Студопедия — БИЛЕТ № 16. Қорғау ғимараттардың сыйымдылығы қалай анықталадыҚорғану ғимараттарында бөлмелердi
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

БИЛЕТ № 16. Қорғау ғимараттардың сыйымдылығы қалай анықталадыҚорғану ғимараттарында бөлмелердi






Қорғау ғимараттардың сыйымдылығы қалай анықталады Қорғану ғимараттарында бөлмелердi қайта жобалауға, сақтандырушы конструкцияларды тесуге немесе ойық жасауға және жобада көрсетiлмеген жабдықтарды бөлшектеуге тиым салынады. Қорғану ғимараттарын бейбiт уақытта пайдалану кезiнде бөлмелердiң жарамдылығын белгiленген уақытта қорғану ғимараттары тәртiбiне ауыстыруды және соғыс уақытында адамдардың қорғану ғимараттарында болуына қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн барлық талаптар орындалуға тиiс.

Гидрологиялық сипаттағы ТЖ. Геологиялық сипаттағы ТЖ. Метеорологиялық сипаттағы ТЖ. Тілсіз қияпат немесе табиғат апаттары (Стихийное бедствие) — алапат табиғи құбылыс:дауыл,дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Табиғат апаттары келесідей бөлінеді: гидрологиялық, геологиялық және метеорологиялық. Геологилық сипаттағы ТЖ:жер сілкінісі, вулканның атқылауы, сел, қар көшкіні, опырмалар, сырғыма, қар басу, Тау тастарының құлауы жатады. Жер сілкінісі —бұл жер қыртысында н/е мантия-ң үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде п.б, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей болады. Жер сілкінісінің қауіпті бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғаш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын.Сел ұзақ нөсер-ң салдарынан, мұз бен қар-ң жылдам еруінен, моренді, мұзды өзен-ң бұзылуынан, жер сілкінісінен, адам-ң шаруаш.қызметі нәтижесінде п.б. Тасқын-ң басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен әсер етеді. Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс. Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарланған жағдайда, сондай-ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Қар көшкіні Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін. Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті. Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы мүмкін. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады. Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды. ОпырмаларОпырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы. Опырмалар Қазақстан барлық таулы ауданыдарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Сас ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатауындағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады. Опырмалар жылдың кез-келген уақытында, әдетте, тіктігі 19 градусқа жуық жарларда болады. Ірі қопырмалардың алаңы 50-60 га дейін жетеді. Қар басуҚар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады. Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойылады. Қар басуы, боран туралы хабарды алған бойда, уақыт болса, жалпы қоршаулар, жолдағы ғимарат шетінен 15-20 метр қашықтықта жел соғатын жақтан қалқандар орнатылады. СырғымаСырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстар және т.б.) болып табылады.Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін. Гидрологиялық сипаттағы ТЖ тоқталсақ: цунами, су тасқыны, табиғи өрттер жатады. Таудың су тасқыны. Таудан аққан көп су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады. Су тасқыны. Бұл құбылыс та біздің елімізде жерімізде жиі болып тұрады. Тек соңғы бес жылдың ішінде, Атырау облысының өзінде ғана бірнеше су тасқыны болды. Бұл өзгерістердің барлығы тек абиғат күштерімен ғана болып жататын құбылыстар. Әсіресе, Каспий теңізінің тасуынан Құрманғазы, Исатай аудандары көп зиян шегуде. Мал, қора, қыстақтар, үйлер суға кетуде. Жайық, Ойыл, Эмбі өзедерінің суының көтерілуінен Қызыл-қоға, Жылой, Махамбет аудандары көп зиян шегіп отыр. Каспий теңізі мен Жайық өзендері Атырау қаласына қауіп төндіруде. Бұған қарсы облыс басшылары тиісті шаралар қолданып (жағаны бекіту, елді мекендерді қауіпсіз орындарға көшіруді), күрес жүргізуде. Осындай жағдай 2003-2004 жж. Шардара су қоймасында, Сырдария өзенінің батысында болып, үлкен материалдық шығын әкелді. Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы. Ол елді мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім-жітіміне алып келеді. Көптеген су басудың негізгі себептеріне нөсер жаңбыр жаууы, қардың, мұздақтардың үздіксіз еруі жатады. Сырғымалар, бөгеттерден, тоғандардан кенет бұзылуынан пайда болатын су басу өте қауіпті болады. Су тасқыны апаты кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, биік жерлерге көтерілу қажет. Елді мекендегі тасқын кезінде қауіпсіздің көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Су басқан аумақтағы ададмдарды іздеу шұғыл ұйымдастырылып осы жұмысқа АҚ және ТЖ құрамалары, әскери бөлімдері, жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күш пен құралдар тартылады. Құтқару жұмыстары кезінде ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын бұлжытпай орындау керек. Жүзу құралдарына (қатар, қайық, желкен және т.б.) шектен тыс салмақ алуға болмайды, өйткені бұл адамдардың өміріне қауіпті. Көмектің бірінші кезекте балаларға, ауру адамдар мен қарттарға көрсетілетінін есте ұстаған жөн. Цунами (жапонша — тсунами) — мұхит түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл толқын. Биікт.ашық мұхитта 1 м-ден аспайды; құрлықтағы тар шығанақтарда 50 м-ге дейін барады. Толқынының таралу жылд. 400 — 800 км/сағ-қа дейін. Мыс., адамзат тарихындағы Ц-мен байланысты ең ірі апат — 2005 ж. Оңт.-Шығыс Азияда болды. Табиғи өрттер Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді. Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал мүмкін болмағанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кетен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с. Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады. Метеорологиялық сипаттағы ТЖ тоқталсақ: смерч, циклон, дауыл, қуаңшылық,Бұршақ, жатады. ДауылДауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы әсер етеді. Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келітреді. Шаңдақ дауыл — бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға көтерілуі. Қазақтсан аумағында шаңдақ дауыл — сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады.

Өндірістік және азаматтық нысандарға азаматтық қорғаныс нормаларының талаптары. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері Тәуекелдің жоғары дәрежесіне «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті декларациялануға жататын объектілер жатады, оларда: 1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшін қауіп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары; радиоактивті және ионды сәулелену көздері бар қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын; 2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын; 3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін; 4) электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын; 5) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын; 6) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар; 7) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер. Сондай-ақ тәуекелдің жоғары дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады. 8. Тәуекелдің орташа дәрежесіне технологиялық үдерісті тоқтататын және өндірістік персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авариялар, инциденттер туындауы мүмкін объектілер міндетті декларациялануға жатпайтын объектілер жатады, оларда: 1) мынадай: тұтанғыш, жарылғыш, жанғыш, тотықтандырғыш, уытты, жоғары уытты, қоршаған орта үшін қауіп тудыратын; құрамында адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары; радиоактивті және ионды сәулелену көздері бар қауіпті заттардың бірі өндірілетін, пайдаланылатын, қайта өңделетін, түзілетін, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын; 2) қара, түсті, бағалы металдардың балқымалары және олардың негізінде алынатын қорытпалар жасалатын; 3) тау-кен, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру және минералды шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар, жер асты жағдайындағы жұмыстар жүргізілетін; 4) электр қондырғыларының барлық түрлері пайдаланылатын; 5) қауіпті өндірістік объектілердің гидротехникалық ғимараттары пайдаланылатын; 6) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар; 7) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер. Сондай-ақ тәуекелдің орташа дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін 50 %-дан 100 %-ға дейін өтеген, мынадай қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады. 9. Сондай-ақ тәуекелдің болмашы дәрежесіне технологиялық үдерісті тоқтатпай, техникалық құрылғыларды зақымдап және мыналар пайдаланылатын қызмет көрсетуші персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіріп, ықтимал авария, оқиға туындайтын қауіпті өндірістік объектілер жатады: 1) 0,07 мегаПаскальдан жоғары қысыммен немесе 115 Цельсий градусынан жоғары судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар; 2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер; Сондай-ақ тәуекелдің кіші дәрежесіне даярлаушы – зауытпен белгіленген пайдаланылуының нормативтік мерзімін 50 %-дан астам қауіпті техникалық құрылғылар (шахталық қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда) жатады. 10. Тәуекелдің жоғары, орташа және болмашы дәрежелеріне жататын қауіпті өндірістік объектілер және техникалық құрылғылар тексерістер жоспарына кіргізіледі. 11. Объекті немесе техникалық құрылғы тәуекелінің аса жоғарғы тобына қатысы үшін негіз болуға жағдай жасаған қауіпті өндірістік фактордың зақымдану әсерін жою немесе төмендету кезінде объект немесе техникалық құрылғы тәуекелділіктің төменірек дәрежесі тобына өтеді.

 

Әлеументтік сипаттағы төтенше жағдайлар. Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері. Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi сипаттағы ТЖ-дан халықты және аумақты қорғау бойынша шаралардағы басты рөл жергілiктi атқарушы органдарға бөлiнген. Мемлекеттiк басқару өкiлеттiктерiнiң ара-жiгiнiң ажыратылуына байланысты жергiлiктi атқарушы органдар 2005 жылдан бастап жұмылдыру дайындығы жөнiндегi басқарманың, АҚ-ның құрылымдарын және авариялар мен дүлей зiлзалалардың алдын алу және жою ұйымдарын құрды. Алайда бiрқатар себептерге орай бұл құрылымдардың қазiргi уақытқа дейiн тиiстi аумақтарда ТЖ алдын алу және оларды жою бойынша мiндеттердi сапалы iске асыру үшiн жеткiлiктi мaтериалдық-техникалық, ақпараттық және әдiснамалық базасы, қызметкерлердiң қажеттi штаты жоқ. ТЖ-ның алдын алу мен оларды жоюға арналған жергiлiктi атқарушы органдардың жыл сайынғы резервi жеткiлiксiз көлемде қалыптасады.Азаматтардың көп бөлiгi өздерi тұратын жерлердегi ықтимал авариялар мен апаттардың алдын алуда енжарлық және керенаулық танытады. Жергiлiктi қоғамдастықтардың әлеуетi авариялық-құтқару жұмыстарын және ТЖ салдарын жоюды жедел жүргiзу үшiн пайдаланылмайды. Жоғарыда баяндалғандардың барлығы Министрлiктi, басқа да орталық атқарушы органдарды жергiлiктi сипаттағы ТЖ алдын алу мен оларды жоюға тiкелей қатысуға мәжбүр етедi, бұл авариялардан, апаттардан және дүлей зiлзаладан халықты және аумақты қорғау жөнiнде қабылданған шаралардың жеделдiгi мен тиiмдiлiгiн төмендетедi, оларды өткiзуге қаржы шығындарын арттырады. Бұл Министрлiктiң, басқа да орталық атқарушы органдардың өздерiне бекiтiлген мемлекеттiк стратегиялық басқару функцияларын орындауына белгiлi бiр залал келтiредi Хлор, аммияк және күкірт қышқылымен улану. аммиакпен сірке қышқылынын 5% ерітіндісін иіскету керек респиратор кигізу керек у сіңірген киімді таза киімге ауыстыру керек зардап шеккен адамды қаранғы жерге жатқызу керек ерітіндімен ауызын шайып,мұрнына зәйтүн майын тамызу керек.алғашында адам ауырады көзі ашиды жас ағажы қабағын көтере алмайда,жөтел п.б. кеуде тұсы ауырады,асқазаны ауырады.Хлормен уланған адамға респиратор кигізу таза киім кигізу керек және ас содасымен ауызын шайдырту ол адамға сүт немесе минералды су беру керек.жас ағады құрғақ жөтел п.б. кеуде тұсы ауырады.күкірт қышқылымен уланса жөтел және ауыр тыныс алу байқалады қан аралас құсу өнеш пен асқазан күйеді өкпе қабынады содан соң ісінеді.респиратор кигізу керек мақта дәке таңғышты тану керек аузын сумен шайғызу керек,егер дем алуы тоқтап қалса оған ауызба ауыз дем алу немесе жүрекке жанама массаж жасау керек.

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің тәжірбиелі-ұйымдастырушылық шаралары Кенеттен пайда болатын және қас-қағым сәтте өтетін, күшті қиратушы дүлей зілзала - жер сілкінісі деп аталды. Жер сiлкiнiсi - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен Жер бетiнiң қозғалуы. Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, арналар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар - су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма қопарылыс пайда болады. Тау жыныстары жарылып, тастар құлайды, адамдарды үрей-дүрбелең билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіз гравитациялық толқындары - цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүліншілік жасайды. Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 212. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия