Студопедия — Бап. Су асты кабельдерi мен құбырларын жобалау, төсеу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Су асты кабельдерi мен құбырларын жобалау, төсеу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар






1. Әрбiр нақты объектiнi салу мен пайдалануға арналған трассалар, конструкциялар, жабдықтар, технологиялар мен техникалық құралдар орналастырылатын жерлердi таңдау қоршаған ортаға тигiзетiн терiс әсердi азайту мақсатында баламалы негiзде жүргiзiлуге тиiс.
2. Құбыр трассасына немесе су асты кабельдерiне бес жүз метрден жақын арақашықтықта бұрғылау-жару жұмыстарына және пневматикалық және басқа да қуатты толқындар (сейсмикалық дабыл) тудыру көздерiмен сейсмикалық барлауға тыйым салынады.
3. Құбырлар мен су асты кабельдерi трассаларын кесiп өтетiн жолмен сейсмикалық косты сүйреуге және балық аулау кемелерiне тралмен балық аулауға тыйым салынады.
4. Салынуға тиiс құбырлар мен соған iлеспе инженерлiк құрылыстарды жобалау:
1) олардың берiктiгiнiң, қауiпсiздiгiнiң, олардың техникалық жай-күйiн қорғау мен бақылаудың жоғары деңгейi;
2) кездейсоқ ахуалдарға жедел ден қою мүмкiндiгi;
3) жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының жеделдiгi мен сапасы;
4) қоршаған ортаға терiс әсердiң неғұрлым аз болуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
5. Жобада мiндеттi түрде құрылыс, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелердiң талаптарына, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның нұсқамалық құжаттарына сәйкес келетiн дербес "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi болуға тиiс.
6. Жобалау-сметалық құжаттамалардың толықтығы мен дұрыстығына тапсырыс берушi мен жобаны әзiрлеушi жауап бередi.
7. Бекiтiлген жобаны қоршаған ортаға тигiзетiн терiс әсердi арттыратындай өзгерту және одан ауытқу мемлекеттiк экологиялық сараптамадан қайта өтудi талап етедi.
8. Құбыр төсеу жобаларында құрылыстарды салған және кейiннен пайдаланған кезде оларды қорғау жөнiндегi шаралар көзделу қажет. Құрылыстың әрбiр кезеңiнде және көмiрсутегi шикiзаты мен оның өңделген өнiмдерi тасымалданатын құбырды пайдаланған кезде қоршаған ортаны, сондай-ақ тәуекелi жоғары объектiлерге жататын құбырларды қорғау жөнiнде шаралар қабылдануға тиiс.
9. Құбырлардың кеме жүзетiн өзендермен және каналдармен қиысу орындары жағалауларда навигациялық белгiлермен белгiленедi. Навигациялық белгiлер магистральдық құбыр салған кезде Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi саласындағы заңнамасына сәйкес орнатылады.
10. Құбырлардың зақымдану ықтималдығын болғызбау үшiн оларды төсеудiң кез келген түрiнде күзет аймағы:
1) су асты өтпе жолдарының бойымен - өтпе жолдардың шеткi сызықтарының осiнен әрбiр жағынан жүз метр қашықтықтағы, параллель жазықтар арасында орналасқан, су үстiнен түбiне дейiнгi су кеңiстiгiнiң учаскесi түрiнде;
2) өнiмдi тасымалдауға дайындаудың технологиялық қондырғыларының, басты және аралық, қайта айдайтын және құятын насос станцияларының, резервуарлық парктердiң, компрессорлық және газ бөлетiн станциялардың, өнiм өлшейтiн тораптардың құятын және ағызатын эстакадалардың, мұнай мен мұнай өнiмдерiн қыздыратын пункттердiң айналасында - аталған oбъектiлер аумағы шекараларының жан-жағынан жүз метр қашықтықта орналасқан тұйық сызықпен шектелген жер учаскесi түрiнде белгiленедi.
11. Күзет аймақтарын, оның құрамына кiретiн коммуникациялар мен объектiлердi қоса, құбырлардың нақты жағдайының материалдары оларды аудандық жер пайдалану карталарына енгiзу үшiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға берiлуге тиiс. Жергiлiктi атқарушы органдар мүдделi заңды тұлғаларға олардың сұраулары бойынша құбырлардың орналасқан жерi туралы мәлiметтер бередi.
12. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында олардың қалыпты пайдаланылуының бұзылуына не бүлiнуiне әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекет жасауға:
1) навигациялық айырым белгiлерiн, бақылау-өлшеу пункттерiнiң орнын ауыстыруға, оларды көмуге және сындыруға;
2) кабель байланысының қызмет көрсетiлмейтiн пункттерiнiң люктерiн, қақпалары мен есiктерiн, тораптық арматуралар тораптарының қоршауларын, катодтық және сорғыту қорғаныс қондырғыларын, желiлiк және қарап көруге арналған құдықтар мен басқа да желiлiк қондырғыларды ашуға, крандар мен жылжытқыштарды ашып, жабуға, байланыс, энергиямен жабдықтау және құбырлар телемеханикасы құралдарын қосуға немесе ажыратуға;
3) қоқыс үйiндiлерiне айналдыруға, қышқылдар, тұздар мен сiлтiлер ерiтiндiлерiн төгуге;
4) жағалауларды бекiтетiн құрылыстарды, су өткiзетiн қондырғыларды, құбырларды бұзылудан, ал iргелес аумақтар мен айналадағы жердi тасылатын өнiмдердiң авариялық жайылып төгiлуден сақтайтын топырақтан жасалған немесе өзге құрылыстарды (қондырғыларды) бұзуға;
5) зәкiр тастауға, түсiрiлген зәкiрлермен, шынжырлармен, лоттармен, ысырғыштармен және тралдармен өтуге, түбiн тереңдететiн және топырағын аршитын жұмыстар жүргiзуге;
6) от жағуға және ашық немесе жабық от көздерiн орналастыруға тыйым салынады.
13. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында магистральдық құбыр желiсi меншiк иесiнiң жазбаша рұқсатынсыз кез келген жұмысты атқаруға, оның iшiнде ұңғымалар, шурфтар орнатумен және топырақ сынамасын алумен байланысты геологиялық-түсiру, геологиялық-барлау, iздеу, геодезиялық және басқа iздестiру жұмыстарына, сондай-ақ жару жұмыстарын жасауға тыйым салынады. Құбырлардың күзетiлетiн аймақтарында жару жұмыстарын жүргiзуге жазбаша рұқсат осы жұмыстарды жүргiзетiн ұйым Жару жұмыстары кезiндегi қауiпсiздiктiң бiрыңғай ережелерiнде көзделген тиiстi материалдарды табыс еткеннен кейiн ғана берiледi.
14. Құрамында күкiрттi сутегi бар мұнай және су авариялық жағдайда төгiлген кезде оларды дереу жинау және сол жерде залалсыздандыру немесе көмуге алып кету керек.
15. Газ-, мұнай-, конденсат құбырлары қиылысатын темiр және су жолдарына, автомобиль жолдарына, жыраларға және басқа да табиғи кедергiлерге, бұрылыс бұрыштарына, адамдар көп жиналуы мүмкiн пункттерге, газ-, мұнай-, конденсат құбырлары технологиялық тораптарына тиiстi қауiпсiздiк белгiлерi мен жазбалар қойылады. Аталған жерлер үшiн жобада шығарындылардың қауiптiлiгiн болғызбайтын немесе азайтатын қосымша iс-шаралар көзделуге тиiс.







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 638. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия