Студопедия — Мipсүру сапасын жақсарту үшiн. Отбасын құрудың құқықтық тәртібі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мipсүру сапасын жақсарту үшiн. Отбасын құрудың құқықтық тәртібі






Неке - отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындадатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе - бұл да отбасы.

Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туысқандықтан, бала асырап алудан, отбасын тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқықтық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік- өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолданудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеге ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай-ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптық қатынастар, әдеттегідей ғұмырлық, яки бірге тұру белгілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.

Қазақстанда мемлекеттік азаматтық хал актәлерін тіркеу органында тіркелген неке ғана танылады. Некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады.

Ерлі-зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады.

Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. Азаматтық хал актілерін тіркеу органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата-аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да дәлелді себептердің болуы мүмкін.

Некеге тұратын адамдар медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері дәрігерлік құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.

Болашақ ерлі-зайыптылар азаматық хал актілерін тіркеу органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Ал олардың біреуі азаматтық хал актілерін тіркеу органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек?

Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілдер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін тіркеу органында, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс-әрекетке қабілетсіздігі, сондай-ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию болып табылады.

Некелік шарт – біздің тұрмысымызға жақында енген ұғым.

Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі – зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет.

Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай-ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Қазақстанда халық санының көбеюін қолдауға бағытталған демография саласында нақты мемлекеттік саясат жұмыс жасайды. Отбасын жоспарлау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар отбасыларға ата-аналық борышқа жауапкершілікпен қарап, баланың өмірге келуін асыға күтіп, әйел денсаулығын сақтау мен отбасылық қатынастардың нығая түсуіне мүмкіндік жасайды.
Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарасаңыз, Сіз дүниеге дені сау және қалыпты бала әкелесіз

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 270. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия