Студопедия — Зертханалық диагностикасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зертханалық диагностикасы






Ревматизмдік және аутоиммунды аурулардың зертханалық диагностикасы қабыну дәрежесін бағалаумен қан сарысуындағы ревмопроблар деп аталатын комплекстік параметрлерді және төменде көрсетілгендерді анықтау болып табылады.

- С реактивті белок қабыну мен некроздың жедел фазасының арнайы емес көрінісі болып табылады. Оның орташа мөлшері 5 мг/л. СРБ пневмококктың клеткасы қабырғасының С полисахаридінен өңделеді. Соған байланысты аты да осылай аталады. Ол бауырда синтезделеді және лейкоциттердің, тромбоциттердің, фагоциттердің қозғалыстарын және комплемент байланысуларын белсендіреді. СРБ-тің мөлшерінің көбеюі инфекциялық процестің алғашқы маркерлерін (бактериялық, саңырауқұлақты, вирусты екенін) және олардың белсенділігін көрсетеді. СРБ мөлшерінің динамикасы көптеген аурулардың мониторингі үшін өте маңызды. Белсенді ревматизм, ревматоидты артрит, анкилозды спондилитпен ауыратын науқастарда бұл көрсеткіш 20 және одан жоғары болады. Осы аурулардың белсенді емес кезеңіндегі оның мөлшерінің көбеюі ошақтық инфекцияның әсерінен болуы мүмкін (мысалы, созылмалы тонзиллиттің). Жүйелі қызыл жегіндеполисерозиттің болмауына байланысты С реактивті белоктың мөлшері көтерілмейді. Бұдан басқа, СРБ деңгейінің артуы ауыр миокард инфарктінде, туберкулезде, жайылмалы перитонитте, қатерлі ісіктерде, сонымен қатар, ауыр операциялардан кейін болады.

- антистрептолизин-О (АСЛО, ASO) стрептококктың гемолизин-О қарсы антиденелер болып табылады. Оның орташа мөлшері 200 МЕ/мл құрайды. АСЛО жедел стрептококкты инфекцияның маркері болып табылады (баспа, тілме, жедел стрептококкты гломерулонефрит, пиодермия, скарлатина). Оның деңгейі аурудың 7-14 күндерінде көтеріледі, ал жазылу кезінде төмендейді. Көптеген жедел буын ревматизмімен ауыратын науқастарда АСЛО аурудың 3 аптасында көтеріледі, 6 аптасында ең жоғары дәрежеге жетіп, ал 4-8 айдан кейін қалыпты деңгейіне кайта келеді. Заманауи әсерлі емнің нәтижесінде АСЛО мөлшері тез қалпына түседі. Жарты жылға дейін оның мөлшерінің тұрақты түрде сақталуы қайталанған ревмакардиттің пайда болғанын көрсетеді. АСЛО көрсеткішінің аздап көтерілуі кейбір ревматоидты аурумен ауыратын науқастарда кездеседі.

- Ревматоидты фактор (РФ, RF) IgG, IgH немесе IgA аутоантиденелерден тұрады, олар IgG Fc фрагментімен әсерлеседі. Оның орташа мөлшері 14 МЕ/ мл. Ол иммунитеттің бірқалыптылығы бұзылғанда пайда болады, периваскулярлы кеңістікке бөлінеді, осы жерде цитотоксикалық қабыну реакцияларын белсендіреді. Практикалық медицинада көбінесе IgM класына жататын ревматоидты фактор, латекс тест немесе Валер-Роузе реакциясы зерттеледі. Сонғысының сезімталдылығы аздау, бірақ ревматоидты артиртке тән. Осыған сай клиникалық көріністерінің пайда болуынан кейін, 6-8 апта өткен соң РФ титрінің жоғарлауы осы диагноздың дұрыстығын көрсетеді1. РФ аз мөлшерде инфекциялық мононуклеозде, жедел кабыну процестерінде, жүйелі қызыл жегінің буындық синдромында, Шегрен синдромында, саркоидозда, аутоиммунды гепатитте көрінеді;

- антинуклеарлы фактор - IgG класынан шығарылатын ядролы антигендерге қарсы аутоантиденелер. Ол дені сау адамдардың ағзасында болмайды2.

[1] Ревматоидты артриттің серонегативті формасы бар

[1] АНФ 1:50 титрі сау адамдардың 10 % анықталады.

АНФ дәнекер тіннің диффузды ауруларының диагностикасы үшін қолданылатын скриниг-тест болып табылады. Оның титрінің (1:1000) жоғары болуы 90% жағдайда бірінші орында жүйелі қызыл жегінің барын көрсетеді. Дерматомиозитте АНФ титры 1:500, ал түйінді периартритте 1:100 тең болады. Антинуклеарлы фактордың көп уақыт бойы өте жоғары дәрежеде сақталуы қауіп тудырады, ал оның төмендеуі ремиссия ғана емес, өлімге дейін әкеледі. АНФ сонымен қатар, аутоиммунды гепатитте, біріншілікті биллиарлы бауыр циррозында, инфекциялық мононуклеозда, жедел және созылмалы лейкоздарда, жүре пайда болған гемолитикалық анемияда, тромбоцитопенияда, Вальденстрем макроглобулинемиясында, безгекте, созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде табылады.

- нативті ДНК антиденелері комплемент байланыстыру реакциясы әсерінен, агглютинация реакциясы, иммунодиффузиялы және тағы басқа иммунологиялық әдістер арқылы жүйелі қызыл жегінде анықталады. Бұл тест сонымен қатар, осы аурудың терапиясының әсер етуін бағалау мақсатында қолданылады. Қалыпты жағдайда тек 10-20 пайыз дезоксирибонуклеин қышқылытұнады. НативтіДНК-ның антиденелерін анықтау антинуклеарлы факторды анықтауға қарағанда сезімтал әдіс болып саналады, албіртізбекті ДНК антиденелері жүйелік склеродермияда, ревматоидты артритте, дерматомиозитте, аутоиммунды гепатитте, дәрілік қызыл жегі синдромында, прокаинамидты, изониазид туберкулостатикасын, фенотиазин тобының препараттарын көп мөлшерде қабылдаудан пайда болады.

- циркуляциялық иммунды комплекс бактериялар антигенінің жоғарғы қабатымен байланысқан антиденелерден құралады. Бұл көрсеткіш нақты емес, бірақ ревматологияда аутоиммунды қабыну процесінің белсенділігін және өткізіліп жатқан терапияның әсерін анықтау мақсатында кеңінен қолданылады. ЦИК мөлшерінің өсуі дәнекер тіннің диффузды ауруларында, жүйелік васкулитте, созылмалысептикалық эндокардитте, иммунды тапшылықтан пайда болған синдромдарда, Крон ауруында, аутоиммунды гепатитте байқалады. Клиникалық манызы оның тек бір рет (2–3 және одан көп рет) көбеюімен көрінеді.

Жаңа жетістіктер мен қолданбалы иммунологияның арқасында дәнекер тіннің нақты диффузды ауруларын ерте және таңдамалы диагностика жасау мүмкіншілігі туды.

Scl-70 (ядролық топоизомераза) антигендерге қарсы антиденелердің пайда болуы жүйелік склеродермияның барын көрсетеді (әдістің сезімталдығы 30 % құрайды). Дәнекер тіннің басқа жүйелік ауруларында бұл антиденелер өте сирек кездеседі. Шығарылған ядролы антигендерге Ro/SS – A және La/SS - B қарсы антиденелер 25 МЕ/мл концентрациясында Шегрен синдромымен ауыратын науқастардың 70 пайызында кездеседі. (2 есе сирек - жүйелік қызыл жегінде). ST антигеніне (Smith-антиген) қарсы антиденелер 25 МЕ/мл концентрациясынан жоғары жүйелік кызыл жегінің жоғары спецификалық маркері болып табылады (әдістің сезімталдығы - 50–60 %). Бұл антиденелер сау адамдарда да, басқа жүйелік аурулармен ауыратын адамдарда да кездеспейді. Модифицирленген виментинге қарсы антиденелер ревматоидты артриттің бастапқы кезеңдерінде көріне бастайды. RNP/Sm антигеніне қарсы антиденелер 25 МГ/Мл концентрациясынан жоғары дәнекер тіннің аралас ауруларында кездеседі, сирек – жүйелік кызыл жегінде анықталады. Антиденелердің дәрежесі қабыну процесінің белсенділігімен анықталмайды.

 

 







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 2015. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия