Студопедия — Лекция 15. Мәдениет және қоғам
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция 15. Мәдениет және қоғам






Мақсаты: басқа пәндердегі мәдениеттің түсініктеріне қарағанда әлеуметтанудағы мәдениеттің айырмашылығын, ерекшеліктерін қарастыру, қоғамда мәдениеттің жеке адамға әсерін қарастыру.

Міндеттері: мәдениеттің түрлерін, негізгі элементтерін білу, жеке адамның мәдени деңгейін көтеруге нелер әсер ететінін түсіндіру.

 

1. Мәдениеттің мәні мен құрылымы

2.Мәдениеттің негізгі элементтері

 

1. «Мәдениет» атауы латын тілінде алғашында «топырақ өңдеу» дегенді білдірді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам табиғат объектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен «мәдениет» сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды.Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған «екінші табиғат», табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз – белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.

Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі де өзгерісті туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғат пен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы бола алады.

Әлеуметтануды мәдениет деп заттар қатынасы емес және әлеуметтік ұйымдасу жүйесіндегірөлдер қатынасы емес, қайта қоғам дамуының жеке тұлғалары мен субъектілері түріндегі адамдар, олардың өздерінің қатынастары түсіндіріледі. Рухани мәдениет аса күрделі де өзіндік ерекшеліктері бар қоғамдық құбылыс.

Адам мәдениетінің көрінісі әлеуметтану тұрғысынан үш негізгі белгімен анықталады. Біріншісі – адамның қоршаған табиғатқа қатынасы.

Қазіргі жағдайда мәдениет пен жеке адам, мәдениет пен қоғам адам тұрған ортасына түзетуге келмейтін зардаптарды болдырмайтын жауапкершілікпен қатынасуға тиіс хал-ахуалдың сана деңгейімен өлшенеді. Адам қоғамы мәдениеті қоғамның табиғатпен өзара байланыстарының алуан түрлі аяларынан: өндірісте, демалыста, тұрмыста көрінетін үйлесімдікте. Екіншіден, мәдениет – адамның басқа адаммен қатынасы. Адамдар, мемлекеттер, этникалық топтар арасындағы қатынастар мәдениеттің дәрежесі, ұжымдағы, күнделікті тұрмыстағы,отбасындағы өзара қатынастардың мәдени ахуалы адамдардың өзара байланысы фактісін жете түсіну дәрежесіне тәуелді. Үшіншіден, Мәдениет – адамның өзіне өзінің қатынасы. Индивидтің мәдени қызметі дегеніміз – бұл үнемі өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту. Жеке адамның мәдени деңгейі білім алуға деген ұмтылысын, тұрақты адамгершілік принциптердің қалыптасуынан, әдемілікті кемелдікпен сезінуінен, байсалды сырт келбетінен, денсаулығын жақсы ұстауынан көрінеді.

Мәдениет адамдарға өз ортасында тұруға, бірлестіктің басқа бірлестікпен өзара әрекетіндегі бірлік пен тұтастықты сақтауға көмектесетін адамнығ өзара әрекеттің маңызды механизмі ретінде қалыптасады.

 

2. Мәдениеттің негізгі элементтеріне ең алдымен тіл жатады.Ол - адамзат тәжірибесін мақтау мен болашақ ұрпаққа берудің объективтік формасы. Демек, тіл адамдардың қатынас құралы, ойлаудың тікелей шындығы бола отырып, олар туралы мәлімет берудің құралы болып табылады.

Екіншіден, ұлттық мәдениеттің және кез келген басқа мәдениеттің негізгі элементтеріне сенім мен білім жатады. Сенімде адамдардың шынайы бейімділігі, күнделікті қызметінде нені басшылыққа алатындығы айқындалады да, ол мінез-құлық үлгілерінен, нормалары мен дағдыларынан т.б. көрініс табады. Сенім табиғи объектілерімен және әлеуметтік жағдайлармен байланысты болады да, өз бойында белгілі бір ғылыми және дағдылы мәліметтер мен ақпараттар енгізеді.

Үшіншіден, мәдениеттің құндылық-танымдық жүйесі оның маңызды компоненті (құрамды бөлігі) болып табылады. Құндылық дегеніміз – бұл белгілі бір қоғамдық заттардың, құбылыстың қажеттілігі, ынтаны, мүддені қанағаттандыру қасиеті. Құндылықтар әлеуметтік субъекті өз қажеттерін саналы түрде сезінуі нәтижесінде, қоршаған ортамен олардың сәйкестігінде, демек, бағалау актісінде жүзеге асатын құндылық қатынасы нәтижесінде қалыптасады.

Төртіншіден, мәдениеттің жинақталған, синтетикалық түрі, формасы мінез-құлық үлгілері: ырымдар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ырымдар дегеніміз бұл – өз бойына қандай да әлеуметтік идеяларды, түсініңтерді, нормалар мен құндылықтарды топтастырған және белгілі бір ұжымдық сезімдерді оятатын ұжымдық әрекеттердің символикалық өлшемдерінің жиынтығы. Әдет-ғұрып адамдардың қызметі мен қатынастарын әлеуметтік реттеудің өткеннен қабылданған формасы, ал бұл белгілі бір қоғамда немесе әлеуметтік топта қайта туындайды және оның мүшелері үшін дағды болып табылады. Әдет-ғұрыпқа өткеннен қабылданған ережелер соңынан қалтқысыз еру де жатады. Әдет-ғұрып – мінез-құлықтың еш жерде жазылмаған ережелері.

Дәстүрлер ұрпақтан- ұрпаққа берілетін және белгілі бір қауымдастықта, әлеуметтік топқа ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік және мәдени мұра элементтері.

Әлеуметтану үшін бұл өзіндік мәдениеттер араласа ма, қатар өмір сүре ме және бір-біріне шыдамдылықпен қатыса ма немесе мәдени жанжалдар орын ала ма дегенді маңызды деп айқындауға болады. Осы мемлекеттің экономикасының жай-күйі, әлеуметтік-саяси ахуалы және күллі әл-ауқаты дұрыс мәдениет саясатына тәуелді.

 

Әдебиеттер:

1. Әбсатарова Р., Дакенов М. Социология. А., 2003.

2. Тұрғынбаев Ә. Социология. А.,2001.

3. Садырова Г. Социология. А.,2003.

4. Кравченко А.И. Социология. М.,2002.

5. Энциклопедический социологический словарь. М.,1995.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 7177. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия