Студопедия — Тақырып:Қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып:Қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы.






1.Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін қорғау ерекшеліктері.

2.Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар өзге адамдардың еңбегін қорғау.

3. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істеитін қызметкерлердің еңбегін қорғаудың ерекшеліктері.

4. Мүгедектердің еңбегін қорғау ерекшеліктері.

 

1.Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбек қатынастарындағы құқықтары кәмелетке толғандар құқықтарына теңеледi, ал еңбекті қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа еңбек жағдайлары саласында, осы ҚР Еңбек Кодексте белгiленген қосымша кепiлдiктер қолданылады.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін ауыр жұмыстарда (құрылыс, метталлургия кәсіпорындарында және т.б.), еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, т.б. жұмыстарда қолдануға болмайды, белгіленген шекті нормалардан артық жүктерді тасуына және қозғалтуына тыйым салынады. Жасы он сегізге толмаған қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №185-ө бұйрығымен бекітілген.

Он сегiз жасқа толмаған адамдардың еңбегін:
ауыр (ерекше ауыр), еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлерге, оларға белгіленген шекті нормалардан артық салмақтарды тасуға және қозғалтуға тыйым салынады.
Он сегiз жасқа толмаған адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң салмақтарды тасуға және қозғалтуға белгiленген шектi нормаларын еңбек жөнiндегi уәкілеттi орган айқындайды.

Он сегiз жасқа толмаған азаматтармен еңбек шарттары алдын ала мiндеттi медициналық тексеруден кейiн жасалады және одан әрi қызметкерлер он сегiз жасқа толғанға дейiн, жыл сайын мiндеттi медициналық тексерулерден өтуге тиiс.

Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлерге:
1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 24

сағаттан аспайтын;

2) он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгiленедi.

Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақытында еңбекақы төлеу тиiстi санаттағы қызметкерлерге күн сайынғы жұмыстың толық ұзақтығы мөлшерінде жүргiзiледi.
Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң өнiм нормалары қызметкерлер өнiмiнiң жалпы нормаларына орай қысқартылған жұмыс уақытына сәйкес белгiленедi.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердi түнгi уақыттағы жұмысқа, мерзiмнен тыс жұмысқа, жиынтық жұмыс уақыты режимiндегі жұмысқа, сондай-ақ оларды қызметтiк iссапарға және вахталық әдiспен орындалатын жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жұмыс берушіге келтiрiлген зиян үшiн, өзiнiң орташа жалақысының шегiнде материалдық жауапкершілiкте болады.
Жұмыс берушіге келтiрiлген зиян үшiн он ceгiз жасқа толмаған қызметкерлерге материалдық жауапкершілiк толық көлемiнде:
1) алкогольды, есiрткi немесе уытқұмарлық масаң болу (оларға ұқсастарды қолдану) күйiнде зиян келтiрген;
2) материалдар, жартылай фабрикаттар, өнiмдер, оның ішiнде оларды жасау кезiнде, сондай-ақ жұмыс берушi қызметкерге пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, арнайы киiмдер және басқа заттар жетiспеген, қасақана жойған немесе қасақана бүлдірген;
3) мемлекеттiк құпияны, қызметтiк, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын, қызметкерге еңбек міндеттерін атқаруына байланысты сеніп тапсырылған құпияны қасақана жариялаған;
4) қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қылмыстық істерімен зиян келтірген жағдайларда жүктеледі.

Сонымен он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - 24 сағаттан аспайтын,

Он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер – 36 сағаттан аспайтын,

Білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін он төрт жастан он алты жасқа дейінгі оқушыларға – күніне 2,5 сағат, он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға – күніне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. (бұл жағдай туу туралы куәлікпен немесе төлқұжатпен дәлелденеді, сонымен қатар, жұмыскер жұмыс берушіге білім мекемесінде оқитыны туралы растаушы анықтаманы ұсынуға міндетті.)

Он төрт жасқа толмаған балалар оқудан тыс уақытта тек қана ата – аналарының рұқсатымен ғана жұмысқа жіберіледі. Атқарып жүрген жұмысы оқуына кедергі келтірмеуі тиіс.

Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасуға тиым салынады.

2.Егер еңбек шарты аяқталған күнi әйел мерзiмi он екi апта және одан көп апта жүктiлiгі туралы медициналық қорытынды ұсынса, оның еңбек қатынастарын ұзарту туралы жазбаша өтiнiшi бойынша жұмыс берушi еңбек шартының мерзiмiн бала үш жасқа толғанға дейiн, оның күтiмi жөнiндегі демалыс аяқталған күнге дейiн ұзартуға мiндетті.

Ә­йелдер еңбегiн ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.

Ә­йелдерге, олар үшiн белгіленген шектi нормадан артық салмақтарды қолмен тасуға және көшiруге тыйым салынады.

Ә­йелдер еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердiң салмақтарды қолмен тасуға және көшiруге белгiленген шектi нормаларын еңбек жөнiндегi уәкілеттi орган белгілейдi.

Жұмыс берушінің жүктi әйелдердi түнгi уақыттағы жұмысқа, демалыс және мейрам күндерiндегі жұмысқа тартуға, егер медициналық қорытынды негізiнде оларға аталған жұмысты орындауға рұқсат етiлмесе, сондай-ақ оларды қызметтiк iссапарға жiберуге құқығы жоқ.
Жұмыс берушiнің:

1) үш жасқа дейiн баласы бар әйелдердi және анасы жоқ үш жасқа дейiнгi балаларды тәрбиелеп отырған әкелердi;

2) егер медициналық қорытынды негiзiнде үш жасқа дейiнгi балалар, мүгедек-балалар не отбасының ауру мүшесi қызметкердiң аталған санаттарының күтiмiне мұқтаж болғанда отбасының ауру мүшесiне күтiм жасап не мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлердi түнгi уақыттағы жұмысқа, мерзiмнен тыс жұмысқа тартуға, сондай-ақ iссапарға және вахталық әдiспен iстелетiн жұмысқа жазбаша келiсiмiнсiз жiберуге құқығы жоқ.

Демалу және тамақтану үшiн үзiлiстерден, ауысым ішiндегi және арнайы үзiлiстерден басқа бiр жарым жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, анасыз бiр жарым жасқа дейiнгі балаларды тәрбиелеп отырған әкелерге баланы (балаларды) тамақтандыру үшiн, жұмыстың әр үш сағатынан жиi емес ұзақтығы мынадай:

1) бiр баласы бар әйелдерге (әкелерге) - әр үзіліс отыз минуттан кем емес;
2) екi немесе одан да көп баласы бар әйелдерге (әкелерге) - әр үзiлiс бiр сағаттан кем емес қосымша үзілістер беріледi.

Баланы (балаларды) тамақтандыру үшiн үзiлiстер жұмыс уақытына кiредi, үзiлiстер уақытында әйелдердiң (әкелердің, асырап алушылардың) орташа жалақысы сақталып қалады.

Жұмыс берушi жүктi әйелдің, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдiң, сондай-ақ отбасының ауру мүшесiне медициналық қорытындыға сәйкес күтiмдi жүзеге асыратын қызметкердiң жазбаша өтiнiшi бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимi белгiлей алады.

Жүктi әйелдерге, егер жұмыс күнiнiң ұзақтығы сегiз сағаттан артық болса жиынтық жұмыс уақыты режимi (жұмыс ауысымын) қолдануға тыйым салынады.

Жұмыс берушi медициналық қорытынды негiзiнде жүктi әйелдi, қолайсыз өндiрiстiк факторлардың әcepi болмайтын басқа жұмысқа, бұрынғы жұмысындағы орташа жалақымен есептелген жалақысын сақтай отырып ауыстыра алады.
Жүкті әйелге медициналық қорытынды негiзiнде тиiстi жұмыс беру не ол болмаса басқа жұмысқа ауыстыру мәселесiн шешуге дейiн жүктi әйелдi жұмыс берушi, оның салдарынан жұмыс iстемеген күндерi үшiн бұрынғы жұмысы бойынша орташа жалақысын сақтай отыра жұмыстан босатуға тиiс.







Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 3060. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия