Студопедия — Косалқы станция және секциялау пост фидерлерінің электрондық қорғаныс кешені
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Косалқы станция және секциялау пост фидерлерінің электрондық қорғаныс кешені






1.2.1 Айнымалы токты тартылым қосалқы станция фидерлерінің қорғаныс комплекті (УЭЗФТ)

 

 

Қорғаныс екі сатылы болып келеді. Қорғаныстың бірінші сатысы – бағытталмаған дистанциондық қорғаныс ДС-1 - секциялау пост – қосалқы станция аймағын қысқа тұйықталудың уақыт ұстаусыз 80-85% аралығында (телеблоктау бар кезінде 50%) өшіреді.

Қысқа тұйықталуда кернеудің төмендеуінен бірінші сатыдағы алдамшы әсерлерді қолданыстан алу үшін ДС-1 датчигін ток датчигінің режиміне автоматты аударулар қарастырылған. Мұндай жағдайда, яғни трансформатордан келетін кернеу төмендегенде, ДС-1 сұлбасында ток бір қалыпты кернеуімен анықталады , ал осыған орай ДС-1 ток датчигіне айналады.

Бірінші қорғаныс сатысының өзідік сөндіру уақытысы 30-60мс болғандықтан, сөндіру уақытысын төмендету мақсатымен жеделдетілген токтық қиылумен (ЖТҚ) толықтандырылады, (ЖТҚ). Оның өзідік сөндіру уақыты 5-10мс құрайды.

Екінші қорғаныс сатысы аралық қосалқы станциясының шинасына дейін аймақтан қорғайды, ол уақыт шыдамдылығы 0,4-0,5с бағытталған дистанциондық қорғаныс болып табылады. Бұл сатыда, екінші сатысының іске қосылу кедергісіне теңелген, шенберлі сипаттмалы радиусы бар толық кедергі ДС-2 датчигі және берілген бұрыш диапазонында (45-950) екінші сатынын іске қосылуын қамтамасыз ететін фазалық орган ФТН қолданылады. Екінші сатының сипаттамасы координат басында орналасқан центрә бар сектор боп табылады.

Қосалқы станция фидерінің электрондық қорғанысының сипаттамасы бірінші және екінші сатылардын сипаттамаларын беттестіру жолымен алынады, яғни аралас болып табылады.

Тартылым қосалқы станция фидерінің электрондық қорғанысының функциясы былай жазылады:

 

, (1.1)

 

мұнда - дизъюнкция – НЕМЕСЕ –логикалық функцияның белгілеуі;

- конъюнкция – ЖӘНЕ –логикалық функцияның белгілеуі;

- уақытына сигналдын пайда болуына богет операторы;

– ДС1 немесе ЖТҚ қосылу кезінде пайда болатын, немесе кернеуінің төмендеуне байланысты ДС1 токтық қиылу режимінде ауысқанда, немесе – ДС2 және ФТН, бірақ уақыт усталымымен, қосалқы станция фидерінің ажыратқышын өшіруіне шығыс сигналы.

 

1.2.2 Секциялау пост фидерлерінің қорғаныс комплекті (УЭЗФП)

 

Бұл қорғаныста екі сатылы болып келеді. Бірінші сатысы – бағытталған дистанциондық қорғаныс ДС-1 - секциялау пост – қосалқы станция аймағын қысқа тұйықталудың уақыт ұстаусыз 80-85% аралығында (телеблоктау бар кезінде 50%) өшіреді. Бұл саты сипаттамасы толық кедергі датчиктері ДС1 дөңгелекті мінездемесімен және ФТН фазамен органдардан тұрады, бірінші сатыны іске қосуын 45-900 бұрыштар диапозонында қамтамасыз етеді. Бірінші сатының мінездемесі өзінде кедергі жазықтығының координата комплексімен басынан центірімен секторды ұсынады.

Бірінші саты қ.т. кезінде «өлі аймақ» секциялау постының қасында болады. Бұл жағдайда шинадағы кернеу мәнді төмендейді, яғни ДС1датчигінің қосылуына жеткілікті болады.

Осыған байланысты бірінші саты тездетілген тоқтың кескіш нүктесін өзіне қосады (ЖТҚ), өлі аймақ шектерінде қ.т. кезінде негізгі қорғаныс болып келеді. ТТ мінездемесі болып кедергі жазықтығының комплексінде аймақтың цетірі координат басы саналады. Қорғаныстың екінші сатысы – дистанциондық бағытталмаған ДС2 қорғанысы 0,4-0,5с. қ.т. уақыт ұсталымымен аймақта өшіреді. Бұл жерде қорғаныстың 2-і сатысы істемейді және де оны бірінші саты жұмыстың аймағында резервтеледі. Осыған байланысты, ДС2 екінші сатылы қорғанысы секциялау посты мен қосалқы станция арасындағы барлық телімдерге таратылады, осыған байланысты негізгі телімдерге болып, бірінші сатының сонында, аралас қосалқы шинасының арасында болады.

Екінші сатының мінездемесі қорғанысы кедергі жазықтығының комплексінде шеңбер тәрізді. Оның центрі координат ось осымен сәйкес келеді. Кернеудің төмендеуі кезінде секциялау постының шинасындағы бағытталмаған дистанция қорғанысы ДС2 автоматты түрде токтың кескін режимінде уақыт ұсталымсыз ауысады, сол сияқты бірінші сатылы ДС-1 –і «өлі аймақты» кезінде резервтейді.

Секциялау постының фидерлерінің электронды қорғанысы жалпы мінездемесі бірінші және екінші сатылы мінездемемен жолмен алынып, комбинералдық болады.

Секциялау постының фидерлерінің электронды қорғанысының функциялауын мына формуламен анықтауға болады:

 

(1.2)

 

яғни, ажыратқыштың өшіруіне Y сигнал ДС1 және ФТН немесе ЖТҚ іске қосылғанда беріледі немесе ДС2 жұмысы кезінде, бірақ уақыт ұстамымен, немесе уақыт ұсталымсыз (U¯) кернеудің төмендеуінен ДС2 токтық қиылу режиміне ауысуы.

Тартылым қосалқы станциясымен секциялау постарын электрондық қорғаныс кешенінің негізгі техникалық берілгендерді.

 

Кедергі бойынша тағайыншамалардың диапазоны

 

Бағытталмаған дистанциоондық қорғанысы 5-58Ом

Бағытталған дистанциондық қорғанысы 6,8-63Ом

Бағытталған қорғаныстың фазасының жылжу

бұрышы бойынша іске қосылу диапазоны тен дейін.

 

 

Ток бойынша тағайыншамалардың диапазоны

 

Бірінші сатылы дистанциондық қорғаныстар 1,7-20А

Екінші сатылы дистанциондық қорғаныстар 1,6-15А Жеделдетілген токтық қиылуы 1,8-25А

 

Қарастырылған жалпы мәліметтер негіз ретінде алып бұл қорғаныстардың функционалды сұлбарын құрастыру қажет. Сұлбалардың құрамында күштік коммутациялық аппараттар, ток және кернеу трансформаторлар, өлшеуіш, логикалық және шығыс органдары болу керек.

Келесі мақсат тартылым қосалқы станция және секциялау фидерлерінің электрондық қорғанысының екі сатысының тағайыншамаларын есептеуінен тұрады.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 400. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.029 сек.) русская версия | украинская версия