Студопедия — IV. Пайдаланған әдебиетер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

IV. Пайдаланған әдебиетер

Пәннің аты Кітапха-надағы саны Алу қажет Кітапха-надағы саны Алу қажет
Медициналық және фармацевтикалық тауартану - 50 - Васнецова О.А. Ме-дициналық және фармацевтикалық тауартану – М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005-605 с. 50 -Васнецова О.А. Ме-дициналық және фармацевтикалық тауартану – Практикум М.: Изд. Группа «ГЭОТАР –Медиа» 2005- 704 с. 50 - маров С.З. и др. Медициналық және фармацевтикалық тауартану: Оқулық / - М.: ГЭОТАР-Мед. 2004 – 368 с.   -  

 

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Медициналық технологиялар мен этикалық мәселелер

Факультет: Жалпы Медицина

Топ: 009-02

Орандаған:Шамсиддинов.Р

Тексерген:Маликов Б.У

 

Алматы 2015ж

 

 

Жоспар:

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.

1.Медициналықтехнологияжүзеге асырылуы

2.Медициналық этика

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиетер

 

Қазақстанда 123 инновациялықмедициналықтехнологияжүзегеасырылуда

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда отандық медициналық ғылымының тиімді моделі құрылуда және ең алдымен, медициналық ғылымның тәжірибелік денсаулық сақтау жүйесімен өзара байланысы күшейтілуде.

Еліміздің өңірлерінде жаңа инновациялық технологиялар қолданысқа енгізілуде: заманауи 400 медициналық жобаның 123-і бүгінде облыстарда іске асырылуда, деп хабарлады рm.kz сайты.

Бүгінде «Са­ла­матты Қазақ­стан-2015» мемлекеттік бағ­дар­ламасы жү­зеге асы­рылуда. Денсаулық сақтау жүйесі са­палы дамып келеді. Елде озық ем­деу-диагностика­лық ке­шендер, ме­дицинаның негізгі бағыт­тары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құ­рылды, көліктік ме­дицина дамы­тылуда. Бізде ме­дициналық пой­ыз­дар, автокөлік, медициналық авиация пайдала­ны­лады», -деп атап көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында.

Инновациялық жобаларды енгізу және ғылыми медициналық зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет қолға алып отырған Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басымдықты бағыттарының бірі.

Айта кету керек, денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру сомасы 2007 жылдан бері 2,5 есеге ұлғайып отыр (2007 жылы - 910 млн. теңге болса, 2012 жылы - 2 243,6 млн. теңге). Осының арқасында жоғары технологиялар енгізілуде, диагностиканың заманауи әдістері қолданылуда.

Ғылыми-зерттеу институттары мен республикалық емханаларда сынақтан өткен жаңа технологиялар бүгінде еліміздің өңірлерінде нәтижелі қолданылуда: заманауи 400 медициналық жобаның 123-і облыстарда жүзеге асырылып жатыр. Осылайша, науқастардың жоғары білікті медициналық көмекке деген қолжетімділігі артуда.

Қазақстанда 2012 жылы 24 ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылады. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді медициналық білім берумен және ғылыммен айналысатын 32 ұйым іске асыруда.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасында медициналық ғылымды дамытудың басымдықты бағыттары көрсетіліп отыр. Олар - экология және денсаулық, халықтың өмір жасын ұзарту, регенеративті медицина (клеткалар технологиясы, жасанды ағзалар) балалардың денсаулығын және ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу денсаулықтарын қорғау технологиялары, аурулар мен жарақаттардың салдарынан орын алатын өлім-жітімнің және еңбекке жарамдылыққа ұшырау оқиғаларының алдын алу, инфекциялық, әлеуметтік маңыздағы аурулардың салмағын азайту және оларды болдырмау технологиялары сияқты мәселелер.

Бүгінде еліміздің медицина саласының қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау жүйесіне жаңа жобаларды нәтижелі енгізіп жатыр. Мысалы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың базасында жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау отасы жасалды. Бұл Қазақстан үшін бірегей операция.

Ал Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың базасында FDA (Food Drug Administration, АҚШ) сертификатына ие болған зертхана және «Адамның жілік майы клеткаларының банкі» ашылып отыр.

Травматология және ортопедия ғылыми орталығында жамбас буынын цементсіз бекітуге арналған эндопротез ойлап табылса, Көз ауруларының ғылыми-зерттеу институты емдеудің жаңа әдісін - Кәрілікпен келетін макулодистрофияның фотодинамикалық терапиясын ойлап тапты.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын әрі қарай іске асыру денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға, соның арқасында отандық ғалымдардың бәсекеге қабілетті жобалар жасауына жағдай жасауға және қазақстандық медициналық қызметтің халықаралық зерттеулер ортасына белсенді ықпалдасуына мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді. Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақтығы ұлғайды.

Елде озық емдеу-диагностикалық кешендер, медицинаның негізгі бағыттары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құрылды, көліктік медицина дамытылуда. Қазір адамдар жақсы медициналық қызмет көрсетілетін емдеу мекемелерін таңдайды. Олар бұл мәселені анықтап алды, енді одан әрі қозғалу қажет.

Облыстық денсаулық сақтау саласы жаңа технологиямен жыл сайын толысып келеді. Атап айтар болсақ, соңғы 10 жылда біздің медициналық мекемелер әлемдік сұранысқа жауап беретін құрал-жабдықтармен жабдықталуда. Соңғы жылдары өңірлік медицина 3 компьютерлік томограф, жүздеген ультра дыбыстық зерттеу аппараттары, 8 маммограф қондырғылары мен 14 телемедицина орталығы халыққа қызмет етуде. Қазақстан ауруханаларында тәуелсіз мемлекет достастығы елдерінде теңдесі жоқ магниттік резонанстық томография аппараты орнатылды. Алғашқы аппарат 2006 жылы облыстық «Жедел жәрдем» ауруханасына әкелінді. Қазір ауруханаларында магниттік резонанстық және компьютерлік томография жұмыс жатыр. Бұндай магниттік резонанстық томография аппараты елімізде Астана, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Батыс Қазақстан обылысында, сондай-ақ Семейде диагностикалық орталығында және Мемлекеттік медицина университетінің оқу емдеу орталығында қондырылған. Магнитті – резонансты томографияның түрлі ауруларды анықтауға мүмкіндігі зор. Адам ағзасында терең орналасқан биологиялық тіндердің көрінуін қамтамасыз етеді. Медициналық практикада, әсіресе, неврология мен нейрохирургияда кеңінен қолданылатын қауіпсіз, инвазивті емес диагностикалық әдіс. Түсу мерзімі 20 минуттан 1 сағатқа дейін созылады. Жалпы, аталған аппараттың нақты диагнозды қоюда мүмкіндігі өте зор.
Магниттік резонанстық томография мүшелердің барлық тіндерін анық көрсете алатындықтан әртүрлі ісік ауруларын анықтауда, орталық нерв жүйесі бұзылуын және тірек-қозғалыс ауруларын зерттеуде озық техника болып есептеледі. Аппараттың диагностикалық мүмкіндігін анықтау үшін арнайы контрастылы сұйықтар құйылады. Ол сұйықтар ішкі көк тамырға енгізіледі.

Өзге компьютерлік томография аппараттары секілді түсірілім кезінде адам денесіндегі басқа денелер (имплантант) болған жағдайда енгізілген материалдың сертификаты болуы керек немесе емдеуші дәрігер енгізілген материалға магниттік резонанстық томография диагностикалауға қауіпсіздігі жөнінде анықтама береді. Өкінішке орай, бассүйегіңізде ферромагнитті материалдармен жабыстырылған аневризмалар, металл протездер, клипстер немесе жарықшақтар, жатыр спиралі болған жағдайда аппарат кері әсер етеді. Ал енді осы кереметтей аппараттың бағасы да осал емес. Магниттік резонанстық томография аппаратының жалпы соммасы 504 млн. теңге тұрады. Магнитті — резонансты томографияға түсу үшін 26 мың 800 теңге қаражат қажет. Бірақ, тіндерді анық көрсету үшін құйылатын контрасты сұйықтың бағасы 11 мың 400 теңге. Сонда 38 мың 200 теңге қаражат беріп, ауруыңызды анықтай аласыз. Ал, құны 125 миллион теңге тұратын компьютерлік томография зерттеу жұмысы көп уақыт алмайды, небәрі 45 минут жұмсалады. Компьютерлік томографияның екі түрі бар. Олар — магниттік резонанстық және рентген сәулесімен жұмыс істейтін компьютерлік томография.

Міне, осындай қымбат қаражатты қажет ететін аппараттарға қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейді. Сондай-ақ, аппаратқа түсу үшін ұзақ жататын болғандықтан 5 жастағы балаларға наркоз беріледі. Бұл 5 жасқа дейіңгі балаларды түсіруге арналмағанын, бұдан сәбилердің нақты диагнозын анықтай алмаймыз.

Кейбір елді мекендерде медициналық аппараттардың тозығы жеткен немесе мүлдем жоқ. Мысалы, артроскоп және эндопротез аппараттары. Бұндай аппараттар еліміздің Астана, Алматы қалаларында ғана бар. Жалпы артроскоп аппараты – буын ішіне эндовидеолық операция жасаса, ал эндопротез аппараты жасанды буындар дайындап шығарады. Сондай-ақ аппараттардың тозығы жету салдарынан, науқасты түрлі ауруларға шалдықтыруы немесе мүгедек қылып тастауы мүмкін. Сондай-ақ осы аппараттарды дұрыс қолданудың маңызы өте зор.

Денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – кадрлық ресурстарды дамыту стратегиясы. Бүкіл дүниежүзінде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі және медициналық қызмет көрсету сапасы қызметкерлердің білімі, икемділігі, мотивациясымен анықталатын жұмыс көрсеткіштеріне байланысты. Халықаралық тәжірибе, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәжірибесі ұйымдағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты өзгерістердің ішінде кадрларды басқару саласында қолданылған іс-шаралар табысқа жеткізеді. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін даярлау сапасы мен саны, даярлау курстарын біркелкі бөлу денсаулық сақтау саласының түрлі іс-шараларының нәтижесіне және жалпы адамдардың денсаулығына оң ықпал ететіні туралы деректер көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сәйкес, негізгі қызметі халық денсаулығын жақсартуға бағытталған адамдарды – денсаулық сақтау саласы қызметкерлері деп атаймыз. Оларға медициналық қызмет көрсететін мамандар, яғни дәрігерлер, мейірбикелер, фармацевтер, лаборанттар, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлер мен көмекші персонал жатады.

2011-2012 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы туралы мәліметтер.

Халық 01.01.2009 ж. 01.01.2010 ж. 01.01.2011 ж. 01.01.2012 ж.(болжамалы)
мың адам Үлесі (%) мың адам Үлесі (%) мың адам Үлесі (%) мың адам Үлесі (%)
                 

 

Туу көрсеткіші   33,2   31,3   34,1   35,1

 

Барлығы 15999,6 13,7 16222,7 13,9 16463,2 14,2 16674,9 15,5

 

  Өлім көрсеткіші   11,8   10,8   14,6  
Медициналық қызмет этикасы  
                   

 

Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice – адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді: · ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы; · практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы. Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді: · медициналық қызметкер – емделуші, · медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары, · медициналық қызметкер – медициналық қызметкер. Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және және толыққанды медициналық көмек. Қағидаттардың күнделікті қолданылуын талқыламас бұрын әрбіріне жеке сипаттама бергеніміз жөн болар. Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін» Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт! Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзген де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты. Әділдік қағидаты/ зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс. Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біздер емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет. Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.

«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:

· Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.

· Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.

· Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.

«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:

· Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;

· Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;

· Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тис;

· Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда, науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.

«Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар:

· өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс;

· Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс;

· Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет;

· Қиын жағдайларда бірі біріне көмектесулері тиіс.

Қорытынды:

• аппараттардың бағалары өте қымбат, оны алуға әрбір мекеменің қалтасы көтере бермейді;
• кейбір елді мекендерде медициналық аппараттар ескірген, оның салдарынан көптеген зиянды сәулелер бөлініп, адам денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін;
• медициналық аппараттардың жетіспеушілігі, мысалы, атроскоп, эндапротез аппараттары еліміздің Астана және Алматы қалаларында ғана бар;
• орташа айлық табысы немесе одан төменгі табысы бар отбасылар өздері толығымен одан медициналық тексеруден өте алмайды.

• медициналық аппараттарды өз елімізде, жаңа технологияларды пайдаланып жасау (өндіру);
• көп балалы отбасыларға тексеруден мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастыру.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.Е.Абылқасымова, Д.Рахымбек, А.К.Көбесов, А.С.Кенеш. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі. – «Мектеп». – Алматы, 1998ж.
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан. – №41-42. – 28 қаңтар 2012ж. – 1-2 б.б.
3. ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.// Егемен Қазақстан. – 16 қазан 2004ж.
4. М.Д. Машковский.- «Новая волна». – Москва, 2006ж.
5. Интернет желісі: www.mz.gov.kz
6. Интернет желісі:[email protected]
7. Интернет желісі: [email protected]
8. Интернет желісі:stat.kz




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР | Ситуациялық есеп 1.

Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 219. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия