Студопедия — Алижан Бекхожин
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Алижан Бекхожин






1.Бекхожин Қалижан Нұрғожаұлы 1913 жылы 15 желтоқсанда Павлодар қаласында дүниеге келді. Қазақ совет ақыны. Алматының Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. Әдебиетке 30-жылдардардың тұсында келді. 2 –дүниежүзілік соғысқа қатысты. 1938-40жылдары Қазақстан комсомолы ОК-нің баспасында, Қазақстан Жазушылар Одағында, тіл және әдебиет институтында, соғыстан кейін аталмыш институтта, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеген. Ондаған жыр жинақтарының, естелік кітаптардың авторы. А.С Пушкин, А.М Горький, Ә.Науаи шығармаларын қазақ тіліне аударды. Шығармалары орыс, қырғыз, татар, өзбек тілдеріне аударылған. Оның шығармалары «Ақсақ құлан», «Орман қызы» атты поэмалары, «Нөсерден кейін», «Ақтабан –шұбырынды» атты пьесалары бар.

Қалижан Бекхожин -Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

 

2.„Қазақ әншілері„ диалог

-Қазақ әншілері туралы не білесің?

-Қазақ әншілері әр түрлі жанрда ән орындайды.

-Опера әншілерінен кімдерді білесің?

-Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев

-Эстрада әншілерінен кімдерді білесің?

-Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Медеу Арынбаев, Қарақат Әбілдина, т.б.

-Халық әндерін орындайтын әншілерді білесің бе?

-Әрине білемін,Қайрат Байбосынов, Жанар Айжанова, Рамазан Стамғазиев т.б.

-Қандай эстрадалық топтарды ұнатасың?

-«Музарт», «Орда», «Жігіттер» тобы

3.Түсініктеме жазыңыз.

№10 орта мектеп директоры

Р.Ө.Елюбаеваға

9а сынып оқушысы

Асанов Асқардан

 

Түсініктеме

01.04.2014.

 

Мен, Асанов Асқар., мамырдың 5-інде мектепке кешіккен себебім: Таңертең ертесімен емханаға барып, соның себебінен мектепке кешігіп қалдым.

 

03.04.2014.

А.Асанов

 

 

 

№12 билет

1. «Радио.Теледидар» туралы

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз.Кітап,газет және журнал оқығанда,радио тыңдап,теледидар көргенде мұғаліммен ата-аналармен достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация аламыз.Адамдардың,үйде,мектепте,жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің:сөздердің,ойлардың,хабарлардың,мәліметтердің алмасуына мысал бола алады.Адамдардың араласуы мен бірге жүруі-жұмыс істеу,оқу және ойнау информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды.Берілген информациялар өзіңізге,заттарымызға қатысты айтылып айнала ортамызға болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста бола алады.

2. «Ұлттық киім» диалог

- Қазақтың ұлттық киімдері неше түрге бөлінеді?

- Бір киер киім, күнделікті және жұмыс киім.

- Бір киер киімдер қандай?

-Олар ашық түсті көйлек, камзол, шапан, аң терісінен тігілген ішіктер мен үкілі тақия, сәукеле, бөрік сияқты көрнекті киімдер. Мұндай киімдер сәндеп тігіліп, жаға, жеңдерін әшекейліп кестелеген.

-Күнделікті киетін киім туралы не білесің?

- Шекпен тоқымасы, кездеме, кенеп, шыт, сәтен, қой терісі сияқты қарапайым материялдан тігіледі.

- Қыз-келіншектер киімін ата.

- Қынамалы қамзол (көйлек сыртынан киеді), бүрмелі көйлек, сәукеле, үкілі тақия, кимешек, қималы шапан, ақ жаулық.

- Зергерлік бұйымдарды ата.

- Қолына сақина, жүзік, білезік, мойнына алқа, құлағына сырға, шашына шолпы тағады.

-Ерлер киімін атап бер

-.Көкірекше, шапан, шалбар, бөрік, бешпент, жейде, айыр қалпақ, тон, ішік, саптама етік, мәсі, кебіс.

 

3.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

1.жалғаулықты 2. Жалғаулықсыз

1)ыңғайлас

2)қарсылықты

3)себеп-салдар

4)талғаулы

5)кезектес

1) ыңғайластық жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем

Жалғаулықтары: және,да,де,та,те,әрі.Мысалы:Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және сынып жиналысы болды.

2)Қарсылықты жалғаулықтар –бірақ,дегенмен,алайда,сөйтсе де,сонда да,сөйткенмен.

Мысылы: Күн бұлтты болды,бірақ жаңбыр жаумады.

3)Талғаулықты жалғаулықтар:я,немесе,не болмаса.

Мысалы:Ауылдан бүгін Әсем келеді немесе Қуат келеді.

4)Себеп-салдар жалғаулықтары өйткені,себебі,неге десең, сондықтан.сол үшін

5)Кезектес екі сыңарында да жалғаулық шылаулар жазылады.Біресе,бірде, кейде.Мысалы: Біресе сабақта жаздық,біресе оқыдық.

 

 

№13 билет

1.Қ.Сәтбаев (1899-1964)

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы 4-ауылда туған. Қ.Сатпаев - аса көрнекті ғалым және қоғам қайраткері. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, алғашқы академик. Ол бала күнінен зерек болып өсті. Мектепте өз қатарының алды болды. Екі сыныпты ауыл мектебінің оқушысынан Қазақ КСР Ғылым академиясының президентіне дейін үлкен де қиын жолдан өтті. Қарасақбай мен Жезқазғандағы мыс кенін, Екібастұз көмірін ашты. Ол Қазақстанның кең қорларын картасын жасады. 640-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақстандық металлургия мектебінің негізін қалаушы. Ол Ұлытауда Әмір Темірдің жазу жазып қалдырған белгілі тасты тапқан, қазір бұл тас эрмитажда сақтаулы. Қ.Сәтбаевтың құрметіне жаңа минерал –«Сәтбаев» деп аталды. Дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйымына орай 1999 жылды «Сәтбаев жылы» деп жариялады. Ғалымның аты қала, ауыл, кітапхана, көшелерге берілген. Қаныш Сәтбаев-Баянауыл жерінен шыққан атақты жерлесіміз және ол біздің мақтанышымыз.

 

2. «Мемлекеттік рәміздер» диалог

-Рәміз деген нені білдіреді?

-Рәміз-белгілі бір идеяны білдіретін белгі, бейне. Рәміз адамға бір пікір,ой туғызады.

-Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

-Ту, әнұран, елтаңба.

-Біздің Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?

-1992 жыл 6 маусым

-Қ.Мелекеттік әнұранның авторлары кім?

-Ж Нәжмиденов,Н.Назарбаев

-Қазақстанның туы қай түсті және онда нелер бейнеленген?

-Байрақтың ортасында, көгілдір түс аясында бейбітшіліктің рәмізі-күн бейнеленген. Күннің төменгі

жағында бостандықтың рәмізі-қыран бейнеленген. Сол жағында қазақтың дәстүрлі өрнек бар.

-Мемлекеттік елтаңбаның реңдік бейнесі қандай және онда нелер бейнеленген?

-Көгілдір түс аясында елтаңбаның орта тұсында шаңырақ бейнеленген.Оның ортасындағы айқасқан

белдеу әлемнің төрт бұрышының рәмізі. Шаңырақты айнала күн сәулесідей тарап, уықтар шаншылған.

-Оны киелі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал

төменгі жағында- Қазақстан деген жазу бар. Елтаңбаның реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.

-Елтаңбаның авторлары кім?

- Шотаман Уәлиханов және Жәнібек Мәлібеков.

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.

1)шартты бағыныңқы –са,се,-ған,-ген,-қан,-кен.

2)Қарсылықты бағыныңқы –са да,-ғанмен,

3)Мезгіл бағыныңқы –ғанда,ғанша

4)себеп бағыныңқы –ғандықтан,ған соң,

5)Мақсат бағыныңқы –у,үшін, мақ.

6)Қимыл-сын бағыныңқы –ып,іп,-п,-а,-е,й.

 

 

№14 билет

1. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері»

Шілдехана -жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастархан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

Қырқынан шығару – нәрестенің туғанына қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін шешіп алып сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жайылады.

Бесікке салу. Халқымызда бесікке салу-қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылып, кәде беріледі.

Тұсау кесу - сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылып, дастархан жасалып, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.

 

1. 2. «Қазақтың тұңғыш тілшілері»

- -Қазақ тілінде алғаш 1870 жылы 10 мамырда Ташкентте қандай газеті шықты?

-Қазақ тілінде алғаш 1870 жылы 10 мамырда Ташкентте «Түркістан уәлаяты» газеті шықты.

--Қазақтың алғашқы журналистері 1888 жылдары Омбыда шығып тұратын «Дала уәлаяты»газетінде жұмыс қазақтың тұңғыш тілшілері кімдер деген кісілер болған?

-Қазақтың алғашқы журналистері 1888 жылдары Омбыда шығып тұратын «Дала уәлаяты»газетінде жұмыс қазақтың тұңғыш тілшілері Е.Абылайханов,Д.Сұлтанғазин,Р.Дүйсебаев деген кісілер болған.

--1911-13 жылдарда Тройцк қаласында Мұхамеджан Сералин қандай журналын шығарған?

-1911-13 жылдарда Тройцк қаласында Мұхамеджан Сералин «Айқап»журналын шығарған.

-Журналда кімдердің өмірі туралы жазды?

-Журналда қазақ өмірі туралы жазды.

-Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында 1913-18 жылдарда әйгілі қазақ газетін ұйымдастырып кім болды?

--Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында 1913-18 жылдарда әйгілі қазақ газетін ұйымдастырып бас редактор болды.

-Газет азаттық үшін неге шақырды?

-Газет азаттық үшін күреске шақырды

3. Сан есім. Сан есімнің түрлері.

Заттың санын, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз.

Р/с Мағыналық түрлері Сұрақтары Мысалы
  Есептік Қанша? Неше? бір, бес, он
  Реттік Нешінші? бірінші, бесінші, оныншы
  Жинақтық Нешеу? біреу, бесеу, жетеу
  Топтау Қаншадан? Нешеден? екі-екіден, бес-бестен
  Бөлшектік Қанша? Неше? бестен екі, оннан бес
  Болжалдық Қанша? Неше? ондаған, жүз шақты

 

№15 билет

1. Астана қаласы туралы.

Астана қоныс тепкен мекеннің негізі 1830 жылы қаланған. Ол киелі Сарыарқа даласының төсінде, көшпелілердің ежелгі өркениеті осынан бастау алған. Астана-Қазақстанның астанасы және Ақмола облысынның орталығы. 1832-1961 жылдар аралығында қала Ақмола қаласы болып аталды, ал КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде, Целиноград қаласы болып өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі қабылданды. Сөйтіп Қазақстанда жаңа астана пайда болды. Қаланың аты жаңаша - Астана деп аталды. Астанада тоқыма, жеңіл және баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген университеттер, институттер, колледжер бар. 21 ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ. Астананың символы-Бәйтерек. Бәйтерек-әсем, биік ғимарат, сол жағалаудың көркі. Астананың сол жағалауында Елбасының Резиденциясы-Ақ Орда, Парламент, Қорғаныс министрлігі, т.б ұйымдар мен мекемелер орналасқан. Бас қалада біздің еліміздің ұлы тұлғалары-Абайдың, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткішері бар.

 

2. Бейтаныс мәтінмен жұмыс

«Болашақ мамандық» бейтаныс мәтінмен жұмыс.

2. Етістік.Шақ категориясы.

Етістік-заттың қимылын,іс-әрекетін,күй-жайын білдіретін сөз табы.Етістік не істеді?не қылды?қайтті? немесе не істеп?қайтіп?не істесе? Т.б. тұлғадағы сұрақтарға жауап береді.Етістіктің 3 шағы бар.

Өткен шақ. Осы шақ. Келер шақ.

Не істедім? Не істеп отырмын? Не істеймін?

Не істедің? Не істеп отырсың? Не істейсің?

Не істеді? Не істеп отыр? Не істейді?

Оқыды,барды жатыр,тұр,жүр оқиды,барады.

№16 билет

1. Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын - ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі-Зере.

Әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Абай өлең жазуды жас кезінде бастаған. Оның табиғат, ел өміріне, жастарды білімге шақырған өлеңдері өте көп.

Абайдың "Көзімнің қарасы", "Не іздейсің көңілім", "Айттым сәлем, Қаламқас", "Татьянаның хаты" және т.б. әндері бар. Абайдың қара сөздері имандылыққа, адалдыққа, әділдікке шақырады.Сонымен қатар, ол орыс классиктерімен қоса шығыс ақындарының да шығармаларын қазақ тіліне аударған. Сондықтан да ұлы жазушы М.Әуезов Абайды: "Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі", – деп бағалады. Абайдың өмірі туралы М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған.

2. «Мамандық»тақырыбына диолог.

- Сен болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

- Мен болашақта заң қызметкері болғым келеді.

- Ол үшін не істеуің керек деп ойлайсың?

- Ол үшін көп оқып, білім алуым керек

- Қай қалада оқымақсың?

- Мен Павлодар қаласында оқимын.

- Бұл мамандықты неге калап алдың?

- Өйткені бұл мамандық маған ұнайды.

3.Етіс түрлері.

1.Өздік (-ын,-ін,-н.)жу-ын,ки-ін

2.Ырықсыз (-л,-ыл,-іл,)айт-ыл-ды,ескер-іл-ді.

3.Өзгелік (-т,-тыр,-тір,-қыз,-кіз,-ғыз,-гіз)жаз-дыр,айт-қыз.

4.ортақ (-с,-ыс,-іс.)жаз-ыс,апар-ыс.

 

№17 билет

1. «Бейнелеу өнерінің тарихы».

Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.

2. «Қазақстандық спортшылар» диалог

-Қазақстанда спорттың қай түрі дамыған?

- Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған.

- Оның ішінде көп кездесетіні қандай ойындар?

-Бокс, баскетбол, волейбол, теннис, қазақша күрес, т.б.

- Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған қандай спортшыларды білесің?

-Боксшы-Серік Қонақбаев, Бақыт Сәрсекбаев, Ермұхан Ыбырайымов, Күрестен олимпиада чемпионы-Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов- әлемнің екі дүркін чемпионы, балуан. Бекзат Саттарханов –Сидней олимпиадасының чемпионы, Бұлар Қазақстанның беделін арттырды.

-Екібастұздық қандай спортшыларды білесің?

- Алмагүл Кашина, Марат Жыланбаев, т.б.

3. Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жаса.

№18 билет

 

1. «Қазақстанның жоғары оқу орындары».

Әбу Насыр Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті республикамыздың ең жоғары оқу орны.Университет 1934 жылы құрылған,бұл университетте 20-дан астам мамандық бойыншабілімді мамандар дайындалады.Мынадай факультеттер бар:филалогия,журналистика,тарих және саясаттану,шығыстану.Оқу орны орналасқан жер «Университет қалашығы» деп аталады.Қалашықта әкімшілік ғимараты,ботаника мұражайы,спорт кешенесі бар.Университетте екі сатылы білім беру жүйесі енгізілген:бакалавриат және магистратура.Бұл жоғары оқу орны біздің мақтанышымыз.

2. «Қазақстанның табиғаты» диалог

-Қазақстанның барлық территориясы үшін ортақ сипаттама қандай?

- Қазақстан жері-ұлан байтақ, Франция,он бес Бельгия жеріндей жер көлемі 2756 мың шаршы км. Республика жерінің үлкендігі соншалық оның оңтүстігі мен солтүстігінді, батысы мен шығысындағы табиғат бір-біріне ұқсамайды. Барлық территория ортақ сипатттама-ол жердің қуандығы мен континеттальдығы.

- Қазақстан жерінің неше пайызын шөлт және шөлейт аймақтар,таулы жер алып жатыр?

-50 пайызын - шөлт, шөлейт; таулы жер-10 пайыз.

- Су қоры туралы не айта аласың?

- Елімізде су қоры өте мол. Қазақстан жерінде Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Марқакөл, Шалқар, Қорғалжын сияқты ірі көлдер бар. Жерімізде Ертіс, Есіл, Сырдария, Іле,Тобыл сияқты ірі өзендер ағады.

- Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қандай?

- Қазақстанда 158 түрлі сүт-қоректілер, 458 түрлі құстар,150 түрлі балықтар,52 түрлі бауырымен жорғалаушылар, көптеген жануар-жәндіктер кездеседі.

- Қазақстанда неше қорық бар?

-Алты мемлекеттік қорықтар.

- Қазақстанның кең жерінде шипагерлік орындап көп.

-Мәселен Сарыағаш,Алмаарасан,Арасан- қапал. Бұл шипалы емдейтін орындар. Жаңақорған, Мойылды шипалы балшықпен емдейді.

- Қазақстанның жер қойнауында қандай пайдалы қазбалар бар?

- Қазақстанныңның жер қойнауы өте бай. Жерімізде Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің бәрі де бар.

3.Фразеологиялық тіркестер

Бөркін аспанға лақтыру – сильно радоваться Бөрікпен ұрып алу –легко победить, легко отделаться

Тон жамылу – действовать тайно

Тонын айналдырып кию – прикинуться порядочным человеком

 

№19 билет

1. «Алтын ұям-мектебім»

Адам қанша жыл өмір сүрсе де,қандай іспен айналысса да,өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар.Мектеп- білім айдынындағы үлкен кеме.Осы кемеде 11 жыл уақытты әр бала өткізеді.Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті,әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді?Уақыт өте бәрі өзгереді.Жазуды да,оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін киін мектеп бітіру туралы аттестатты қолдарына ұстап,үлкен өмірге жолдама алды.Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн,әрбір 45 минут балалық шағының балғын уақыты болып қала береді.Мектеп «үлкен отбасы»,ұстазымыз біздің ақылшымыз,сыныптастарымыз жақын досымыз.Мектепте біз дос табамыз,білім алып,өмірді үйренеміз.Мектеп бізге тірек беріп,жылулық пен бақыт сыйлайды.Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер.Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер болып қалады

 

2. «Қазақстан өнері» туралы диалог

- Өнердің қандай түрлерін білесің?

- Ән өнері, би, театр, мүсін, кино сурет өнерлері

- Қазақстанда қандай өнер түрлері дамыған?

- Кино, сурет өнері жақсы дамыған.

- Зергерлік өнер дегенді қалай түсінесің?

- Әшекей бұйымдарын, ер- тоқымдарды әсемдейді

- Қол өнершілер қандай өнер түрлерін жасайды?

- Кесте, сырмақ, текемет және әртүрлі ою-өрнек жасайды.

-Саған қандай өнер түрі ұнайды?

-Маған зергерлік өнер түрі ұнайды.

 

3. Етістіктің болымсыз түрі

Етістіктер іс-әрекеттің іске асу-аспауын, болу-болмауын білдіруіне қарай екіге бөлінеді.

Іс-әрекет, қимылдың жүзеге асуын көрсететін етістіктер болымды, болмауын көрсететін етістіктер болымсыз етістіктер деп аталады.

Мысалы: Ол сабаққа дайындалды.

Ол сабаққа дайындалмады.

 

№20 билет

1 «Павлодарлық суретшілер»

2 Біздің; қаламыздағы ең әйгілі суретшілер-Сергей Павлович Пантелеев.Ол 1937 Амур қаласында туған.Нижний Тагилдағы пединституттың көркем графикалық факультетін бітірген.Бүкіл өмірін Екібастұзға арнады.Оның қаламынан қала тарихының шарықтау беттері,әсем Баянауыл өлкесі туралы туындылар шыққан.С.П.Пантелеев туындылары Павлодар қласының Астанада өткен тұсаукесер тойында 1998 ж оның суреттері көрсетілді.

2. Абайдың бір өлеңін жатқа айт

“Ғылым таппай мақтанба ”.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз...

 

3. Мына сөздерге лексикалық талдау жаса

№21 билет

2. «Қазақтың тұңғыш тілшілері»

Қазақ тілінде алғаш 1870 жылы 10 мамырда Ташкентте «Түркістан уәлаяты» газеті шықты.Қазақтың алғашқы журналистері 1888 жылдары Омбыда шығып тұратын «Дала уәлаяты»газетінде жұмыс қазақтың тұңғыш тілшілері Е.Абылайханов,Д.Сұлтанғазин,Р.Дүйсебаев деген кісілер болған.1911-13 жылдарда Тройцк қаласында Мұхамеджан Сералин «Айқап»журналын шығарған.Журналда қазақ өмірі туралы жазды.Ахмет Байтұрсынов Орынбор қаласында 1913-18 жылдарда әйгілі қазақ газетін ұйымдастырып,бас редакторы болды.газет азаттық үшін күреске шақырды.

 

2. «Кең байтақ туған өлкем» туралы әңгімелеңіз.

Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы, керегесі кең жайлау, байтақ, бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді ардақтап өтейік. Атамекенімізді, Отанымызды мақтан етейік!

3. Өмірбаян жазу.

Өмірбаян

 

МенАсқар Асанов 1997 жылы 12 мамырда,Екібастұз қаласында дүниеге келдім. Ата-анам: әкем – Асанов Омар – инженер, анам – Достанова Гүлмира – мұғалім болып істейді. 2000-2003 жыл аралығында «Радуга» бала-бақшасына бардым.

2004 жылы мен №10 жалпы орта мектепке 1 сыныпқа бардым.2014 жылы 9 сыныпты аяқтап,инженер мамандығы бойынша колледжге түсемін.

№22 билет

1. «Қазіргі заман музыкасы»

Қазақ халқы өнерсүйгіш халық. Оның музыкалық мәдениеті өте бай. Халқымыз ақындарды, әншілерді, сазгерлерді ерекше құрмет тұтады. Жалпы, музыка – классикалық және қазіргі жеңіл музыка болып бөлінеді. Классикалық музыка үлкен залдарда симфониялық оркестрмен орындалады. Классикалық музыка терең мазмұнды болып келеді. Жастардың көбі жеңіл музыканы орындатады. Олар: рок, поп, диско, рэп, техно т.б. Орта жастағы өнерсүйгіштер көбіне джаз, рок, поп деген бағыттарды ұнатады.

Қазақстандық эстрада жұлдыздары: Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Өнербаев т.б.

2Жамбыл Жабаевтың туралы диолог құрастыр.

-Ж.Жабаев қашан туған?

-Жамбыл Жапаұлы 1846 жылы 29 ақпанда туған.

Ол қай жерде дүниеге келген?

-Шу өңірі; Жамбыл тауының бауырында дүниеге келген.

-Жамбыл қандай жырау?

-Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау.

-1941-1945 жылдардағы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің қандай өлеңін арнады?

-1941-1945 жылдардағы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің “Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады.

3. Есімдік. Есімдіктің түрлері.

Есім сөздерді (зат есім, сын есім, сан есім) ауыстырып солардың орнына жүретін сөздер есімдіктер деп аталады

Мағынасына қарай (по значению)

1.Жіктеу (личные): Мен, сен, сіз, ол, біз, біздер

2.Сілтеу (указательные): Бұл, осы, мына, мынау(это,этот,эта), сол, ана, анау

3.Сұрау (вопросительные): Кім? Не? Неше? Қай? Қандай? Қалай?

4.Өздік (возвратные): өз, өзім, өзің

5.Белгісіздік (неопределенные): біреу, кей, кейбір, бірдене

6.Болымсыздық (отрицательные): ешкім, ешбір, ештеме, ешнәрсе

7.Жалпылау (определительные): бәрі, барлық, бүкіл

 

 

№23 билет

1. Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Мұзафар 5 жасында әріпті әріп деп біліп, кітап оқи бастаған. 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук) Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті,

1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі болды. Майданда жүріп біршама өлеңдер жазды. Ақынның «Ту тіккен» дастанында Рейхстагқа алғаш ту қадағандардың бірі Рахымжан Қошқарбаевтың қаһарман ерлігін жырлайды. Қырық жылға жуық уақыт «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор болды. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Шынықсаң - шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған.

2. «Отбасылық дәстүрлері».

- Отбасылық ғұрыптарға нелер жатады?

-Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру,қыз ұзату жатады.

- Бала ата ананларымен бірлесе тойлап, нені айтуға, өздерін ұстауға үйренеді.

- Бала ата ананларымен бірлесе тойлап, ізгі тілектер айтуға, өздерін ұстауға үйренеді.

-Қоғамдық ғұрыптарға қандай әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады?

-Қоғамдық ғұрыптарға бүкіл қауым болып өткізетін, Наурыз тойы, құрбан айт, ораза айт, т.б. Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары.

3. Сөйлем мүшелері

Сөйлем құрауға қатысқан сөздерді сөйлем мүшелері дейді.Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш болып бес түрге бөлінеді.Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері деп жіктеледі.Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.Бастауыштың жан-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз.

Сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейміз.

Сөйлемде зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, иелік, қатыстық жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.

Сөйлемде іс-оқиғаны мекен, мезгіл, сын-қимыл, себеп, мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейміз.

 

№24 билет







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 275. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия