Студопедия — Дебиетті оқытудың дидактикалық тірегі – пәлсапа
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дебиетті оқытудың дидактикалық тірегі – пәлсапа






 

Дидактиканың негізі - жиналған данышпандық ой-тұжырымдардың жемісі. Еңбегіміздің I тарауы мен оның 1.1. бөліміңде әлемдік педагогика, тарихына деген дүниетаным, түйіндер мен пікірлер берілді. Қазақ халқы әлемдік иерархияның бір тумасы деп қарасақ, оның әдебиетті оқытудың шығу өзегін өзінің тарихынан ғана іздесек, еңбегіміздің зерттеу желісі дұрыс болмас еді. Адамның жаратылысы оның тек даралық сипатынан басталмайды, барлық халықтарды тұтас бір жүйе деп қарасақ, басқа халықтар өткен бел-белестерден, шындар мен құздардан бақилық өмірді тануға қазақ жұрты да қатысқаны ақиқат. Сол бақилықты іздеудің құралы елімізде алдымен сөз өнері екенін ұмытпаған жөн. Сөз өнерінің адамның қабылдауы мен түйсінуіне неше бір әдістер, іс-қимыл, әрекеттер арқылы кейінгі ұрпақ назарына іліктіру қазақ елінде үнемі приоритетті рольде жүргені мәлім. Міне, осы әдебиетті оқытудың дидактикалық негізі пәлсапа екеніне көз жеткіземіз.

Неліктен оқыту, неліктен дидактика дейміз?

Оқыту білім меңгеретін субъектінің психологиялық ерекшелігіне қатысты.

Бір адамның білімін екінші адамға меншіктелуіне психологияның қажеттігі сезіледі. Сол себепті «оқыту» деген терминді тек иедагогика нысанасынан іздемей, психология тұрғысында анықтасақ, мынадай анықтама шығады: «Оқыту - қоғамдық-тарихи жиналған тәжірибелерді мақсаттылықпен қабылдау үрдісі. Бұның өзі тек педагогика аспектісінде ғана емес, қабылдаушының жас ерекшелігі мен нейропсихологиясы және патопсихология, оқу еңбегінің психологиясына қатыстылығын ескерген жөн. Мұнымен бірге қабылдаушының қабілеті мен ыңғай, бейім, іскерлігінің деңгейліктері мен оны ұйымдастыра білетін шеберліктеріне бағыныштылығы деген сөз... Ең бастысы - «Дамудың жақын алаңы», анықтап айтсақ, белгілі көркем шығарманың мұратын ашатын автор көздеген көзқарас, парадигма, ұстаным. Міне, осыны қабылдаушы аудырмай ұғынуына құлшыныспен ынталанады деп түсінеміз. Қабылдаудың кезеңдері нысананың күрделілігімен үңдестікте келуіне болжамдар құрылады. Мұның өзінен субъектінің алған бағытына қарай үдемелеп отыратынын аңғаруға болады» [5].

«Оқу, «оқыту» деген термин - білім жиюдың әдістеріне қатысты оқу еңбегінің жетекші категориясы. Осының бәрі дерлік сөз сапасы мен сөйлеу шеберлігінің ойға тікелей бағыныштылығының көрінісі. Сол секілді дидактиканың оқыту сапасына қаңдай қатысы бар деген заңды сұрақ туады. Бұған жауап ретінде грерктің didakticos - үлгі беру деген анықтамасын ұсынамыз. Әлемдік иерархияның таңбасы деп те осыны айтамыз. Міне, бүгінгі заманға дейін «дидактика» терминін тек педагогтар қолданып жүрген жоқ, мұнымен бірге ол әдебиеттің объектісіне де еніп кеткен. Мәселен, «Бұхар жыраудың дидактикалық жырлары», «Шал Құлекеұлының дидактикалық өлеңдері» т.б. бұл сөзге әдебиет, өнер саласындағы әлеуметтің құлағы үйренгелі қай заман. Бірақ, «дидактика» терминінің әдеби арнаның пәлсапалық мүмкіндігіне жасап келген қысастығы да жоқ емес. Нақтылап айтсақ, дидактиканың ой-түйіндерін өзінің шығармашылығына арқау еткен бірқатар жырау, ақын-жазушыларымызды дидактиканың бұғауынан шығармай келеміз. Сол себепті әдебиетті оқыту үрдісінде дидактиканың атқарар орны деген мәнге көңіл бөлу көзделеді. Бұл ұғым - әдебиеттің көзі мен нысанасы емес, оқытушының білім беру сәтіндегі жеке басының ізгілігі мен көлеңкелі тұстарына қарай жіктелуі. Кейбір жағдайларда жырау, ақын-жазушылар бағытының саяси ағымдарға ойыса отырып, құбылып, басқа өңге айналып кетуінің өзі де осының айғағы. Мысал ретінде бүкіл жырауларды кеңестік дәуірде оқулықтардан ығыстырғанда, Бұхар жыраудың тарихта қозғалыссыз қалып қоюына мына жолдар көмегін тигізген:

«Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,

Орыспенен соғысып,

Басына мұнша көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба»...[6]

Жырдың астарына бойлай алмаған тоталитаризмнің бетке ұстар «ғұламалары» сөз өнерінің астарынан пәлсапалық реңкті таба алмай, сырттай ұғымға малданған. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Осы ойды өрбітсек, дидактика - оқыту үрдісінде маңызды категория. Ол – оқьггушының жинаған құңдылығының қабылдаушының ниетіне сәйкес келуінің басқышы. Бұл сапаның өзі төбеден түспейтін үрдіс. Міне, дидактиканың тірегін генезисінен іздейміз. Genos [7] - грек сөзі, «шығу тегі» деген ұғымды білдіреді. Адамның шығу тегіне қабілетінің бағыныштылығы жайлы Ж. Аймауытов ерекше мән берген: «Тегіне тарту (атавизм). Әрбір сезімнің сыртқа шығуында атадан қалған мұра көп. Ашу кернеген кісі қайтеді? Аяғымен жер тебінеді, қайта-қайта түкірігін жұтынады, түкірінеді, қырылдайды, керіледі, ақырады, бажылдайды, жұдырығын түйеді... Адамның осы қылығын ызаланған маймылдың қылығымен салыстырсақ, маймылдың көп мінезі адамда да бар болып шығады» [8].

«Тарту» деген сөздің төркіні «Шығу тегі» деген ұғыммен тамырлас келеді. Ж. Аймауытов адамның психологиясында атавизмнің табы нышан беретініне тоқталып өткен. Осы сапаның соқыр сезімге ұласып, саңылау сезімдеріне үлкен кедергі екеніне ерекше мән берген. Соқыр сезімнің өзі -дидактикалық бағытқа үлкен кедергі. Ал соқыр сезімнің бастауы -айуандық іс-әрекеттер.

Дидактиканың мақсаты - адамның өз басындағы атавизмнен қалған ізгілікті іс-әрекетке қайшы қылықтарды бойдан қуа білетін, өзінің періштелігін үнемі сақтайтын, оған қисындық үлгі ретіңде бабалардың данышпандық пәлсапалық дүниетанымын бағалайтын, өзінің прагматикалық іскерлігіне айналдыратын адамды сомдау. Оны үлгі ретінде ұсыну. Аталған мақсат-мүддеге сәйкес келмейтін субъектінің дидактика жайлы мән айтуға құқысы жоқ. Нәпсіні тию - дидактиканы уағыздайтын ұстаздың басты мақсаты.

Ендеше ізгіліктің үлгісі ретінде қандай тұжырымдарды бернелейміз. Оның жауабын данышпан бабаларымыздың еңбектерінен іздейміз.

Алдымен Әбу Насыр Әл-Фараби данышпан жайлы А. Қасымжанов пен А. Әлінов мырзалардың ғылыми тұжырымдарын сол қалпында келтіріп өтейік:

 

1.3 а. Екінші ұстаз Әл-Фарабидің интеллект (сөзінің)







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 538. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Предпосылки, условия и движущие силы психического развития Предпосылки –это факторы. Факторы психического развития –это ведущие детерминанты развития чел. К ним относят: среду...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия