Студопедия — Жер үсті жабдықтары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жер үсті жабдықтары






Штангалы ұңғымалық сораптың жеке механикалық қозғалысы тербелмелі-станок арқылы іске асады.

Тербелмелі-станоктың негізгі түйіндері: рама, қиылған төртқырлы пирамида түріндегі тіреуіш, бұрылатын басы бар балансир, шатундары бар траверса, балансирге ілінген шарнир, кривошипі және қарсы салмағы бар редуктор.

Комплектке тербеліс санын өзгертуге арналған ауыспалы шкивтер жиынтығы кіреді. Қайысты (ремень) тез ауыстырып, созу үшін электрқозғалтқышты бұрылу жылжымасына (салазки) орнатады.

Тербелмелі-станок әр түрлі өлшемдегі типте шығарылады, бұл әр түрлі тереңдікке түсірілетін әр түрлі диаметрдегі штангалы ұңғымалық сорап жұмысына жасауына мүмкіншілік етеді, сағалық штоктың қажетті жүріс ұзындығын алу үшін және редуктодың жетектегі валдың қажетті айналу моментін алу үшін.

Редуктор электроқозғалтқыштан тербелмелі-станок кривошипіне берілетін айналым санын төмендетуге арналған.

Мұнай өндірісінде әр түрлі өлшемді және конструкциялы ТС пайдалануда. Механикалық және кинематикалық жағынан олар айтарлықтай жетілген (2-сурет). ТС шифрында, оның жүк көтерімділігі, жүрісі және редуктор валының мүмкін моменті көрсетіледі.

Мысалы, СК3-1,2-630 шифрында тербелмелі-станоктың жүк көтерімділігі – 3т, максималды жүрісі – 1.2 м, редуктор валының ең үлкен айналу моменті - 630 кгс·м. Яғни, шифрдың өзінде ТС ең негізгі сипаттамасы көрсетіледі.

Кривошипті қарсысалмақтардың механикалық бірқалыпты орын ауыстыруы қарастырылатын, бұл кезде ТС ең жақсы тепе-теңдігіне жетеді.

Тербелмелер екі колодкалы қол тартпасы (привод) бар тежегішпен бекітілген. Тежегіштің көмегімен тербелменің балансиры және қарсысалмақтары қайсыбір жағдайда орнатылуға мүмкіндігі бар. Қозғалтқыш жылжымаға орналастырылады, жылжыманың көлбеулігі трансмиссиялық берілістің тиксотропты қайысының керекті керілуін жеткізу үшін реттеледі. Балансирдің жүріс ұзындығының өзгеруі, кривошиптегі шатун тісінің ауыстыру арқылы іске асады, ал тербелістің санын өзгерту электроқозғалтқыш валындағы шкивтерді басқа өлшемге ауыстыру арқылы іске асырылады. Сипатталған балансирлі тербелмелі-станоктан басқа, штангалы сорапты қондырғыға арналған көптеген жеке тартпалар бар, бірақ олар кеңінен қолданыс таппады. Осындай тартпалар санына, балансиры жоқ тербелмелі-станокты жатқызуға болады, мұнда штанганың қайтымды-үдемелі қозғалысы - шынжыр мен арқан көмегімен іске асады. Олар ұңғыманың пирамида-тіреуішіне, сағаға көлбеу бекітілген шкив-жұлдызша арқылы асылған. Арқанды алқа (немесе шынжыр) штангаға бекітіледі, ал басқа ұшымен редуктор кривошипіне бекітіледі.

2-сурет. Балансирлі тербелмелі-станок сұлбасы

1 – арқанды алқа, 2 – бұрылатын басы бар балансир, 3 – балансир тіреуі, 4 – тіреуіш, 5 – шатун, 6 – кривошип, 7 – редуктор, 8 – жетектегі шкив, 9 – сынақайысты беріліс, 10 – электроқозғалтқыш, 11 – жетекші шкив, 12 – қоршау, 13 – электроқозғалтқыш үшін бұрылмалы шана, 14 – рама, 15 – қарсысалмақ, 16 – траверса, 17 – тежегіш шкив.

 

Редуктор валының айналуы және валға бекітілген кривошип айналысы кезінде арқанды алқа мен штанга бағанасы қайтымды-үдемелі қозғалыс жасайды. Пирамида-тіреуіште жоғары көтерілген ауыр балансирдің болмауы, балансирсіз станоктардың салмағын азайтуға, және тартпаның кинематикасын біршама жақсартуға мүмкіндік береді. Балансирсіз ТС, балансирді ТС сияқты кривошипте орнатылған қарсысалмақ көмегімен теңестіріледі. Бірақ, қарсысалмақтың ауырлық центрі, шатунның бекітілу нүктесіне қатысты бұрыштық жылжуы болады, бұл тіреудегі шкивтердің айналу центрін және кривошиптің негізгі валының осін біріктіретін желінің көлбеулігіне тәуелді.

Балансирді ТС-ң гидропневматикалық және пневматикалық теңестірілетін түрі бар. Бұл станоктар әдеттегі балансирге қарағанда кішігірек, жүрісі бірқалыптырақ, инерциялық күші азырақ. Бірақ, олардың жасау құрылысы күрделі, қымбат және габарит өлшемдерінің кішілігіне қарамастан, металлсыйымдылығы үлкен, мұндағы, тепе-теңдік – роторды қарсысалмақтарды пайдалану есебінен, және де ішінде жылжитын поршені бар арнайы цилиндрдегі ауаны сығу арқылы іске асады.Сонымен қатар, пневматикалық теңестірілген ТС-та міндетті түрде теңестіру жүйесіне ауаны айдау үшін арналған кішігірім бір цилиндрлі компрессор болады. Одан басқа, ішіндегі қозғалатын поршені бар және ұзын цилиндрден тұратын гидравликалық тербелмелер дайындалған, ол штанга бағанасымен тікелей жалғасады. Цилиндр ұңғыма сағасынан жоғары тік түрде орналасады. Поршень мен штанганың қайтымды-үдемелі қозғалысы золотникті құрылғыны қосу арқылы күш сорабымен цилиндр қуысына сұйықты айдау арқылы іске асады. Күш сорабы ретінде, әдетте тартпасы (привод) электроқозғалқыштан болатын, тісті дөңгелекті сорап қолданылады. Тепе-теңдік - фазалары қарама-қарсы гидравликалық алқасы бар сорап құбырларының орын ауыстыруы есебінен іске асырылады. Гидравликалық тербелмелер өте кішігірім, массасы әдеттегі ТС балансирге қарағанда 2-2,5 есе аз, жүрісі бірқалыпты болып келеді. Бірақ оның елеулі кемшіліктеріне СКҚ орын ауыстыруы, қосымша тығыздатқыш сальникті тетіктер және жасалу құрылысы жетік технологияны талап ететін ұзын күш цилиндрлары жатады.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 575. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия