Студопедия — Тіршілік қауіпсіздігі түсінігіне сипаттама беріңіз. Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау бойынша дәрігерлік шаралар халықты
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тіршілік қауіпсіздігі түсінігіне сипаттама беріңіз. Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау бойынша дәрігерлік шаралар халықты






Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау бойынша дәрігерлік шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улы заттармен, газдармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі. Ол мыналарды қамтиды:1)санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізу;2)халық пен АҚ бөлімшелерінің жасақшыларын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйрену;3) халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру;4) объектілердің радиоактивті, химиялық заттармен және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;5)санитарлық-ветеринарлық жіне эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.

 

 

ААА

Авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу мен ұйымдастырудың негіздері.Құтқару жұмыстары:- жұмыс аймағы мен қозғалысты барлау;- жұмыс аймағы мен қозғалыстағы өрт сөндіру мен алдын алу жұмыстары;- қопарылған үйінділер астынан шұғыл түрде зақымдалған немесе жарақаттанғандарды босату;- қираған ғимараттарды ашу және астында қалған адамдарды құтқару;- қираған ғимараттар астына ауа жіберу;жарақаттанғандарға алғашқы көмек көрсету және оларды емханаларға жеткізу; қауіпті аймақтан халықты көшіру; қауіптілік туралы шаруашылық нысандар мен жергілікті халықты ескерту, барлау жүргізу, қиралған орындардың көлемдері мен дәрежесін белгілеу, зақымдалған аймақтардың көлемдерін анықтау, өрт таралуларының, су тасқындары мен су алудың мүмкін шекаралардың болуы мен таралулары, табиғи апат қауіпі бар жергілікті пункт пен нысандарды анықтау; АҚ пен ТЖ құралдары мен жұмылдыру күштерін анықтау, алғашқы көмек көрсету ұйымын құру.

Адам ағзасына зиянды заттардың әсерін талдау. Адамның тыныс алу жолдары арқылы өте зиянды газдар мен булардан бүкіл организм уланады,немесе организмнің жеке бөлігі улануы мүмкін.Сондықтан, зиянды газдардың әсерінен төмендетілетін шараларды жете зерттеуден бұрын, сол газдардың және зиянды булардың түсу жолдары мен оюлығын анықтау қажет.Ал, өндіріс жағдайларында көбіне ауа адам денсаулығына зиянды булар және газдармен ластайды.Мысалы, малшылар жүріп-тұратын жерлерінде ауа аммякпен,күкіртті сутегі және басқа да зиянды газдармен ластайды.

Адам ағзасына зиянды заттардың келу жолдары мен түрлері Адамның тыныс алу жолдары арқылы өте зиянды газдар мен булардан бүкіл организм уланады,немесе организмнің жеке бөлігі улануы мүмкін.Сондықтан, зиянды газдардың әсерінен төмендетілетін шараларды жете зерттеуден бұрын, сол газдардың және зиянды булардың түсу жолдары мен оюлығын анықтау қажет.Ал, өндіріс жағдайларында көбіне ауа адам денсаулығына зиянды булар және газдармен ластайды.Мысалы, малшылар жүріп-тұратын жерлерінде ауа аммякпен,күкіртті сутегі және басқа да зиянды газдармен ластайды

Адам ағзасына иондық сәулеленулердің әсері Альфа-сәулелену-протондар мен нейтрондардан құралған ауыр бөлшектердің тасқыны. Ол қағаз бетімен тоқталатылады және адамның терісінен өте алмайды. Бірақ егер ол организмнің ішіне отып кетсе, өте қауіпті болып кетеді. Бета-сәулеленудің өтудің аса жоғары қабілеттілігі бар және адам терісіне 1-2 см-ге өтеді. Гамма – сәулеленуді тек қалын қорғасын және бетон плитасы ғана тоқтата алады.

Азаматтық Қорғаныстың қалыптасуы мен құрылым принциптері АҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады. Бiздiң елiмiзде бар АҚ бөлiмдерi жаппай зақымдау құралын қолданудан қорғауға, сондай-ақ ТЖ мен террористiк актiлердiң салдарын жоюға арналған.

АҚ бойынша шараларды жүзеге асыру мен ұйымдастыруға жауапты адамнемесе ұйым. АҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады. Бiздiң елiмiзде бар АҚ бөлiмдерi жаппай зақымдау құралын қолданудан қорғауға, сондай-ақ ТЖ мен террористiк актiлердiң салдарын жоюға арналған.

АҚ инженерлік – техникалық шараларды жобалаудың нормалары. ТЖ ұйымдастырудағы функциялары зерттеу. Төтенше жағдай шарттарында объект тұрақтылықты сақтау үшін төтенше жағдайлардың дамуында пайда болатын зиянды және қауіпті факторлардың әсер етуінен қызметшілерді сонымен қатар объектің жақын жерінде тұратын халықты қорғауға бағытталған инженерлік-техникалық, ұйымдастық және басқа шараларды өткізеді.Төтенше жағдай шарттарында объект жұмыстық тұрақтылығына келесі факторлар әсер етеді: объектің орналасу аймағы, ішкі жоспарлануы және объект территориясының салынуы; техникалық процестердің сипаттамасы (қолдананылатың заттар, құралдардың энергетикалық сипаттары, оның өртке және жарылуына қауіптілігі және т.б.); өндірістік жүргізу жүйесінің сенімділігі және т.б.Объектің орналасу аймағы.Объектің орналасу аймағы, сонымен қатар зақымдалатын факторлардың әсер етудің мүмкілдігін анықтайды (жер селкінулер, су тасқындары, даулдар, көшкіндер және т.б.).Көлік желілері және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерді қайталаудың маңызды мағынасы бар. Егер кәсіпорын немесе жүзетін өзеннің қасында орналасқан болса, темір жол және құбыр магистралының қиратылуы жағдайында шикізатты әкелу және дайын өнімін шығару су көлігімен асырылуы мүмкін.Төтенше жағдайлардың салдарына аймақтың метеорологиялық шарттар елеулі әсер етуі мүмкін.Салудың ішкі жоспарлануы және тығыздығыОбъектің территориясындағы салулардың ішкі жоспарлануы және тығыздығы өртің таратылып кетуінің мүмкіндігіне, жарылыс кезінде пайда болатын екпінді тасқынды қоздыра алатын қиратуларға қоршаған ортаға улы заттарды тастау кезіндегі зақымдауға ұшырайтын ошағының өлшемдеріне және т.б. елелеулі әсер етеді.Техникалық процестердің спецификациясы.Техникалық процестердің спецификациясың зерттей білу, құрал жабдықтардың жарылу мүмкіндігін (мысалы, қысым астындағы жұмыс істейтін ыдыстар) өртер пайда болатын негізгі себептерін, процесте пайдаланатын қатты әсер ететін, улы және радиоактивті заттардың мөлшерін бағалау керек. Сонымен қаттар төтенше жағдайдағы өндірісті тоқтатудың жылдам және апатсыз тәсілін жетілдіру керек.

Ауадағы улы заттарды анықтау. Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарлыуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды. Ластағыш заттардың негізгі көздері - өнеркәсіп, автокөліктер, зауаттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелер мен ұшақтар т.б. Жоғарыда аталған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысумен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организімдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді.

Ауыл шаруашылық жануарларының инфекциялы аурулары. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің аурулар мен зиянкестермен зақымдануыКүшті вирусты аурулардың арасында адамдардың өміріне қауіптісі - құтыру (бешенство). Егер, уақтылы дәрігерлік көмек көрсетілмесе, адам өліп кетеді. Инфекция құтырған жануарлардан беріледі. Қатерлі вирус нерв жүйесін зақымдап, ауруды үрейленгіш сезімге душар етіп, параличке ұшыратады.Құтырудан қалай құтылуға болады, оның қандай алдын алу шаралары бар?Құтыруға барлық жылы қанды жануарлар бейім, дегенмен табиғатта инфекцияны сақтайтын да, тарататын да – ет қоректілердің қасқыр, түлкі, борсық, кайот, скунс, шие бөрілер, мангустар сияқты ит тұмсықтардың кейбір түрлері. Оңтүстік Америка мен Африкада бұлардан басқа қан ішер, жарғанаттар, ірі жарғанаттар құтурудың тасушысы болып табылады. Құстардың, тіптен үй құстарының ішінен құтырғандары, адамдарға шабуыл жасағандары да кездескен.Қазіргі кезде бұл ауруды негізінен иесі жоқ бұралқы ит пен мысық таратады, олар жыртқыштар мен үй жануарларының, одан кейін адамның арасындағы байланыс буыны болып саналады. Құтыру ауыл шаруашылық жануарларына да жұғады.Бұл кесел ауру жануардың адамды тістеуінен болады. Бетті, басты, мойынды, қолды тістеген аса қауіпті. Алайда, құтырған жануардың сілекейінің зақымдалған теріге, көздің, ауыздың шырышты қабықтарына түсуі салдарынан да бұл аурудың жұғуы мүмкін.Бұл қауіпті инфекциямен ойдағыдай күресу үшін инфекцияның негізгі көзін – ауру жануарларды: құтырған қасқырды, түлкіні, қаңғырған ит, мысықтарды құртып, үй жануарларына жүйелі түрде алдын алу егу жүргізген жөн. Күмәнді хайуан тістеген адамды дереу егу керек. Бұл – оны өлімен алып қалудың жалғыз жолы.Қала мен елді мекендердегі барлық иттер тұқымының кімдікі екеніне қарамай, жылда құтыруға қарсы егілуі керек. Үй итін көшеде қысқа қарғы баумен, міндетті түрде тұмсығын байлап алып жүру керек, қаңғып жүрген тұқымдас иттермен жақындастыруға болмайды.Бәрінен де қауіптісі – бұралқы иттер мен мысықтар. Әлгі қатерлі ауруды тарататында – солар. Сондықтан оларды міндетті ұстау керек. Олармен аз күн ойнап, иесіз қаңғыртып жіберген өзіміз кінәлі.Үй жануарларына адамшылықпен қарап, оларды дұрыс бағып күту – медицина мен ветеринария осыған үндейді. Бұл адамдардың жанының да, тәнінің де саулығы үшін қажет. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын саңырауқұлақтар, бір клеткалы, таяқша тәріздес бактериялар, вирустар мен вироидтар қоздырады. Зиянды саңырауқұлақтардың, бактериялардың, кейде аяз салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігі дұрыс өспей, шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналып, өсімдік рагіне әкеліп соқтырады. Көпжылдық ағаштардың мех. немесе аяздан зақымданған діңдерінде, тамыры мен тамыр жемісінде, кейбір өсімдіктердің сабақтары мен гүл қауашақтарында, жапырақтарында бунақ денелілер жұмыртқаларын салып, сонда өсіп-көбейіп, зақымданған органды пішіні домалақтау келген ісіктерге айналдырып, оның дамуына себепші болады.

ӘӘӘ;

Әлеументтік сипаттағы төтенше жағдайлар. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері. Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi сипаттағы ТЖ-дан халықты және аумақты қорғау бойынша шаралардағы басты рөл жергілiктi атқарушы органдарға бөлiнген. Мемлекеттiк басқару өкiлеттiктерiнiң ара-жiгiнiң ажыратылуына байланысты жергiлiктi атқарушы органдар 2005 жылдан бастап жұмылдыру дайындығы жөнiндегi басқарманың, АҚ-ның құрылымдарын және авариялар мен дүлей зiлзалалардың алдын алу және жою ұйымдарын құрды. Алайда бiрқатар себептерге орай бұл құрылымдардың қазiргi уақытқа дейiн тиiстi аумақтарда ТЖ алдын алу және оларды жою бойынша мiндеттердi сапалы iске асыру үшiн жеткiлiктi мaтериалдық-техникалық, ақпараттық және әдiснамалық базасы, қызметкерлердiң қажеттi штаты жоқ. ТЖ-ның алдын алу мен оларды жоюға арналған жергiлiктi атқарушы органдардың жыл сайынғы резервi жеткiлiксiз көлемде қалыптасады.Азаматтардың көп бөлiгi өздерi тұратын жерлердегi ықтимал авариялар мен апаттардың алдын алуда енжарлық және керенаулық танытады. Жергiлiктi қоғамдастықтардың әлеуетi авариялық-құтқару жұмыстарын және ТЖ салдарын жоюды жедел жүргiзу үшiн пайдаланылмайды. Жоғарыда баяндалғандардың барлығы Министрлiктi, басқа да орталық атқарушы органдарды жергiлiктi сипаттағы ТЖ алдын алу мен оларды жоюға тiкелей қатысуға мәжбүр етедi, бұл авариялардан, апаттардан және дүлей зiлзаладан халықты және аумақты қорғау жөнiнде қабылданған шаралардың жеделдiгi мен тиiмдiлiгiн төмендетедi, оларды өткiзуге қаржы шығындарын арттырады. Бұл Министрлiктiң, басқа да орталық атқарушы органдардың өздерiне бекiтiлген мемлекеттiк стратегиялық басқару функцияларын орындауына белгiлi бiр залал келтiредi

Әскери химиялық барлау құралдары. Ауадағы, жердегі, техникадағы ж/е т.б объектілердегі улы заттарды аңықтау үшін химиялық барлау құралдарының көмегімен н/е сынақ алу ж/е артынша химиялық зерттханада талдау жолымен жүргізіледі.барлық құралдардың жұмыс істеу принциптері индификацияның химимялық әдісіне негізделген. Ол б-ша улы заттар реактивпен ықпалдасқан кезде реактивтің түсі өзгереді, ал егер реакция сұйық ортада жүргізлсе, ылғал түседі.ӘХБҚ Ауадағы, жердегі ж/е техниканың үстіндегі улы заттарды анықтауға арналған, ол корпусқа қақпақпен ж/е тасуға арналаған белбеумен бекітілген.Корпуста қол насосы, насостың саптамасы, индикаторлы түтікшесі бар үш қағаз таспасы, түтіннен қорғайтын сүзгі, қорғаныс қалпақшасы, шам, жылытқыш ж/е оның патрондары орналасады.

БББ

Бейбіт және соғыс жағдайында халықты инженерлік қорғау Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4).Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады..

Бейбіт және соғыс жағдайында халықты инженерлік қорғау Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4).Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады..

Бейбіт және соғыс уақытындағы жергілікті халықты инженерлік қорғау. Ғимараттарды қорғаудың түрлері Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады. Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (Сурет 4).Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады.

Бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ кезіндегі экономика нысандарының қалыптасу беріктігі Төтенше жағдайдағы халықтың шаруашылық жұмыс объектілердің тұрақтылығы бүл жағдайда өзінің функцияларын орындалуының қабілеттілігімен, сонымен қатар жарақаттанған жағдайда қалпына келу қабілеттілігімен анықталады.Төтенше жағдай шарттарында өндірістік кәсіпорындар өнімді шығаруға, қабілеттікті сақтау керек, ол көлік құралдары, электрлік берілістін жолы және басқа материалдарының құндылығы жоқ үйлестін объектілері өзінің талаптарын нормалауы түрде орындалады қамтамасыз ету керек.Төтенше жағдай шарттарында объект тұрақтылықты сақтау үшін төтенше жағдайлардың дамуында пайда болатын зиянды және қауіпті факторлардың әсер етуінен қызметшілерді сонымен қатар объектің жақын жерінде тұратын халықты қорғауға бағытталған инженерлік-техникалық, ұйымдастық және басқа шараларды өткізеді.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібіҚорғану ғимараттарын бейбiт уақытта пайдалану кезiнде мыналардың сақталуы, қамтамасыз етiлуi тиiс: 1) тұтас алғанда ғимараттарды, сондай-ақ оның жекелеген элементтерiн: кiретiн және шығатын авариялық есiктерi, қорғану-герметикалық және герметикалық есiктерi мен терезе қақпақтары, жарылысқа қарсы қондырғылар; 2) бүкiл қорғану ғимараттарының герметизациясы мен гидрооқшады; 3) инженерлiк-техникалық жабдықтар және оны кез келген уақытта соғыс кезiндегi режимде пайдалануға көшiру мүмкiндiгi. Қорғану ғимараттарында бөлмелердi қайта жобалауға, сақтандырушы конструкцияларды тесуге немесе ойық жасауға және жобада көрсетiлмеген жабдықтарды бөлшектеуге тиым салынады. Қорғану ғимараттарын бейбiт уақытта пайдалану кезiнде бөлмелердiң жарамдылығын белгiленген уақытта қорғану ғимараттары тәртiбiне ауыстыруды және соғыс уақытында адамдардың қорғану ғимараттарында болуына қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн барлық талаптар орындалуға тиiс.

Бейбіт уақытта қорғаныс ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану тәртібіҚорғану ғимараттарын бейбiт уақытта пайдалану кезiнде мыналардың сақталуы, қамтамасыз етiлуi тиiс: 1) тұтас алғанда ғимараттарды, сондай-ақ оның жекелеген элементтерiн: кiретiн және шығатын авариялық есiктерi, қорғану-герметикалық және герметикалық есiктерi мен терезе қақпақтары, жарылысқа қарсы қондырғылар; 2) бүкiл қорғану ғимараттарының герметизациясы мен гидрооқшады; 3) инженерлiк-техникалық жабдықтар және оны кез келген уақытта соғыс кезiндегi режимде пайдалануға көшiру мүмкiндiгi. Қорғану ғимараттарында бөлмелердi қайта жобалауға, сақтандырушы конструкцияларды тесуге немесе ойық жасауға және жобада көрсетiлмеген жабдықтарды бөлшектеуге тиым салынады. Қорғану ғимараттарын бейбiт уақытта пайдалану кезiнде бөлмелердiң жарамдылығын белгiленген уақытта қорғану ғимараттары тәртiбiне ауыстыруды және соғыс уақытында адамдардың қорғану ғимараттарында болуына қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн барлық талаптар орындалуға тиiс.

ГГГ

Гидрологиялық сипаттағы ТЖ. Геологиялық сипаттағы ТЖ. Метеорологиялық сипаттағы ТЖ. Тілсіз қияпат немесе табиғат апаттары (Стихийное бедствие) — алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Табиғат апаттары келесідей бөлінеді: гидрологиялық, геологиялық және метеорологиялық.

Геологилық сипаттағы ТЖ тоқталсақ: жер сілкінісі, вулканның атқылауы, сел, қар көшкіні, опырмалар, сырғыма, қар басу, Тау тастарының құлауы жатады.Жер сілкінісіЖер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей болады. Жер сілкінісінің қауіпті бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғаш және улы материалдар қоймалары орналасқан. СелСел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. Қар көшкініҚар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті.Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы мүмкін. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.ОпырмаларОпырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы.Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатауындағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.Опырмалар жылдың кез-келген уақытында, әдетте, тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопырмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді.Қар басуҚар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады.Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады.Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады. Гидрологиялық сипаттағы ТЖ тоқталсақ: цунами, су тасқыны, табиғи өрттер жатады.Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады.Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде жиі болып тұрады. Тек соңғы бес жылдың ішінде, Атырау облысының өзінде ғана бірнеше су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек абиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий теңізінің тасуынан Құрманғазы, Исатай аудандары көп зиян шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде.Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді.Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады.Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардан кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті болады.Су тасқыны апаты кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, биік жерлерге көтерілу қажет. Су басқан аумақтағы ададмдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып осы жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күш пен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу құралдарына (қатар, қайық, желкен және т.б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн.Цунами (жапонша — тсунами) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт.ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылд. 400 — 800 км/сағ-қа дейін. Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат — 2005 ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды.Табиғи өрттер Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді.Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с.Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады.Метеорологиялық сипаттағы ТЖ тоқталсақ: смерч, циклон, дауыл, қуаңшылық,Бұршақ, жатады.ДауылДауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел.Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді.Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келітреді.Шаңдақ дауыл — бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі.Қазақтсан аумағында шаңдақ дауыл — сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.

ДДД

Дозиметриялық бақылаулар мен радиациялық барлаудың құралдары ДП-22В жеке дозиметр құрамына ДКП-50А дозиметірі мен 3Д-5 зарядтау қондырғысы кіреді.Дозиметрлердің жұмысы температураның -40+50градус аралығында және салыстырмалы ылғалдылығы 98пайыз кезінде қамтамасыз етіледі.Әрбір дозиметр алюминий құймасынан автоқалам түрінде жасалынған. Ал радиациялық барау құралдары,қолданыстағы барлық дозиметрлік құралдар иондық әдіс негізінде жұмыс істейді.Газдың электрлі бейтарап атомдары жағымды және жағымсыз иондарға бөлінеді.Егер осы көлемде екі электрод орналастырылса,газ арқылы иондық тоқ деп аталатын электр торы өтеді.Оның көлемін өлшей отыра радиоактивті сәулеленудің жиілігін бағалауға болады.

Дозиметрлік барлау құралдары.дозиметрлік поиборларды атқаратың қызметіне қарай мынандай типтерге бөлеміз: радиоактивтік индикаторлар, рентгенометр,радиометр-рентгенометрлер,радиометрлер,жеке адамға арналған дозиметрлер.сонғысы жеке адамға арналған дозиметрлер жиынтығына жатады. Д-ді жұмыс жағдайына келтіру үшін оны зарядтау қажет. Бұл үшін зарядтау қондырғысының тұтқасын аяғына дейін сагат тіліне қарсы бұрап д-ді зарядтау қондырғысының зарядтық байланыс ұясына қояды; зарядтық қондырғыны айнамен жарықтың сыртқы көзіне бағыттап айнаны бұра отыра шкалаға жарықты барынша көбірек түсіреді, дозиметрді басып, окулярды бақылай отыра зарядтық қондырғының тілін сағаттың тілі б-ша д. Шкаласындағы тілдің көрсетуі нөдге жеткенге дейін бұрайды, бұдан кейін д-ді ұядан алып, жіптің жағдайын жарықта тексереді.Д-ді иондаушы сәулелер әсре аймағында жұмыс киімнің қалтасына салып жүреді. Д окулярына аратұра қарай отырып д. Шкаласындағы тілдің көрсетуі б-ша жұмыс уақытында алынған гамма-нейтрондық сәулелену дозасын анықтайды.

ЖЖЖ

Жарылыс. Екпінді толқыннан қорғану құралдары мен әдістері.Жарылыс - шектеулі көлемде энергияның тым көп мөлшер







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 148. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия