Студопедия — Іштің формасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Іштің формасы






Дені сау адамның іші симметриялы болып келеді, тыныс алуға біркелкі қатысады; кіндігі ішке тартылған, ішкі мүшелердің перистальтикасы көрінбейді. Ауру кезінде іштің немесе кейбір оның бөліктерінің өлшемінің өзгеріске ұшырағаның көруге болады.

Іштің көлемінің үлкеюінің себебі семіру, асцит, метеоризм болып табылады. Семіру кезінде науқас көлденең жағдайдан тік жағдайға өзгерткенде іш өзінің көлемін өзгертеді және біркелкі тыныс алуға қатысады, кіндік тартылған.

Метеоризм(ішектерде газдың жиналуы) іштің біркелкі ісініп кетуі және науқас жағдайын өзгерткенде іштің көлемінің өзгермеуімен сипатталады. Кіндік басылып қалған.

Асцит немесе іш шемені (іш қуысында бос сұйықтықтың жиналып қалуы) келесі ерекшеліктерімен көрінеді: асциттік сұйықтықтың бос орындарда жиналуына байланысты науқас өзінің жағдайын өзгерткен кезде іштің көлемі де өзгереді. Науқас тігінен тұрған жағдайда, егер іш қуысының қабырғасының бұлшық еттері әлсіз болса, іштің төменгі жағының ісіп кетуі байқалады. Кіндігі бұлтиып шығып кеткен. Ал, науқас жатқан жағдайда екі бүйірінің ісіп кетуі байқалады. Және науқас бір қырынан жатқан кезде ішінің төмен орналасқан бүйір бөлігінің көлемі үлкейеді.

Спланхнаптоз (ішкі мүшелердің төмен түсуі) кезіндегі іш көлемінің өзгеруі көп жағдайда науқас жатқан кезде байқалады, осы кезде гипогастральді аймақта көлемді ісіну болады, ал эпигастрий аймағы керісінше, басылып қалады. Өте арық науқастарда осындай кезде ішектің перистальтикасын байқауға болады.

Іштің жеке бөліктерінің ассиметриялық ісінуі келесі себептерден болады:

- іш қуысында немесе іш қуысының артқы бөлігінде киста, ісік, қабыну инфильтраттарының пайда болуы;

- ішкі мүшелердің көлемінің өзгеруі (спленомегалия, пилоростеноз кезінде асқазанның үлкеюі және декомпенсирленген қуық асты безінің аденомасы кезінде қуықтың үлкеюі);

- көлемді жарықтардың болуы (шапта, кіндікте, іштің ақ сызығында).

Іштің жалпы басылып қалуы көп жағдайларда науқастың мына жағдайлардың әсерінен әлсіреп қалуының нәтижесінде болады:

- ұзаққа созылған аштықтан;

- астың дұрыс қорытылмауы және сіңірілмеуі синдромынан ( мальдигестии-мальабсорбции );

- ауыр созылмалы аурулар кезіндегі кахексия (сонымен қатар, қатерлі ісіктерде).

Іштің жалпы басылып қалуы іштің алдыңғы қабырғасының бұлшық етінің спастикалық жиырылып қалуынан болады (менингококцемия кезіндегі науқастардағы тақтай тәрізді іш, ішек шаншуы, жайылмалы перитонит). Іштің әр түрлі бөліктерінің ассиметриялық басылып қалуын кей жағдайларда гастроптозы бар науқастардан да байқауға болады.

Іш қуысын қарау орналасуы әр түрлі іш жарықтарын анықтауға көмектеседі (ақ сызық, кіндіктік және шап аралық, оларды науқастың тік тұрған күйінде анықтау ыңғайлы), сонымен қатар, тері асты венасының патологиялық үлкеюін де анықтауға болады. Медуза басы тәрізді кіндік маңы флебэктазиясы (портокавальді анастомоздар) порталды гипертензия синдромы кезінде, ал іштің бүйір аймақтарында (кавакавальді анастомозалар) қақпалық және төменгі вена гипертензиясы кезінде байқалады. Ал, жоғарғы венаның гипертензиясы эпигастрийдің тері асты венасының үлкеюімен көрінеді (venae epigastricae superiores).

Іш қуысы қабырғасындағы әр түрлі бөртпелер инфекциялық аурудың барынан хабардар етеді, сонымен қатар, гемморагиялық диатездің белгілері де болуы мүмкін. Диагностикалық маңызы бар стрийлер (тартылуылар) дерманың ретикулинді талшықтарының деструкциясынан пайда болады. Көп жағдайда стрийлар белгілі бір бағытта бағытталады және ақ түсті болады (striae gravidarum, семіру, асцит, метеоризм). Қою-көк түсті ретсіз бағытталған стрийлер гиперкортицизм симптомына тән белгілердің бірі болып табылады. Жылытқышты ұзақ уақыт қолданғаннан пайда болған терідегі пигментациялар аурудың қай жерде орналасқанын көрсетеді, ал терідегі тыртықтар операцияның қандай дәрежеде өткенінен хабар береді. Іштің көптеген тері астылық фибролипомалары Деркум синдромының бар екенін көрсетеді.

Ішті тексерген кезде алдыңғы іш қуысының тыныстық экскурсиясын бағалау керек. Кейде осы әдіспен асқазан перистальтикасы мен ішек және іш қуысының ірі тамырларының соғысын анықтауға болады. Іштің белгілі бір бөлігінде тыныс алудан қалып қоюы жергілікті перитониттің (перивисцерита) барын көрсетеді, бұл диагностикада өте маңызды. Іш қуысының жұқа алдыңғы қабырғасынан білініп тұратын қалыпты жағдайдағы перистальтикадан патологиялық перистальтика келесі белгілермен көрінеді:

- іште ыңғайсыздық және ауырсыну туындайды

- іш қабырғаларындағы қозғалыстардың үлкен амплитудасы және нақты сызығы бар;

- перистальтика болып жатқан мүшелердің зақымдалулары пальпация арқылы анықталады.

Патологиялық перистальтиканың пайда болуы ішек ішіндегі қозғалысқа кедергінінің барын көрсетеді (нақты спазм, өсінділер, ісіктер, стриктурлар), ал оның бірден жоғалып кетуі ішек бұлшық етінің шамадан тыс жұмыс істеуінен стазға немесе салдануына алып келуі мүмкін.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 7383. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия