Студопедия — Азақстан Республикасындағы саяси партиялар, олардың қызметтері.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан Республикасындағы саяси партиялар, олардың қызметтері.






1. «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы

Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Кәлетаев Дархан Аманұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан»88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.

2. Қазақстан коммунистік партиясы

Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.

3. Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы

Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.

4. Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады. 5. Қазақстанның патроиоттар партиясы

Партия төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

6. Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

Партия төрағасы - Әлихан Мұхамедұлы Бәйменов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады.

7. «Руханият» партиясы

Партия төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.

8. «Әділет» демократиялық партиясы

Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0,76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен «Әділет» демократиялық партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданды.

9. Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол» ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу туралы шешім қабылданды.

10. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны – 140 мың адам. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 4,54% дауыс жинады.







Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 495. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия