Студопедия — Сұрастыру
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сұрастыру






Қан айналымы мүшелері жүйесінің негізгі шағымы – жүрек тұсының ауырсынуы (прекардиалды аймақта), ентігу, жүрек қағуы, ісіну.

Жүрек тұсындағы ауырсыну жоғарғы мойын симпатикалық нерв түйіндері арқылы жұлынның сәйкес сегментеріне беріледі және D1-D5 аймағына таралады (төс, прекардиалды аймаққа, иықтың жоғарғы бөлігіне, қолға, сол шынашаққа). Біраз ауырсыну импульсі көру түйініне (thalamus) және төс артына беріліп, қатты өлім үрейімен сипатталады. Ауырсынудың сол иыққа және мойынға берілуі мойын шоғырын зақымдайды, ал беттің сол бөлігі мен мойынға берілуі – үшкіл нервті немесе жұлынның мойын түптерін зақымдайды. Бұдан басқа, кеуденің сол бөлігінің ауыруы қабырғааралық невралгиядан болуы мүмкін.

Әдетте жүрек тітіркендіргіштерге жауап қатпайды, бірақ, миокардтағы гипоксия салдарынан төстің артынан ауыр ұстамалар – стенокардия (жүрек баспасы) сезіледі. Оның себептері: коронарлық қан тамырларының атеросклерозы, тромбоангиит (Бюргер ауруы), түйінді периартрит, аортоартерит, қан тамырларының тромбозы, мерезді мезоартрит, айқын анемия.

Стенокардия кезінде аурысынудың өзіне тән сипаттамасы:

- бірден ұстама түрінде, қысып ауырады;

- Захарьин-Геда аймақтарына: сол иыққа, қол,білезікке беріледі;

- физикалық жүктеменің, теріс эмоциялардың әсерінен күшейіп, басқа уақытта ауырсыну бәсеңдейді немесе жойылады;

- жылдам тіл астына нитроглицерин қолданғаннан басылады (нитроглицериндегі NО молекуласы әмбебап спазмолитик).

Атипиялық ауырсынулар Принцметал стенокардиясында да байқалады, тыныш күйде және әдетте тәуліктің бір уақытында (таң ата) нитроглицеринге басылмай (стенокардияның бұл түрінде таңдаулы дәрі нифедипин) және жүрек ырғағы мен өткізгіштіктің бұзылуымен сипатталады (қарыншалық пароксизмдік тахикардия, Гис шоғырының аяқшаларының бөгемесі).

Стенокардияны жүректен тыс ауырсынулардан ажырату қажет: миокард инфарктысы, перикардит, диафрагманың өңештік бөлігіндегі жарықтың қысылуы, дисталды эзофагоспазм, сол иық буынының периартриты, синдром Титце (қабырғалық хондрит). Миокард инфарктысы кезіндегі ауырсыну стенокардияға қарағанда ұзағырақ (сағаттарға созылу мүмкін), нитроглицерин әсер етпейді, гемодинамиканың бұзылуы (артериалды қан қысымының төмендеуімен, тахикардиямен, жүрек демікпесі немесе өкпе ісінуі түріндегі сол қарынша жетіспеушілігімен сипатталады), қанда креатининфосфокиназаның жоғарылауымен және ЭКГ, ЭхоКГ-дағы өзгерістермен сипатталады.

Ентігу науқастарға тыныс алғанда жағымсыз сезім, ауа жетпейтін ауыр сезім (инспираторлы ентігу) ретінде сезіледі. Оның негізгі көрсеткіші бір минуттағы тыныс алудың жиіленуі. Ол орталық тыныс алу жүйесіне кей факторлардың әсер етуі салдарынан дамиды: тіндік гипоксия, (перифериялық қан айналымының бәсеңдеуі), перфузиялық-вентиляциялық қатынасының бұзылуы (өкпеде венозды іркілістің болуы), өкпеде қанның оттегіге қанығуының бұзылуы (тыныс алу көлемінің төмендеуі, кардиалды пневмосклероз). Бастапқыда ентігу белгілі бір физикалық жүктемеден соң болып, соңынан тыныштық жағдайда да дамиды. Уақыт өте ентігу бірден үдеп, тұншығу ұстамасына (жүрек демікпесіне) әкеледі, ол тыныштық күйде немесе таң ата төс аймағында ауырсыну сезімінің болуымен байқалады. Жоғарыда айтылған симптомдар науқас мәжбүрлі жағдайда отырғанда бәсеңдейді.

Кіші қан айналым шеңберіндегі қан іркілісі жөтелмен, құрғақ немесе ылғалды қақырықтың бөлінуімен жүреді. Айқын өкпе гипертензиясында жөтел қатты мазалап (іркілгенбронхит), қан аралас түкіру қосылады. Митралды жүрек ақаулары кезінде сол жүрекше көлемінің ұлғаюы сол бөліктегі қайтымды нервтің қысылуы салдарынан дауыстың қарлығуына (Ортнер афониясы) әкеледі.

Жүрек қағысы жүректің органикалық зақымдалуы (ақаулар, ишемиялық аурулар, миокардиттер, кардиомиопатия) кезінде және симпатикалық әсер күшейгенде (гипертиреоз, вегатативті дистония), анемия, қалтыраукезінде байқалады. Ол тұрақты болады немесе ұстамалы түрде өтеді. Осындай науқастардың жүрек жиырылуын санағанда тахикардия байқалады. Жүректің соғуына, әсіресе ішімдік ішіп, шылым шеккен соң, жүйкелік-психикалық жүктемеден кейін сау адамдар да шағымданады. Бұл жағдайда жүрек соғу сезімі жағдайға байланысты туындап, тахикардиясыз өтуі мүмкін.

Жүрек ырғағының бұзылуы «жүрек жұмысындағыауытқу» ретінде қабылданып,әр түрлі эмоциялық (қорқыныш) және вегетативті (тершеңдік) реакцияларды қамтып, есінің ауытқып, синкопальды жағдайға дейін барады.

Үлкен қан айналысы шеңберіндегі іркіліс: перифериялық; немесе қуыстық ісінулермен және диспепсиялық бұзылыстармен жүреді (эпигастрия аймағында, сол қабырға астында жайсыздықты сезіну, асқазан-ішек жолындағы қан айналысының төмендеу салдарынан тәбеттің төмендеуі, лоқсу, іштің кебуі.

 

 

Арау

Жүрегі ауыратын науқасқа қарап біраз диагностикалық белгілерді анықтауға болады.

Кіші қан айналым шеңберінде науқас мәжбүрлі жағдайда (ортопноэ) төсекте жатқанда кеуде бөлігі көтеріңкі және аяғы төмен түскен. Осы жағдай жүрекке келетін веноздық қан көлемінің төмендеуімен және өкпе гипертензиясының төмендеуімен науқас жағдайы жақсарады, ал науқас горизонтальді жатса, ол ентігудің үдеуіне әкеледі. Перикардта сұйықтық жиналса, науқас кеудесін алға еңкейтіп отырады. Кардиомегалия кезінде науқас тек оң жағына жатады (трепопноэ), ал сол жағымен жатса, жүрек тұсында жағымсыз сезім туындайды.

Цианоз жүрегі ауыратын науқастарда алдымен орталықта, жүректен алшақ аймақтарда (қол ұшы, мұрын, ерін, бет ұшы)анықталады оны акроцианоз деп атайды, ол қан айналысының жетіспеушілігінің негізгі белгісі. Ол перифериялық қан айналысының бәсеңдеуінен, тіндердің оттегі жұту уақыты ұзарып, веноздық қанда қалпына келтірілген гемоглобиннің артуынан туындайды. Кіші қан айналысы шеңберінде айқын созылмалы қан айналысы жетіспеушілігі салдарынан өкпенің оттегіге қанығуы баяулап, цианоз диффузды түрде дамиды. Көгерудің қою көк түске боялуы, туа біткен жүрек ақаулары бар науқастарда, белгілі бір сатысында қан жүректің оң бөлігінен сол бөлігіне өткенде анықталады. Жүре пайда болған митралды ақаулар кезінде бет ұшы, ерін, мұрын ұшы қою көк түске боялады (facies mitrale). Бозару өкпе өзегінің стенозынан немесе өкпе артериясының тромбозы салдарынан анықталады.

Қан айналысының жетіспеушілігінде маңызды белгілерінің бірі - ісіну. Шеткері ісіну қан айналысының баяулауынан (қанда гидростатикалық қысымының жоғарылап, гидродинамикалық қысымның төмендеуінен, қанның сұйық бөлігінің жасуша аралығына өтуіне кедергі болуынан), ал бауырдың кардиальды фиброзы кезінде белок түзу қызметі төмендеп, гипоальбуминемия салдарынан ісіну дамиды. Жүректік перифериялық ісінудің мынадай клиникалық белгілері бар:

- ісіну физикалық жүктемеден соң күшейіп және тыныштық күйде азаяды немесе жойылады;

- ісіну дененің төменгі бөліктерінде (ұзақ уақыт тік тұрса –аяқ ұштарында, ал ұзақ уақыт бойы төсек тартып жатса - арқасында, бел тұсында) болады;

- ісіну симметриялы;

- ісіну аймағын саусақпен басса, шұңқыр қалады, соңынан тез жойылады («жұмсақ ісіну»).

Жүрек ісінулерін веноздық; кеңеюден ажырату қажет (аяқтың күре тамырларының варикоздық кеңеюі, декомпенсация сатысы), оған тән:

- тыныштық күйінде пайда болады немесе күшейеді (әсіресе, түнде), ол кезде веноздық қан айналыс бәсеңдейді және физикалық жүктемеден соң бәсеңдейді немесе жойылады, жүргенде веноздық қан айналыс жылдамдығы жоғарылайды;

- көк тамырлар зақымдалған аймақтарда орналасады;

- аяқтардағы күре тамырлардың әр келкі дәрежеде варикоздық кеңеюіне байланысты ассимтетриялылығы;

Жүрек жетіспеушілігінің декомпенсация сатысында транссудат серозды қуыстарға (іш, плевра, перикард қуыстарына) өтіп, асцит, гидроторакс, гидроперикардит дамиды. Жайылма ісінулер «анасарка» деп аталады.

Жүрек ауруларының компенсация кезеңінде жүрек тұсы мен ірі қан тамырлар бойын қарағанда жүрек өркеші мен пульсацияларды байқаймыз.

Жүрек өркеші (gibbus cardiacus) - балалық шақта жүрекке қысым түсуден жүректің кеңейіп, жүрек тұсындағы кеуде бөлігі сыртқа қарай шығыңқы болуы. Осы жүрек өркешін кеуде қуысының басқа да деформацияларынан ажырата алу қажет (мешелден, экссудативты перикардиттен, аорта аневризмасынан).

Жүрек ұшының түрткісі - кеуденің шектеулі қабырға аралығында жүректің ырғақпен дүмпуі анықталады. Жүрек ұшының түрткісі сол жақ қарыншамен сәйкес емес, ол оңға және жоғары ығысқан. Оның пайда болуы жүректің жиырылу биомеханизмімен байланысты. Барлық бұлшық етке жұмыс әрекеті үшін екі нүкте қажет: қозғалтқыш (punctum mobile) және қозғалтқыш емес (punctum fixum). Бір нүкте жеткіліксіздігінен жұмыс жасау мүмкін емес. Қаңқа бұлшық етінен ерекшелігі, жүрек бұлшық еті үнемі қозғалуда, дегенмен ірі қан тамырларының таралған жерлерінде бар. Жүрек ұшы аймағында қосымша тірек нүктесі құралады, ол систола кезінде кеуде қуысымен тығыз түйісіп, жүрек жағындағы қысым күші тіндік кедергі күшімен теңескенше, оны айналып тұрады. Осы сәттен қарыншаларда қан айдау басталады. Диастола кезінде жүрек ұшы кеуде клеткасымен жанасып, артқа жылжиды.

Кеуде қуысының жүрек ұшы аймағында систолалық артқа жылжуын теріс жүрек түрткісі дейміз. Ол жалпы ұйқы артериясының пульсациясымен сәйкес және созылмалы жабысқақ перикардитте анықталады, екі жүрек жапырақшаларының және париетальды жапырақшалардың кеуде қабырғасымен жанасуы салдарынан туындайды.

Төстің сол жағынан эпигастрия аймағына, семсер тәрізді өсінді астына пульсацияның таралуы жүрек түрткісі деп белгіленеді. Қалыпты жағдайда сау адамда ол байқалмайды, аксифоидизммен ауыратын науқастарды(төстің семсер өсіндісі жоқ) ескермегенде. Жүрек түрткісінің пайда болуы оң қарыншаның кеңеюіне байланысты. Жүрекке симпатикалық әсер күшейгенде (ұзақ физикалық жүктеме, гипертиреоз), әсіресе, кеуде қуысы шағын адамдарда жүрек аумағына жайылған пульсацияны байқаймыз.

Аортаның қалыпты пульсациясы көрінбейді. Патологиялық пульсация төстің оң жағында екінші қабырға аралықта (мерезді мезоартритте, аорта қақпақшасының жетіспеушілігінде, аортаның жоғарғы бөлігінің аневризмасында) анықталады. Аортаның төменнен жоғары өрмелеген бөліктерінің кеңеюі төстің жоғары ойығында пальпацияланады. Осы аймақты басқанда пульсация саусақ шеттерінен байқалса, ол ұйқы артериясы қабырғасының тербелісінен туындаған.

Аорта қақпақшасының жетіспеушілігіне тән көзге көрінетін симптомдық кешен:

- ұйқы артериясының қатты пульсациясы («каротид биі»);

- науқастың басының жүрек қызметімен синхронды түрде тербелуі (Мюссе симптомы);

- тырнақ ұшын ақырын басқанда, түсінің өзгеруі, ол жүрек қызметімен синхронды («капиллярлы пульс» немесе Квинке симптом);

- көз қарашығының жүрек жұмысымен синхронды пульсациясы;

- жүрек жұмысымен синхронды теріні үйкелегенде азды-көпті қызаруы.

Сол жақ екінші қабырға аралықта пульсацияның байқалуы айқын өкпелік гипертензия салдарынан өкпе артериясының кеңеюінен туындайды, ол екі жармалы қақпақша ақауларында және Ботталов өзегінің жабылмауы кезінде орын алады. Сол жақта үшінші, төртінші қабырға аралықтағы пульсация сол қарыншаның инфарктіден кейінгі аневризмасында теріні үйкелегенде. Сирек жағдайда кеуде тұсында кеңейген жүрекшелер пульсациясы жүрек негізінде орналасып және жүрек түрткісімен сәйкес, диастолада митральды және үш жармалы қақпақша жетіспеушілігі кезінде, қарыншалардан қанның кері қайтуынан пайда болады. Аорта мен өкпе өзегі пульсациясынан ерекшелігі -оның амплитудасы және серпімділігі төмен (саусақтармен оңай басылады).

Қарағанда артериялардың (самай бөлігінде) айқын көрінуі атеросклерозға тән және көк тамырдың дүмпуін (кеңеюін), пульсациясын байқаймыз. Көк тамырдың дүмпуі ондағы жалпы және жергілікті қысымның жоғарылауынан. Үлкен қан айналысы шеңберінде іркіліс болуы жүректің оң бөлігінің декомпенсациясында, констриктивты перикардитте қуыс венасының сағасы жаншылуында немесе кеуде ішілік қысымның жоғарылауында (өкпе эмфиземасы, бронхиальды обструкция) орын алады. Көктамырдың жергілікті бұлтиуы сырттан басылуымен немесе тромбоз салдарымен болады, ол веноздық коллатералдар кеңейіп, жергілікті бұлтиуымен анықталады. Мойында көктамыр пульсациясы жақсы көрінеді, оны ұйқы артериясы пульсациясынан ажырата білу қажет. Көктамырдың пульсациясына тән белгілер:

- төсемізік-семсер тәрізді бұлшық еттен латеральды орналасқан (осы бұлшық еттен медиальды ұйқы артериясы пульсациялайды);

- амплитудасы төмен, пальпацияда анықталмайды;

- әрбір артериядағы пульстық соққыға көктамырдың бірнеше пульсациясы сәйкес;

- көктамырдың бүлкілдеуі сипатталады (артериялардың кеңеюінен артериялық пульсация анықталады).

Оң; және теріс веналық пульсты ажыратады.Теріс веналық пульс жүрек ұшы түрткісімен немесе ұйқы артериясындағы пульспен сәйкес емес, ол оң жүрекшеге келетін венадағы қан ағысының баяулауынан жүрекшедегі қысымның жоғарылауымен және жүрекше ішіндегі қысымының төмендеуінен қан ағысының жылдамдауымен сипатталады.

Қанның баяу ағысынан вена кеңейіп, ісінеді, ал жылдам ағуынан бүлкілдейді. Теріс веналық пульс жалпы веноздық қысым жоғарылағанда анықталады, бірақ сау адамдар шалқасынан жатса, көк тамырлары білеуленіп тұрады. Оң веналық пульс жүрек ұшы түрткісімен немесе жалпы ұйқы артериясындағы пульспен сәйкес (үш жармалы қақпақша жетіспеушілігінде байқалады) және оң қарыншадан оң жүрекшеге қанның регургитациясы салдарынан туындайды, бұдан оң жүрекшеде қысым жоғарылап, венадан қан ағысын баяулатады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 4485. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия