Студопедия — Менеджерлерге қойылатын талаптар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Менеджерлерге қойылатын талаптар






Басқарушылық еңбектің ерекшелігі, басқарушылық функциялардың күрделілігі мен жан-жақтылығы басқару практиктері мен теоретиктерінің есінен еш уақытта шықпаған және олардың назарында басты орын алған, оған деген көзқарастардың XX ғасырдың басынан қазірге дейінгі эволюциясына көңіл аударалық. Кәсіпорында немесе ұйымда басқару жүйесінің қалыптасу кезеңінде және әрі қарай ұзақ уақыт бойында (шамамен 70-жьшдарға дейін) менеджерлерге қажетті сапаны ұйымның жұмыс әрекеті, сипаты мазмұнына байланыстырған. Сонымен қоса, бұл сапалардың тізбегін уақыт өткен сайын кеңейтіп отырған.

Ғылыми менеджменттің классигі Ф.У. Тэйлордың пікірінше, мастерлердің «ақыл, білім, арнайы немесе техникалық мағлұмат, тәсілқойлық немесе күш, әдептілік, энергия, батылдық, адалдық, парасатты және дұрыс ойлау, мықты денсаулық» сияқты сапалары болуы керек.Басқару ісінің маманы А. Файолдың пікірі бойынша, ірі кәсіпорындарының басқарушыларына мына төмендегідей қасиеттер тән болуға тиіс:

а) денсаулық пен дене төзімділігі;

ә) ақыл және ақыл-ойының жұмыс қабілеттілігі;

б) өнегелі сапалар: қатаң, қажырлы, саналы жігер, белсенділік, қуат және, белгілі жағдайда, ерлік, жауапкершіліктен қорықпау, міндетті түсіну, барлық мүддеге қамқорлық;

в) жалпы түсінік шеңберінің кендігі;

г) әкімшілік қабілеттілік, іс-қимыл бағдарламасына көрегендік білдіру және оны жетілдіру қабілеті, ұйымдастырушылық сапасы, әсіресе әлеуметтік орта жасай білу мүмкіншілігі, бұйрық бере білу, адамдарды басқару өнері, олардың әрекетін үйлестіру және бақылау;

д) өте маңызды, қатысы бар барлық функциялармен таныс болу;

е) осы кәсіпорынға тән мамандықты жете білу.

Ірі кәсіпорындар табиғаты қандай болса да, басшыларына міндетті түрде қажетті сапа мен біліктіліктің жеті тобының алтауы біркелкі элементтерден құралады, тек жетінші топ әртүрлі кәсіпорындар үшін түрлі арнаулы жағдайды қажет етеді.Менеджерлердің аталған қасиеттерінің ішінде адамдармен жұмыс істей білуіне әдейілеп тоқталсақ, ол, ең алдымен, өздеріне бағыныштылармен жұмысы. «Босстың» өз жұмысы бар, бірақ оны олар бағыныштыларының қолымен істейді», — деп жазды Дон Фуллер. Мәселе адамдарға алдағы нысанаға жетуге түрткі беруде, оларды белгілі нәтижеге жетуге пайдалануда. Ол үшін «босс» олардың қажетін, мүддесін, рухани байлықтарға бағытын, қабілеті мен мүмкіншілігін білуге міндетті. Өз жұмысын істей отырып, ол қатаң, адал және белсенді болуы керек және’, ең соңында, өз беделін жоғары ұстауы керек, бірақ бұл қол астындағыларға жалпақ шешей болу деген емес, сонымен қоса, жарлық беретін және жалпы бағытты көрсететін лидер болуы керек.Бастықтар мен бағыныштылардың арасындағы қарым-қатынастардың ережелері тұжырымдалған («бағыныштыларға бағыт»), ол бойынша, бағыныштылар үшін ең жақсы варианттар: 1. өзінің не істеуі керек екенін білу, күткен түпкі нәтижеден анық мәліметі болу; 2. өзінің өкілдігінің көлемі мен шекарасы туралы анық мағлұматы болуы; 3. әріптестерімен өзінің карым — қатынастарының қандай екенін түсіну; 4. жұмысты жақсы және өте жақсы немесе, керісінше, жаман орындағанда қандай түпкі нәтиже алынатынын көре білу және оған өз мүмкіншілігі барлығын түсіну; 5. өздерінің идеялары мен істері текке кетпей, жалпы мақсатқа маңызды үлес қосатынына сенімділігі; 6. Бастық оның үлесінің құндылығын біліп қана қоймай, ол туралы басқаларға да хабарлайтынын сезіну; 7. өзінің бастығына тұлға ретінде қызық екендігі туралы және бастығының оның табыстары мен қызметте жоғарылауына қамқорлық жасайтыны туралы мәліметі болуға тиіс.Бүгін менеджерлердің тұтас командада болып жұмыс істей білуінің маңызы жоғарылай бастады. Әрине, бұл ең алдымен жоғарғы деңгейдегі басшыларға қатысты. Аталған бағыттың қажеттілігін басқару саласындағы мамандар мойындайды.Жаңа жағдай Қазақстан Республикасындағы фирмаларды басқарушыларының алдында тұрған ерекше мәселе. Бұрын бір орталықтан жоспарланатын экономикада мұндай «шығарманың» ешкімге керегі жоқ еді. Неге десеңіз, ол уақытта ең қажеттісі — «бірінші бастықтың» бұйрығын мүлтіксіз орындау жеткілікті болатын. Қазірде осы реңсіз қыл ықтан біздің басшыларымыз арылу үстінде. Әрине, ескірген «басқарушылық» команданың қабілеттілігі өте шектелген. Нағыз басқарушы команда міндетті түрде басқарушылық теориясымен және практикасымен таныс кәсіби мамандардан құрылуы қажет.Неге десеңіз, мұндай команданың қажеттілігінің басты себебі, біріншіден, ұйымдар бөлімдерінің өзара байланыстарының тығыздығы сонша, оларда түрлі менеджерлік жұмыс әдісін пайдалану тіпті тиімсіз; екінші себебі, одан да басым шешілетін мәселелердің жан-жақтылығы мен күрделілігі, олардың сипаттарының көлемділігі. Басқару процесінде бір адамның басында бүгінгі көлемде техникалық жетістік, экономикалық, құқықтық және басқарушылық білімді толық меңгеру аз кездеспейтін құбылыс. Сондықтан нағыз менеджер ұйымның түрлі бағыттағы әрекеттеріне жауап бере алатынына, өз басының және қызметтестерінің зиялылығына сүйенуі керек.Олай болса, кейбір менеджерлерге осы императивті (лат. — бұйрықты үн) мойындап, қабылдауға және тәжірибеде оны орындауға кім кедергі жасайды? Біріншіден, әрбір басшы ресми лидер ретінде жеке басының билікшілдік рәсіміне үйреніп кеткендіктен, оларға көзқарасты өзгерту оңайға түспейді. Екіншіден, болашақ команданың кез келген мүшесі қашанда лидер болуға тырысады. Үшіншіден, жылдам нақтылы шешім қабылдаудың қажеттілігінен, мәселені ұжым болып талдап жатуға уақыт болмайды. Төртіншіден, әдетте, барлық ұйымда әрекеттің нәтижесіне байланысты сыйлық беру керек, яғни команда лидердің күшті және әлсіз жақтарын толық есепке ала отырып қалыптастырылады. Қашанда лидер, ол егер сондай менеджер болса, өзінің қасиетін жақсы біледі, сондықтан команданы іріктегенде, өзінің әлсіз жағын толықтыратын адамдарды жинайды. Одан әрі, ең бастысы, командадағы жұмыста жақсы қарым-қатынас құру, бірлесіп жұмыс істеу үшін бәрін қанағаттандыратын қолайлы тәсілді ойластырған жөн. Команда мүшелері өздерінің жұмыстарын жан-жақты талқылайды және бірлескен іс-қимылдарын талдайды. Бұл ашықтықты, сана-сезімді жетілдіруді талап етеді.Бүгінде ұйымның қатардағы жұмыскерлеріне көзқараста жаңа тәсіл қалыптасуда. Олардың әрқайсысы ұжымның дамуына өз үлестерін қосатын серіктестер екенін есте ұстауы қажет. Сондықтан ұйым мүшелері ұйымның мақсатын жақсы біле отырып, барлық кездесетін мәселелерді дұрыс шешу жолында өзінің барлық күш-жігерін жұмсайды. Ұйым мүшелерінің осындай белсенділігін дамытып, олардың кәсіпкершілік қасиетін көре білу, тәуелсіздігін сақтау ұжымдық емес, жеке бастың үлесіне тиеді. Бесіншіден, қазіргі қазақстандық фирмаларда «басқарушылық» команда үшін ең үлкен мәселені кәсіби менеджерлер шешеді, команданың жоғарғы іскерлік мүмкіншілігі мен ақша табу үшін жұмсалатын күйбің жұмыстың арасындағы сәйкессіздік жоғары шиеленіскен жағдай туғызады, соңғыны жеңіп шығу лидер мен команданың қолынан келе бермейді. Алтыншыдан, командалық басқару жалпы және кәсіби мәдениеттілікті талап етеді, бірақ ол көп жағдайда бола бермейді.Командалық жұмыс басшылар мен бағыныштылардың толық түсінушілігінің бар жерінде тиімді бола алады. Табысты еңбектің екінші факторына команданы дұрыс іріктеп алу, оның негізінде «толықтыру принципі» жатады, ұйымды тәрбиелеу арқылы басқаруға барынша ұмтылу — қазіргі менеджерлердің мақсаты.

 

 

 

 

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 295. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия