Студопедия — Лекция №4. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция №4. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік






Мақсаты: казіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік таптық дифференциация.

Міндеттері: әлеуметтік теңсіздік пен әлеуметтік әділетсіздіктің айырмашылығын білу, көлдене жылжу мен тік жылжу теориясын білу.

 

1. Әлеуметтік стратификация

2. Әлеуметтік мобильдік

 

Әлеуметтік құрылымның даму шамасы бұл оның әртүрлі болу өлшемдері, яғни қызметінің түрлері мен нысандарының әр түрлілігі, адамдар, әлеуметтік топтар мен институттар арасындағы байланыс тәсілі. Адамзат тарихы бұл қарым-қатынастардың, әлеуметтік топтардың, өмір сүру негіздері әр түрлілігінің өсу. Адамдар мен қоғамның әлеуметтік құрылымының іс-әрекеттері әр түрлілігінің өсу заңын алпы тарих заңы ретінде тұжырымдау толық заіды болар еді.

Қоғамның біртекті еместігі. Оның әртүрлі әлеуметтік топтарға объективті бөлінуі Питирим Соркиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік жылжу туралы теориясында өзкөрінісін тапты. Осы теорияға сәйкес барлық қоғам әртүрлі топтар – страттарға бөлінеді, олардың өзара кіріс деңгейі, қызмет түрлері, саяси көзқарастары, мәдени бағдарлары бойынша айырмашылығы болады. Ол бірнеше негізгі белгілерлі адыратты: экономикалық (кедей – бай); кәсиби (беделі – беделсіз); саяси (іс-қимылының билік жасайтын – бағынышты). Осы белгілер өзара тік әрекет жасайды.

Сорокиннің пікірінше, стратификация негізінде басқарушы және басқарылатындар таптарына бөлінуді туғызатын түрлі функциялар жатыр; қоршаған орта – қолайлы немесе қолайсыз; әлеуметтік стратификация қоғамның табиғи және қалыпты жағдайы деп санады. Ол объективті түрде еңбектің қоғамдық бөлінісімен, мүліктік теңсіздікпен, түрлі саяи бағдарлармен негізделген.

Адам кәсібін немесе қызмет түрін, өзінің экономикалық жағдайын немесе саяси көзқарасын өзгерте отырып, бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтеді. Бұл процесс әлеуметтік жылжу деген атқа ие болды. Сорокин әлеуметтік жылжудың көлденеі және тік болып бөлінетіні туралы айтады.

Көлденең жылжу адамның тұтас алғанда әлеуметтік стратификацияның сол деңгейінде бола тұра бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуін білдіреді.

Тік жылжу – бұл адамның бір әлеуметтік топтан екіншісіне иерархиялық тәртіппен, мысалы, қоғамның төменгі тобынан аса жоғары немесе керісінше – жоғары топтар төменгісіне өтуі.

Атап айтқанда, адамдардың «кірістері айырмашылығында, өмір сүру деңгейінде, халықтың бай және кедей топтарының болуымен көрінетін экономикалық теңіздік тік жылжудың объективті жағы ретінде болады.

1953 жылы П.Сорокин капиталистік таптың менеджерлік (ағылшын management – управление) басқаруға көшірілуі туралы, ал Т.Парсонс – біз кезде корпорациялардың меншік иелері отбасыларына тиесілі болған өндірісті басқарудың басқарушы және техникалық қызметерлерге өткені туралы айтады.

 

Өмір әрекетінің бірлесуі нәтижесінде адамдар қалыптасқан байланыстар мен қатынастарға түседі. Бұл адамдардың ұқсас жақтары мен тұрақты бірлесулердің пайда болуы – социалды қоғамдастықтардың пайда болуында.

Социалды қоғамдастық – бұл адамдардың қалыптасқан өмір тіршілігі, танымы, ұқсас социалды нормалары, бағалылық жүйелері мен қызығушылықтары.

Социалды қоғамдастықтар объективті түрде пайда болады. Олар социалды қарым-қатынасының субъектісі болып табылады, яғни, өзінің дамуының көзі. Басқа бірлесулерге қарағанда, олар адамдар арасындағы қалыпты байланыс, осы байланыстың объективтілігімен ерекшеленеді.

Социалды қоғамдастық индивидтердің санын, топтар санын емес, белгілі бір қырларын анықтайтын жалпы құрылым. Социалды қоғамдастықтарға мыналар тән:

· қоғамдастық өндіріс жүйесінде, өмір әрекет шарттарында, социалды жағдайда, кәсіптік даярлығында, білім алуда, қызығушылықтарда, қажеттіліктерінде және т.б. ортақтық;

· тарихи қалыптасқан аумақтық ұйымдастыруларға қатыстығында (қала, ауыл, аумақ);

· нақты социалды институттарға қатыстығында (жанұя, білім, ғылым, саясат, дін және т.б.).

Қоғам бір-бірінен арнайы ерекшеліктерімен бөлінетін көптеген социалды қоғамдастықтар бірлестігі. Социалды қоғамдастықтарға жанұя, таптар, халықтастықтар, ұлт, социалды қатар, аумақтық, кәсіптік және басқалар жатады.

Социалды қоғамдастықтардың түрлері әр түрлі жайттарға байланысты бөлінді. Олар: өмір сүру уақыты; адамдар арасындағы тығыздылығы; қоғамға кірушілермен; кәсіп түр; табыс деңгейі; қоғамдастыққа кірушілердің құқықтары мен міндеттері және т.б. Сан жағынан өте көп және көп емес; уақыт жағынан ұзақ уақыт өмір сүрген және аз өмір сүрген; тығыздығы жағынан берік ұйымдасқан және берік емес, т.б. деп бөлінеді.

П. Сорокин үш стратификациялық құрылысты (экономикалық, кәсіптік және саяси) басшылыққа алады. Пікірлердің әртүрлілігіне қарамай, әлеуметтік стратификацияға мынадай жалпы анықтама беруге болады:

Әлеуметтік стратификация дегеніміз адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік; бұо теңсіздік олардың жоғарыдан төмен қарай болатын (иерархиялық сипаттары) теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше саяси мекемелер берік сақтап, реттеп отырады. Мұның бұлай екенін адамзат қоғамының тарихи дамуы дәлелдейді (құлдық, түрліше касталар, сословиелер, және таптар).

«Теңсіздік» және «әділетсіздік» деген ұғымдарды бір-бірімен шатастырмау керек. «Теңсіздік»- әлеуметтік себебі бар қажеттілік, ал «әділетсіздік»-эгоистік мүдделердің салдарынан туатын құбылыс. Бұл бүкіл қоғам үшін де зиянды құбылыс, сондықтан әділетсіздіктің қай-қайсысымен болмасын күресу керек.

Бұл үшін бір өлшемді және көп өлшемді стратификацияларды айыра білу керек.

Бір өдшемді стратификацияда адамдардың қоғамдық топтары мен қауымдастықтары біп әлеуметтік белгісі бойынша ғана ажыратылады, ал көп өлшемді стратификация жасау үшін бірнеше жалпы белгілері алынады.

Белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жатуын қатып-сеніп қалған, өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды, ол үздіксіз өзгеріс, қозғалыста болады. Бұл өзгеріс, қозғалысты социологияда «әлеуметтік мобильдік» деп атайды. «Әлеуметтік мобильдік» категориясын социологияға тұңғыш енгізген П. Сорокин болды.

Әлеуметтік мобильдік дегеніміз адамның бір әлеуметттік топтан екіншісіне өтуінің кез келген түрі. Ол төменнен жоғары көтерілу әлде жоғарыдан төмен қарай құлдырау не болмаса бір деңгейдегі бір топтан екінші топқа өту болу мүмкін. Мысалы, ерінің немесе әйелінің ажырасып, басқа отбасы құруы, бір қызметтен дәл сондай екінші қызметке ауысу т.б. горизонталь бойынша болатын өзгеріс (қозғалыс).

Вертикаль бойымен жүретін әлеуметтік өзгеріске деңгейі түрліше бір әлеуметтік топтан екіншісіне өту (мәселен, қызметінің көтерілуі, атағының өсуі, идеяның үстем идеяға айналуы т.б. жатады).

Әлеуметтік мобильдік жекеше немесе коллективтік болуы мүмкін. Коллективтік

әлеуметтік мобильдік қоғам өмірінде, құрылысында ірі өзгерістер тудыруы мүмкін. Бұл соңғы экономикалық салада немесе саяси-идеологиялық салада болуы мүмкін.

Әдебиеттер:

1. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

2. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

3. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. М.,1997.

4. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.

5. Габдуллина К.Г. Социология. Тараз, 1999.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 6603. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия