Студопедия — КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ






 

Қазіргі ғылым, экономиканың маңызды құрамдас бөлігінің бірі – тартылған инвестициялар туралы білімдердің елеулі жиынтығын қамтиды. Барлық салалардан экономико-заңдық танып білуді өкілдерінің ғылымдағы көптеген дискуссияларынан кейін, осы жағдайдың спецификасы мен оны құқықтық реттеу қажеттілігі мойындалды.

Бұл проблемаға ортақ көзқарас П.Массемен қарастырылған, ол инвестициялауды “инвестициялау көмегімен бүгінгі қажеттілік қанағатын келешекте күтілетін қанағатқа айырбастау актісі” деп түсінеді.

Инвестицияны “Қазіргі кезеңдегі өндірістік қызмет нәтижесінің капиталды меншік құндылығының ағымдағы өсімі” ретінде, немесе, “тұтыну үшін қолданылған, қазіргі кезеңдегі табыстың сол бөлігі” ретінде анықтайтын Дж.Кейнстің жұмыстарында инвестициялау процессінің ғылыми негіздері қарастырылған.

Экономикалық теорияда сәйкес саланы дамыту сатысы инвестициялаудың көкейтесті проблемалары бойынша көп санды аспектті зерттеулерді өрістетумен сипатталады.

В.Фельзенбаум, “капитал жұмсалымдары” және “қаржы” (портфельді) инвестициялар түсінігіне мазмұны бойынша жақын, инвестиция түсінігі нақты инвестицияларды қамтиды деп белгілейді. Яғни, меншіктен табыс табуға құқық беретін, меншік иесінің титулымен байланысты акция, облигация және тағы басқа құнды қағаздарға салынған салымдар.

Инвестициялаудың негізгі этаптары:

- капитал жұмсалымдарына шығындар ресурстарды қайта құру, яғни инвестиция қызметінің (тіпті инвестициялау) нақты объектілеріне инвестицияларды трансформациялау үрдісі;

- инвестицияны түпкілікті қайта құру мен жаңа тұтыну құнын алуды сипаттайтын салынған қаражатты капитал құнының өсіміне айналуы;

- табыс және әлеуметтік әсер нысанындағы капитал құндарының өсімі, яғни инвестициялық қызметтің түпкілікті мақсаты жүзеге асады.

Инвестициялау инвесторлардың қолдану үшін іздейтін, қаражатты тұтынудан кейінгі кейбір артықтардың қорлануының (жиналуының) нәтижесі болып келеді.

Жоспарланатын шығындар мен ұлттық өнім, және мультипликатор арасындағы мұндай байланыс жалпы экономикалық тепе–теңдіктің ортақ түсініктерінің бірі болып келеді. Және де шығындар бабында жеке тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік шығындарды бөліп көрсетеді.

Бұлардың әр қайсысының көлемінің өсуі шығындардың ортақ сомасының артуына алып келеді. Сонымен қатар, жинақ ақшалар мен инвестициялар тепе–теңдігінің проблемасына классикалық мектептің көз қарасы бар екені әйгілі. Бірақ, бұл мектеп қаржыландыру көзін оның жалғыз формасына қосып – жинақ ақшаға және оған несиені қоспай – механизмді шамадан тыс оңтайландырған. Өкінішке орай, кейнсианстық теория күшті, әрі жеткілікті болып келмейді. Мұнда, қаржы нарығы сұраныс пен ұсыныс заңының күші капиталдың тек бір түріне және бір проценттік мөлшерлемеге таралатын абстракция болып ұсынылады Ал, нақтылық күрделірек болып келеді “сандық аспект капиталдың сұранысы мен ұсынысы сапалық сипаттамамен толықтырылмаса оны ешқандай экономикалық талдау дәлме-дәл кескіндемейді”.

Инвестициялар, төлемақылардан басталатын, әрі қарай түсімдер күтуге мүмкіндік беретін, ақша төлемдерінің ағымын сипаттайды. Инвестициялық қызмет шаруашылықтың нарықтық жағдайында кәсіпкерлік қызмт болып келеді және табыс табу мақсатында инвестициялық нарықта шаруашылық жүргізуші субьектілермен жүзеге асырылады.

Инвестициялар дегеніміз – мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай–ақ пайда (табыс) алу мақсатында иевестордың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған меншікке құқық.

Шетелде қызмет ететін, шығарылатын, әкелінетін капиталды жекеменшік, мемлекеттік және сыртқы деп бөлуге болады. Ол ақшалай және тауарлы нысанда, қысқа және ұзақ мерзімді, ссудалық және кәсіпкерлік бола алады.

Кәсіпкерлік капитал (және ішінара ссудалық) тікелей және портфельді инвестициялармен ұсынылған.

Тікелей инвестициялар – тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды сипаттайды. Тікелей инвестициялардың негізгі айрықша сипаттамасы – тікелей инвестор кәсіпорынды басқаруға елеулі әсер етеді. Осыған орай, инвесторға кәсіпорында 10 %-дық қатысуды қамтамасыз ететін барлық салымдар тікелей инвестициялар деп аталады. Тікелей инвестициялар санатына жататын операциялар санына, мұндай қатынастар негізін қалайтын капитал жұмсау бойынша бастапқы операциялар ғана емес, инвестор мен кәсіпорын арасындағы кейінгі операциялардың барлығы жатады.

Портфельдік инвестициялар – пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдардың ішкі құйылысында тікелей сияқты портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшуінің спецификалық жағдайы – отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады.

Портфельдік инвестициялау арқылы қор нарығының әр түрлі секторларындағы барлық инвестициялық қызметтің түпкі нәтижелерін жоспарлауға, бағалауға және бақылауға болады.

Портфельдік инвестицияларды жүргізу нарық дамуын сипаттайды. Қазіргі кезде, портфельдік инвестициялаумен клиенттердің екі типі қызығушылықта. Біріншілеріне, уақытша бос қаражаттарын орнықтыру проблемалары барлар (мысалы, ірі корпорациялар). Екіншілеріне, айналым қаражаттарын қажетсінетін, портфель идеясын “приманка” ретінде ұсынатындары жатады (мысалы, аса ірі емес банктер, қаржы компаниялары т.б.).

Сонымен қатар, инвестициялар тәуекелдік (венчурлік) және ануитеттік болып бөлінеді.

Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз-өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.

Ануитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.

Сонымен қатар, инвестицияларды жұмсау сипатына қарай мынадай түрлерге бөледі:

- өндірістік–материалды салаға қаржы жұмсау. Экономика тепе-теңдігінің бұзылуы және осы салалардағы капитал айналымдылығының төмендеуі, сол кезеңдегі барлық ұлттық шаруашылыққа сипатты, жағымсыз нәтижеге әкелді. Мұндай жағдайдағы өндірістік жұмсалым ролі өседі.

- өндірістік емес–материалды емес салалардағы капиталды игеру, қызмет көрсету саласын қоса. Өндірістік салалармен салыстырғанда өндірістік емес салаларға инвестиция үлесі елеулі жоғары. ЖІӨ құрылымында халыққа қызмет көрсету, сауда–делдал үлесі өскен. Қызмет көрсету саласында капитал ресурстарының жоғары айналымдылығы белгіленген. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласының дамуы елдің экономикалық өсуіне елеулі әсер етпейтінін айта кеткен жөн.

Инвестициялау мерзімі бойынша:

- қысқа мерзімді – бірнеше айға қаржы беру. Қазақстанда қысқа мерзімді қарыздар мен несиелер кеңінен қолданылады. Олардың қолайсыз жақтары: біріншіден, жоғары пайыздық мөлшерлеме; екішіден, кепілдіктің болуы; үшіншіден, көлемдерінің аздығы.

- ұзақ мерзімді – бірнеше жылға қаржы беру.

Инвестор санаты бойынша инвестициялардың бөлінуі:

- жеке – Қазақстанның, сонымен қатар, шетелдің жеке және заңды тұлғалары инвестиция қызметінің өкілдері бола алады. Мысалға, ондай инвестицияларға несие желісінің ашылуы, қарыздар, гранттар мен техникалық көмек берулер жатады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша жасалынатын қорытынды – елімізде бар инвестиция көлемінің жетіспеушілігі анық. Бұл, республикаға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайсыз режиммен байланысты деген ой тудырады. Қаржы Министрлігінің деректері бойынша Қазақстанның 3 млр. АҚШ долларын құрайтын, несие ресурстарының қайтарылатындығына кері әсер ететін және инвесторлар үшін белгілі бір тәуекел білдіретін сыртқы қарыздары бар екенін де айта кеткен жөн.

- Мемлекеттік – капиталды мемлекеттік несие–банк мекемелер жағынан инвестициялау. Ауыр экономикалық жағдайға байланысты, Қазақстанда жұмыс істейтін мемлекеттік банктердің қаражаттары шектелген.

Инвестиция көздері бойынша:

- ішкі – республиканың банктік институттарымен несиелеу.

Жоғарыда айтып кеткендей, мемлекеттік банк қражаттары шектеулі, бұл жағдай Қазақстандағы екінші деңгейдгі акционерлік, жеке, біріккен және коммерциялық банктер үшін де сипатты. Екінші деңгейдегі банктер макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында (инфляция, жұмыссыздық, өндірістің құлдырауы) тез арада табыс табу үшін қысқа мерзімді несиелер беруге бағдарланады. Коммерциялық банктер қаржы нарықтарындағы тұрақсыз жағдай мен инвестициялау тәуекелдіктерінің жоғарылау кезінде нақты секторды ұзақ мерзімді несиелеуге аз көңіл бөледі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер көбінесе залалда қалады. Сонда, мемлекеттік те, коммерциялық банктер де ұлттық экономикаға әлеуетті инвестор бола алады.

- Сыртқы – шетел жақтарынан капиталды тарту.

Сонымен, әр түрлі формадағы және түрдегі инвестицияларды республикаға тарту үшін жағымды жағдайлар жасалу керек

Жұмсалымның жоғары тиімділігіне жету үшін фирма басшылығы инвестициялаудың базалық қағидаларын ескеру керек.

Инвестициялаудың шекті тиімділік қағидасы. Кез–келген кәсіпорын өндірілетін өнім бірлігіне шығынды минимальды болатындай өндірісті ұйымдастырып, максимальді табыс табуға тырысады. Өндірістің жеткен деңгейіндегі табыс өндіріс шығындарынан асатын жағдайда кәсіпорын өз қызметін жалғастырады. Тауар сатудан түскен жиынтық табыс өндіріс шығындарынан аспаған жағдайда ғана ол өз қызметін тоқтатады.

Ал, егерде тауардың бір қосымша бірлігінің өндірісі оны дайындауға кеткен шығындарды асса кәсіпорынға өнім шығаруын кеңейтуге тура келеді. Өнімнің соңғы бірлігін сатудан түскен түсім өндіріс шығындарына тең болса, кәсіпорын өндірісін кеңейтпейді. Кәсіпорын өндірісін жалғастырған кезде, шекті табыс өндірістің шекті шығындарына тең болатындай өнім көлемін шығару керек. Бұл екі шарттың әмбебап сипаты бар кез – келген нарық құрылымына, меншік формасына қолданылады.

Инвестициялаудың оңтайлы көлемі - 5 млн бірлік. 6 млн бірл. салымы тиімсіз болады.

Инвестициялаудың шекті тиімділігі екі маңызды факторға тәуелді:

• өндіріс шығындарының өсу қарқыны;

• өндірісті монополиялау деңгейі;

“Замазка” қағидасы. Бұл қағида инвестициялау тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілін анықтауға мүмкіндік береді.

Инвестициялау замазкамен жұмыс істеу сияқты: шешім қабылдау еркіндігі оларды жүзеге асыру кезінде жәймен көбейетін еркінсіздікке алмасады.

Кәсіпорынның қандай станок сатып алу керек, оны жалға беру немесе өзіне өндіру керек пе, осы операцияға қанша, қай мерзімге және неше пайызға несие алу керек шешімдерін еркін қабылдай алады. Бірақ, осы үрдістерді жүзеге асырғаннан кейін артқа шегіну қиынға түседі. Бұл станокты бірнеше жылдар бойы (өтелу үшін) пайдалану керек, несие бойынша пайыздарын төлеу керек және тағы сол сияқты. Бірақта, инестициялық жоба күшіне енген соң әрекет еркіндігі шектеулі болады.

Инвестициялық шешім жүзеге асқаннан бастап еркіндік нольге теңеседі деуге болмайды. Сатып алынған станоктар немесе акцияларды қайта сатуға, дезинвестициялап, олардан құтылуға болады. Бірақ, ол үшін төлеу керек: уақытпен, басқарушылық қызметкерлердің күшімен, серіктестермен байланыстардың бұзылуымен. Капитал жұмсалымының көптігіне, іскерлік серіктестіктердің атақтығына орай қателіктерді жөндеу үшін төлемдері көбейіп отырады. Осыған орай, инвестициялық жоба жүзеге аспай тұрып, оның тиімділігін алдын - ала есептеп алу керек.

Күрделі қаржы жұмсалым тиімділігін материалдық және ақшалай бағалаудың ұштастырылу қағидасы. Тімділікті бағалаудың үш қағидасы бар:

• шығын мен шығарылымның салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек құнды және ақшалай талдау. Инвестициялаудың дүниежүзілік тәжірибесі тиімділікті тек ақшалай бағалауға сүйену жеткіліксіз екенін көрсетеді – мұндай тәсіл инфляция жағдайында тиімсіз.

• тиімділіктің ақшалай және техникалық критерилерін ұштастыру арқылы. Себебі, инестициялық жобадағы кепілдікке алынған (жобаға салынған) технологияның өзіне де байланысты. Технология өндірістік қуаттарды енгізудің айрықшалықты суретін тапсырады және инвестициялық мақаттарды жүзеге асыру тәртібіне әсер етеді.

• тиімділікті бағалаудың техникалық тәсілі, ол бизнесті нарықтық (құндық) бағалауды ескермейді, осыған орай, ол көп қолданылмайды.

Биімделу шығындарының қағидасы. Биімделу шығындары – бұл жаңа инвестициялық ортаға үйренуімен байланысты барлық шығындары. Олар, жаңа жабдық қондырылған, бірақ оны өзгерген коньюнктура бойынша қайта баптау (переналадить) кезіндегі өндірісті қайта ұйымдастыру және кадрларды қайта дайындаудан жоғалған шығарылым ретінде өлшенеді. Жаңа инвестициялау туралы шешім, оны іске асыру алдында және өтемділік аралығында әрдайым уақытты артта қалуы болады. Бірден үйреніп кету мүмкін емес. Кез – келген биімделудің өз шығындары болады: жаңа ақпарат, жаңа технология, кадрларды қайта дайындауға қаражат және тағы да басқа керек.

Ағымдағы табыстылықтың тез арада азаюы үйрену үшін төлем болып отыр. Тіпті акция мен облигацияның өздерін де, бағамы төмендеген кезде, тез арада тиімді қайта сату мүмкін емес. Уақыттың өтуі капиталдың құлдырауын, оның табыстылығының төмендеуін білдіреді. Ал, өндірістік инвестициялаудың биімделу шығындары бұдан да көп. Мысалы, қол еңбегін машиналыға алмастыру орынды. Бұл әйгілі биімделу шығындарын (тікелей және жанама) қажет етеді. Соның ішінде: кадрларды қайта дайындау; ескі жабдықты сатып жаңасын орналастыру; қысқарту нәтижесінде жұмыссыз қалған жұмысшылар мен қызметшілерге өтемақыларын төлеу; өз күшін сақтайтын ескі келісімшарттар бойынша тұрақсыздық төлемдері және т.б. Кәсіпорын жаңа өнімін сататын бағасына биімделу шығындарын да қосу керек. Бұл баға өндіріс үшін шикізат, материалдар, технологиялар ұсынысының бағасынан қаншалықты асса, соншалықты бұл вариант капитал жұмсалымына артықшылықты. Өнімге деген сұраныстың көп болуы, кәсіпорын өзіне рұқсат ете алатын биімделу шығындарының көп болуына әсер етеді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сұраныс бағасы ұсыныс бағасынан қаншалықты көп әрі ұзақ болса, биімделу шығындарына қарамастан соншалықты инвестициялау тиімдірек болады.

Мультипликатор (көбейткіш) қағидасы. Мультипликатор қағидасы салалардың байланысуына сүйенеді. Бұл айтарлықтай автомобильге деген сұраныстың өсуі технологиялық ілеспе тауарларының: металл, пластмасса, резина және тағы да басқаларының өсімін туғызады. Мультипликатор, салалар арасындағы нақты бар байланысын тұлғалайды және осы байланыстарды санды түрде сипаттайды.

Мультипликатор алдын ала нақты ықпалдың уақыты мен экономикалық қуатын білуге, осы ақпаратты тиімді пайдалануға: тиімсіз инвестициялауды тоқтату және коньюнктураны оза отырып, уақытылы жаңа бизнеспен айналасуға мүмкіндік береді. Осындай уақытылы әрекет акцияларды қайта сату және өндірісті қайта профильдеу формасында жүзеге асуы мүмкін.

Мультипликатор әсері саладан – сұраныс пен табыстылық қуат көзін (генератор) жоюына байланысты әлсіреп, өседі. Сонымен қатар, мультипликатор әсері уақытылы да өшеді. Кейін басқа сала алға шығуы мүмкін, мұнда, қайтадан инвестициялау стратегиясын түзету керек.

Q – қағида. Q – қағида – бұл қор биржасындағы активті бағалаумен оның нақты қалпына келтіру құны аралығындағы тәуелділігін анықтау. Бұл тәуелділік көрсеткіші – Q – қатынас:

Q=Материалдық активтердің ұдайы өндірісін биржалық бағалау / Осы активтердің орнын басудың ағымдағы шығындары

Егер, бөлшек бірден жоғары болса, онда инвестициялау тиімді. Қанша көп болса, сонша тиімді.

Инвестициялау тиімділігі сұраныс бағасы мен ұсыныс баға ара қатынасына бекітіледі. Бүкіл кәсіпорынды сатып алуды инвестициялағанда былай анықтаймыз

Q=Бүкіл фирманың биржалық бағасы / Оның материалды бөлігінің орнын толтыру шығындары

Бұл қағиданың қолданылуына қарағанда, оны мемлекеттік реттеу деңгейі көбірек.

Тәжірибе көрсеткенде, Q – қағида келесі салаларда қолданысқа жақсы. Олар: көлік, автомобиль жасау, түсті металлургия, резинотехникалық өнеркәсіп, пластмасса өндірісі, бірақ ол мемлекетпен реттелетін салаларда қолданылады: мұнай шығару, газ саласы және тағы да басқа.

Инновация: 1) техникалар мен технологиялардың ауысуымен қамтамасыз етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау;

2) ғылыми техникалық прогрестің жетістігі нәтижесінде жаңа техника мен технология. Инновацияны анықтайтын фактор ─ ол өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.

Инновациялар ғылымды қажет ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа құрылыстарды салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды қамтамсыз етеді. Инновацияның қаржылық базасы кәсіпкердің жеке меншігіндегі қаржыларына және қарыз қаражаттарынан құралады. Инновациялық менеджмент банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша және тауарлар нарығына сүйеніп, іс жасайды. Инвестицияны қатыстыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.

Инновацияға қатысушылардың арасындағы қатынастардың тиімділігін белгілеу: өндірістік субъектілермен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалау жөніндегі қызметін үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе ─ оның нәтижелілігін бағалау.

Инновациялық қызмет ─ бұл әр түрлі тәсілдердің, факторлардың өзара әрекет етуі және ғылыми зерттеулермен, жаңа өнім түрлерін жасаумен, еңбек құралдары мен құрал-жабдықтарды жетілдірумен, ғылым мен техниканың жаңа жетістеріне сәйкес технологиялық процестер мен өндірісті ұйымдастыру формаларымен, жоспарлаумен, қаржыландырумен және ҒТП-тің басқаруымен, экономикалық тетіктер мен стимулдарды жетілдірумен айналысатын басқару органдарының күрделі динамикалық жүйесі; ҒТП-тің интенсивті дамуын жеделдетуге және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге бағытталған өзара шарттастырылған кешендерді реттеудегі шаралар бойынша өңдеу жүйесі болып табылады.

Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда ғылыми, техникалық идеялардың жүзеге асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес нақты өнім мен технологиялардың өңдеулерімен байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметті басқару механизмінің экономикалық жетілдіруді қалыптастырудың қажетті негізгі шарты инновациялық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.

 







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 2402. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия