Студопедия — ПАЙДАҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ПАЙДАҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІ






Корпоративті табыс салығы ЖШС-нің төлейтін салықтарының ішінде ең елеулісі болып табылады.

Салық салынатын табыс Салық Кодексінің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жылдық жиынтық табыс.

Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар

1. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері:

1) өткізуден түсетін табыс;

2) құн өсімінен түсетін табыс;

3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;

4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;

6) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

7) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;

8) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;

9) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

10) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;

11) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

12) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;

13) ұтыстар;

14) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;

Егер табыстардың бірнеше баптарында бір және сол табыстар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайда, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.

Табыстың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес танылу күні табыстың Кодекске сәйкес танылу күнінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсатына орай бір рет есепке алынады[19, б:187].

Бұл ретте, салық салу мақсатына орай табыстың танылу күні Кодекстің ережелеріне сәйкес айқындалады.

Жылдық жиынтық табысты түзету

Шегерімдер

1. Кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

3. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатады.

Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады.

4. Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген нормалар шегінде шегерімге жатады.

5. Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бірнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезінде бір-ақ рет шегеріледі.

6. Егер Кодекстің 103, 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, таңылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары шегерімге жатады.

7. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.

8. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі салықтық есепке алуды жүргізген жағдайда бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу осындай өкіл табыс еткен мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.

9. Салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындары және капитал сипатындағы басқа да шығындар Кодекстің 116–125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылады.

10. Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде шеккен шығыстар шегерімге жатқызылуға жатады.

11. Егер мәміле талаптарында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер сапасына кепілдік беруі көзделсе, онда салық төлеушінің мәміледе белгіленген кепілдік беру мерзімі ішінде өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою жөнінде жүргізген іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.

12. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияның деректерi бойынша есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құнында ескерiледi.

Қосылған құн салығын төлеушi Кодекстiң 261, 262-баптарына сәйкес барабарлық әдiстi қолданған кезде есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығын шегерiмге жатқызуға құқылы[20, б:154].

Шегерiм қосылған құн салығы жөнiндегi декларация табыс етiлген, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңiн қамтитын салық кезеңiнде жүргiзiледi.

13. Салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару кезінде есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан, қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотына есепке жатқызылмаған, нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған сомасынан асып кетуіКодекстің 230-баптың 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін шегерімге жатқызылуға жатады.

14. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық төлеуші жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне, қызметкерлердің жыл ішіндегі орташа тізімдік санына сүйене отырып, бір қызметкерге Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш шегінде төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады.

14-1. Салық төлеушiнiң Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының есебiне жазған әлеуметтiк аударымдары бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде шегерiмге жатады.»

15. Егер Кодексте өзгеше көзделмесе, төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын қолдану кезінде бухгалтерлік есепте активтердің және (немесе) міндеттемелердің өзгеруіне байланысты туындайтын шығыс, салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайды.

16. Туынды қаржы құралдары жөніндегі шығыстарКодекстің ережелеріне сәйкес ескеріледі.

16-1. Жарнама мақсатына орай өтеусiз берiлген тауардың Республикалық Бюджет туралы Заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген және тауарды беру не сыйға тарту күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнен аспайтын құны мұндай тауарды өтеусiз беру жүзеге асырылған салық кезеңiнде шегерiмге жатқызылуға жатады.

17. Егер сенімгерлікпен басқарушыға мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығыстары, осы бөлімнің мақсатында осы сенімгерлікпен басқарушының шығыстарына қосылады[21, б:96].

Мысалы: 2012 жылғы мәліметтер бойынша КТС есептеу.

Корпоративті табыс салығын есептеу келесі тәртіп бойынша өткізіледі.

1) Біріншіден жылдық жиынтық табысты анықтап алу керек. Ол үшін кәсіпорынның бір жылдағы барлық табыстарын қлсу арқылы есептейді.

Өткізуден түскен табыс 240 115 000тг.

Сонымен, жылдық жиынтық табыс 240 115 000тг.

2) Екіншіден шегерімдерді есептеу керек.

Өтікізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны 192 465 002 тг

3) Әкімшілік шығындар= 47 328 700 тг.

4) Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма. Демек ол:

КТС ставкасы- 20

КТС бойынша шығындар сомасы1 144 850 тг.

Есепті жылдағы таза шығындар= 814 550 тг.

Енді ҚҚС есебін қарастырайық.

Төлеушілер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұрған мынадай тұлғалар:

дара кәсіпкерлер;

мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар;

қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;

сенімгерлікпен басқару құрылтайшыларымен не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенімгерлікпен басқарушылар;

2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады.

 

 







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 1338. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия