Студопедия — Айнымалылар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Айнымалылар






Айнымалылар ақпараттарды сақтау үшін қолданылады. Айнымалылар сценарийлерде идентификаторлардың көмегі арқылы көрсетіледі. Идентификатор латын әріптерінен, цифрлардан, астын сызу белгісінен тұрады және ол міндетті түрде латын әрпінен немесе астын сызу белгісінен басталуы керек, мысалы, _my_test, test_l. Айнымалының типі сценарийде сақталған ақпараттың типіне байланысты болып, сол мәліметтің типі өзгерсе, айнымалының типі де өзгереді. Айнымалы var операторы арқылы анықталуы тиіс, мысалы:

var test1

Мұнда test1 айнымалысының типі әлі анықталмаған, ол айнымалыға белгілі бір мән меншіктеген кезде ғана айқындалады.

var операторын айнымалыны инициализациялағанда да қолдануға болады, мысалы

var test2=276

Мұнда test2 айнымалысының типі анықталды және ол 276 мәніне тең болды. Меншіктеу операторынан кейін айнымалының мәні өзгереді. Меншіктеу операторы

программаның кез келген жерінде тұра береді және ол айнымалының тек мәнін ғана емес, типін де өзгерте алады. Меншіктеу операторы мынадай түрде беріледі:

а=b

мұндағы а – біз бір мән бергіміз келетін айнымалы, b – айнымалының жаңа мәнін анықтайтын өрнек.

Сценарийде мынадай айнымалылар жазылған болсын делік:

Var n=3725 var x=2.75 var p=true var s="Программа орындалды"n және х айнымалыларының типі number, р айнымалысының типі – логикалық, s айнымалысының типі string. JavaScript тілінде барлық стандартты және тұтынушының өзі анықтайтын функциялар үшін function типі анықталған. JavaScript объектілері үшін object типі бар. Оbject типті айнымалылар объектілерді сақтайтындықтан, оларды жай объектілер деп атай береді.

Сценарийлердегі <HEAD> бөлігінде және <BODY> бөлігінде де сипатталған айныма- лылар екеуінде де бірдей жұмыс істей береді, бұларды осы құжаттағы кез келген сценарий пайдалана алады. Мұндай айнымалылар глобальді (ауқымды) деп аталады, ал функция ішінде анықталған айнымалылар локальді, яғни жергілікті болып саналады.

 

Өрнектер

 

Өрнектер операциялар (амалдар) таңбаларымен біріктірілген литералдардан, айнымалылардан және жақшалардан тұрады.

Өрнектерді есептеу нәтижесінде сан (бүтін не нақты), сөз тіркесі немесе логикалық типте болатын бір ғана мән шығады. Өрнектерде қолданылатын айнымалылар оған дейін инициалданған болуы керек.

Өрнектерді есептеу кезінде анықталмаған немесе инициалданбаған айнымалылар кездессе қате шығады. JavaScript тілінде анықталмаған мәнді белгілеу үшін null литералы қолданылады. Егер айнымалы null мәнін меншіктесе, ол инициалданған болып саналады.

Өрнек операндтардан (мәндер мен айнымалылардан) және операциялар таңбаларынан (+, -, *, /) тұрады. Мысалы, а*b формуласында а және b операндтар, * таңбасы – көбейту операциясы.

Операциялар унарлық (бірорындық) немесе бинарлық (екіорындық) болып екіге бөлі- неді. Өрнек +А түрінде жазылса, ондағы + – унарлық операцияны белгілейді, ал егер ол А + В түрінде берілсе, ондағы + – бинарлық операцияның орындалатынын көрсетеді. +А өрнегін есептеу А операндының мәнін есептеп, оған + операциясын қолдану дегенді білдіреді. Ал А+В өрнегін есептеу төмендегі әрекеттерден тұрады:

1. А және В мәндері есептеледі.

2. Операция 1-ші қадамда табылған операндтар мәндеріне қолданылады.

Есептелген мәннің типіне қарай өрнек арифметикалық, логикалық және тіркестік типтердің біріне жатқызылады. 1-кестеде көрсетілген арифметикалық операциялардың орындалу нәтижесінде өрнектер құрылады.

1-кесте. Арифметикалық операциялар

 

    Операция     Аталуы    
  +     Қосу  
  -     Азайту  
  *     Көбейту  
  /     Бөлу  
  %     Бүтін сандарды бөлгеннен кейінгі қалдық  
  ++     Операнд мәнін бірге өсіру  
  --     Операнд мәнін бірге кеміту  
Өрнектегі операторлар арифметикалық операциялардың басымдылықтарына (приори- теттеріне) қарай солдан оңға қарай есептеледі. Керекті жағдайда өрнекке жақша енгізу арқы- лы операциялар реттілігін өзгертуге болады. JavaScript тілінде теңдіктің оң және сол жағында орналасқан операндтарға арифметикалық амалдар қолданып, нәтижені сол жақтағы операндқа меншіктейтін операторлар анықталған. Операциялардың мұндай қысқарған түрлері 2-кестеде көрсетілген.   2- кесте. Меншіктеу операторының қысқаша жазылу жолдары

 

    Оператор     Соған сәйкес меншіктеу операторы    
 
  X += Y     X = X+Y  
  X –= Y     X = X-Y  
  X *= Y     X = X*Y  
  X /= Y     X = X/Y  
  X %= Y     X = X%Y  
Қатынас операциялары кез келген типтегі операндқа қолданыла береді.

Келесі мысалда:

var х = 1;

var у;

у = (х += 2) + 1;

у айнымалысының мәні 4, ал х айнымалысының мәні – 3. Мынадай тізбекті түрдегі меншіктеулерді де пайдалануға болады:

x = y = z = t = өрнек;

Мұнда бірнеше айнымалының бәріне бір ғана мән меншіктеледі.

«+ +» және «--» операциялары тек айнымалыларға тіркеледі, оларды өрнектерге қосып жазуға болмайды.

Мынадай командалардың + + х және х + + (-- х және х --) айырмашылығы бұлар басқа командалар құрамына кіріп тұрғанда ғана есепке алынады. Алғашқысында (олар айнымалы алдында) операция айнымалыны пайдаланғанға дейін орындалады, ал соңғысында – пайдаланғаннан кейін орындалады.

х = 5; Меншіктеулерінен кейін:

у = ++ х; х және у-тің мәні 6-ға тең.

х = 5; Ал мына меншіктеулерден соң:

у = х ++; х-тің мәні 5-ке, ал у-тің мәні 6-ға тең болады.

Операция нәтижесі – салыстыру мәндері дұрыс болса, логикалық true, ал оған кері жағдайда – false мәні болып табылады. Салыстыру операциялары төмендегідей:

· < (кіші);

· <= (кіші немесе тең – артық емес);

· == (тең);

·!= (тең емес);

· >= (үлкен немесе тең – кіші емес);

· > (үлкен).

! (логикалық ЕМЕС) операциясы логикалық типтегі операндтарға қолданылады, егер операнд мәні true болса, онда!а өрнегінің мәні – false, ал егер операнд мәні false болса, онда

!а = true болады. && (логикалық ЖӘНЕ) пен | | (логикалық НЕМЕСЕ) операцияларының қолданылу ережесі 4.3- кестеде көрсетілген.

 

3- кесте. Логикалық операциялардың орындалу ережелері

 

  А   В   A&&B   A||B    
true   true   true   true  
true   false   false   true  
false   true   false   true  
false   false   false   False  
А&&В өрнегінің мәні – екі операнд мәндері де ақиқат болғанда ғана ақиқат, қалған жағдайларда жалған болады. А| |В өрнегінің мәні – кем дегенде, бір операнд ақиқат болса, ақиқат, ал басқа жағдайларда – жалған болып саналады. Символдар тізбегінен тұратын тіркестік мәндер үшін символдарды конкатенациялау (біріктіру) операциясы анықталған. Операция «қосу» таңбасымен белгіленеді. Бұл опера- цияның нәтижесі екі операндтар тізбегінен құралатын жаңа сөз тіркесі болады, мысалы, төмендегі меншіктеу операторының орындалуы нәтижесінде st = "озат "+"студент" st айнымалысы "озат студент" мәнін меншіктейді. Тағы бір мысал қарастырайық. Мынадай екі оператор берілсін: stl = "озат "; st2 = "студент" Төмендегі операторды орындау нәтижесінде stl += st2 st1 айнымалысы "озат студент" мәнін меншіктейді. Операцияның басымдылығы өрнектегі амалдардың орындалу реттілігін анықтайды. 4- кестеде орындалу басымдылығы кему реті бойынша орналасқан операциялар тізімі қарастырылған.   4-кесте. Операциялардың басымдылық кестесі

 

  Операция аты     Белгіленуі  
  Инкремент     ++  
  Декремент     --  
  Терістеу     !  
  Унарлы минус     -  
  Көбейту     *  
  Бөлу, қалдық табу     /, %  
  Қосу     +  
  Азайту     -  
  Салыстыру     <, >, <=, >=  
  Теңдік     ==  
  Теңсіздік     ! =  
  Логикалық ЖӘНЕ     &&  
  Логикалық НЕМЕСЕ     ||  

 

  Меншіктеу     =, +=, -=, *=, /=, %=,! =  

 

JavaScript тілі HTML - парақтарда автономды түрде де жұмыс істей алады. Ол парақта қандай ақпарат тұрғанына қарамастан кез – келген ақпаратты енгізу – шығару мен өңдеуді іске асыра алады.

JavaScript тілінің көмегімен рrompt арқылы сұраныс терезесін, alert арқылы хабарлама терезесін құруға болады.

1-жағдай. Мысал ретінде қарапайым бағдарламаны қарастырайық. Сырттай қарағанда ол төмендегідей ұйымдастырылады. (Сурет 1)

Сурет -1. JavaScript-тің көмегі арқылы ұйымдастырылған сұраныс

Қолданушы өз атын енгізіп, «OK» түймешесін басқанда, төмендегі хабарлама терезесі пайда болады. (Сурет 2)

 

Сурет-2. JavaScript-тің хабарлама терезесі

Төменде HTML – парақтың жоғарыда көрсетілген хабарламасы бар сұранысты іске асыратын мәтіні көрсетілген.:

<HTML> <HEAD>

<TITLE> Автономды жұмыс</TITLE>

<BODY> <H2> Қарапайым бағдарлама <h2>

<h1><p align=«CENTER»><FONT COLOR=«#008080» SIZE=«7»>JavaScript әлеміне саяхат</p></H1> </BODY>

<script language=«JavaScript»>

ima=prompt(«Атыңыз кім?», «Атыңызды еңгізіңіз»);

alert(«Сәлем,«+ima);

</script>

</HTML> JavaScript тілінің операторлары қара жазумен ерекшеленген. Олар төмендегі түсіндірмелерге ие:

Мәліметтерді енгізу prompt операторының көмегімен іске асырылады.

Синтаксисі:

prompt(<сұраныс терезесі>,<үнсіздік бойынша мән>) Мәліметтерді шығару alert

операторыныңкөмегімен іске асырылады .

Синтаксисі:

alert(<шығарылатын мәтін>)

If, if... else операторлары.

Java Script тілінде if операторын анықталмаған шартты тексеру мақсатында пайдаланады. Және егер тексеру нәтижесі дұрыс болмаған жағдайда қайсы бір кодты шақыруға негізделген.

Ifоператорының стандартты формасы. If (шарт)

{Код }

Мұнда шар тексеріледі, ал код шарт ақиқат болған жағдайда орындалады. Мысалы:

<HTML> <HEAD> <TITLE>

Ifоператорын пайдыалану

</TITLE> </HEAD> <BODY>

java script – те if операторымен жұмыс

<Script Language=”Java Script+”> Var сount count=60 if(count>50)

{document.writeln(“жеткілікті”) }

</SCRIPT>

</BODY>

</HTML>

else операторы if операторынан кейін тексерілетін шарт жалған болған жағдайда қолданылады If... else конструкциясының жалпы түрі мынадай:

if(шарт){ егер шарт ақиқат болған жағдайда шақырылатын код}

else{егер шарт жалған болған жағдайда шақырылатын код }

Switch конструкциясы. Көптеген шарттарды тестілеу жағдайларында қолданылады. Келесі мысалда текстік өрнек анықталған мәндердің әрқайсысымен салыстырылады. Егер бір мәнмен сәйкестік болмаса, осы мәнмен байланысты код Java Script интерпретаторы break операторы кездескенге дейін орындала береді.

Switch конструкциясының жалпы құрылымы: Switch (текст) { Case 1 мән;

;егер1-шімәнменсәйкескелсешақырылатынкод;

break;

case 2 мән;

;

Мысал:

Function coolCar() {

If (car == “Мустанг”) If (year == 1965)

If (parts == “оригинальные”) Document.write(“крутоеавто!”); Else

Document.write(“он,по меньшей мере бегает”);

}

 

Тапсырмалар:

1. HTML – парақ құрып, өзіңіздің сұранысыңызды құрыңыз.

2. Келесі операторлар орындалғанда терезеге не шығарылатынын көріңіздер:

alert(22+1);

alert((22+1));

Нәтижені түсіндіріп беріңіздер.

 

2жағдай. JavaScript арқылы ұйымдастырылған сұраныс

1. Жаңадан өздеріңіздің жұмыстарыңызды сақтайтын Student бумасын ашыңыздар.

2. Блокнот бағдарламасын іске қосыңыздар.

3. Ашылған редактор терезесінде төменде көрсетілген HTML файлының мәтінін теріңіз.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Өзіндік жұмыс </TITLE>

<BODY>

<H2> Өзіндік жұмыс <h2>

<h1><p align=«CENTER»><FONT COLOR=«ff0000» SIZE=«7»>JavaScript-те менің алғашқы жұмысым</p></H1>

</BODY>

<script language=«JavaScript»>

ima=prompt(«Атыңыз кім?», «Атыңызды еңгізіңіз»); ima1=prompt(«Қалыңыз қалай?», «Қалыңыз калай екенін еңгізіңіз»); ima2=prompt(«Жиналыс бүгін нешеде?», «Жиналыстың уақытын еңгізіңіз»); alert(«Сәлем», +ima);

alert(«Қалым»,+ima1);

alert(«Жиналыс бүгін», +ima2);

</script>

</HTML>

Файлды somost_rabota.htm атымен жұмыс бумасына сақтап қойыңыздар да редакторды жабыңыз.

4. Жасалған Web-құжатты көру үшін сол somost_rabota.htm файлы белгішесін екі рет шертіңіздер, сонда Интернет браузері іске қосылып, жазылған мәліметті келесі түрде көрсетеді. (Сурет 3)

Сурет 3 Сұраныс құру

Келесі нәтиже шығады. (Сурет 4)

 

Сурет 4 Нәтижесінде шыққан хабарлама терезелері

5.Төмендегі тұжырымдар нәтижесінде ақиқат болатын өрнек жазыңыздар:

· m бүтін айнымалысы k бүтін айнымалысына қалдықсыз бөлінеді;

· А, В және С нақты айнымалылардың мәні кемімейтін реттілік құрайды;

· үш х,у,z айнымалыларын жұптасқан түрде қарастырғанда, олардың ішіндегі ең үлкені х айнымалысы болып шыққан;

· А,В,С логикалық айнымалылары мәндерінің бірде-біреуі ақиқат емес;

· А, В, С логикалық айнымалылары мәндерінің, кем дегенде, біреуі ақиқат.

6.Күннің нөмірі бойынша оның атын анықтау программасын жазыңыз.

7.Айдың нөмірі бойынша оның қандай кварталға жататынын анықтау программасын жазыңыз. Мысалы 1квартал (1,2,3), 2 квратал (4,5,6) т.с.с

8. Қызметкердің ағымдағы жылдың бірінші квараталына арналған табысы жөнінде ақпарат енгізіледі. Келесілерді анықтаңыздар:

• бірінші кварталдағы жалпы табысты;

• табыс салығының қосындысын (13%);

• қолға алатын кварталдағы табысты.

9.Жазықтықтағы үш нүктенің координаталары берілген. Үшбұрыштың ауданын анықтайтын сценарий құрыңыз.

10. Жазықтықтағы координатасы берілген нүктенің координаталардың бас нүктесіне дейінгі ара қашықтығын анықтау сценарийін жазыңыз.

11. Енгізілген екі айнымалының мәндерін бір-бірімен алмастыратын сценарий жазыңыз.

12. Радиусы белгілі болған жағдайда шардың көлемін анықтау сценарийін жазыңыз.

13.Дөңгелектің радиусы берілген. Шеңбердің ұзындығын және сәйкес шеңбердің ауданын есептеу сценарийін жазыңыз.

14. Жазықтықта координаталары берілген екі нүктенің ара қашықтығын анықтау программасын құрыңыздар.

Бақылау сұрақтары

78. Script декриптің атрибуттарын көрсетіңіз.

A) landuage.type

B) Script

C) body

D) html

 

79. JavaScript тілі программалық кодының дұрыс енгізілуін таңдаңыз.

A) <Script Landuage= “ JavaScript ” type =”text /JavaScript”; </ script>

B) “ JavaScript ” type =”<Script Landuage= “

C) ”text /JavaScript”<Script Landuage

D) <Script Landuage= Script Landuage

 

80. JavaScript тілінде сценарий жазу үшін қажетті браузерлер

A) Netscape Navidator, Internet Explorer

B) Internet Explorer, JavaScript программалау ортасы

C) tostring()

D) document. write()

 

81. JavaScript. <script>…</script>тәгтері не үшін қажет:

A) Скриптер енгізу үшін

B) Коментарий енгізу үшін

C) Формалар жасау үшін

D) Сығырмалы жолдарды жасау үшін

E) HTML-да осындай скриптер қолданылмайды

 

82.JavaScript тілінде alert(‘It\’s Ok!’); жолы қандай нәтиже береді?

A) It’s Ok

B) It is OK

C) ‘It’s OK’

D) “It’s OK”

E) i\s OK

 

82. JavaScript тілінде шығарылатын жазбаны жаңа жолға көшіру үшін мынадай таңбалар қолданылады:

A) \n

B) \’

C) n.

D) &quot+&quot

E) &quot*&quot

 

83.JavaScript тілінде айнымалыларды сипаттау үшін қандай түйінді сөз қолданылады?

A) var

B) alert

C) prompt

D) concat

E) slice

 

84.JavaScript. Төмендегі программалық кодтың нәтижесі қандай? <script language = &quot JavaScript & quot & gt <!--var x =&quot60&quot;var y=20; alert(x+y); //--&gt </script>

A) &quot60&quot+20

B) 6020

С) 60

D) 20

E) 80

 

85.JavaScript тілінде х % 3 деген жазу нені білдіреді?

A) х-ті 3-ке бөлгендегі қалдықты табу

B) х-тің 3 пайызын табу

C) х-ті 3-ке бөлу

D) х-тің өсу қадамы 3-ке тең

E) х-тің кему қадамы 3-ке тең

 

86.Java Script тілінде коментарий енгізу үшін қандай символдар қолданылады?

A) /* … */

B) // … //

C) (* *)

D) {... }

E) [... ]

 

87.JavaScript тілінде var x=2; var y= x + +; тіркесі берілген. Осылардың нәтижесінде х және у мәндері нешеге тең болады?

A) y = 2, x = 3

B) y = 3, x = 3

C) y = 2, x = 2

D) y = 1, x = 2

E) y = 3, x = 2

Әдебиеттер:

1. Б. Бөрібаев., Г.А.Мадьярова. Web технологиялар. Оқулық.Алматы,2011

2. Дузбаева Р.М. Основы создания HTML-документов. Уч. пособ. для студентов. –Алматы, КБТУ 2003. –82 с.

3. Нидерст Дж. Web-мастеринг для профессионалов. –СПб.:Питер, 2001. –576

4. Информатика и образование,№8, 2000. Е. В. Давыдова

5. Джамса Крис. Эффективный самоучитель по креативному Web-дизайну. HTML, XHTML, CSS, Javascript, PHP, ASP, ActiveX. Пер. с англ./Крис Джамса, Конрад Кинг, Энди Андерсен. –М.: ООО «ДиаСофтЮП», 2005. –672 с.

6. Джон Коггзолл. PHP5. Полное руководство. -М.: Диалектика. 2006 г.

7. Люк Веллинг, Лаура Томсон. Разработка Web-приложений с помощью PHP и MySQL. - М.: Вильямс. 2007.

8. AJAX и PHP. Разработка динамических веб-приложений // Кристиан Дари, Богдан

Бринзаре, Филип Черчез-Тоза, Михай Бусика. -М.: Символ-Плюс. 2006.

9. Елена Бенкен. PHP, MySQL, XML. Программирование для Интернета. -СПб.: БХВ-

Петербург. 2007.

10. Джордж Шлосснейгл. Профессиональное программирование на PHP.-М.: Вильямс. 2006.

 

Зертханалық жұмыс №13

 

Тақырыбы:Массивтерді хабарлау. Массивтерді жолдарға түрлендіру.

Сабақтың мақсаты:массивтер мен олардың элементтерімен жұмысты ұйымдастыруды массивтерді жолдарға түрлендіруді үйрену.

Материалдар жане құралдар:жұмысты орындауға арналған методикалық нұсқау, дербес компьютер, Netscape Navigator және Internet Explorer браузерлері.

Жұмыстың орындалу реті:

1. Теориялық материалды игеру.

2. Жұмыстың орындалуы.

3. Бақылау сұрақтары.

Зертханалық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы:

1. Зертханалық жұмыс номері

2. тапсырма

3. Бағдарлама мәтіні.

4. Тестілеу нәтижесі.

5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.







Дата добавления: 2015-10-19; просмотров: 3175. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия