Студопедия — Блок 3. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Блок 3. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар






 

267.Балалардағы тыныс жүйесінің ерекшелігі:

1.оттегіге зәруліктің төмендігі

2.+тыныс жолдарының тарлығы мен васкуляризациясының көптігі

3.сурфактант белсенділігінің жоғары болуы

4. терең тыныс

5.тыныс орталығы клеткаларының жоғары сезімталдығы

 

268. Тыныс жетіспеушілігі этиологиясы бойынша:

1.гемолитикалық

2.су-электролиттік

3+орталық генезді

4.вазоконстрикторлы

5.атопиялық

 

269. Балаларда тыныс жетіспеушілігі I дәрежесінің клиникалық белгісіне жатады:

1.терінің мрамор тәріздес болуы

2.күрт қозу, мазасыздану

3.+физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу

4.акроцианоз

5.тұрақсыз гемодинамика

 

270. Балаларда тыныс жетіспеушілігі III дәрежесінің клиникалық белгісіне жатады:

1.+ диффузды цианоз

2.тахикардия, гипотонияға бейімділік

3.терең, сирек тыныс

4.физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу

5.жөтелу рефлексінің болмауы

 

271. Кеңірдек интубациясын жасау көрсеткіштері:

1.брадикардия

2.+апное

3бронх демікпесі ұстамасының ауыр дәрежесі

4.гипотония

5.ашық пневмоторакс

 

272. ЖТЖ кезінде негізгі гипоксия түрлеріне аталғандардың біреуі ЖАТПАЙДЫ,соны атаңыз:

1.гипоксиялық гипоксия

2.тіндік гипоксия

3.гемдік гипоксия

4.циркуляторлы гипоксия

5.+физиологиялық гипоксия

 

273. Жіті тыныс жеткіліксіздігінің ең ерте белгісі:

1.диффузды цианоз

2.+ентігу

3. мойын көк тамырларының ісінуі

4. тахикардия

5.Тұншығу

 

274. Екінші дәрежелі жедел тыныс жеткіліксіздігіне тән емес:

1. қозғыштық

2. +1 минутта тыныс жиілігінің саны 40 ретке дейін

3. диффузды цианоз

4. кеуде клеткасында ауыру сезімі

5. тахикардия

 

275.Төменде аталғандардың қайсысы жедел тынысжеткіліксіздігінің себептеріне жатады?

1. фосфорорганикалық қосылыстармен улану

2. демікпе статусы

3. +асқазандағы бөгде зат

4. ботулизм

5. эпистатус

 

276. Пульсоксиметр әдісін қолданғанда артериялық қанның оттегімен қанығуы қалыптыда болады:

1. +95-97%

2. 94-91%

3. 90-85%

4. 84-80%

5. 80%-дан төмен

 

277. Артериялық қанның оттегімен қанығуын анықтаудың жәй және тиімді әдісі

1. +пульсоксиметрия

2. спирометрия

3. глюкометрия

4. пикфлоуметрия

5. пневмотахометрия

 

278. Пневмонияның өмірге қауіпті асқынуын атаңыз:

1. +жұқпалы-токсикалық шок

2. миокардит

3. перикардит

4. өкпе эмфиземасы

5. плеврит

 

279. Төменде аталғандардың тыныс жетіспеушілігі I дәрежесінің клиникалық белгісіне жататынын атаңыз:

1. +физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу

2. терінің мрамор тәріздес болуы

3. күрт қозу, мазасыздану

4. акроцианоз

5. тұрақты емес гемодинамика

 

280. Жүректің және кеудеаралықтың сау өкпеге қарай ығысуы мына жағдайда байқалады:

1. өкпе ателектазында

2. +қақпақшалық пневмоторакс кезінде

3. жабық пневмоторакс кезінде

4. экссудативті плевритте

5. өкпе эмфиземасында

 

281. Кернелген пневмоторакс кезінде ауаны шығару мақсатында жасалатын плевральды пункцияның нүктесін көрсетіңіз:

1. ортаңғы қолтық асты сызығымен 7 қабырға аралық

2. артқы қолтық асты сызығымен 7 қабырға аралық

3. +бұғана ортаңғы сызық бойымен 2 қабырға аралық

4. ортаңғы қолтық асты сызығымен 5 қабырға аралық

5. бұғана ортаңғы сызық бойымен 4 қабырға аралық

 

282. Төменде аталғандардың көрсетілгендердің спонтанды пневматоракстың ең БАСЫМ себебін атаңыз:

1. бұғана асты көктамырының катетеризациясы

2. өкпе биопсиясы

3. пышақ жарақаты

4. +өкпе туберкулезі

5. кеуде клеткасының соғылуы

 

283. Төменде аталғандардың көрсетілгендердің кернелген пневматоракстың ең БАСЫМ себебі:

1. +кеуде клеткасының соғылуы

2. плевра қуысының пункциясы

3. бұғана асты көктамырының катетеризациясы

4. өкпе биопсиясы

5. өкпе паренхимасының зақымдануы

 

284. Ауруханаға дейінгі кезең спонтанды пневмоторакстың классикалық клиникалық симптомдарын көрсетіңіз:

1. ентігу, қан қақыру, дененің жоғарғы бөлігінің цианозы

2. прекардиальды аймақтағы ауыру сезімі, ентігу, суық тер

3. ентігу, тұншығу, аз продуктивті жөтел, ортопноэ

4. +кеуде торындағы ауыру сезімі, ентігу, өкпе экскурсиясының азаюы

5. ентігу, тұншығу, ортопноэ, көпіршікті қақырық бөлумен жөтелу

285. Ауруханаға дейінгі кезеңде қысымдық пневмоторакс кезінде жедел жәрдемнің реттілігін көрсетіңіз:

1. окклюзиялық таңғыш, жансыздандыру, госпитализация

2. жансыздандыру, симптоматикалық ем, госпитализация

3. +жансыздандыру, плевралық пункция, госпитализация

4. жансыздандыру, иммобилизация, госпитализация

5. жансыздандыру, жүрекке тікелей емес массаж, госпитализация

286. Клапандық пневмотораксқа анықтама беріңіз:

1. дем алғанда ауа жарақат арқылы плевралық қуысқа еніп, дем шығарғанда ауа шықпайды

2. өкпенің плевралық қуысына қанның жиналуы

3. сыртқы ортамен плевралық қуыстың қатынасуы

4. плевралық қуыс сыртқы ортамен қатынаспайды, ауа көлемі жыртылған бронх арқылы енеді

5. + әр дем алған сайын кеудедегі ауа көлемі ұлғайып, сондықтан қысым жоғарылайды

 

287. Науқасқа плевралық пункция жасаған соң кенеттен ентігу мен кеуде тұсында ауыру сезімі пайда болды. Науқас жағдайының кенеттен ауырлауына түсініктеме беріңіз:

1. қантамырлардың зақымдалуы

2. +пневмотракс

3. анафилактикалық шок

4. ТЭЛА

5. гемотракс

288.Спонтанды пневмоторакс дамуының жыныс, жас ерекшеліктерін атаңыз.

A. Ер адам 20-40 жас

B. Ер адам 40-50 жас

C. Ер адам 50-60 жас

D. Әйел адам 20-40 жас

E. Әйел адам 40-50 жас

 

289. Пневмотораксы бар науқасты ауруханаға дейінгі кезеңде тексеру кезінде жасалуы қажет:

1. тері жабындыларының бүтіндігін, жүректің салыстырмалы шекарасын, ЖЖЖ, АҚҚ анықтау

2. мойын тамырларын қарау, жүректің салыстырмалы шекарасын, жүрек ұшы түрткісін, ЖЖЖ, АҚҚ анықтау

3. +теріні, кеуде қуысын, мойын тамырларын қарау, өкпе перкуссиясы және аускультациясы, ЖЖЖ, АҚҚ анықтау

4. лимфа түйіндерінің, тері жабындыларының пальпациясы және тексеру, ТАЖ, ЖЖЖ, АҚҚ анықтау

5. теріні, кеуде қуысын, мойын тамырларын қарау, жүрек перкуссиясы және аускультациясы, ЖЖЖ, АҚҚ

 

290. Ауруханаға дейінгі кезеңде пневмоторакстың салыстырмалы диагностикасы жүргізіледі:

1. созылмалы бронхитпен

2. ларингитпен

3. эзофагитпен

4. +ТЭЛА

5. кеуде қуысының соғылуы

 

291. Пневмоторакс және қабырғаның көптік сынықтары бар науқаста сыртқы тыныстың бұзылысы байқалады. Ауруханаға дейінгі кезеңде ең тиімді емдеу әдісін анықтаңыз.

1. медиастинотомия

2. + плевралық пункция

3. коникотомия

4. кеңірдек интубациясы

5. трахеотомия

 

292. Ашық пневмотораксы бар науқаста окклюзиялық таңғыш салғаннан кейін жағдайы бірден нашарлап, ентігу, цианоз пайда болды, зақымдалған жақта тыныс шулары естілмейді. Бұл жағдайды анықтаңыз.

1. геморрагиялық шок

2. жарақаттық шок

3. ТЭЛА

4. +қысымдық пневмоторакс

5. жіті жүрек жетіспеушілігі

 

 

293. Қысымдық пневмоторакс кезінде пайда болатын жіті тыныс жетіспеушілігінің негізгі себебі болып табылады.

1. тері асты эмфиземасы

2. қан кету

3. +коллабирленген өкпе

4. артериалық гипертензия

5. геморрагиялық шок

 

 

294. Төменде көрсетілген пневмоторакс асқынуларының қайсысы ауруханаға дейінгі кезеңде өмірге қауіпті емес:

1. гемоторакс

2. геморрагиялық шок

3. коллапс

4. + тері асты эмфиземасы

5. жіті тыныс жетіспеушілігі

 

295. Тері асты эмфиземасының механизмін анықтаңыз:

1. висцеральді және париетальді плевра арасына ауа жиналуы

2. +зақымдалған плевра жапырақшасы арқылы тері асты клетчаткасына ауаның енуі

3. кеуде аралықтың сау жаққа қарай ығысуы және оның тыныс алу кезінде жылжуы

4. плевра қуысына қан жиналуы

5. қысыммен плевра қуысына ауаның жиналуы

 

296. Төменде көрсетілген себептердің ішінен ауруханаға дейінгі кезеңде тері асты эмфиземасының пайда болуының ең жиі себебін таңдаңыз:

1. кеуде қуысы тамырларының жарылуы

2. +қабырғалар сынуы

3. көкбауыр жаралуы

4. буын беттерінің ығысуы

5. кеуде қуысының шайқалуы

 

297. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі қысымдық пневмоторакстың ең қауіпті асқынуын анықтаңыз:

1. тері асты эмфиземасы

2. қабырғалар сынуы

3. гематоракс

4. + жіті тыныс жетіспеушілігі

5. гипотония

 

298. Төменде келтірілген белгілердің қайсысы ларингостенозға тән:

1. экспираторлы ентігу, қақырық аралас жөтел

2. + инспираторлы ентігу, үрген жөтел

3. шулы, ысқырықты, дистанционды құрғақ сырыл

4. құрғақ жөтел, тері жамылғысының бозаруы

5. құрғақ жөтел, тырысулар

 

299. Комбинирленген препарат беродуал құрамы:

1. пульмикорт және атровент

2. беротек және интал

3. изопреналин және будесонид

4. астмопент және беротек

5. +фенотерол және ипратропиум бромид

300. Нәрестелерде ларингостеноздың дамуына мына себеп басым болады:

1. бронх шырышының ісінуі

2. бронх тегіс бұлшықеттерінің спазм

3. альвеолярлы-капиллярлы мембрана диффузиясының бұзылысы

4. +тыныс орталығының жетілмеуі

5. кеңірдектің кең болуы

 

301. Ларинготрахеит, стеноздың I дәрежесінде көрсетілетін жедел жәрдем

1. глюкокортикоидтар

2. эуфиллин

3. оттегі

4. +сілтілі ингаляция

5. кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ

 

302. Ларинготрахеит, көмекей стенозының I I дәрежесінде көрсетілетін жедел жәрдем:

1. эуфиллин

2. b-стимуляторлар

3. +глюкокортикоидтар

4. өкпені жасанды желдендіру

5. гипотензивті дәрілер

 

303. Бронх демікпесі клиникасына тән:

1. тот басқан қақырықты жөтел

2. өкпеде майда көпіршікті ылғалды сырылдар

3. +өкпеде ысқырықты сырылдар

4. инспираторлы ентігу

5. перкуссия кезінде өкпенің төменгі бөлігінде тұйықталу

 

304. Аталған дәрілердің қай тобында бронхкеңейткіш әсері бар?

1. +b2-адреномиметиктер

2. М-холиномиметиктер

3. ганглиоблокаторлар

4. a-адреноблокаторлар

5. нитраттар

 

305. Шынайы дифтериялық крупқа мына белгілер тән:

1. қатаң, үрген тәрізді, дауысты жөтел

2. +дауыс қарлығуының өршуі, тұрақты афонияға ауысуы

3. дауыс қарлығуының тұрақсыздығы, афония болмайды

4. таңдай бездерінде жабындылардың болуы, оның тез алынуы

5. стеноз кенеттен пайда болады, әсіресе түн мезгілінде

 

306. Орташа ауырлықтағы бронх демікпесі ұстамасымен науқастарға жедел көмек көрсетудің дұрыс ретін көрсетіңіз:

1. +сальбутамол, эуфиллин, преднизолон

2. интал, эуфиллин, преднизолон

3. пульмикорт, оттегі, эуфиллин

4. преднизолон, эуфиллин, оттегі

5. эуфиллин, преднизолон, задитен

 

307. БД ұстамасымен науқасты ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер:

1. БД орташа ауырлықтағы ұстамасы

2. +1-2 сағат көлемінде бронх кеңейткіш препараттар нәтижесінің болмауы

3. БД жеңіл ұстамасы

4. БД гормонға тәуелді формасымен барлық науқастар

5. Қосымша аурулардың болуы

 

308. Төменде аталған препараттардың қайсысы селективті b2-адреномиметик болып табылады?

1. адреналин

2. преднизолон

3. эуфиллин

4. атровент

5. +беротек

 

309. b2-адреномиметиктер ингаляциясын жиі қолданған бронх демікпесі бар науқаста қандай асқыну дамиды?

1. анафилактикалық шок

2. өкпенің ісінуі

3. кененттен өлім

4. +демікпелік статус

5. гипертензивті криз

 

310. Бронх демікпесі ұстамасының жедел терапиясында таңдаулы препарат болып табылады:

1. ұзақ әсер ететін b2-агонисттер

2. +қысқа әсер ететін b2-агонисттер

3. b1 және b2 агонисттер

4. антихолинергиялық препараттар

5. ИГКС

 

311. Дем шығарудың пиктік жылдамдығы (ПСВ) төмендегі әдістің көмегімен анықталады:

1. пульсоксиметр

2. спирометр

3. глюкометр

4. +пикфлоуметр

5. пневмотахометр

 

312. Аталған белгілердің қайсысы өкпеден қан кетуге күмән тудырады:

1. қан аралас құсық

2. зәрде қанның болуы

3. +қақырықта қанның болуы

4. нәжісте қанның болуы

 

313. Төменде аталған аурулардың қайсысы өкпеден қан кетумен асқынуы мүмкін:

1. ауруханадан тыс пневмония

2. + бронхоэктаз ауруы

3. бронх демікпесі

4. өкпе поликистозы

5. созылмалы бронхит

 

314.Ауруханаға дейінгі кезеңде өкпеден қан кету және гемодинамика тұрақты болса, емдеудің қай әдісі тиімді:

1. седативты препараттар

2. тыныс аналептиктері

3. эуфиллин енгізу

4. +дицинон енгізу

5. жүрек гликозидтері

 

315. Өкпеден қан кетуге төменде келтірілген белгілердің қайсысы тән:

1. қара-қоңыр түсті қанның бөлінуі

2. +қан алқызыл түсті, көпіршікті

3. «тот басқан» қақырық

4. анамнезінде темекі өте көп шегетіндігі ескерілген

5. қан дене қалпын өзгерткен жағдайда пайда болады

 

316. Құрғақ жөтел кезінде ұзақ уақыт қан түкіру ең алдымен қандай сырқатқа күмәндандырады?

1. +бронхтың қатерлі ісігі

2. бронхоэктаз ауруы

3. созылмалы қбструктивті бронхит

4. туберкулездің инфильтративті формасы

5. пневмокониоз

 

317. Өкпеден қан кетудің көзін диагностикалау үшін ЕҢ негізгі болып табылады:

1. науқасты физикалық зерттеу

2. спирография

3. өкпе рентгенографиясы

4. +бронхоскопия

5. бронхография

 

318. Өкпеден қан кету кезінде аталған емдік шаралардың бәрі жүргізіліді, БІРЕУІНЕН БАСҚА:

1. кіші қанайналым шеңберінде қысымның төмендеуі

2. қантамырлар өткізгіштігінің төмендеуі

3. +тромболитикалық терапия

4. қанайналымдағы қан көлемінің қалпына келуі

5. қанның ұю қабілетінің жоғарлауы

 

 

319. Өкпеден қан кетуде көрсетілетін жедел жәрдем дәрігерінің дұрыс әрекеті:

1. +науқасты тыныштандыру, күрт қимылдардан сақтандыру, сөйлеуге тиым салу, дицинон енгізу

2. тыныс аналептиктері, кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ

3. кеуде клеткасына суық басу, жүрек гликозидтері

4. реанимация бөліміне шұғыл жеткізу

5. гормоналды дәрілерді енгізу, антиоксиданттар

 

320. Өкпеден қан кетудің дамуына ықпал етеді:

1. артериалды гипертензия

2. +кіші қанайналым гипертензиясы

3. бассүйек ішілік гипертензия

4. артериалды гипотензия

5. порталды гипертензия

 

321. Аталғандардың ішінде өкпелік қан кетумен асқынбайды:

1. бронхоэктаз ауруы

2. +бронх демікпесі

3. өкпенің қатерлі ісігі

4. өкпе туберкулезі

5. өкпе артерияларының эмболиясы

 

322. Өкпеден қан кету кезінде қантамырлар өткізгіштігін төмендету үшін қолданылады

 

1. +кальций глюконаты

2. натрий хлориді

3. калий хлориді

4. магний сульфаты

5. глюкоза еріт

 

323. Өкпеден қан кетуде аталған емдік шаралардың барлығы мынаған бағытталған, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. жоғалтқан қанды толтыру

2. тыныс жолдарының өтуін қамтамасыз ету

3. +тромбоздар мен эмболиялардың алдын алу

4. бронхтардың ұйыған қанмен бітелуінің алдын алу

5. тыныс жолдарынан қанды сорып алу

 

324. Өкпеден қан кету кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде кіші қанайналым шеңберіндегі қысымды төмендету үшін қолданылады:

1. +эуфиллин

2. преднизолон

3. контрикал

4. атропин

5. коргликон

 

325. Тасымалдау кезінде өкпеден қан кеткен науқастың дұрыс қалпы:

1. горизонталды

2. +отырған

3. бір бүйірімен

4. аяқтарын көтеріп

5. ішімен

 

326. Егер өкпеден қан кеткен науқастың бронхтық өтімділігі жөтелгенде қалпына келмесе, онда қажет:

1. +кеңірдек интубациясы

2. трахеостомия

3. постуральді дренаж

4. коникотомия

5. оттегі ингаляциясы

 

327. ЖРВИ ең жиі кездесетін таралу жолы:

1. алиментарлы

2. + ауа-тамшылы

3. контактты

4. жыныстық

5. қан құю кезінде

 

328. Балаларда ЖРВИ абдоминальды түріне тән:

1. жөтел

2. интоксикация

3. тамақтың ауыру

4. ентігу

5. +іштің ауыру

329. Төменде аталған аурулардың қайсысы нейротоксикозбен асқынбайды:

1. тұмау

2. ЖРВИ

3. +сальмонеллез

4. менингит

5. көк жөтел

 

330. Нейротоксикоздың ең айқын клиникалық көрінісі қандай жастағы балаларда кездеседі?

1. 5-7 жас

2. +3 жасқа дейін

3. 10-15 жас

4. 7 жастан жоғары

5. 1 айға дейінгі балаларда

 

331. ЖРВИ ауырған балаларда гипертермиямен күресу үшін қолдануға болады:

1. кестин

2. эуфиллин

3. дроперидол

4. +парацетамол

5. дибазол

332. ЖРВИ ауырған балаларда тырысу синдромын жою үшін қолданылады:

1. димедрол

2. преднизолон

3. +седуксен

4. парацетамол

5. дибазол

333. Нейротоксикоз бұл төмендегілердің қосылысы:

1. +ОЖЖ инфекциялық және токсикалық зақымдалуы

2. ОЖЖ токсикалық және механикалық зақымдалуы

3. ОЖЖ токсикалық және метаболикалық зақымдалуы

4. ОЖЖ инфекциялық және механикалық зақымдалуы

5. ОЖЖ инфекциялық және гидродинамикалық зақымдалуы

 

334. Сәбилерде кездесетін тырысу синдромының ең жиі себебі – бұл

 

1. іріңді менингит

2. эпилепсия

3. жедел улану

4. +вирусты инфекциялар кезінде энцефаликалық реакция

5. ОЖЖ жарақаты

 

335.Балаларда гипертермияны жоюға бағытталған терапияны неден бастау қажет

1..қызбаны түсіретін препараттарды енгізуден

2. +суытудың физикалық әдістерінен

3. аминазин және пипольфен енгізуден

4. дроперидол енгізуден

5. азот қышқыл тотығын ингаляциялаудан

336.Тұмау кезінде инфекция көзі болып табылады

1. Реконвалесцент

2. Жануарлар

3. Құстар

4. Кеміргіштер

5. +Науқас адам

 

337. ОРВИ кезінде кездеспейтін симптомды көрсетіңіз:

1. бас ауруы

2. гипертермия

3. мұрыннан су ағу

4. +полиурия

5. тырысулар

 

 

338. Төменде аталғандардың ішінде нейротоксикозда жүргізілмейтін емді атаңыз

1. тырысуға қарсы

2. +десенсибилизациялық ем

3. дегидратациялық ем

4. дезинтоксикациялық ем

5. нейропротекция

 

339. Нейротоксикозбен науқастың жүрек қызметі күрт нашарлап немесе күрт тахикардия басталса, қандай дәріні енгізген жөн:

1. преднизолон

2. фуросемид

3. +строфантин

4. магний сульфаты

5. лидокаин

 

340. Нейротоксикоздың синонимы болып табылады:

1. жұқпалы токсикалық шок

2. токсикалық энцефалопатия

3. менинго энцефалит

4. +энцефалды реакция

5. септицемия

 

341. ОРВИ кезінде асқынуларға жатпайды:

1. гипертермиялық синдром

2. +эксикоз

3. нейротоксикоз

4. фебрильді тырысулар

5. көмей стенозы

 

342. Жоғары тыныс жолдарын бөгде заттардан тазарту үшін қолданылатын әдістер:

1. Селлик

2. Мендельсон

3. Сафар

4. +Геймлих

5. Бобров

 

343. Геймлих әдісі нәтижесіз болғанда сіздің іс-әрекетіңіз?

1. кеңірдек интубациясын орындау

2. ӨЖЖ жүргізуді бастау

3. жүректің сыртқы массажын жасауға кірісу

4. +коникопункцию

5. мұрындық ауаүрлегішті енгізу

 

344. Тыныс жолдары обструкциясы кезінде бөгде заттар көбіне қай жерде тұрып қалады?

1. жұтқыншақта

2. кеңірдекте

3. +көмейде

4. бронхтарда

5. мұрын қуысында

 

345. Геймлих әдісін орындау кезде жыртылып кетуі мүмкін анатомиялық құрылым

1. жүрек

2. +асқазан

3. өкпе

4. бүйрек

5. қуық

 

346. Жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат кездескенде жасауға болмайтын әдіс:

1. жауырын аралық аймақты ұрғылау

2. +ауа үрлегіш түтікті енгізу

3. коникотомия

4. трахеостомия

5. Геймлих әдісі

347. Көмейге бөгде зат түскен жағдайда ауруханаға дейінгі кезеңде қандай емдік іс-шара ең алдымен орындалу қажет:

1. ларингоскоп көмегімен бөгде затты алып тастау

2. профильді стационарға жедел госпитализациялау

3. жедел трахеостомия

4. +Геймлих әдісі

5. оттегі ингаляциясы

 

348. Комада жатқан науқастарда жоғары тыныс жолдарының обструкциясының ең таралған себебі:

1. көмей –жұтқыншақтың бөгде заты

2. +тіл түбірінің түсіп кетуі

3. ларингоспазм

4. ауыз жұтқыншақта трахеобронхиальды секреттің жиналуы

5. эпиглоттит

 

349. Төменде аталғандардардың барлығы кеңірдек интубациясын жүргізуге қарсы көрсеткіш болып табылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:

1. бассүйек негізінің сынығында

2. +тахипное 40 тан аса

3. омыртқаның мойын бөлімінің сынығында

4. көмей –жұтқыншақтың бөгде затпен обструкциясы

5. көмей ісінуінде

 

350. Бөгде затпен шақырылған жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезінде патогномды симптом:

1. түшкіру

2. ентігу

3. +ұстамалы жөтел

4. дене температурасының жоғарлауы

5. кеуде торындағы ауыру сезімі

 

351. Жіті стенозды ларинготрахеит дамыған кезде балаларда жоғарғы тыныс жолдарының стенозына ТӘН ЕМЕС клиникалық белгі:

1. инспираторлы ентігу

2. тыныс алуға көмекші бұлшықеттердің қатысуы

3. +жоғары қызба

4. цианоз

5. тахикардия

 

352. Мұрын қуысындағы бөгде заттың болуын анықтайтын ең аз белгі

1. ауаның жетіспеуі

2. түшкіру

3. +көз жасының ағуы

4. жағымсыз иісті бір жақты іріңді мұрынның бітелуі

5. бір жақты мұрынмен демалудың қиындауы

 

353. Тұншығу белгілері бар бала дем алғанда шапалақ соққандай шулы дыбыс естіледі. Бұл шулық феномен неге байланысты?

1. бөгде зат пен ауызжұтқыншақ қабырғасының арасынан шыққан ауаға

2. дем алғанда таңдай пердесінің қимылдауымен

3. түсіп кеткен тілдің қимылымен

4. таңдайға бөгде заттың соғылуына

5. +кеңірдекте бөгде заттың қимылдауына

 

354. Кеңірдекте бөгде заттың аспирациясы кезінде ең жағымсыз болжамды белгісі:

1. +дыбыс байламдарының спазмы

2. ұстамалы ентігу

3. қан қақырықты жөтел

4. жұтқанда ауыру сезімі

5. мойынның ауыруы

 

355. Балаларда жоғарғы тыныс жолдары обструкциясының ең жиі себебі:

1. жоғарғы тыныс жолдарының күйіктері

2. +жоғарғы тыныс жолдарының қабыну үрдістері

3. тыныс жолдарына қан кету

4. жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық ісінуі

5. тыныс жолдарының жарақаты

 

356. Кеңірдекте бөгде затты сипаттайтын негізгі симптом:

1. іріңді қақырықты жөтел

2. + дем алғанда шапалақтаушы шу

3. ентігу

4. қан қақыру

5. брадипное

 

357. Төменде аталғандардың қайсысы демікпе статусының 2 сатысына тән:

1. симпатомиметиктерге тұрақтылық сатысы

2. гипоксиялық кома сатысы

3. гиперкапниялық кома

4. салыстырмалы компенсация сатысы

5. + «мылқау өкпе» сатысы

 

358. Демікпе статусының II сатысына тән ең негізгі белгіні атаңыз:

1. цианоздың айқындылығы

2. мойын көктамырларының пульсациясы

3. тахикардия

4. қатаң тыныс

5. +өкпеде тыныс шуларының болмауы

 

359. Демікпе статусында бронх өтімділігінің нашарлауы мүмкін:

1. атропин енгізгеннен кейін

2. гормондар енгізгеннен кейін

3. +симпатомиметиктерді қайта қабылдағаннан соң

4. гормондарды қайта енгізгеннен кейін

5. оттегі терапиясынан кейін

 

360. Демікпе статусында қолданылатын таңдаулы препарат:

1. атропин

2. b-блокаторлар

3. +кортикостероидтар

4. b-стимуляторлар

5. димедрол

 

361. Демікпе статусы жағдайындағы науқасқа көрсетілетін жедел жәрдем:

1. содалық ингаляция, гормондар

2. ерітінділерді көктамырға инфузиялау, симпатомиметиктер

3. оттегі ингаляциясы, ерітінділерді көктамырға инфузиялау, симпатомиметиктер

4. +оттегі ингаляциясы, ерітінділерді көктамырға инфузиялау, гормондар

5. содалық ингаляция, ерітінділерді көктамырға инфузиялау

 

362. Төменде көрсетілген бронхолитикалық дәрілердің қайсысы ингаляциялық глюкокортикостероидтарға жатады:

1. интал

2. + будесонид

3. преднизолон

4. аколат

5. Задитен

 

363. Төменде аталған дәрілердің қайсысы демікпе статусында қолданылмайды:

1. преднизолон

2. гепарин

3. +димедрол

4. эуфиллин

5. оттегі

 

 

364. Демікпе статусының III сатысында ауруханаға дейінгі кезенде жүргізілетін дұрыс әрекет:

1. тыныс аналептиктерін енгізу

2. кальций антагонисттерін көктамырға енгізу

3. +бронхиалды лаваж

4. b-блокаторлар енгізу

5. стероидты емес қабынуға қарсы дәріні енгізу

 

365. Бронхдемікпелік статусты басу үшін қолданылмайды:

1. эуфиллин

2. преднизолон

3. оксигенотерапия

4. гепарин

5. +морфин

366. Демікпе стасусында аталғандар асқынулардың қайсысы болмайды:

1. жіті оңқарыншылақ жетіспеушілік

2. жіті тыныс жеткіліксіздігі

3. пневмоторакс

4. жіті өкпетекті жүрек

5. +ларингоспазм

367. Демікпе статусын бронх демікпесінің ауыр дәрежесінен айыратын белгі:

1. тахипноэ

2. тахикардия

3. цианоздың пайда болуы

4. +аускультацияда өкпеде тыныс шуларының болмауы

5. жүрек тондарының тұйықталуы

 

368. Демікпе статусының дамуына әсер ететін факторлар:

1. десенсибилизациялық дәрілерді қабылдау

2. көп мөлшерде сұйықтық қабылдау

3. +эуфиллинді көп қабылдау

4. жіті ішек инфекциясы

5. жіті респираторлы вирусты инфекция

 

369. Ауруханаға дейінгі кезеңде төменде аталған жағдайлардың қай түрінде в-адреноблокаторларды қолдану қарсы көрсеткіш болып табылады:

1. артериальная гипертензия

2. ЖИА. Тұрақты стенокардия

3. + бронх демікпесі

4. пароксизмалды қарыншалық тахикардия

5. нейровегетатитвті гипертензивті криз

 

370. Психоэмоционалды қозу бар бронхдемікпелік статус жағдайдағы науқасқа қай препаратты енгізуге болады:

1. морфин

2. промедол

3. +дроперидол

4. каптоприл

5. конкор

 

371. Спонтанды пневмотораксы бар науқаста жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің белгілері пайда болды,ортаралық ағзалар қарама-қарсы жаққа қарай ығысты,сау өкпенің желденуі азайды. Қандай асқыну болуы мүмкін?

1. пневмония

2. жіті бронхит

3. +кернелген пневмоторакстың дамуы

4. теріастылық эмфизема

5. тыныс жолдарында бөгде зат

 

372. Кеуде жарақатын алған зақымданушының кенеттен беті ісініп, мойын мен басының көлемі ұлғайды. Басып көргенде крепитация, «қардың сықыры» анықталады. Қандай патология туралы күмәндануға болады:

1. ашық пневмоторакс

2. жабық пневмоторакс

3. +кернелген пневмоторакстың

4. гематоракс

5. теріастылық эмфизема

 

373. Жоғары қызбамен және қара-қоңыр тұтқыр қақырық аралас жөтелмен 60- жасар науқас мас күйінде табылды. Шағымдары: ентігу, айқын үдемелі әлсіздік, кеуде торындағы ауыру сезімі, қалтырау. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, оң өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс естілмейді, ылғалды ірі көпіршікті сырылдар. ТЖ 24, ААҚ 90/60, ЖСЖ минутына 120 рет.

Болжам диагноз:

1. Өкпе абсцесі

2. Эксудативты плеврит

3. +Оң жақтық крупозды пневмония

4. Аспирациялық пневмония

5. Жедел респираторлы синдром

 

374. 62- жасар ер кісі дене температурасының жоғарлауына, қара-қоңыр тұтқыр қақырық аралас жөтелге шағымданады. Анамнезінен: жедел ауырған. Объективті: оң өкпенің төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген, ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі.ТЖ 24 мин, АҚҚ 110/70 мм.сын.бағ. ЖСС 120 мин.

Болжам диагноз:

1. + Ауруханадан тыс пневмония

2. Аурухана ішілік пневмония

3. Атипті пневмония

4. Аспирационды пневмония

5. Интерстициалды пневмония

 

375. Терапиялық бөлімшеге 80 жасар науқас түсті. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасының 39,3 С жоғарлауы, басының ауруы, әлсіздік. Жедел ауырған, бір күн бұрын тағам қалдығымен шашалып, қатты жөтелу мазалаған. Лор-дәрігер кеңесі: патология анықталмаған. Кеуде ағзаларының рентгенограммасында: оң өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация.

Бұл науқаста пневмонияның қай түрі дамыған:

1. Пневмококкты пневмония

2. Стафилококкты пневмония

3. Фридлендер пневмониясы

4. + Аспирационды пневмония

5. Паракарциноидты пневмония

 

376. 38 жастағы науқаста жарақаттан кейін қабырғалар сынығы мен оң жақ кеуде клеткасының жыртылған жаралары анықталған, науқасты ентігу, цианоз және дем алғанда ауыру сезімі мазалайды. Науқаста төменде аталған жағдайлардың ішінде ең мүмкін болатыны:

1. + пневмоторакс

2. ТЭЛА

3. гематоркс

4. миокард инфаркті

5. гиповолемиялық шок

 

377. Науқас 25 жаста. Шағымдары жарақат алған жерінде ауыру сезімдеріне, ентігуге. Көшеде төбелес кезінде пышақ жарақатын алған, осыған байланысты «03» шақыртқан. Қарап тексергенде науқас қозулы, аузынан алкогольдің иісі шығады, тыныс беткей және жиі. Оң жақ III-IV қабырғааралықта пышақпен кесілген жара анықталды және науқас дем алғанда жарадан шулы ауа мен қан шашырайды. Перкуссия кезінде зақымдалған жақта тимпаникалық дыбыс, аускультацияда әлсіреген тыныс шулары естіледі. Тахикардия ЖСС 125 минутына, ААҚ 90/60 мм.сын.бағ. Ең мүмкін болатын диагноз:

1. спонтанды пневмоторакс

2. кернелген пневмоторакс

3. + ашық пневмоторакс

4. жабық пневмоторакс

5. гематоракс

 

378. 63 жастағы науқаста бронх демікпесі ұстамасын жою кезінде сальбутамол ингаляциясы қолданылды. Нәтижесінде науқастың жағдайы біршама жақсарды, бірақ ентігу және ысқырықты сырыл сақталады. Науқасқа қандай препаратты енгізу қажет?

1. интал

2. алупент

3. теофиллин

4. +преднизолон

5. тербуталин

 

379. 13 жасар қыз бала. Шағымдары: құрғақ жөтел, тамағында жыбырлау сезімі. Дене температурасы 37,5°С. 3 күн бері ауырады, суықтаумен байланыстырады. Өкпе аускультациясында дем шығаруы ұзарған везикулярлы тыныс, құрғақ сырыл. Болжам диагноз:

1. бронх демікпесі

2. созылмалы бронхит

3. +жіті бронхит

4. құрғақ плеврит

5. пневмония

 

380. Науқас Г. 54 жаста. Дем алудың қиындауына шағымданады. Ұстама жиілігі айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған. Беротек ингаляциясын қолданған, бірақ нәтижесіз. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы цианозды. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл. ТЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 130-90 мм.сын.бағ.

Болжам диагноз:

1.. Өкпе артериясыныңң тромбоэмболиясы

2. +Бронх демікпесі. Орташа ауырлықтағы ұстама. ТЖ I

3. Екі жақты ауруханадан тыс пневмония. ТЖ I

4. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Интерстициальды өкпе ісінуі.

5. Бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәрежесі. ТЖ III.

 

 

381. Науқас 24 жаста. Құрғақ, қатаң, «үрген» тәрізді жөтел, тұншығу мазалайды. Анамнезінде: қатты суық тиіп апта бойы ауырған. Қарап-тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта.Мойын бездері екі жағынан ұлғайған, басқанда шамалы ауырады. Бездердің айналасындағы тіндер ісінген, дауысының қарлығуы үдеген. Аңқасын қарағанда: ақ сұр түсті қиын алынатын жабындылармен жабылған. Тынысы шулы. ТЖ- 22 минутына.Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Қандай ауыру туралы ойлауға болады?

1. +шынайы дифтериялық круп фонында жітілеу көмей стенозы

2. жіті фарингит

3. демікпе статусы

4. созылмалы фарингиттің өршуі

5. кеңірдекте бөгде зат

 

382. Науқас Д., 55 жаста. Кәсібі көлік жүргізушісі. Шырышты– іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Аталған шағымдар бүгін күндіз басталған. Суықта тұрып ұзақ уақыт көлігін жөндеген. Ешқайда қаралмаған, ем қабылдамаған. Бұрын 10-15 жылдан бері таңертіңгісін құрғақ жөтел мазалап жүрген. дене температурасы 37,5 С. ТЖ – 23 минутына. Өкпе аускультациясы: өкпесінде қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды ірікөпіршікті сырылдар. Өкпе перкуссиясында қорап тәрізді дыбыс. Болжам диагноз:

1. пневмония

2. бронхэктаз ауруы

3. +созылмалы обструктивті бронхит

4. өкпе туберкулезі

5. жіті плеврит

 

383. 30 жастағы науқас К., ауыр жағдайда кешке көшеде табылды. Жағдайының ауырлығына байланысты шағымдарын айта алмайды. Объективті: тері жамылғыларының бозаруы. Зорлау белгілері анықталған жоқ. Аузынан алқызыл қан бөлінеді. ТЖ 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

1. Асқазан-ішектен қан кету

2. +Өкпеден қан кету

3. Кеуде клеткасына енген жарақат

4. ӨАТЭ

5. өкпе ісінуі

 

 

384. 82 жастағы науқас В.,тәулігіне 1 стаканнан артық бөлінетін сирек жөтелге, кеуде клеткасындағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: бірнеще жылдан бері ауырады, 1 ай ішінде дене салмағы және тәбеті бірден төмендеген. Кезеңді түрде стационарлық ем, соның ішінде химиотерапия қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Науқас жүдеген. Тері жамылғысы бозғылт. Қайғырған бет бейнесі. Өкпесінде қатаң тыныс, жоғарғы бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 100 соққы, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

 

1. + Өкпе рагы, өкпеден қан кетумен асқынған

2. асқазан рагы, асқазаннан қан кетумен асқынған

3. Кеуде клеткасына енген жарақат

4. Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік

5. ӨАТЭ

 

 

385. 70 жастағы науқас П., көп мөлшерде алқызыл түсті қанның бөлінуімен қатар жөтелге шағымданады. Анамнезінен: бронхөкпелік аурумен ұзақ мерзім бойында ауырады. Объективті: тері жамылғысы жер тәріздес реңмен қосарласқан бозғылттау. Өкпесінде қатаң тыныс, ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 120 рет мин, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Бұл жағдайда қандай препаратты тағайындауға болмайды?

1. викасол

2. аминокапрон қышқылы

3. дицинон

4. кальций хлорид

5. +гепарин

 

386. 56 жасар науқас А., ес-түссіз күйінде көшеден табылды. Кеуде клеткасының тұсында көйлегінде қан ізі анықталады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр.кахексиялы. Тері жамылғысы бозғылт.Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Қолының саусақтарының басы «барабан таяқшалары» тәрізді. Қарап тексеру кезінде ауыз қуысында қан аралас сілекей қалдықтары анықталды. Өкпесінің оң жағында везикулярлы тыныс әлсіреген, майдакөпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

1. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

2. + өкпеден қан кету

3. кеуде клеткасына енген жарақат

4. асқазан-ішектен қан кету

5. өкпе ісінуі

 

387. 40 жылдық темекі шегуден стажы бар науқасты үздіксіз, мазалайтын жөтел, кейде қан аралас, жарты жыл ішінде дене салмағыгың 20 кг азаюы, әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз және ЭТЖ жоғарлауы мазалайды. Аталған шағымдар қандай сырқатқа күмәндандырады?

1. Бөліктік пневмония

2. Бронх демікпесі

3. + Өкпе рагы

4. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

5. Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары

 

388. Бала 2 жаста, жедел ауырды, температура 39ºC. Жағдайы 2 сағат бұрын қиындаған үрген тәрізді жөтел, тұншығу пайда болған. Науқас ес түссіз, жіп тәрізді пульс, брадикардия, тырысу. Болжам диагноз:

1. ЖРВИ, обструктивті бронхит

2. ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІІ дәрежеде

3. ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІ дәрежеде

4. + ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІҮ дәрежеде

5. Жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде зат

 

389. Бір жасар бала кенеттен ауырып қалды, температурасы 38,9°С, қозғыштық, жиі үрген тәрізді жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ 60 мин., тынысы шулы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен. Болжам диагноз:

1. ЖРВИ, обструктивті бронхит

2. +ЖРВИ, ларинготрахеит, кеңірдек стенозының II дәрежесі

3. ЖРВИ, бронхопневмония

4. ЖРВИ, ларинготрахеит, кеңірдек стенозының I дәрежесі

5. жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат

 

390. ЖРВИ ауырған 5 жасар баланың жағдайы күрт нашарлап кетті, жоғары қызба (39°С) фонында тырысулар пайда болды

Оған тырысуға қарсы дәрі енгізген дұрыс:

1. хлоралгидрат

2. кальций глюконаты

3. +седуксен

4. магний сульфаты

5. люминал

 

391. Науқас К., 15 жаста. Аз шырышты қақырықты жөтелге, ентігуге, діріл кеуде клеткасында ауыру сезіміне шағымданады. Суық тиіп, жіті ауырған. Температурасы 38,7 С. ТЖ – 22 минутына. Өкпе аускультациясы: оң өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды орташа және майдакөпіршікті сырылдар. Болжам диагноз:

1. оң жақтық төменгі бөлікті пневмония

2. +жіті бронхит

3. жіті плеврит

4. өкпе туберкулезі

5. бронх демікпесі

 

392. Бала 2 жаста. ЖРВИ ауырған. 5-күні кешке жағдайы нашарлай бастаған: «үрген» тәрізді жөтел, дем алудың қиындауымен ентігу, дауысының қарлығуы пайда болған. Объективті: бала мазасыз, тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы бозғылт. Шулы тыныс алыстан естіледі. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Аталған препараттың қайсысын енгізген жөн?

1. седуксен

2. димедрол

3. +преднизолон

4. сальбутамол

5. парацетамол

 

393. 1,5 жасар балада денсаулығының қалыпты фонында, кенет ойнап жүріп тырыспалы жөтел ұстамасы басталды. қозғалғанда күшейетін және тынышталғанда жойылатын ентігу пайда болды. Болжам диагноз:

1. жалған круп ұстамасы

2. жіті бронхит

3. пневмония

4. +тыныс жолдарының бөгде заты

5. бронх демікпесінің ұстамасы

 

394. 3 жасар баланы тұншығу сезімі, «үрген» тәрізді жөтел, дем алудың қиындауы мен ентігу мазалайды. Апта бойында дене температурасы жоғарлаған, мұрыннан бөлінді, әлсіздік мазалаған. Жалпы жағдайы кенет нашарлаған: жедел тұншығу, «үрлеген» жөтел, дауыстың қарлығуы дамыған. Объективті: бала мазасыз, тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы бозғылт. Шулы тыныс алыстан естіледі. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

A. жіті бронхит

B. созылмалы обструктивті бронх ауруларының өршуі

C. демікпелік статус

D. пневмония

E. +көмей стенозының 2 дәрежесі

 

395. 3 жасар бала жағдайының ауырлығына байланысты шағымданбайды. Анамнезінде: ата-анасының айтуы бойынша бала жедел ауырған, апта бойында дене температурасы жоғарлаған, мұрыннан бөлінді, буындардағы ауыру сезімі, әлсіздік мазалаған. Кенеттен нашарлаған: жедел тұншығу, «үрлеген» жөтел, дауыстың қарлығуы дамыған. Бала тежелген, қоршағандарға мән бермейді. Қарашықтарының кеңеюі анықталады. Тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Дем алуға бұғана үсті және асты кеңістіктері, мойындырық шұңқыры, қабырға аралықтары, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Терісі сұр бозғылт. Беткей, үзілісті тыныс. Жүрек тондары тұйық, брадикардия. ЖСЖ 40 рет, АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

1. жіті бронхит

2. созылмалы обструктивті бронх ауруларының өршуі

3. демікпелік статус

4. пневмония

5. +көмей стенозы, терминальды сатысы

 

396. 2 жастағы бала тамақ ішіп отырып қақалып, көгере бастады. Қарап тексергенде: есі жоқ, диффузды цианоз, тынысы шулы, стенозды. ЖЖБ дәрігері тыныс алу жолдарында бөгде заттың тұрып қалуына күмәнданды. Ауруханаға дейінгі кезеңде баланың кеңірдегіне бөгде заттың тұрып қалуына қандай көмек көрсеткіш болады.

1. +Геймлих әдісі

2. бронходилятаторды қолдану, асқазан зондын енгізу.

3. асфиксия жағдайында тез арада кониктомия немесе трахеостомия, оксигенотерапия.

4. гормональды дәрілік заттарды және антиоксидантарды бұлшық етке немесе көктамырға енгізу.

5. ӨЖЖ, тыныстық антиоксидантарды тағайындау.

 

397. 4 жастағы бала ЖРВИ ауырғанан кейін жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Қарап тексергенде инспираторлы ентігу, үргендей жөтел, дауысының қарлығуы анықталды.Бала қозулы, тынымсыз,тыныс алу актісінде мойын және кеуде торшасының бұлшық етттері қатысады. айқын аздаған физикалық күштемеден кейін тыныс шығару кезінде эпигастрия аймағы қабырға аралық, бұғана асты және үсті кеңістіктің тартылуы байқалады.Алыстан естілетін шулы тыныс. Болжам диагноз қойылды: ЖРВИ, ларинготрахеит, 2 дәрежелі көмекей стенозы.

Дұрыс емді таңдаңыз:

1. преднизолон,седуксен, оксигенотерпия

2. жылы сілтілі сұйықтық, эуфиллин, оксигенотерпия

3. седуксен, эуфиллин,оксигенотерапия

4. + жылы сілтілі сұйықтық, эуфиллин, преднизолон

5. седуксен, жылы сілтілі сұйықтық, оксигенотерпия

 

398. 60 жасар науқас Н., ұзақтығы бір тәуліктен асқан тұншығу ұстамасына, ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Анамнезінде: ұзақ уақыт бойында БД ауырады, тұрақты беротек (түнде), беклазон, теоатард ингаляциясын қолданады. Объективті: мәжбүр қалып ортопноэ, тері және көзге көрінетін шырышты қабаттардың диффузды цианозы анықталады. ТЖ 30 рет/ мин. Жоғарғы иықтық бөлік фиксацияланған, көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе перкуссиясында қораптық тыныс, өкпе аускультациясында құрғақ шашыранды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 94 мин, ААҚ 130/80 мм.сын.бағ. Болжам диагноз?

1. Бронх демікпесі орташа ауырлық ұстамасы

2. Созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі

3. +Демікпелік статус 1 сатысы

4. Демікпелік статус 2 сатысы

5. Демікпелік статус 3 сатысы

 

399. Науқас К., 58 жаста, ұзақтығы бір тәуліктен асқан тұншығу ұстамасына, ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, айқын әлсіздікке шағымданады. Ұзақ уақыт бойы БД ауырады, үнемі салбутамол, серетид ингаляциясын қолданады. Соңғы ай көлемінде салбутамол қабылдау жиілігін 10 ретке дейін жоғарлатқан, нәтижесіз. Объективті: науқас қозулы. Қимылы және сөйлеуі қиындықпен. Науқас мәжбүр қалпында, қолдарымен диванның жиегіне сүйеніп отыр. Тері жамылғысы ылғалды. Терісінде және көзге көрінетін шырышты қабаттарында диффузды цианоз анықталады. ТЖ 35 рет минутына. Жоғарғы иықтық бөлік фиксацияланған, көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе перкуссиясында қораптық тыныс, өкпе аускультациясында әлсіреген везикулярлы тыныс, тыныс шулары мүлдем естілмейді. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Парадоксальды пульс. ЖСЖ 115 рет минутына., АҚҚ 150/100 мм.сын.бағ.

Болжам диагноз?

 

1. Созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі

2. Бронх демікпесі орташа ауырлық ұстамасы

3. Демікпелік статус 1 сатысы

4. +Демікпелік статус 2 сатысы

5. Демікпелік статус 3 сатысы

 

400. 48 жасар науқас жағдайының ауырлығына байланысты шағымдана алмайды. Объективті: бұлшық ет тырысулары, мәжбүр қалпында. Терісінде және шырышты қабаттарында сұр диффузды цианоз анықталады. Кеуде клеткасы эмфизематозды ұлғайған. Тынысы сирек беткейлі. Жіп тәрізді пульс ЖСЖ 130 рет минутына., АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ.

1.Болжам диагноз?

1. БД орташа ауырлық ұстамасы

2. созылмалы обструктивті бронх ауруларының өршуі

3. Демікпелік статус 1 сатысы

4. Демікпелік статус 2 сатысы

5. +Демікпелік статус 3 сатысы

 

401. 58 жастағы науқас жағдайының ауырлығына байланысты шағымдана алмайды. Ұзақтығы 1 тәуліктен асатын тұншығуға, қақырық бөлінудің қиындауына. Соңғы тәулік ішінде беротек ингаляциясын 15 ретке дейін қолданған, нәтижесіз. Объективті: науқас қозған,Ортопное. Тері жамылғысы ылғалды, диффузды цианоз. ТЖ 32 рет минутына. Өкпе аускультациясында тыныс шулары мүлдем естілмейді. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. ЖСС 125 минутына. АҚҚ150/100 мм.сын.бағ. Дұрыс емдеу тактикасын анықтаңыз:

1. салбутамол, эуфиллин, оттегі

2. +преднизолон, эуфиллин, оттегі

3. сальбутамол, преднизолон, оттегі

4. беродуал, оттегі, преднизолон

5. беротек,оттегі, эуфиллин

 

402. «Жедел жәрдем» шақыртқан 25 жасар науқаста демікпе статусы анықталды. Төменде аталған дәрілердің қайсысын қолданбаған жөн:

1. преднизолон

2. эуфиллин

3. гепарин

4. оттегі

5. +димедрол

 

 

403.Науқас А. 53 жаста. 10 жылдан бері бронх демікпесімен ауырады. «Жедел жәрдем» бригадасын шақыртқан. Дәрігердің болжам диагнозы: Демікпелік статустың 1 сатысы

Тұншығу ұстамасын басқаннан соң науқастың артериалды қан қысымы күрт АД до 180/100 мм.сын.бағ дейін көтерілді. Қандай препаратпен емдеу барысында аталған асқыну дамиды:

 

1. +Преднизолон

2. Эуфиллин

3. Гепарин

4. Салбутамол

5. Амбросан

 







Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 9608. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия