Студопедия — Пальпация
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Пальпация






Іш пальпациясы науқастың көлденең жағдайында жасалады. Дәрігер науқастың оң жағында орындықта отырады, ал орындықтың отырғышы науқас жатқан төсекпен бір деңгейде болуы тиіс. Тексеріс өткізіліп жатқан адам ішін бос ұстауы керек. Дәрігердің қолы құрғақ және жылы, тырнақтары алынған болуы тиіс. Әр науқасқа бірінен кейін бірі пальпацияның екі түрі жасалады: беткейлі және терең.

Беткейлі пальпация кезінде саусақтың шеткі жұмсақ бөлігімен қатты күш салмай, жеңіл іштің симметриялы бөліктерін басады, оны біз сол жақ шап аралықтан бастап, эпигастральді аймаққа дейін жасаймыз. Егер науқас қандай да бір шағым жасаса, сол аймақ соңынан тексеріледі.

Беткейлі пальпация кезінде анықталады және бағаланады:

- іш қуысы қабырғасының резистентілігі және ширығуы;

- белгілі бір жердің ауырсынуы (ұстап көрген кездегі ауырсынудың пайда болуы);

- перитонеальді симптомдар;

- іш қуысы қабырғасының әлсіз орындары ( locus minoris resistentiae );

- тері астылық түзілістердің пайда болуы (фибролипомалар, нейрофибромалар т.б.).

Іш қабырғасының шамадан тыс ширығуы және резистенттілігі висцеромоторлы рефлекстің негізінде пайда болады және іш қуысымен бірге белгілі бір мүшенің қабынғандығын көрсетеді (мысалы, жедел холецистит және перихолецистит), жергілікті ауырсыну пайда болады. Соңғысының пайда болуын жергілікті бұлшық еттке күш түсіп қана қоймай, сонымен қатар, оған пациенттің эмоционалды реакциясын білдіруінен де көре аламыз (кейде науқас ауырсыну белгісін бет-әлпетімен білдіреді). Терінің шамадан тыс сезімталдығы (гипералгезия), әсіресе, Захарьин-Гед аймағында, висцеросенсорлы рефлекс механизмінен туындап және белгілі бір мүшенің зақымдалғанынан хабар береді (мысалы, панкреатит кезінде мезогастральді терілік гипералгезия).

Щеткин-Блюмберг симптомы диагностикалық маңызды (дәрігердің пальпация кезінде қолын тез алып қалған кезде пайда болатын ауырсыну сезімінің үдей түсуі), оның пайда болуы жайылмалы перитониттің барын көрсетеді. Іш қуысының ең нәзік жері шап аймағының сыртқы беті, кіндік сақинасы және іштің ақ сызығы болып табылады, олардың жағдайы палпация арқылы анықталады, сонымен қатар, пациент күшенген кезде визуалды көрінеді. Бұл кезде шығып тұрған жарықтар нақты білінуі мүмкін.

Образцов-Стражеско бойынша терең пальпация келесі кезекпен жүргізіледі (әдістемелік пальпация): сигма тәрізді ішек; аппендикс өсіндімен соқыр ішек; мықын асты ішектің дистальды бөлігі; сақина тәрізді ішектің жоғарылаған бөлігі; оның төмендеген бөлігі; көлденең сақина тәрізді ішек; асқазан, бауыр, көкбауыр, ұйқы безі және бүйректер.

Пальпация жасап жатқан мүшенің жағдайы дәрігер оның үстінен саусағымен «сырғып» өткенде анықталады. Бұл тек шарбыға бекітілген ішектің қозғалысы шектелген жағдайда ғана мүмкін. Бұл әдіс төрт кезеңде жасалады:

1) дәрігердің қолын қоюы (оң қолының саусақтары сәл бүгілген, пальпацияланатын ішектің сызығына параллель қойылады);

2) теріні жиыру кіндікке қарай бағыт бойынша (тері созылып қалмас үшін);

3) науқас дем шығарғанда қол саусақтарын іш астарының артқы қабырғасына дейін терең ішке кіргізу (соңғысы іштің қатаюын босаңсыту үшін);

4) ішектің алдыңғы беті бойынша, іш астарына тіреп қол саусақтарын жылжыту;

Сигма тәрізді ішекті сипап сезу үшін «қисық пальпация» әдісі ыңғайлы: кішкентай саусақтың қыры және оң қолдың IV саусақтарының дистальді фалангалары сол жақ мықын аймағына параллельді және ішектен сыртқа қарай, сол жақ шап байламдарына жақын (ортаңғы және сыртқы ligamenti umbilico-iliacae sinistrae шекарасына сәйкес) қойылады. Содан кейін теріні жиырады, саусақтарды сигма тәрізді ішекке жеткенше көлденең жоғары және төмен жылжытады (кіндіктің бағыты бойынша). Содан кейін дем шығарғанда саусақтарды ішке терең кіргізіп, мықын шұңқырына дейін жетіп, кейін терімен бірге кері бағытта жылжытады (кіндіктен бастап).

Соқыр ішек оң қолдың ІІ-V саусақтарымен пальпацияланады, ол соқыр ішек орналасқан жерден сәл оңға қарай қойылады (ортаңғы және ішкі ligamenti umbilico-iliacae dextrae шекарасында). Мықын асты ішектің дистальді бөлігін пальпациялаған кезде саусақтарды оң жақ мықын асты (pars cecalis ilei) аймаққа қоямыз және жоғары солға төмен және оңға қозғалтамыз.

Жалпы ереже бойынша жоғарғы және төменгі сақина тәрізді ішекті пальпациялау екі қолмен (бимануальді) жүргізіледі. Ал, сол қол белге қойылады, бұл артқы іш қуысының сүйектік тірегі жоқ болғанына байланысты оған қосымша қаттылық береді. Көлденең сақина тәрізді ішекті пальпациялаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ішектің орналасуы біраз өзгеше, ол ұзын шажырқайдан тұрады.

Көлденеңнен сақина тәрізді ішектің орналасқан жерін дұрыс табу үшін біріншіден, асқазанның үлкен иірімін табу керек. Ол жұмырық тәрізді, кіндіктен 2-3 см жоғары орналасқан және қисық түрде жоғары көтеріледі, бірақ, гастроптоз кезінде оның орналасқан орны сәл төмен болуы мумкін. Тек содан кейін ғана науқас демін шығарғаннан кейін табылған шамамен кіндік тұсында ортаңғы сызықтан оңға және солға бүгілген және сәл ғана жан-жаққа шашыраған ІІ-V қол саусақтарын алдымен жоғары, сосын төмен сырғытамыз. Қақпа үш бұрышты аймақта жіңішке тығыз сызық тәрізді пальпацияланады, ол оң жақтан ортаңғы сызықтан бауырдың төменгі бөлігінен құрылған, 3–4 см кіндіктен жоғары ортаңғы сызықтан горизонтальді сызыққа дейін созылған.

Ұйқы безінің пальпациясы кезінде оң қолдың саусақтары көлденең, асқазанның төменгі шекарасынан 2-3 см ге жоғары орналасады. Тері жоғары қарай жиырылады, содан кейін дем шығарғаннан кейін оң қолымызды іш қуысына тереңірек енгіземіз, оның артқы қабырғасына жеткіземіз, кейін жоғарыдан төмен қарай бағытта сырғыта отырып тексереміз.

Терең пальпация сол мүшенің қасиетін (көлемін, орналасуын, қозғалғыштығын, ауыратындығын) және құрамын анықтауға көмектеседі, сонымен қатар, интраабдоминальді патологиялық пайда болған құрылымдарды да (өсінділер, ісіктер,инфильтраттар) анықтауға көмектеседі.

Іш қуысында көп мөлшерде бос сұйықтықтың жиналып қалуы бұл әдісті өткізуге кедергі келтіреді. Осындай жағдайларда баллотиралды (түртпелі) пальпация жүргізу тиімді. Сәл бүгілген оң қолдың саусағын науқастың алдыңғы іш қуысына қойып, бірнеше рет итереміз. Іш қуысының қозғалғыш тығыз заттары терең кетіп, қайтадан жоғарыға көтерілгенде, іш қуысының қабырғасын алдыға қарай итереді, ал содан дәрігердің қолы да бұл қозғалысты сезеді. Осы қозғалыстың күшіне және жайылуына байланысты пайда болған заттың көлемі мен құрамын анықтауға болады.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 12360. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия