Студопедия — Тақырып:Еңбекті қорғау нормаларын бұзған үшін жауапкершілік
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып:Еңбекті қорғау нормаларын бұзған үшін жауапкершілік






1.Еңбек қатынастарындағы тараптардың жауапкершілігі, оның түсінігі мен жалпы ережелері.

2.Тараптарды еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту негіздері

3.Жұмыс беруші мен қызметкерлердің жауапкершіліктерінің түрлері.

 

Жауапкершіліктің түсінігі. Заңдық жауапкершілік – мемлекет тарапынан шара қолдану,сондай – ақ құқыққа қарсы әрекеті үшін мәжбүрлеу шарасын қолдану.

Заңдық жауапкершіліктің қағидалары:

1/ заңдылық,

2/ әділдік,

3/ ізгілік,

4/ мақсаттылық,

5/ даралық,

6/ тек кінәлі болғаны үшін жауапкершілікке тарту,

7/ бұлтартпаушылық.

Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген зияны үшін шығынды өтеу міндетінен тұрады. Жеке еңбек шартының екінші тарабына зиян келтірген тарап оны белгіленген тəртіп бойынша өтеуге міндетті. Егер қызметкер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінəсінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіп, соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тəртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті Қолданыстағы заңдарға сəйкес қызметкерлер кəсіпорынның (мекеменің, ұйымның) мүлкіне ұқыптылықпен қарауға жəне зиянның алдын алуға қатысты шаралар қолдануға міндетті. Өз кезегінде, жұмыс беруші қызметкерлерге қалыпты жұмыс жəне өзі сеніп тапсырған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Сонымен, материалдық жауапкершілік туралы заңдар бір жағынан, жұмыс берушінің меншігін жан-жақты қорғауға, екінші жағынан, қызметкерлердің жалақысын негізсіз ұстап қалудан қорғауға бағытталған.

Басқаша айтар болсақ, зиянды өтеу – еңбек шартының бір тарабының екінші тарапқа қатысты туындайтын міндеті. Шарттың өзінде мұндай жауапкершілік тікелей көзделмейді, алайда, ол осы шарт тараптарының еңбек саласындағы өзінің міндеттерін тиісті дəрежеде орындамауының салдары болып табылады.

Осы айтқандарды қорытындылайтын болсақ, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірген материалдық зиянды заңға сəйкес өтеу міндетінен тұрады. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, еңбек шартының тарабын материалдық жауапкершілікке тартудың негізі болып осы шарттың екінші тарабына құқыққа қайшы жəне кінəлі зиян келтіру табылады. Зиян келтірген тұлғаның кінəсі болмаған жағдайда да шығынды өтеу міндеті заңдарда көзделуі мүмкін.

Құқыққа сəйкес əрекеттермен келтірілген шығын тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана өтеледі.

Егер қажетті қорғаныс шегінен асып кетпесе, бұл кезде келтірілген зиян өтелуге жатпайды.

Егер бұл қауіпті осы жағдайда басқа құралдармен тойтару мүмкін болмаса, аса қажеттілік жағдайында, яғни зиян келтірушінің өзіне немесе өзге тұлғаларға төнген қауіпті жою үшін келтірілген зиянды осы үшін кінəлі тұлғалар өтеуі тиіс.

Сот мұндай зиянның келтірілу жағдайларын ескере отырып,шығынды өтеу міндетін зиянды келтірген тұлға кімнің мүддесі үшін əрекет етсе, сол үшінші тұлғаға жүктеуі мүмкін немесе үшінші тұлғаны да, зиянды келтірген тұлға да зиянды өтеуден толығымен немесе ішінара босатуы мүмкін.

Жауапкершіліктің түрлері. Заңдар материалдық жауапкершіліктің екі түрін көздейді:

1) қызметкердің жұмыс берушінің алдындағы материалдық жауапкершілігі;

2) жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі.

Материалдық жауапкершіліктің бұл екі түрі бір-бірінен біршама ерекшеленеді.

Заңдар еңбек шарты тараптарының заңды теңдігін тани отырып,

жұмыс берушінің мына ерекшеліктерін ескереді:

1) жұмыс беруші қызметкерге қарағанда əрқашанда экономикалық тұрғыдан күштірек;

2) жұмыс беруші еңбек үрдісін ұйымдастырады жəне осыған байланысты туындауы мүмкін қолайсыз салдарға қатысты жауапкершілікте болады;

3) ол мүліктің меншік иесі ретінде оны ұстау ауыртпалығына жəне кездейсоқ бүліну немесе жойылу тəуекеліне ие болады.

Заңдар адамның басты құндылығы ретінде оның еңбекке қатысты дене жəне ақыл-ой қабілетін таниды, бұларды адам əр түрлі заңды нысандарда, бірақ, ең алдымен еңбек шартын жасасу

жолымен жүзеге асыра алатынын ескереді. Осы аталған жайтматериалдық жауапкершіліктің екі түрінің айырмашылықтарын анықтайды.

Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы материалдық жауапкершілігі оның қызметкерге мына жағдайлардың нəтижесінде келтірген зиянды өтеу міндетін білдіреді:

1) заңды негізсіз немесе белгіленген тəртіпті бұза отырып қызметтен босатса;

2) басқа жұмысқа заңсыз ауыстырса;

3) еңбек кітапшасында жұмыстан босатудың дұрыс емес немесе қолданыстағы заңдарға сəйкес емес себебін көрсетсе жəне бұл себеп қызметкердің жаңа жұмысқа тұруына кедергі келтірсе;

4) жұмыстан босату кезінде еңбек кітапшасын беруді кешіктірсе;

5) соттың қызметтен заңсыз босатылған немесе басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған қызметкерді қызметке қайта қабылдау туралы шешімін уақтылы орындамаса;

6) жұмысқа қабылдаудан заңсыз бас тартса немесе еңбек шартын уақтылы жасаспаса;

7) қызметкердің денсаулығына зиян келтірсе.

Аталған мəселені тереңірек қарастырып өтелік.

Барлық қызметкерлер өздерінің жұмыс берушімен арасындағы еңбек байланысының сипатына (тұрақты, уақытша, маусымдық жəне т.б.) еңбек стажына жəне т.б. қарамастан өздерінің еңбек міндеттерін орындауымен байланысты жəне ұйымның аумағында не оның аумағынан тыс жерде орын алған жарақатпен немесе денсаулыққа келтірілген зақымның нəтижесінде туындаған зиянды өтету құқығына ие.

Жарақат механикалық, электрлік жəне т.б. зақымның нəтижесінде туындауы мүмкін. Денсаулыққа келтірілген өзге де зиян ретінде кəсіптік ауру жəне улану танылады.

Заңдарға сəйкес зиянды өтеу жəбірленген қызметкерге оның еңбекке қабілетігінің жоғалуы немесе төмендеуі салдарынан айырылған жалақысының, табыстарының (немесе олардың тиісті бөлігінің) мөлшеріндегі ақшалай сомаларды, денсаулыққа зақым келумен байланысты бір жолғы жəрдемақыны жəне өтемақылық шығындарды төлеуден көрініс табады. Жəбірленген тұлға қайтыс болған жағдайда қайтыс болған тұлғаның асырауында болғаннемесе ол қайтыс болған күні одан көмек алу құқығына ие болған еңбекке қабілетсіз келесі тұлғалар зиянды өтету құқығына ие болады: тұлға қайтыс болғаннан кейін туған баласы, сонымен қатар жұмыс істемейтін жəне қайтыс болған тұлғаның 8 жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын, немерелерін күтетін ата-анасының бірі, зайыбы немесе отбасының өзге де мүшесі.

Жарақат алған немесе денсаулығына өзге де зақым келген қызметкердің еңбекке қабілеттін жоғалту дəрежесін (% түрінде) медициналық-əлеуметтік сараптамалық комиссия белгілейді (МƏСК).

Егер еңбек жарақаты тек жұмыс берушінің кінəсінен ғана емес,сонымен қатар қызметкердің өрескел абайсыздығы салдарынан болса да, өтелетін зиянның мөлшері қызметкер кінəсінің дəрежесіне қарай азаяды.

Сонымен қатар, жəбірленушіге еңбек жарақатымен байланысты орын алған қосымша шығындар да төленеді. Мысалы, егер медициналық əлеуметтік комиссия тұлғаны көмек алуға мұқтаж деп таныса, кəсіпорын қызметкерге айырылған жалақысын өтеумен қатар еңбек жарақатымен байланысты туындаған қосымша шығындарды да (қосымша тамақтануға, дəрі-дəрмек алуға, медициналық тексеруден өтуге жəне сауығуға, оны күтуге қатысты шығындар, соның ішінде, емдеу орнына бару жəне одан қайтуға қатысты жол шығындары, қажет болған жағдайларда сол тұлғаны апарған тұлғаның шығындары, арнайы көлік құралдарын,жанармайды жəне т.б. алуға қатысты өзге де шығындар) өтейді.

Жəбір шеккен қызметкерге қатысты жұмсалынған қосымша шығындар оны кім күткеніне байланыссыз өтелуге жатады.

Зиянды өтеуге қатысты төлемдер:

- жəбірленген қызметкерлерге – еңбек жарақатының салдарынан сол кездегі жалақысынан айырылған күннен бастап;

- асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаларға – қайтыс болған күннен бастап төленеді.

Еңбектегі жарақатына немесе асыраушысының қайтыс болуына байланысты бұрынғы жалақысынан айырылғаннан кейін 3 жыл өткен соң зиянды өтеу туралы шағым білдірілген кезде зиянды өтеу өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылады.

Медициналық əлеуметтік сараптамалық комиссия еңбек жарақатына қатысты еңбекке қабілеттіктің айырылғанын белгілесе, жəбірленген қызметкерлерге зиянды өтеуді айырылғанжалақысының мөлшерінде жүзеге асырады. Асыраушысынан айырылуына байланысты зиянды өтету құқығына ие тұлғаларға зиянды өтеу келесідей жүзеге асырылады:

· кəмелетке толмағандарға – 18 жасқа толғанға дейін (кəсіби-техникалық, орта арнайы жəне жоғары оқу мекемелерінде оқитындар үшін – оқуын аяқтағанға дейін, алайда 23 жасқа толғанға дейін ғана);

· 60 жастан асқан ер адамдар жəне 55 жастан асқан əйелдерге – өмір бойы;

· мүгедектерге – еңбекке жарамсыздығының бүкіл кезеңінде;

· жұмыс істемейтін не қайтыс болған асыраушысының балаларын, інілерін, қарындастарын, немерелерін бағатын ата-анасына, зайыбына немесе отбасының өзге де мүшесіне – балалар 8 жасқа толғанға дейін.

Жұмыс беруші жəбір көрген қызметкерге (немесе асыраушысынан айырылуына байланысты зиянды өтету құқығына ие тұлғаларға) айырылған жалақысынан, зиянды өтетудің қосымша түрлерінен тыс бір жолғы жəрдемақы береді. Бұл жəрдемақының мөлшері ұжымдық шартта анықталады, алайда ол мыналардан кем болмауы тиіс:

· қызметкер өндірістегі қайғылы оқиғаның немесе кəсіптік аурудың нəтижесінде қайтыс болған жағдайда – оның жылдық жалақысынан 10 еседен;

· еңбектегі жарақаты немесе кəсіптік ауруының салдарынан І немесе ІІ топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 5 еседен;

· еңбектегі жарақаты немесе кəсіптік ауруының салдарынан ІІІ топ мүгедегі деп танылған қызметкердің жылдық жалақысынан 2 еседен;

· қызметкерге мүгедектік тағайындалмастан еңбекке қабілеттігі жоғалды деп танылған кезде – оның жылдық жалақысынан.

Аталған жəне осыған ұқсас жағдайларда қызметкерге сонымен қатар моральдық зиян да өтелуі мүмкін.

Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігінің туындау жағдайлары. Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі туындайтын жалпы жағдайлар болып мыналар табылады:

1) зиянды құқыққа қайшы түрде келтіру;

2) құқыққа қайшы əрекет (əрекетсіздік) пен туындаған зиянның арасындағы себепті байланыс;

3) кəсіпорынның кінəсі.

Бұл жағдайда құқыққа қайшылық қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеуді білдіреді. Құқыққа қайшы болып нəтижесінде денсаулықтың денсаулығына зақым əкелген əрекет те, əрекетсіздік те танылуы мүмкін.

Себепті байланыс қызметкерге келтірілген зиянның жұмыс берушінің құқыққа қайшы əрекетінің (əрекетсіздігінің) нəтижесінде туындауын білдіреді.

Кəсіпорынның кінəсі жəбірленген тұлғаға қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеген оның қызметкерлерінің кінəсін білдіреді.

Зиянды өтеу туралы өтініші еңбек жарақытымен келтірілген зиян үшін жауапкершілікте болатын жұмыс берушіге беріледі. Егер жəбірленуші жұмысты қоса атқарған ұйымда оның денсаулығына зиян келтірілсе, онда өтініші осы ұйымның басшылығына беріледі.

Ұйым қайта ұйымдастырылған (қосылған, біріккен, бөлінген, бөлініп шыққан, қайта құрылған) жағдайда өтініш оның құқық мирасқорына беріледі.

Жұмыс беруші бұл өтінішті қарауға жəне оны барлық қажетті құжаттарымен қабылдаған немесе қосымша құжаттар түскен күннен бастап 10 күннен кешіктірмей оған қатысты шешім қабылдауы тиіс. Зиянды өтеу туралы шешім жұмыс берушінің бұйрығымен ресімделеді. Бұйрық негізделген болуы тиіс, мұнда зиянның кімге өтелетіні, зиянның отбасының əрбір мүшесіне шаққандағы мөлшері жəне оны төлеу мерзімдері көрсетіледі.

Жұмыс берушінің зиянды өтеу туралы бұйрығының көшірмесі немесе негізделген жазбаша бас тарту мүдделі азаматтарға барлық қажетті құжаттарымен өтініш берілген күннен бастап он күн ішінде ұсынылады. Өтінішті қарауды немесе бұйрықтың көшірмесін белгіленген мерзімде беруді кешіктіру зиянды өтеуден бас тарту ретінде қарастырылады.

Жұмыс берушінің шешімімен келіспеген жағдайда жəбірленген қызметкер немесе өзге де мүдделі тұлға бұл шешімді сот тəртібімен шағымдау құқығына ие. Жəбірленген тұлғаның зиянды өтеуге қатысты шағымдану құқығы ескіру мерзімімен шектелмеген.

Алайда, жəбірленген тұлға еңбекке қабілетінен айырылғаннан кейін үш жыл өткен соң зиянды өтеуге қатысты шағымданса, зиянды өтеу шағымданған күннен бастап жүзеге асырылады. Зиянды өтеуге қатысты төлемдерді жұмыс беруші, оның құқықмирасқоры, ал олар болмаған жағдайда – төленуге тиіс соманы капиталдандыруға тиіс орган жүзеге асырады.

Қызметкердің материалдық жауапкершілігі. Жауапкершіліктің негіздері жəне жағдайлары. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі өзімен бірге еңбек құқығы қатынастарының қатысушысы болып табылатын жұмыс берушіге өзінің кінəсімен келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетінен тұрады. Қызметкердің материалдық жауапкершілігі келесі шарттар бір мезетте орын алған жағдайда туындайды:

1) жұмыс берушіге келтірілген шынайы зиян. Тікелей шынайы зиян ретінде қолдағы, шынайы мүлікке оны (немесе оның бөлігін) жоғалту, өз бетімен иемденіп алу, нашарлату, бүлдіру, құнын төмендету арқлылы келтірілген зиян түсініледі. Бұлардың нəтижесінде жұмыс беруші мүлікті немесе өзге де құндылықтарды сатып алу, қалпына келтіру үшін шығындарға батады немесе қызметкердің кінəсі бойынша басқа субъектіге (жеке немесе заңды тұлғаға) артық төлемдер төленеді.

Азаматтық құқыққа қарағанда еңбек құқығында тек тікелей шынайы зиян ғана өтелуге жатады. Қолданыстағы еңбек заңдары ұйым алуы мүмкін, алайда қызметкердің қате əрекеттері салдарынан ала алмаған табысты өтетуге тыйым салады. Мысалы,жұмысқа бүкіл жұмыс күнінде станоктың тоқтап тұруына байланысты дəлелсіз себептермен келмеген қызметкерді зиянды өтетуге тартуға болмайды. Мұндай қызметкерге тəртіптік немесе қоғамдық əсер ету шаралары қолданылуы мүмкін.

Ақшалай нысанда көрініс тапқан зиян шығын деп аталады. Шынайы зиянды (тікелей шығындарды) жалған зияннан (жалған шығындардан) ажырата білген жөн. Мүліктің шынайы азаюы немесе нашарлауы шын мəнінде болмаса да, материалдық құндылықтарды бухгалтерлік мəліметтер бойынша дұрыс құжаттық ресімдемеу салдарынан жетіпсеушілік анықталса, жалған зиян орын алады.

2) Нəтижесінде зиян келтірілген əрекеттің құқыққа қайшылығы (мысалы, құрылыс материалдарын ұрлау) немесе əрекетсіздіктің құқыққа қайшылығы (мысалы, жанармайды асыра жұмсаудың алдын алуға қатысты шаралар қолданбау), яғни қызметкердің өзіне жүктелген еңбек міндеттерін бұзуы. Құқыққа қайшы ретінде қызметкердің еңбек тəртібін сақтау жəне ұйымның мүлкіне ұқыптылықпен қарау міндетін бұзудан көрініс табатын кез-келген жүріс-тұрыс танылады.

Қызметкердің жүріс-тұрысының құқыққа қайшылығының дəлелі қызметін мүліктің бүлінгені, жоғалғаны немесе бұзылғаны туралы актілер, түсіндірмелер, құзыретті органдардың хабарламалары жəне өзге де құжаттар атқарады. Қызметкердің жүріс-тұрысының құқыққа қайшылығының даусыз дəлелі болып оны қылмыстық немесе əкімшілік жауапкершілікке Тарту табылады.

Алайда, зиян құқыққа сай əрекеттермен де келтірілуі мүмкін. Келтірілген зиян үшін мүліктік жауапкершілікті туындатпайтын құқыққа сай əрекеттерге үлкен зиянның туындауын алдын алу қажеттігі жағдайында жасалған əрекеттер, сонымен қатар аса қажеттілік жағдайында немесе тойтарылмас күштердің салдарынан жасалған əрекеттер жатады.

4) Қызметкердің зиянды келтірудегі кінəсі. Зиян қызметкердің кінəсімен келтірілген жағдайда ғана оған материалдық жауапкершілік жүктеледі. Зиянды келтіруші тұлғаның өз əрекеттерінің салдарын алдын ала білуінен немесе білу мүмкіндігінің болуынан, сонымен қатар оның өзінің жасаған əрекетіне қатынасынан кінəнің материалдық жауапкершіліктің шарты ретіндегі ерекшелігі көрініс табады. Қызметкердің қасақана немесе

абайсызда істеген құқыққа қайшы əрекеті кінəлі болып танылады.

Кінəнің екі нысанын ажыратуға болады: қасақаналық (тікелей немесе

жанама) жəне абайсыздық (менмендік немесе немқұрайдылық). Кінəнің

нысандары қызметкердің материалдық жауапкершілігінің түріне жəне мөлшеріне əсер етеді.

Материалдық жауапкершіліктің мөлшерін дұрыс анықтау үшін құқыққа қайшы əрекетімен немесе əрекетсіздігімен зиян келтірген қызметкердің кінəлілігінің дəрежесін мұқият жəне жан-жақты анықтау қажет. Қызметкер өз жүріс-тұрысының құқыққа қайшы екендігін түсінген, оның зиянды салдарын алдын ала білген жəне олардың туындауын қалаған (мысалы, ұрлық, тонау жағдайлары) кезде тікелей қасақаналық көрініс табады. Қызметкер өз əрекетінің құқыққа қайшы екенін түсініп, зиян туу мүмкіндігін алдын ала білген, алайда оның туындауына саналы түрде жол берген немесе оған немқұрайдылықпен қараған жағдайда жанама қасақаналық орын алады. Абайсыздық нысанындағы зиян кінəлі тұлға зиянныңтуындау мүмкіндігін алдын ала білуі тиіс немесе оны білуге мүмкіндігі болған, алайда оның алдын алуға қатысты шаралар қолданбаған кезде орын алады.

Материалдық зиян жұмыс беруші мен қызметкердің бірдей кінəсімен де келтірілуі мүмкін. Қызметкер өзіне сеніп тапсырылған мүліктің сақталуына тиісінше қарамаған жəне жұмыс беруші аталған мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге қатысты шаралар қолданбаған жағдайда аралас кінə орын алады.

4) Қызметкердің құқыққа қайшы əрекеті мен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланыс. Қызметкердің құқыққа қайшы əрекеті немесе əрекетсіздігі дəл осы тұлға зиян келтірген жағдайда ғана материалдық жауапкершілікті өтеудің міндетті шарты болып табылады. Қызметкердің əрекеті (əрекетсіздігі) мен келтірілген зиянның арасында себепті байланыстың болмауы бұл тұлғаны материалдық жауапекршілікке тарту мүмкіндігін жояды.

Сондықтан, қызметкердің зиян келтірудегі кінəсі туралы мəселені шешпестен бұрын, біріншіден, əрекет (əрекетсіздік) пен нəтиженің арасындағы себепті байланысты анықтау, екіншіден, келтірілген зиянның нақты осы əрекеттің (əрекетсіздіктің) тікелей салы болып табылатынын немесе оның басқа жағдайлардың салдарынан туындағанын анықтау қажет.

Қызметкердің материалдық жауапкершілігінің туындауының міндетті шарттары осындай. Аталған шарттардың кем дегенде біреуі болмаса, материалдық жауапкершілік туындамайды.

Жалпы ереже бойынша, қызметкердің материалдық зиян келтірудегі кінəсін дəлелдеу міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.Қызметкер өзіне сеніп тапсырылған ақшалай немесе материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі үшін жазбаша шарттың немесе арнайы қаулылардың негізінде толық материалдықжауапкершілікте болатын кездерде ғана дəлелдеу міндеті жұмыс

берушіге жүктелмейді. Мұндай жағдайда, егер қызметкер өзін кінəсіз деп санаса, материалдық зиянды келтіруде өзінің кінəсі жоқ екендігін дəлелдеуі тиіс.

Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілігі. Толық материалдық жауапкершілік қызметкердің зиянды қандай да бір шекке қарамастан толық мөлшерде өтеу міндетін білдіреді. Бұл жауапкершілік тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана туындайды. Заңдарға сəйкес қызметкерлер өздерінің кінəсінен жұмыс берушіге келтірілген зиянды мына жағдайларда толық мөлшерде өтейді:

- қызметкер мен жұмыс берушінің арасында қызметкерге берілген мүлік пен басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін өзіне толық материалдық жауапкершілік алу туралы жазбаша шарт жасалған;

- заңдарға сəйкес қызметкерге еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыс берушіге келтірілген зиян үшін толық жауапкершілік жүктелген;

- қызметкер мүлік пен басқа да құндылықтарды бір жолғы сенімхатпен немесе басқа бір жолғы құжаттар бойынша есеп беруге алған;

- қызметкер зиянды алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық мас болу жағдайында келтірген;

- зиян материалдардың, жартылай фабрикаттардың, бұйымдардың (өнімдердің), соның ішінде оларды дайындау кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға Берген құрал-саймандардың, ө л ш е у

а с п а п т а рд ы ң, а р н а у л ы к и і м м е н б а с қ а д а з а т т а р д ы ң

ж е т к і л і к сі здігінен, қасақана жойылуынан немесе қасақана бүлдірілуінен келтірілген;

- зиян коммерциялық құпияны жариялау салдарынан келтірілген;

- зиян қызметкердің қылмыстық тəртіппен қудаланатын əрекеттердің белгісі бар іс-əрекеттерінен келтірілген жағдайларда

Толық материалдық жауапкершілік кезінде келтірілген зиян қызметкердің жалақысына қандай да бір байланыспен қандай да бір шекпен шектеусіз толығымен өтеледі.

Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілікте болатын жоғарыда аталған жағдайлар осымен шектеледі.

Аталған тізімге қоса, қызметкерлердің белгілі бір санаттары толық материалдық жауапекршілік туралы жазбаша шарттардың негізінде толық материалдық жауапкершілікте болады. Бұл шарт бойынша қызметкер өзіне сақтауға немесе өзге де мақсаттарға тапсырылған мүлікті жəне өзге де құндылықтарды сақтай алмаумен байланысты зиянды толығымен өтеу міндетін алады, ал жұмыс беруші қызметкерге қалыпты еңбек жағдайларын жəне өндірістік ортаны жасауға,қызметкерге сеніп тапсырылған құндылықтарды сақтау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндеттенеді. Егер жұмыс беруші қалыпты жұмыс үшін жəне қызметкерге

сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың толығымен сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасамаса, онда бұл материалдық жауапты тұлғаның жауапкершілігінің мөлшерінің азаюына əкеледі.

Литература:

1.ҚР Конституциясы,1995ж.

ҚР Еңбек кодексі,2007ж

 







Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 5436. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия