеледі, ал ТМК жоғарғы қалыпты шегі болып 120%, ОТК2 төменгі шегі 33,3мл есептеледі. ӨТС, ӨФТС, ТШФК, ТИ, ӨМЖ-дің 79-60% төмендеуі айтарлықтай үлкен емес деп қаралады, 59-40% айтарлықтай, 39% және одан да төмен өте тез төмендеуі болып есептеледі.

Адам өкпесінің желдетілу көлемін 1 секунд ішіндегі тыныс алудың көлемі және өкпенің максималды тыныс алуы арқылы анықтай алады, ал оның өзгеруін (обструктивті, рестриктивті және аралас) ӨФЖ1, ӨМЖ және ӨТС арқылы анықтайды.

Вентиляцияның бұзылуының обструктивті түрінде ТШФК және ӨМЖ азаюы ӨТС азаю дәрежесінен көп болады, сонымен қатар Вотчал – Тиффно индексі де азаяды (Тиффно индесі 70% аз) және АҚЖК қалыпты немесе көрсеткіші жоғары. Вентиляциялың бұзылуының аралас түрінде ӨТС азаюы ТШФК1 және ӨМЖ азаюына қарағанда көбірек, соның нәтижесінде ТИ және АҚЖК өзгерісі ТШФК1 және ӨМЖ қарағанда аз. Аралас вентиляционды бұзылысының диагнозы ӨТС-ның біркелкі немесе азаюына байланысты толық негізделмеген.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығының төмендеуі көптеген тыныс алу жолдарының ауруларында, сонымен қатар, өкпе қуысының патологиясында кездеседі. Осы себептерден кейін тыныс алу жолдарының патологиялық аурулары болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығының төмендеуінің өзіндік диагностикалық маңызы бар. Практикада ӨТС төмендеуін өкпенің қалдық ауасының көбеюіне байланысты айыру қажет.

Өкпе көлемінің ұлғаюы көбінесе өкпе эмфиземасы кезінде кездеседі. Бұл кезде өкпенің тіршілік сыйымдылығының төмендеуі ең басты белгілерінің бірі болып есептеледі.

Өкпе көлемінің өзгеруі, ең бастысы, өкпе көлемінің сыйымдылығының, оның көлемдерінің өзгеруі өкпе паренхимасында, саркоидоз, пневмония, өкпе қуысына сұйықтық жиналған кезде, сонымен қатар, тыныс алу жүйесінің бұлшық еттерінің қызметі бұзылғанда, асцитте, семіздікте көп кездеседі.

Тыныс алу жолдары бойынша ауаның қозғалу жылдамдығы мына ағымдарды көрсетеді:

тыныс шығарудың (тыныс алудың) максимальды көлемі 25 % ФӨТС (МКС25);

тыныс шығарудың (тыныс алудың) максимальды көлемі 50 % ФӨТС (МКС50);

тыныс шығарудың (тыныс алудың) максимальды көлемі 75 % ФӨТС (МКС75);

тез тыныс шығарудың көлемді жылдамдығы.

Қалыпты ілмек «ағым-көлем» симметриялы және шығыңқы тыныс алу қисығы болады. Тыныс шығару қисығының сызықты бөлігі бар. Тыныс жолдарының динамикалық қысылуына байланысты МКС50та > МКС50тш . Рестрикция кезінде өкпе көлемінің азаюына байланысты қисық жіңішке формада болып келеді, бірақ қалыпты қисыққа сәйкес келеді. Ағымды көрсеткіштер қалыпты немесе, тіпті, жоғары. Обструкция кезінде барлық ағымды көрсеткіштер төмен, тыныс шығарудың ұзақтығы байқалады (МКСтш < МКСта).







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 13150. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия