Студопедия — Зертханалық жұмыстың үлгісі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Зертханалық жұмыстың үлгісі






Қажеттілігі

XXI ғасырды айқара ашу үшін әлемдік деңгейге сәйкес мәртебе мен менталитет қажеттілігі жайлы айтып жату артық болар. Кешегі өлшем бойынша, елімізде оқыту жүйесін жариялылық қағидасы мен ізгілендіру, өзектендіру әрекеттестігіне, ынтымақтастығына назар аударсақ, бүгінде әр оқушының жеке тұлға болуына бағдарлайтын пән айналымдарының ментальді, эфирлі, космостық біліктілігі арқылы рухани жан-дүниесін дамытуға басты көңіл бөлу қажеттілігі туды. Мұндай бағыт әр оқушының өзін-өзі дамыта алу қабілетін ұштары сөзсіз. Әсіресе бұл жүйе әр оқушының ізденісінің өрлеу шыңына шығуына қолайлы жағдай туғызуға бағытталады.

Мақсаты

Оқытудың жаңа мазмұны әр пәннен аталған үш рухани көздердің адам дамуына тигізер септігі орасан. Жіктеп айтсақ, барлық міндетті оқылатын пәндерден оқушы өзінің болашақ өмір сүруіне қажеттілікті, құндылықты таңдай алуына, оны дамытуына ниеттенеді.

Оқушының іскерлігі мен еңбегінің өнімділігін аңғарту үрдісіне пәңдердің нысандарынан өлшемдер алдын-ала құрылып, әр оқушы өзінің деңгейін біліп, жоғары басшылыққа ынталанып, жаңа тапсырмаларға ыңғайланып отыру үзіліссіздікпен жүзеге асады.

Оқыту үрдісінде мұндай әрекеттестік – ең жоғары сапаға жеткізудің кепілі.

Оқытудың технологиялық жүйесінде әртүрлі деңгейліктерге лайықталған тапсырмаларды құрастыру – жоғары нәтижеге жеткізер тиімді амал. Әр деңгейге ыңғайланған ұтымды тапсырмалар, оқыту үрдісіндегі тиімділік жеке тұлғаға бағытталған ширату сарынындағы нысандар, әлеуметтік сұранымдардың заңдылығына сәйкес келерлік оқытудың мазмұны сұрыпталады.

Оқытудың технологиялық жүйесіне қатысты жүргізген анализден жалаң, бір жақты оқыту үрдісінде әр оқушыны тұлғалыққа бағыттарлық оқыту жүйесінің сарыны аңғарылады.

Жобаның негізі

Оқытудың технологиялық жүйесін жүзеге асырудың 3 тетігі бар:

- Ғылымилық. Бұнда оқытудың мақсаты, мазмұны, әдіс-амал, құрал-жолдары, педагогикалық үрдістің жобалары, болжамдары карастырылады.

- Үрдістік-сипат. Педагогикалық үрдістің алгоритмі, тапсырмалардың (көпдеңгейліктің) мақсаты, мазмұны, әдіс-амал, құрал-тәсілдері оқытудың жоспарланған нәтижесіне бағыттауы.

- Үрдістік-әрекеттестік. Барлық тұлғалық қасиеттердің дамытылуына әдістемелік құралдарды талғаммен қодданылуына ыңғайлауы.

Мұның өзі үш түрлі деңгейлікте жүзеге асады:

- Жалпы педагогикалық. Қазіргі оқыту үрдісінде оқыту тұтастық сарында білімдік негізге ыңғайлайды. Бұл – үлкен педагогтық жүйе, нысана мен субъектінің арақатысы.

Жеке әдістемелік. (Пәннің деңгейінде). Мұнда әдістер мен тәсілдер бір пәннің ауқымында жүзеге асады.

Пішіндік деңгей. Жеке тұлғалыққа тәрбиелеудің ізгілікті жолдары және білім меңгерудің жаңа амалдарын, оны тексерудің, бақылаудың өзіндік тәсілдерін қарастырады.

1.2. Бүгінгі заманға лайықты педагогикалық технологиялардың негізгі сапалық қасиеті.

Технология жүйесіне кіретін кіші блоктар:

а) Тұжырымдық негіз;

ә) Мақсаттық мазмұны; оқыту мақсаты, жалпы және нақтылы. Оқыту материалының мазмұны.

б) Үрдістік.

Оқытудың технологиялық картасы төмендегідей:

- Ғылыми базасы. Оқытудың көпдеңгейлікті тапсырмалардың жеке және өздік жұмысымен сәйкес келуіне орай тұжырымдамасы.

Жүйелілік. Оқытудың ыңғайлану жүйесі логика үрдісі мен олардың өзара байланысын тұтастыққа жүзеге асыруы;

Басқарушылық;.Оқытудағы мақсаттылықты, жоспарлауды, болжауды, диагностикалық кезевдерді, білімнің нәтижелілігін болдыру мақсатында үнемі тиімді әдіс-тәсілдер мен амал-жолдарды ылғи өзгертіп отырады.

Тиімділігі. Оқытудың технологиялық деңгейі мемлекеттік қалыптың талап-мүддесінен туындайды. Осы деңгейліктен әрі қарай дамытарлық білім көлемінің өлшемдеріне сүйене отырып, көпдеңгейлікті тапсырмалар берілуі.

Зерттеудің пәні – оқытудың технологиялық жүйесі.

Эксперименттің мақсаты әр пән оқытушыларының тәжірибеде технолгия жүйесін тиімді жүзеге асыруы, оны сапалы меңгеруі, өзінің ісінде мақсаттылықпен қолдануы.

Жаңа мен қайталау, жинақтау, қорыту, тексеру сабақтарының ішкі зандылықтарын пәндердің өлшемдеріне ыңғайластыру шеберлігін дамыту.

Эксперименттің міндеттері:

- технология жүйесіне арналған әдебиеттермен танысу;

- өзінің педагогтық үрдісінің оқу-тәрбие жағдайын бағдарлау;

- технология жүйесін эксперимент арқылы нәтижесін сараптан өткізу. Гипотезасы. Оқытудық технологиялық үрдісі негізгі әрекет болады.

Ұстаз ол үшін әдістемелік қағиданы оқытудың бейімдеуіне бағыттайды. Бұндай әрекеттестік әр оқушының жеке қабілетін дамытып қана қоймай, дидактика негізінде қабылдау әдісі мен түйістеу оны сезім «суретіне» салу сияқты іскерлікке ыңғайланды. Бір сөзбен айтқанда, оқушының деңгейі әр сабақта белгілі болып, оның қаншалықты өсіп отырғанын аңғаратын дәрежеге жетелейді. Әр оқушы өзінің келген деңгейін қалт жібермей біліп отыру толғанысын ыңғайлайды.

Ғылыми-әдістемелік қағидасы;

Дамытудық белгілі бір факторы.

Дамытушылықтың жетекші және негізгі факторына қарай мыналарды бөліп алуға болады:

- биогеңдік технология оқушылардың психологиялық қабілетін ескеру, анықтау, олардың тектілігінің деңгейін шығару;

- әлеуметтік, тұлғалық қабілетін оқу нәтижелігімен есептеуі;

- өзін-өзі дамытарлық психологиялық ыңғайы;

- саяси, тұлғалық қасиеттер, әлеуметтік тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымы іске асады.

Ассоциативті - толғаныс тұжырымы, адамның басындағы мидың рефлекстік қызметіне сүйенеді.

Бұл тағлым мыналарды іске қосады:

- білім меңгерудің, іскерлік пен қабілетті дамытуды, адамның даралық сипатын айқындайды, сезіммен құбылысты көз алдына келтіреді: жай және күрделі.

- Жаңадан білім жиюға ұмтылдырады, логикалық ойлау жүйесін реттейді, олар мынандай кезеңдерден тұрады:

а) оқу материалын қабылдау әдісі;

ә) оны ойлау, құрастыру;

б) қайшылықты шешу;

в) еске сақтау және оны ойда тұрақтандыру;

г) тәжірибеде оны қолдана білу.

Нақты нәтижеліліктің мынандай шарттары бар:

а) оқушының оқып отырған нысанасына белсенділігі;

ә) берілген материалдың жүйелілігі;

б) ақыл-ойдың сыртқы нышандары;

в) алған білімін өмірде қажетіне жаратуы.

Аталған тұжырым тағылымын шығарған авторлар ұлттық деңгейде М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ресей өлкесінде И.М.Сеченов, И.П.Павлов, С.Л.Рубенштейн, Ю.А.Самарин, Н.А.Менчинская, Д.Н.Богоявлемский т.б.

Белгілі бір ұғымдардың анықтамасын табу мақсатында білім алу үрдісін жинақтауға ұмтылдыру. Ойлау әрекетінің жүйелілігі қабылдаудың ақпараттық, біліктілік, ұғымдардың жиынтығын, тәжірибеде қолданымдылығын қамтамасыз етеді.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 531. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия