Студопедия — Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі






Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі – клиникалық-лабораториялық симптомдар кешені, бір уақытта немесе біртіндеп бүйректің негізгі қызметінің тежелуі салдарынан (азот бөлу, артериялық қысымды реттеу, қан ұю, қышқылды-сілітілік тепе-теңдік және су алмасу) дамиды. Бүйректің орасан компенсаторлық мүмкіндіктері бар, созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің алғашқы зертханалық белгісі жұмыс жасайтын нефрондар санының 30%-ке қысқаруы болып табылады. Терминальді уремия осы көрсеткіш 10% төмендегенде дамиды.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі көп аурулардың, патологиялық жағдайлардың нәтижесі болып табылады, әсіресе:

- бүйректердің шумақтық; (гломерулонефрит), түтікшелері және интерстициясының (пиелонефрит) зақымдалуы;

- бүйректің туа біткен аурулары (гипоплазия, поликистоз);

- зат алмасу аурулары (амилоидоз, қант диабеті,подагра);

- дәнекер тіннің диффузды аурулары (жүйелі қызыл жегі, Вегенер гранулематозы, геморрагиялық васкулит);

- бүйрек қан тамырларының алғашқы зақымдалуы (бүйрек артериясының стенозы, гипертониялық ауру);

- обструкциялық нефропатия (гидронефроз, несеп ағар стриктурасы, несепқуық тасы ауруы).

Көп себеп факторлар әсерінен созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің морфологиялық белгілер біртекті және нефрондардың орнына дәнекер тінінің өсуімен бейнеленеді. Қызметі сақталып қалған нефрондардың біразы компенсаторлық гипертрофияға ұшырайды (шумақтар диаметрі және түтікшелер ұзындығы ұзарады), олар бүйректің жансызданған құрылымдарының қызметін өз мойнына алады, ал біршама нефрондар өз қызметін және құрылымдық бүтіндігін сақтайды. Сонымен, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі мына белгілері бойынша ерекшеленеді:

- созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне фибропластикалық құбылыстар, ал жеделге - дистрофия және некроз тән;

- созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде дегенерациялық құбылыстар баяу және компенсаторлық механизммен бірге, әр түрлі жылдамдықта, ал жедел бүйрек жетіспеушілігінде деструкциялық құбылыстар алдымен болып, сосын репарациямен алмасады;

- созылмалы бүйрек жетіспеушілігі қайтымсыз, ал жедел - фазалық және потенциалды қайтымды.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің бастапқы сатысы клиникалық-зертханалық белгілерінде нефронның (шумақтар немесе түтікшелер) қай бөлігінің зақымдалуына байланысты. Шумақтар көп зақымдалатын болса, нефротикалық синдром, бүйректік артериаялық гипертензия, «азотты қалдықтар» (белок, креатинин, кей амин қышқылдары) және қышқылды аниондар (сульфаттар, фосфаттар) жиналып қалады.

Түтікшелік зақымдалуға бүйректің концентрациялық қызметі, электролиттік өзгерістері, түтікшелік ацидоз, белок алмасуының ортаңғы өнімдері (ксантопротеинды дене) тән. Уақыт өте тоталды созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды, оның негізгі белгілері:

- жалпы белгілері: әлсіздік, тері асты май қабаты сақталса да, дене салмағының төмендеуі;

- ОЖЖ зақымдалуы: бастың ауырсынуы, ұйқышылдық, дисфория (апатиядан эйфорияға дейін), қозғалыс қозғыштығы, экстрапирамидалық гиперкинез, ми ісігінде, эклампсия мен бірге және құрысулардың болуы;

- шеткі жүйке жүйесінің зақымдалуы: полинейропатия;

- терідегі өзгерістер: охродермия, құрғақ, қатпарланып қабыршақтануы, қышу;

- асқазан-ішек жолдарының зақымдалуы: аузына ашы дәм келу, тәбетінің төмендеуі, құсу, лоқсу, іш өту, кей жерлерде ішектік өтімсіздік;

- тыныс алу жүйесі зақымдалады: Куссмаул тынысы, өкпе ісінуі;

- жүрек-қантамыр жүйесі зақымдалады: уремиялық перикардит және перикардтың үйкеліс шуылы («аза дауысы»), миокардит, гиперкалиемия салдарынан аритмия;

- қан жүйесі зақымдалады: анемия, лейкоцитоз, геморрагиялық диатез;

- сүйектің зақымдалуы: остеопороз, артроалгия, катаболикалық подагра.

Шумақтық сүзгінің баяулау дәрежесінде Реберг сынамасы бойынша, созылмалы бүйрек жетіспеушілігін төрт ауырлық дәрежеге бөледі (7-2 кесте).

 

 

7-2 кесте. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ауырлық дәрежесіне қарай жіктемесі

Көрсеткіш I дәреже II дәреже III дәреже IV дәреже
Шумақтық сүзгілеу % >50 49-20 19-10 <10
Қандағы креатинин, мг% <2,4 2,5-4,9 5,0-7,9 >8,0

 

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің даму жылдамдығы нақты жағдайға байланысты. Осы синдром ағымына а ртериялық гипертензия, жүктілік, жұқпалы аурулар, ауыр анемия кері әсер етеді. Гемодиализ1 және трасплантология (бүйректі ауыстырып салу) арқылы уремиясы бар науқастың өмірін созуға болады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 5400. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия