Студопедия — ІІІ ағым
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ІІІ ағым






Комиссар Балташ баяндама жасау үшін берекесі қашып отырғанда, омыраулап Мұқаш кіріп келді. Мұқаштың мәселесі тексерілсін деген ақпарат. Сондықтан Балташ Мұқашқа «отыр» деп те айтқан жоқ. Өзінің болыс болғысы келгенін Балташ қолдамады деп бюрода Ивановқа Балташ жайлы шағым айтады (буржуа деп).

Ақбілектің тағдыры. Соңғы кезде Ақбілек Бекболатты көп ойлайтын болды.

Бекболаттың хаты:... «Біздің көңілімізде бөтен ниет жоқ». Хатты әкелген Ақберген. Оны Ақбілек көргісі келсе де, басы қаралы екенін, жолығу жеңілдік болатынын ойлады.

... Бекболат төрт-бес күннен кейін келетін болды. Бекболат келіп-кете салысымен, Ақбілек толғақ ауруына ұшырады.

Әкесінің көзқарасы: «Қарағым» - деп, маңдайынан иіскейтін (бұрын).

Ақбілек оңашада бір ауыз сөз тіл қатпағанына капа болды. Әкесімен екеуінің арасынан қара мысық өткеңдей. Ақбілекті күрсіндірген жаңа қайғы осы еді.

Баланы асырап алған Ұрқия жеңгесі жайлы мәлімет: Ұрқия 27 жаста, баласы жоқ. Ақбілек қара мұрттың қылықтарын асырыңқырап айтатын болды. Өткен күндер бір түрлі жиренішті болса да, айта-айта жиренішті жақтары ұмытылып, сұлу жақтары көбейіп, ертегі тәрізденіп кетті.

Бала мен әкенін арасының ажырауы. Әкесі Төлегеннің келмеуіне ренішті. Ақбілек әкесіне ұнаушы еді. Әдепті, салмақты болып өсіп еді. Әкесін бүйтіп қор қылып кеткенше, Алланың ақ өлімінен кетсе, не арманы бар еді?

Ақбілегін жақсы көретіні, аяғаны, қызғанышы, өкінгені, жиренгені, қорланғаны (интерриоризация). Зіл қара тастпай бір бітеу жара пайда болды.

Еңді Ақбілек әкесіне масыл болды.

Отбасына өгей шешенің келуі.

Ақбілектің үйінен кетуіне қозғаушы күш.

Арасы ұзамай, Мамырбай Өрікке үйленді. Өріктің сипаты: көзі тікшиген, жұқа қабақ, қайқы ерін, таңқы мұрын, тымырайған, тымпиған, қайқаңдау қара сұр. Үйге жылан кіріп кеткеңдей.

Мамырбайдың психологиясының өзгеруі: Топырламай шығыңдар (Сара, Қажыкен деген балаларына).

Өрік Ақбілекке: «Құдай сендей әбиірі кеткеннен сақтасын!» - деп бастырмалатады.

Өріктің өшігуінің үдеуі: «Адам айуанның айуаны ғой, кімнің басына зобалаң туса, соны табалайды. Сонны табалауға, мұқатуға, батпаққа батыруға құмартып тұрады. Өйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды. Оны өзімен бастас қылуға тырысады. Ең соңғы өштігі Ақбілектің екі қабат екенін ақсақалға ескертті», - автор сөзімен беріледі.

Ақбілектің күйі.

Түнеугүні Әбен аулына барғаңда, Ақбілекті басқа жерге жібермек болып еді.

Әбеннің тіліне еріп, сүттей үйіп отырған құдасына қызын Бекболатқа бермейтінін айтып жіберген. Қызың толғатып жатыр дегеңде, ақсақал: - Кетір, кетір, бәлекетті!

Бір жалшы кемпірдің құжырасына әкелді. Көркембай кемпірдің үйіңде Ақбілек ұл тауып, оны Ұрқия асырап алады.

Өзгеріс.

Арада бес жыл өтті. Ертістің оң қабағыңда Семей, солында Алаш қаласы. Осы Семей мен Алаш арасында Арал бар. Елдің бәрі соңда. Сол Аралда көк теңбіл желек жамылған, аппақ шөлмектей бір келіншек, апыр-ау, өзге жұрт Арал кезіп, арақ-қымыз ішіп, қызыққа батып жатқанда, жападан жалғыз отырған неткен келіншек екен?

Аузы жыбырлап, жынды кісіше, өз-өзінен сөйлеп отыр: «Есіл оң жақтағы дәурен-ай! Елім-ай, жерім-ай! Сағындым-ау! Қайтейін, - деп отыр еді ол.

Екі әйелдің әңгімесі: Екінші келіншек басына түскен ауыр тауқыметін айтады. Қытай асып, одан қайтып келгенде, әкесін түрмеге қамайды. Оны қызын беріп, аман алып қалуға ағасы себеп болады. Қап-қара аюдай біреу (күйеуі) біраздан кейін мені қалаға алып келді. Бәрі келіншегің құтты болсын деп, қайырлы болсын айтты... Күйеуі пара алғаны үшін жұмыстан шығып қалды. Сөйтсе, оның баласы мен орыс қатыны бар екен. Баланы алып кел дедім. Бірақ баласын да, орыс қатынын да тастады. Сол бала артынан көшеде қайыр сұрайтын болыпты.

- Осы күні күйеуің кайда?

- Қызметпен басқа қалаға кетті.

Күйеуі - Доға. Доғаға тиген - Кәмилә. Екінші келіншек - Ақбілек.

Кәмиләға Акбілек өзінің өмірін әңгімелейді. «Босанғаннан кейін, бір жарым ай дегенде, ағатайы қалаға алып келіпті. Әкем үндеген жоқ... Ағатайым Оралқан деген бір қызға үйленді, сол жеңешем мені адам қылды. Мені ағатайым бала оқытатын курсқа берді. Бірер жылдан кейін Ақбілекті Орынборға оқуға жіберген. Орынбордың рабфагына түсірген. Ажар деген екі қыз бардық. Ажар жеңілтек екен. Қалалы жердікі. Ешкіге ұқсаған қызы түскірлер секектеп отырмайды екен. Орыс қыздары тіпті ұят дегенді білмейді. Оларға еліктеп, қазақ қыздары да бейбастақтық жасайды. Жігіттер мені де айналдырды. Бозбалаға несіне қызығайын?

Бұрынғы тартқан азабым аз ба? Жігіттерге көнбеген соң, үстімнен арыз түсірді. Ұрып кететін болды. Екі-үш күнде бір айғай-ұйғай болып, сөйлесіп жатқан...

500 бала, үй тар, суық, отын жоқ, сасық, тамақ жоқ. Қыстың аяғына жете алмай, мен де жүдеу бас болып, Семейге келетіндермен бірге келдім...

Заман оқығандікі көрінеді. Әй, біздің қазақтың көрген күні құрысын!

Ақбілек тағы да Орынборда үш жыл оқиды. Біздің учитель сол жерде Ақбала мен Балташқа таныстырды. Ақбала орта бойлы, маңдайлы, аққұба жігіт. Ақбалаға көңілім кетті. Оған Балташ килікті. Балташ Акбаланың көрсе қызар екенін дәлелдеу үшін, күнделігін Ақбілекке ұрлап әкелді. Ақбала оқыған қызды ұнатпайтынын жазған. Балташ хатты оқып болған соң, Балташты мүлдем түнілту үшін, өткен оқиғаны айтып салдым: «Несі бар? Мен де қыз емеспін. Мені орыс та алып қашқан. Бала да тапқам...» Арада бір күн өтті, мені Ақбала шақырып, хат жазыпты, Ақбаланың қабағы келмейді: «Бұрын сенің басыннан еш нәрсе өткен жоқ па? -» деді. «Жоқ!» - дедім. «Шыныңды айт, бәрібір ол ашылады ғой!» - деді. Мен: «Рас» - дедім. Ақбала: «Олай болса, Сізді маған тағдыр жазбаған екен. Мен Сізді қыз екен деп жүр едім.» - деп Ақбала тұрып кетті. Мен аңырып отырғанда, қайдан аңдып жүргенін білмеймін, Балташ жетіп келді. Балташ: «Сенің өткен өмірің ештеңе емес, өйткені сен оған кінәлі емессің». Сөйтіп, ертеңіне ЗАГС-ке жазылдық. Жазылуға барсақ, баяғы менің бетімді ашатын қара мұрт сонда қызмет қылады екен.

- Ой, жасаған-ай!

- Менің атымды естігенде, бетіме қарай қалды. Көзі ішіп-жеп барады. Шыққан соң қарасам, қара мұртым аңқиып, мойны қисайып, артымнан қарап тұр. - Кім білсін... Көзіме жылы ұшырап кетті. Мен «кеттім» дегендей, әнтек басымды изедім. Ол шашын ұстай алды. Өкінді ме, кім білсін?

- Күйеуім осында, бірге келдік. Демалыста үйге бара жатырмыз, - деді, Нұр зайсан өңірлі. Басында жіңішке жібек, ақ панама, бойына киімі құйып қойғандай, аққұба, қара көз әйел палубаның шарбағына сүйеніп, пристаньдағы жыбырлаған жұртқа көз салып тұр. Балташ - астанада бір тәуір комиссар. Семей, Орал, Бөкей губернияларында қызмет істейді. Жолдастары Ақбаланы сұрады. Балташ:

- Ақбала - қиялшыл жігіт.

- Жорғабек қандай адам болып шықты, - дегенде:

- Уай! Оны қойшы...

Балташ саясатқа басшы болмағанымен, басшыға таяныш болатын табанды жігіт еді. Жолдасқа опашыл, уәдешіл, кейде шен құмарлардың соңына еріп кететін.

Пароход сорпа жалағыш кәрі төбетше, суды шолп-шолп ұрып, қозғала бастады.

Жолаушылар жолшыбай бір ауылға түсіп, демалуды жөн көрді. Сұрастырып қараса, «Бекболат ауылы» екен. Ақбілектің жүрегі бүлк ете түсті. Үйден қалбаңдап Бекболат шықты. Ақбілектің көзіне көзі түсіп кеткенде, қызарыңқырап қалды. Құрақ ұшып жүгіріп, есік ашып, кіргізіп жүр. Төсегінің алдында бұйығылау, келте мұрын, қараторы келіншек іс тігіп отыр. Келіншек әйелдердің еркектермен тізерлесіп, төрге шығып кеткенін жаратпай отыр. Ақбілек өзінен артық болған соң ба, кім білсін, әйтеуір «әдірам қал!» деген қарасы еді. Ақбілектің бұрынғы арманы аяқ астында қалғандай. Өзі бір жаңа дүниеге көшкеңдей, бір жоғары көңіл пайда болды. Бекболат бұрынғыдай емес, сақал-мұрты да көбейіп, бет-аузы да әжімденіп, бойы да аласарып, қораш болып қалғандай көрінді.

Марқакөлдің шыныдай тұнық суы да, көл жиегіңдегі иірім-иірім ауыл да, жер - дүние жымыңдап, сыңғырап тұрғаңда Ақбілек туып-өскен аулына жетті. Әкесі Ақбілектен күдер үзген. Қыз оқып, не жарытады деген ойы бар еді.

Әкесінің: «Қарағым, Ақбілекпісің?» - дегеңде, даусы қалтырап, көзіне жас келіп қалды. Ақсақалдың көңілі тасып отыр. Ақсақал тай сойды. Жұрт сабалап қымыз әкелді. Акбілек пен жеңгесі қызыл отау тігіп, жастарды, әйелдерді оқытпақ болды. Ақбілек жат, өнерлі. Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Ақсақал именеді.

Бұл мәтін оқытушылардың оқу технологиялық қағидасын пішіндеу үрдісімен меңгеруіне әзірленіп берілді. Дәл осы қағиданы мониторинг жасау үшін, рейтинг жүйесіне жіктеп келтіруге болады.

Қорыта айтсақ, бұл берілген романның ең негізгі нүктелері Шаталов тілімен айтсақ: «точка опоры», қазақшаласақ- ең қажетті «тірек нүктелері». Романның белгілі бір ғана көрінісі пен құбылысын үзінді ретінде алсақ, романның мұраты, немесе автор көздеген мақсат-мүддесі оқырманға белгісіз болып қалады және оқу қағидасының тұтастық жүйесін бұзады. Жоғары оқу орнында оқитын студент болсын, мектеп оқушысы болсын, жай оқырман қауым болсын рухани қуатты дербес жиюы - басты нысана. Ендеше, оны тек осы жүйеде ашып, құңдылықтарды халқымыздың болмысына тиесілі қалпыңда бернелеуіне (Жүсіпбек Аймауытовтың өз термині) роман толық мүмкіндік туғызып отыр. Халыктың бет-ажарын айғақтайтын салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын, сенімі мен ырымын романның өн-бойынан аңғарамыз. Себебі - Жүсіпбек Аймауытовтың ой саптауы деңгейінде технологиялық талап мүддесіне лайықтап, 346 беттен минимәтін шығардық. Бұл шығарманың құндылығының жиынын түйістіреді. Міне, осыңдай ғылыми еңбек нәтижесіңде, аңықтап айтсақ, зерттеушінің, ізденушінің, оқытушының, ұстаздың, студенттің, оқушының өзінше тануына, қабылдауына орай түсінігі бар екендігін ұмытпағанымыз жөн. Олай болса, «ромаңды оқып кел!» деген бұйрықты «әміршінің» сөзінен ешбір пайда жоқ. Бұл тек сөз әдісіне апарады. Жалпы барлық беріп отырған шығармашылықтың ауқымын зерттеу, жинақтау, талдау, нақтылау, жалқылау, жалпылау, силлогизмін табу, эвристика деңгейін ажырату, суггестивті көріністерді бернелеу, тағы басқа толып жатқан әдістердің жиынтығын бір мәніске топтастырып отырмыз. Ол – шығарманың дидактикасының пәлсапалық негізі.

Берілген хронометрлік ауқымынан қандай дидактиканың пәлсапалық негізін көріп тұрмыз? Оның эвристикалық сұрақтары былай болып келеді.

Байқап отырғанымыздай, бұл сауалдар жай емес. Берілген эвристика сұрақтары арқылы рейтинг құрып автордың айтқысы келген негізгі ойын табуға ізденістің әрекеті деп қабылдаған орынды. Мұның өзі - романның пәлсапалық түйінін шығаруға бірден бір тиімді жол. Автор оқырманды қазақ елінің өткен тарихына сұғындырып, қызыл террор мен ақ террордың тыныш, тойған қозыдай, өз шаруасымен бейбіт жатқан қазақ еліне бүйідей тию. Тіпті, қыз балаларының пәктік сезімін ұрлап қана қоймай, әкесін де ықтыратын қуат беріп, келмеске кеткен матриархаттық қоғамның түбінде келерін тұспалдап тұрғанын байқау қиын емес. Шеттен келген төрт аттының ықпалы бүкіл қазақ жұртын дүрбеленге салғаны аңғарылады. Ол анашасын быртық саусағымен мүштігіне нығарлап тартатын, арақты сіміріп ішетін Ықаң, Тықаң, Ақбілектің ағасы - Төлеген (думаншыл, бастықтарға жағымпаз), демагог Ақбала, Ақбілектің жолдасы Балташ, т.б.

Қазақ қыздарының менталитетінің өзгерісін автор детальдар арқылы сипаттайды. Мәселен, ауылға қаладан Балташпен келе жатқан Ақбілектің пароходтың үстінде назар аударған қошқар тұмсық саудагерге әжептәуір көңілінің өсуі. Кеше ғана өз денесінен өзі жиреніп, арам денеммен әкемнің бетіне қалай қараймын? табалдырықты қалай аттаймын? Оң жақта қалай отырамын? - дейтін ойдан жұда болған Ақбілекті көреміз...

Еңбектің негізгі мақсаты - асыл мұраларымызда бүгінгі таңға қажетті дидактиканың пәлсапалық негізін сұрыптау. Бұның әдебиетті оқытудың әдісіне қатысы бар ма? Аталған сауалға жауап: қатысының тікелей барлығына тоқталып, әдістердің ішіңдегі негізгісі - ізгілікті модельге тиесілі қажегтіліктерді шығармалардың нысаналарынан пайым арқылы әр адамның миына тұрақтаңдырып, бернелеуі.

Дидактика - гректің didahctihos - оқыту, білім алу деген сөзі. Сондықтан әдістердің өзі нені оқытамын? - деген сауалдан тұрады. Дидактиканың ішінде әдіс тұр. Айқындап, жіктесе, оқыту нысандарын жүйелеу, тақырыбын ашатын жерлерін іліктестіре сығылыстырып, тізбелеу. Негізгісін сұрыптау, оны қайшылықта алу, т.б. Біздің зерттеу еңбегіміздегі әдебиетті оқытудың жетекшісі де, осы дидактиканың да пәлсапалық негізі. Бір сөзбен айтқанда, білімді, ғылыми түсініктерді игере отырып, адамның дербестік қалпын дамытуға, өзін-өзі білім көздерімен Ізгілікке бағдарлауына қамшылай алуына көзін жеткізу. Оны әдетке, машыққа айналдыра білуге бағыттау, мүмкіңдік туғызу. Сонда ғана адам өзінің азаттығын алып, ілгерілеушілікке бет бұрады. Дидактиканың пәлсапалық негізін психология тұрғысында жан-жақты қарастырған Жүсіпбек Аймауытов екеніне еңбегіміздің басында тоқталып өткенбіз.

Дидактиканың пәлсапалық тұжырымын тек осындай сұрыптау ізденістері арқылы табамыз. Құр мәтінді зырылдатып оқып шыққаннан автордың көздеген мұратының тамырын дөп баса алмаймыз. Бұл операцияны орындау үшін ізденушінің машығы ең жоғарғы ырғақта болуы қажет-ақ.

Алғы шарты шапшаң оқу, одан кейін оқығанын тез түйсіну, түйсінген ұғымдарын іліктестіру, бұның технологиясын Жүсіпбек Аймауытов «Психология» ілімі арқылы айқыңдап, ашып береді.

Берілген бір ойды тереңірек ашу мақсатында автордың адамның ойлау әрекетіне қатысты «пәлсапалық жад» пен «жұлма жад» сияқты терминдері мен «саңылау сезімдері» мен «соқыр сезімдер» тәрізді зерттеу нысаналарының дидактикаға тікелей қатыстылығын айта кету орынды. Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология», «Жан жүйесі мен өнер таңдау» деген кітаптары 1926 жылы Тәшкеште жарық көрген. Жазушының, көрнекті ғалымның бұл кітапқа арнаған беташарында мынандай құнды пікір айтылған: «Өмірге, тіршілікке пайдасыз білімнің білім сәні жоқ. Қандай білім болса да, күндегі тіршіліктің азды-көпті түзелуіне қолғабыс етуі керек қой. Психология - терең ойдың білімі. Құрғақ пәлсапа бос сөз екен деп ойламаңыздар, бір нәрсені керекті жеріне кіргізіп, көбінесе өмірге керекті, пайдалы сөздерді тердік... Қарапайым кісіге нені білу пайдалы? - деген сұрауларды есімізден тастағымыз келмеді, әрине, кейде, лажсыз ол сұраудан шетірек кетуге тура келді... Өйткені үнемі оңай бола бермей, адамның бір қабат ойлаңдырарлық миын дағдыландырарлық дерексіз нәрселер де керек. Сайыз жүзіп, сайқалдар қалпы қалмасын дедік» [72]. Үйрену мен оқу, білім алу сияқты әрекеттер адам баласының танымына бағынышты. Философиялық тұжырым кез-келген адамға тән құбылыс емес. Бірақ әр адам ондай тұжырымды меншіктей алады. Алдымен адамдар бір бірімен қарым-қатынас жасау арқылы білім арнасына түседі. Себебі бірден адам дүниеге білімді болып тумайды. Осы тұста отбасының балаларының дұрыс ортада өсуіне ықпалдастығы керек-ақ. Болашақ зиялы қауымды тәрбиелеу үшін ата-ана өзінің сәбиін кімдермен ойнатуы керек? Немесе жеткіншек боз жігіт, жігіт, қыз бала, бойжеткен, бикештерді кімдердің ортасына қосып жібереді? Мәселенің басы - осында. Оның жауабын Жүсіпбек Аймауытовтың «Психологиясынан» аламыз. Бұл кітапта адамның кейпі екі топқа жіктеледі: 1) соқыр сезімдегі, 2) саңылау сезіміндегі. Оның ажырату өлшемін автор былай көрсетеді: Соқыр сезім - ырықсыз қозғалыс... Соқыр сезімді көңілі, кейпі деп ұққан жөн. Бұл - туа болған сипат...

- тегіне тарту (атавизм). Секіру, сақылдау, түкірінеді, тебінеді, қырылдайды, ақырады, т.б. табыну (фетишизм);

- қорқыныш, қорқыныш күшейсе, үрейге айналады, тәрбиенің бір құралы қорқыту (дұрыс емес);

- соқыр сезімнің бір түрі - махаббат... шәкірттеріне өзін сүйгізген оқытушы балаларына жеккөрінішті оқытушының түсіне кірмейтін нәтижеге жетуі;

- таңсыққойлық, мұның мағынасы нәрсені жақсы білуге ынталану;

- еліктеу, еліктеу икеміміздің күші қандай болса, әрқайсымыздың кісілігіміз де сондай. «Мен» өзі, өзгені өнеге қылып, еліктеу сезімінен туып, жетіледі;

- бәсеке еліктеудің жалғасы. Өзгелер не істесе, олардан кем қалмаймын. Жат көрінбеймін деп өзіміз де соны істегіміз келіп, түртіп тұратын бір икемдік бар, осыны бәсеке дейді, адам қоғамының қытықты жері - бәсеке;

- күңдестік, іштарлық, өзін үнемі басқамен салыстыру нәтижесіңде пайда болатын сезім;

- күйректік, өзін опыну, кем ұстау;

- соқыр нанымға түсу;

- таласу, бұл күндестіктің озбырлыққа ойысуы, бұлардың ерлікке, қайырымдылыққа, дегдарлыққа шабатын жақсы жақтары тек сәбилік дәуірде болады.

- паңдық, тентектік. Тентектік бір қиындықты жеңу жағынан жақсы сезімге жатады, тентектік батыл, қунақ мінез адамда болады;

- меншікті сезім. «Менікі», меншікті. Адамның табиғаты өзгермей тұрып, дара меншіктеуінде, жоғалтамыз деу ұшқарлық.

Тізбеленіп, сипатталған соқыр сезімдер - баланың туа біткен табиғи мінездері. Әдістерді нәтижеге бағдарлау үшін жоғарыда біздер алдымен субъектінің дидактиканың пәлсапалық негізін тануына сезінуіне, қисындық, тағылымдық талдаулар жасап өттік. Ал осы таным мен сезімнің тірегі психология пәні екенін ұмытпағанымыз жөн. Себебі әдістерді сұрыптау үшін оқытатын адамның туа біткен, жүре біткен сезім - ақыл деңгейліктеріне тоқталмаған данышпан - философтардың жоқ екеніне көзіміз жетті. Міне, осы қатарға Жүсіпбек Аймауытовты психология ілімінен қазақ халқының этнопсихологиялық ерекшелігін шығарып, оның тек «Әдістерді» саралап алуға қандай пайдасы бар? - деген сұраққа жауап іздеу тұрғысыңда қарастырып отырмыз.

Қорытарымыз не? Соқыр сезімнің пайдасы да, зияны да бар екенін ұстаз саналы түрде пайымдап, оның арнасын өлшемдікке өзі реттеп отыру көзделеді. Егер оның шамасын дәл пішіндеп отырса, мұның әдістері ұтымды қолданылуына толық пайдасы бар екеніне кез-келген ұстаздың көзі жетеді. Ойымызды автордың өз сөзімен тұжырымдап көрейік: «Оқытудың қай жолында болса да, ісгің жемісті оқытушының сүйегіне біткен зеректілігіне, тапқырлығына, жітілігіне, әдісіне байлануы... Бәсеке баланы жаңа әдістер кіргелі, бәсекені тәрбие құралы қылу жұмысқа оятуға мақтаулы әдіс емес дегенді әркімдер айтты. Бұл пікірді 150 жыл бұрын Руссо да сөйдеген. Екі шәкірттің арасында да күндестік шықса, ол құмарлыққа айналады. Құмарлық міңді мінез... Руссо тағы былай дейді: «Маймылды еш уақытта басқа балалармен өзін салыстыртпа. Оның ой тоқтатқаны байқала басталса, оны тіпті басқалармен жүгіртіп те жарыстырма. Қызғаншылықпен, болмаса, мақтан үшін үйренгеннен де түк үйретпеген жүз есе артық. Өйткенше, мен оның жылдағы істеген істегендерін жазып отырар едім. (122-б.) Сөйтіп өткен жылдағы істегеңдерімен биылғысын салыстырып отырар едім. Мен оған «Сен енді былтырғыдан пәлен дүйім артылдың... Бұрынғыдан қалай болдың екен? Енді байқайық дер едім... Соңда оған өзімен-өзім артылам деген тілек пайда болар еді. Міне, осындай өзінің бұрынғы «Менімен» күндес студент ешбір жамаңдық бар деп ойламайтын (122-б.).

Джеймс айтады: «Мен психологияны білсем, бәсекенің терең мағыналы, зор пайдасы бар деп айтуға міндеттімін. Сондықтан ол құралдан мүлде безеді деуге шегім бар» - дейді... (123 -б.).

Біреудің істеген ерлігін естігенде намысымызды қоздырып сол іске -игеретін сезім - тентектік (123-б.) баланың қытығына тиіп, тентектік қоздыру дұрыс (124-б.). Мүриттей дүние жинамайтын, он екі мүшесмінен басқа түгі болмауды шарт қылған сопылар қауымы риясыздыққа зарлап, адамның жүрегін бақытсыз қылмау керек деп, ережелерін имектеніп, жүмсартып отыр, соны еркектің өзіне тән қымбаты, соны әйелдің өзіне тән бақтасы, бөлмесіңде, сүйреті болуға рұқсат беріп отыр...(126-б.).

Міне, бұл тұжырымдардан ұққанымыз - адамның бойындағы икеміне қарай, әдісіне қарай, классикалық әдістерді қолдану керектігі. Бірақ, соқыр сезімдерді жағымды бағытқа бұра алмаса, олардың жоғарыда берілген барлық түрлері - әдістердің түбірі деп отырған дидактиканың пәлсапалық негізіне «қас-жау».

Адамның танымына ықпалын тигізер сезімнің бір түрін Жүсіпбек Аймауытов саңылау сезімдерден алған. Мұны автор зерделі қылық нысанасы тұрғысыңда да қарастырған. Оған Жүсіпбек Аймауытов мынандай анықтама береді: «Қылық дегеніміз күрделі қызметтерді бөлшектеп, ең әдемі құрандысын тапсақ, соны сезім саңылау деп айтады... Адамға бір нәрсе сүрең бермесе, саңлау болмас еді».

Саңлау сезімдерінің алғашқы бөліктеріне түсініктеме береді. Қуат -адам бойындағы әсердің ізі. Есіңдегіні жанғыртсаң, берне (представление), мұрат (идея) пайда болады. Жаңғыртушы қуатты жад дейміз. Мұның бәрі мидың қызметіне бағынышты. Мидың қасиеті әркімде әр түрлі. Кейбіреудің миындағы көру кіндігі көбірек қозады, көбірек қызмет істейді; кейбіреулерде есту кіндігі көбірек қозады; құйма құлақ дейміз; үшіншіде сөйлеу кіңдігі көбірек қызмет етеді. Төртіншіде, қол кіндігі көбірек қызмет етеді (130-б.).

Амалға (упражнение) әсерді орнықтыру деп, тәжірибеге қайталама деп анықтама берген. Саңлау сезімдердің алгоритмі:

- саңлау сезімнің бір түрі - әдет, әдет – адамның екінші табиғаты;

- берне іліктестігі (ассоциациясы). "Икем" дейтініміз көбінесе іліктестікте болады.

Белгілі берне дәйім өзіндей не өзіне тете белгілі берне туғызады. Ол соңғы белгілі талап, белгілі мақұлдау, терістеу, көну, я көнбеу сезімін туғызады;

- ынта, мүдде (интерес). Тума ынта мен жасанды ынтаның қатынасын көрсететін жабайы заң бар. Екі берне қосылса, біріне-бірі сезімді ынта жұқтырады. Ынта – керектілік пен қажеттіліктен туатын қасиет. Жаңаны ескімен қабыстыратын онтайыңыз сондай оңай болсын. Ынта бір орыннан екінші орынға ауып, аяқтап келгенде, ойдың бір аймағын шармап әкетсін;

- ілтипат (назар). Ең күшті ілтипаттың жүрісін бейнелеп айтсақ, екі жақты, ішті-тысты ықпалға ұшыраған ми шілтері деп ұқсастыруға соңғы екінші жақтың жад пен қиялдан келетін ағындармен күшейеді.

Табанды ілтипатқа қабілеті барлык - игіліктің алды деп ұғу керек. Ондай ілтипаты бар адам жігерін аз жұмсап, жұмысты тез істейді.

- Жад (память). Жад – іліктестің ең жабайы, қолма-қол саддарының бірі. Жад – өткенді сақтайтын қуат. Жад – бір жағынан, неше түрлі еске алуларды жинап қойған қойма, екінші жақтан, белгілі нәрсені еске түсіретін қуат (қабілет). Жад ақылға бағынышты... Керекті болмыстарды (факті) реттеп, жіктеп шығады. Сонан соң, ол мағлұматтар ботқа болмайды. Қисынсыз, мысал ретінде еске сақтаған болмыстардың қосындысын жұлма жад, ал тәжірибенің қисындық ережелерінен құралатын тұжырымды пәлсапалық жад деп, Ж. Аймауытов екі топқа бөлген. Бұл ойды айқындау үшін автордың өз сөзін келтіріп өтейік; "Бір кісіде әрі күшті жад, әрі пәлсепеге икемдік болса, ол адамның шығарғыштық күші жоғары дәрежеге жеткен көп қасиетті меңгерген деп санау керек. Вальтер Скот, Лейбниц, Гете сынды адам заттың сырттаны, сондай кейіпкерге (тип) кіреді. Анығында нағыз зор жаратқыштық күш жасалуы үшін ондай жад болу қажет» [73].

Жад қабілеттері бір-біріне үндестікпен келіп, өзара маталуы заңды құбылыс. Маталуы нәрселердің (білім нысаналарының ұсақ бөліктері) жүйесі қанша болса, жадымыз да сонша деп айтуға болады. Бір жаңа нәрсе өз жүйесіндегі басқа нәрселермен іліктесіп барып, жадқа сақталады. Мұның бәрі дерлік қадағалаумен, үйретумен, пысықтаумен жүзеге аспақ.

Жүсіпбек Аймауытовтың бұл ілімінің бүгінгі XXI ғасырдың ақпараттық жүйесіне де ықпалы зор. Тура компьютерге білім көлемін сақтауға әзірлеп бергендей сипатта қабылдаймыз. Адамның білім жию қоймасын «ой орнығатынын сонау XX ғасырдың басында көрегендікпен айтып кеткен. Осындай педагогикалық психологияның этнопсихологиялық аспектісін жан-жақты ашып берген, оның әрбір салаларының заңдылықтарын прагматикалық, пәлсапалық жұпта алып қарастырған. Мұнымен бірге ой сандығының әрекетін толық талдап, оқырмандарының жұлма жад пен пәлсапалық жадты қосақтап ұстауына, оны саналы дамыта алу іскерлігіне конструктивті ой түйеді. Тағы да автордың өз сөзіне үңілейік. Жұлма жадтың ойлау әрекеті:

- бір нәрсені ақылға тоқып алудың ең жақсы жолы ақылды жүйе, басқаша айтқанда «білім» жүйесіне тізбелеуі;

- жиған «білім» жүйесін өз тобының ішінде тиісті орынға орналастыруы;

- оның себебін ойға қаттап салып түсіндіруін табуы;

- одан керекті салдарын қорытып шығаруы;

- ол қорытынды-тұжырым табиғаттың қандай заңына келетінін білуі;

- білім қоймасы - еңбек жолының ең тиімдісі деген түсінікке келуі;

- толып жатқан ұсақ-түйек ойларды білім жүйесінің қууы - жабайы ұғымның орнына меңзес іліктестіктің пайда болуы:

- заңды білу арқылы жадты толып жатқан жеке мысалдардан құтқаруы; заң арқылы керекті нәрсені дәйім еске түсіруі;

Пәлсапалық әрекеті:

- барлық нәрселер ақылға тірелді;

- түсіндіріліп, себеп-салдар есебінде бірімен-бірі байланысуы, жүйе жаттау шарттарының ең жақсы болуы;

- оның сілемімен кеп нәтиже қаражатпен қолға түседі;

-кімде-кімнің жұлма жады кем болса, ол кемшілікгі пәлсапалы ойлауды күшейту арқылы толықтыруы;

- бір нәрсені үнемі бір түрмен жаттаудан сақтануы;

- сөз ойдың табылмайтын құралы екенін елеуі;

- егделенген сайын адамның көру арқылы білім жиюы кеміп, сөз арқылы көп ұғынуы;

- миындағы ығы-жығы бернелерді реттеуі;

- нобайлап айтудан арылып, дәл қып айта алуы (заңы алаңы);

- өрнекті, пәлсапалы ойды аудырмай айтуы;

- мақсатқа жетудің жолы талдау, тексеру, ойлай білу екенін ұғуы;

- оны қайталауы, қорытуы, жинақтауы, пысықтауы, толықтыруы (Ж.Аимауытов сол кездің өзінде жаңа сабақ пен өткен материалды қайталаудың жүйесін шығарып берген);

- оны үнемі жаңа мағлұматтармен толықтырып отыруы;

- Адам – текті, күрделі зат; оның бірлі-жарымды қабілетін өзіне сипаттарын бөліп алып, өлшеу арқылы нағыз рұқ (рух) қабілеттерін шамалауға ұмтылып, қабілеттілік рухын дамытуға бағыттауы;

- -тәжірибе ретінде сынағанда, мағынасыз буындар, сөздер, әйтпесе шын өмірде жолықпайтын нәрселерді бермеуі;

- жадымыз бір мүддеге, мақсатқа қызмет қылып, бір өзімізге керегі болуы;

- алған білім өмірде басқа бернелермен жанастырылып, жадының дамып отыруы;

- ынталану мен әдістенуді білім аумағына өмірмен жанастыруы;

- рух қабілеттілігін өлшеудің мүмкін еместігініңь басты себептері көңіл, адамгершілік жігері, табандылығының сипатын шығара алуы;

- бір қабілетті сынаумен білуге мүмкін еместігі, ұзақ амалдарының түпкі нәтижесіне қарап шамалануы, жадтың ұшқырлығы ақыл зеректігіне қатысының жоқтығы;

- бақылампаз оқытушының сыны, шәкірттің жадын, іліктестік куатын, ілтипатын тәжірибе арқылы ғана өлшегеннен анағұрлым бағалы болуы;

- баланың қылығын байқап жүргенде, қосаметкей мағлұмат үшін істегені пайдалы, көретін көзі бар, сара ақылы бар, адамның табиғатын ұғардық оқытушының сыны жәй тәжірибеден артық екенін түсінуі;

- кімде-кімнің ақыл жүзіндегі жабайы қабілетінің, не жұлма жадының бірі шалағай болса, ол үшін қынжылу жөнінің жоқтығы;

- көз бернесінің қабілеті болмай-ақ, кісінің суретші бола алуы, жады жаман бола тұра, атақты ғалым бола алуы;

- қай уақытта болмасын нәрсеге елігуі, ынтық болу (қозғаушы күш) адамды алысқа сүйреуі;

- бір мақсатқа бағыттасаңыз, сөз жоқ, оған жетуі;

- бай болуға ынтықсаңыз, бай болуы; оқымысты адам болам десеңіз, оқымысты болуы; тек сол нәрсеге ғана ынтығу керек, одан басқаға көңіл бөліп алаңдамауы.

Ж.Аймауытов Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Үш рет сөз» шығармасымен үндестігін мына бір көріністен анық бағамдаймыз: «Әр адамның көз бернесі айқын, толық, белгілі, кең, тарлығы мейлінше алуан-алуан. Кей адамның көз бернесі тамаша кәміл. Кейбіреулердікі бар деуге де күдікті. Құлақ бернесі, тағы басқа қабілеттер туралы да осыны айтпауға дәл келеді. Бұған қарағанда, оқытушылар шәкірттерін қиял кейіпкеріне қарай жіктеп, бөліп-бөліп оқыту тиіс деп мәслихат беруге жарайды (дифференциалды оқыту)....Жалғыз ғана қолайлы ереже мынау: оқытушы шәкірттерінің барлық сезімдеріне әсер бергендей қылып оқыту керек: сөйле, жаз, тақтаға сурет сал, балалардың өзіне сөйлет, жазғыз, сурет, кесте, сызық көрсет, салғыз, түрлі бояумен боя. Сондай толып жатқан әсерден әр бала өзінің оңтайлы жағымен ұғып қалады» [74]

Міне, бұл тұжырымды кеңестік дәуір мектебінің құлдырау кезеңдерінде құтқару мақсатымен «Ұжымдық ойлау әрекеті" педтехнологиясын жазған Кима Яковлевна Вазинаның ұстаздарға ойлау әрекетіне оқушының әрекетін қосу, ынталандыру үшін етістіктердің тізбегін беруімен бара-бар (адекват).

Бүгінгі оқытудың мазмұнындағы парадигманың мәні де осында. Әр үрдіске, жүйеге, қызметке, ғылым-білігіне жаңа философиялық көзқарасы; (парадигма) «тақыр жерден» пайда болмай, ол бір кезде көрініс бергенін, айтылған, іске асқан ой-тұжырымдардың қайталанымы екеніне ілтипат аударғанымыз дұрыс.

Бірақ, дидактиканың заңдылығында ол үрдістер, пайымдар, тұжырымдар сол қалпында өзгеріссіз қайталанылмай, уақыт пен кеңістік езгерістеріне сәйкес дамыған сипатымен, өмірге қайта дамыған сипатымен өмірге қайта оралатынын бағамдаған жен. Сонда XX ғасырдың басында айтылған ой XXI ғасырда езекті мәселе болып отыр. Бұл – классикалық ғылымның өшпейтіндігіне бір дәлел.

Кезіміздің бернесінің көмескілігінен, құлағымыздың мүкістігінен аталған Ж. Аймауытовтың еңбегі 1995 жылы жарық көрсе де, біздің республикамызда өзіміздің тамаша педагогикалық технологияларымызды құндамай, басқа жұрттың ілімін жұлып алып келіп оқыту күн тәртібінен түспей келе жатқан тауқымет екені бәрімізге белгілі. Әлемдік иерархия деңгейіне кетерілген, ағылшынша тілді меңгерген, Америка Құрама ІІІтатының, Англияның, Германияның, Шотландияның ең озық үлгісіндегі педагогтың іс-тәжірибелерінің тірегі қисындық, тағылымдық ді







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 991. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия