Студопедия — Курс, 5В110300 – «Фармация» мамандығы студенттеріне арналған фармацевтикалық химия пәнінен тест сұрақтары, 27.05.2015 жылы. 4 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Курс, 5В110300 – «Фармация» мамандығы студенттеріне арналған фармацевтикалық химия пәнінен тест сұрақтары, 27.05.2015 жылы. 4 страница






Дәрілік препаратты идентификациялауда қосымша қандай реакциялар жүргізу қажет?

@Темір феноляты түзілуі

@Мезомерлі хиноид-катион түзілуі

@Берлин лазурі түзілу

@Аурин бояуы түзілуі

@Азобояу түзілуі

~ Сараптамаға фенантренизохинолин тобының дәрілік препараты келіп түсті. Жалпы алкалоидты түсті және тұнба беру реакциялары оң нәтиже берді; сірке ангидридімен әсер еткенде ақ тұнба түзілді; ары қарай калий (III) гексацианоферраты мен темір (III) хлоридін қосқанда, көк түс түзілді.

Сараптамаға қандай препарат түсті?

@апоморфин гидрохлориді

@этилморфин гидрохлориді

@кодеин фосфаты

@морфин гидрохлориді

@глауцин гидрохлориді

~ Сараптамаға но-шпа дәрілік субстанциясы келіп түсті. Ерітінді түсінің қарқындылығы салыстыру ерітіндісі қарқындылығынан жоғары.

Дәрілік субстанцияны сақтау кезінде түсінің өзгеруіне қандай қоспалар әсер етеді?

@дротаверинол, дротаверинальдин

@қалдық еріткіштер

@сульфаттар қоспасы

@ауыр металдар қоспасы

@бөгде алкалоидтар

~Сараптамаға белгісіз дәрілік субстанция келіп түсті. Идентификациялау пиролиз реакциясы нәтижесінде пиридиннің өзіндік иісі және аммиак бөлінетіндігін көрсетті. Сілтілі гидролиз нәтижесінде аммиак иісі және әлсіз формальдегид иісі шығады.

Қандай препаратқа қосымша идентификациялау реакциясын жүргізеді?

@никотинамид

@кордиамин

@пикамилон

@никодин

@пиридитол

~ Сараптамаға белгісіз дәрілік субстанция келіп түсті. Идентификациялау пиролиз реакциясы нәтижесінде пиридиннің өзіндік иісі және аммиак бөлінетіндігін көрсетті. Сілтілі гидролиз нәтижесінде аммиак иісі және әлсіз формальдегид иісі шығады.

Дәрілік субстанцияны идентификациялау үшін қандай өзіндік реакция жүргізу қажет?

@мыс сульфатымен

@нингидрин сынағымен

@гидроксам сынағымен

@хромотроп қышқылымен

@жалпы алкалоидты реактивтермен

~Сараптамаға белгісіз дәрілік субстанция келіп түсті. Сипаттамасы бойынша ақ кристалды ұнтақ, тиаминді витаминдердің әлсіз иісі бар, суда іс жүзінде ерімейді, спиртте ериді. Препарат тиаминді препараттарға тән реакцияны жүргізуде оң нәтиже берді, тек тиохром сынағы теріс нәтиже берді.

Сараптамаға қандай дәрілік препарат түсті?

@бенфотиамин

@тиамин бромиді

@тиамин хлориді

@фосфотиамин

@кокарбоксилаза

~Сараптамаға иіссіз, әлсіз қышқыл дәмді, ақ түсті кристалды дәрілік субстанция келіп түсті. Тілді жансыздандыратын әсері бар. Ерігіштігіне сынақ жүргізу натрий гидроксидін қосқанда, беткі қабатында түссіз майлы тамшылар пайда болатынын көрсетті. Біріншілік және үшіншілік амин топтарға оң, ал екіншілік аминтобына теріс реакция береді.

Қандай препаратқа қосымша идентификациялау әдісін жүргізу қажет?

@дикаин

@лидокаин

@новокаин

@анестезин

@тримекаин

~Сараптамаға сары-сұр түсті, жануардың кептірілген ұлпасына тән әлсіз иісі бар ұнтақ түріндегі дәрілік субстанция келіп түсті. Суда, спиртте ерімейді. Спектральды талдау құрамында –ОН- тобы, қабысқан қос байланыс –СН=СН-, -NH2- тобы бар екендігін көрсетті.

Қандай препаратқа қосымша идентификациялау әдісін жүргізу қажет?

@феррамид

@дийодтирозин

@фтивазид

@тиреоидин

@энтеросептол

~Токоферол ацетатының фармакологиялық әсері химиялық құрылысын-дағы қандай фрагментке байланысты?

@фенолдық гидроксиліне

@фитил радикалына

@сірке қышқылы қалдығына

@пиран ядросына

@бензол цикліне

~Талдауға өндірістік бөлімнен жасыл-сары түсті майда кристалды дәрілік субстанция түсті. Субстанция суда, хлорсутек қышқылында іс жүзінде ерімейді, спиртте аз, натрий гидроксиді ерітіндісінде ериді. Спектральды талдау 259 және 362,5 нм толқын ұзындығында екі жұтылу максимумы бар екендігін көрсетті. Натрий гидроксиді ерітіндісінде ерітілген препарат Толленс және Фелинг реактивтерімен оң реакция берді.

Қандай препаратқа қосымша идентификациялау әдістерін ұсынуға болады?

@кверцетин

@хинозол

@рутин

@левомицетин

@фтивазид

~Барбитал синтезінің соңғы стадиясында диэтилмалон қышқылының диэтил эфирі мен мочевинаның конденсациясы натрий метилаты қатысында жүреді.

Аталған кезеңде қандай қоспаға байланысты субстанцияның тазалығына талдау жүргізілу қажет?

@сілтілігі немесе қышқылдығы

@тектес қоспалар

@барбитур қышқылы

@қалдық еріткіштер

@натрий ионы

~Өндірістік цехтан талдауға фенантренизохинолин туындыларына жататын дәрілік субстанция келіп түсті. Фенолды гидроксил тобына теріс реакция берді. Препарат аммоний молибдаты және магнезиальды қоспамен сары тұнба берді.

Қандай препаратқа қосымша идентификациялау реакцияларын жүргізуді ұсынасыз?

@морфин гидрохлориді

@этилморфин гидрохлориді

@кодеин фосфаты

@кодеин

@апоморфин гидрохлориді

~Өндірістік бөлімнен құрғақ тесікшелі массалы, сарғыш-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар дәрілік субстанция алынды. Суда ериді, қышқылда ерігенде газ көпіршіктерін түзеді. Мыс сульфаты және кобальт хлоридімен әсерлескенде қара тұнба түзіледі. Түссіз жалынды сары түскебояйды. Жалпы алкалоидты реактивтермен реакцияға түспейді.

Қандай препаратқа қосымша идентификациялау реакциялары ұсынылады?

@тиопентал-натрий

@кокарбоксилаза

@гексенал

@хинозол

@фтивазид

~Өндірушінің гексенал субстанциясына жасаған фармакопеялық мақаласына ерігіштік, тектес қоспалар, қалдық еріткіштер, түстілігі, мөлдірлігі, кептіргендегі масса шығыны сияқты сапалық көрсеткіштер енгізілген.

Аталған дәрілік субстанцияның фармакопеялық мақаласына қандай сапа параметрін енгізу қажет?

@1,5-диметилбарбитур қышқылы

@натрий тұзы

@метил спирті

@бос сілті

@қышқылдығы немесе сілтілігі

~Барбитал натрий субстанциясының тазалығына талдау жасауда препаратты ерітіп болған соң, қышқылды ортада калий перманганатымен өңдейді. Сосын хромотроп қышқылын қосқанда, күлгін түс түзіледі.

Аталған әдістеме бойынша қандай қоспаны анықтайды?

@ рН көрсеткіші

@тектес қоспалар

@этилбарбитур қышқылы

@метил спирті

@бос сілті

~Өндірушінің 20% сульфацил натрий ерітіндісіне жасаған нормативті құжат жобасына келесі сапалық көрсеткіштер енгізілген: сипаттамасы, идентификация, сандық анықтау.

Аталған дәрілік препараттың нормативті құжат жобасына қосымша қандай сапалық көрсеткішті енгізу қажет?

@микробиологиялық тазалығы

@пирогенді заттар

@эндотоксиндер

@тұтқырлығы

@тығыздығы

~Атропин сульфатының сандық мөлшерін нормативті құжат бойынша төменде келтірілген химиялық реакция көмегімен сусыз ортада бейтараптау әдісімен анықтайды:

 

Сандық есептеуде қандай эквивалентті молекулалық масса қолданылады?

@ г.экв=2М.м

@ г.экв=М.м/4

@ г.экв=М.м/6

@ г.экв=М.м

@ г.экв=М.м/2

~ Фенолдың сандық мөлшерін нормативті құжат бойынша төменде келтірілген химиялық реакция көмегімен кері броматометрия әдісімен анықтайды:

 

Сандық есептеуде қандай эквивалентті молекулалық масса қолданылады?

@ г.экв=М.м/2

@ г.экв=М.м/5

@г.экв=М.м/6

@ г.экв=М.м/3

@ г.экв=М.м

~Сынақ зертханасында адреналин гидрохлориді дәрілік субстанциясына сараптама спектрофотометриялық әдіспен жүргізілді. Ол үшін препараттың дәл өлшеміне концентрлі фосфор қышқылын, калий йодатын қосып, колбаны ерітіндісімен бірге қайнаған су мошасына салады, оны салқындатып, 310 нм толқын ұзындығында алынған ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшейді.

Аталған әдістеме бойынша қандай сапалық параметр анықталады?

@сандық мөлшері

@органикалық қоспалар

@адреналон қоспасы

@препарат идентификациясы

@норадреналон қоспасы

~ Сынақ зертханасында норадреналин гидрохлориді дәрілік субстанциясына сараптама спектрофотометриялық әдіспен жүргізілді. Ол үшін препараттың дәл өлшеміне концентрлі фосфор қышқылын, калий йодатын қосып, колбаны ерітіндісімен бірге қайнаған су мошасына салады, оны салқындатып, 310 нм толқын ұзындығында алынған ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшейді.

Аталған әдістеме бойынша қандай сапалық параметр анықталады?

@адреналон қоспасы

@препарат идентификациясы

@сандық мөлшері

@тектес қоспалар

@норадренолон қоспасы

~Парацетамолдың сандық мөлшерін нормативті құжат бойынша препараттың қышқылды гидролизінен кейін нитритометрия әдісімен анықтайды.

Препараттың қышқылды гидролизі қандай мақсатта жүргізіледі?

@біріншілік аминотопты жасыру үшін

@реакцияны тұрақтандыру үшін

@фенолдық гидроксил тобын жасыру үшін

@реакцияны катализациялау үшін

@эквивалент нүктесін анықтау үшін

~ Парацетамол шырынына нормативті құжат жобасын жасауда келесі сапалық көрсеткіштер енгізілген: сипаттамасы, рН, идентификация, қоспалар, микробиологиялық тазалық, сандық анықтау.

Ұйым-өндіруші стандарт жобасына қандай сапалық көрсеткіш енгізу қажет?

@меншікті айналу

@қату температурасы

@тығыздығы

@оптикалық тығыздық

@еру

~ Сынақ зертханасына шаншуға арналған майлы дәрілік препарат ерітіндісі сериясы сараптамаға түсті. Ерітінді сипаттамасы бойынша ашық-сары түсті, әлсіз иісі бар мөлдір сұйықтық. Спектральды талдау құрылы-сында ароматты циклге тән -СН=СН- қос байланыстың, күкірт және азот атомдарының, карбониль топтарының –С=О бар екендігін көрсетті. Препараттың фенотиазин туындысына жататындығы туралы болжам жасалды.

Препараттың өзі екендігін дәлелдеу үшін химик-аналитик қосымша қандай реакция жүргізуі қажет?

@Несслер реактивімен

@қышқылды ортада йодпен

@бром суымен

@Драгендорф реактивімен

@Марки реактивімен

~ Сынақ зертханасына шаншуға арналған майлы дәрілік препарат ерітіндісі сериясы сараптамаға түсті. Ерітінді сипаттамасы бойынша ашық-сары түсті, әлсіз иісі бар мөлдір сұйықтық. Спектральды талдау фенотиазин құрылысын көрсетті. Препарат пербромфенотиазоний және темір гидроксаматы түзілу реакциясына қатысады.

Фенотиазин туындысының қандай препараты сараптамаға түсті?

@хлорпропазин

@этмозин

@фторфеназин деканоаты

@этапиразин дигидрохлориді

@аминазин

~ Аминазиннің тазалығын талдауда нормативті құжат фенотиазин қоспасын пербромфенотиазоний түзілу реакциясымен анықтауды ұсынады. Аталған реакцияның фенотиазин туындылары дәрілік препараттары үшін спецификалық екендігі белгілі.

Аталған реакцияны препарат және фенотиазин қоспасы да беруіне байланысты препарат тазалығын анықтау қалай жүргізіледі?

@фенотиазин қоспасын алдын-ала этил спиртімен оқшаулайды

@фенотиазин қоспасын алдын-ала хлорсутек қышқылымен оқшаулайды

@фенотиазин қоспасын алдын-ала бензолмен оқшаулайды

@фенотиазин қоспасын алдын-ала тазартылған сумен оқшаулайды

@фенотиазин қоспасын алдын-ала натрий гидроксидімен оқшаулайды

~ Рибофлавин субстанциясының тазалығына талдау жасауда препараттың спиртті ерітіндісінің рН 8,0-8,5 аралығында екендігі анықталды. Препарат сары түсті мөлдір сұйықтық, УК-жарықта жасыл флуоресценция беруі нормативті құжат талабына сәйкес екендігін көрсетті.

Препарат тұрақтылығы сақталды ма? Егер сақталмаса, онда аталған жағдайда қандай жанама өзгерістер болуы мүмкін?

@препарат тұрақтылығы сақталды

@люмифлавин түзілуі

@люмихром түзілуі

@лейкорибофлавин түзілуі

@натрий рибофлавин түзілуі

~ Прокаин гидрохлоридінің 0,5% - 1,0 шаншуға арналға ерітіндісі талдауында фармакопеялық мақалада «Мөлдірлігі», «Түстілігі» көрсеткіштері бойынша талапқа сай емес екендігі анықталды.

Препарат тұрақтылығы өзгеруі себебінен қандай жанама үрдістер болуы мүмкін?

@ гидролитикалық ыдырау

@кешенді қосылыс түзілуі

@препараттың тотығуы

@препарат полимеризациясы

@препарат дегидратациясы

~Норсульфазол және ерігіш стрептоцид субстанцияларын талдауда фармакопеялық мақалада сипаттамасы бойынша талапқа сәйкес еместігі анықталды: сары түсті борпылдақ ұнтақ.

Препарат тұрақтылығы өзгеруі себебінен қандай жанама үрдістер болуы мүмкін?

@препараттың тотықсыздануы

@пиролиз нәтижесінде газ тәрізді өнімдер түзілуі

@препаратты айдау

@гидролиз және тотығу нәтижесінде азоқосылыс түзілуі

@полимеризация нәтижесінде кешенді қосылыс түзілуі

~Химия-фармацевтикалық өнеркәсіп метронидазол 0,25 г таблеткалар өндірісі үшін субстанция сатып алды. Талдау нәтижесі субстанцияның ақ, қызғылт реңді кристалды ұнтақ екендігін көрсетті. Түстілігіне сынаулар жүргізгенде, алынған ерітінді түсінің қарқындылығы GY6 эталоны түстілігінің қарқындылығынан жоғары екендігі анықталды. Балқу температурасының 160-163°С болуы нормативті құжат талабына сәйкес емес.

Препарат тұрақтылығы өзгеруі себебінен қандай жанама үрдістер болуы мүмкін?

@гидролиз

@полимеризация

@конденсация

@пирролиз

@дегидратация

~ Химия-фармацевтикалық өнеркәсіп метронидазол 0,25 г таблеткалар өндірісі үшін субстанция сатып алды. Талдау нәтижесі субстанцияның ақ, қызғылт реңді кристалды ұнтақ екендігін көрсетті. Түстілігіне сынаулар жүргізгенде, алынған ерітінді түсінің қарқындылығы GY6 эталоны түстілігінің қарқындылығынан жоғары екендігі анықталды. Балқу температурасының 160-163°С болуы нормативті құжат талабына сәйкес емес.

Субстанция тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қандай тиімді сақталу жағдайын жасау керек?

@0°С төмен емес температурада

@25°С жоғары емес температурада

@ауадағы көміртек қос тотығынан қорғау

@парафин құйылған флакон

@жарықтан қорғалған жерде

~Викасол субстанциясының сапасын бағалауда оның ақ немесе сарғыш реңді, иіссіз, кристалды ұнтақ екендігі анықталды. Жұтылудың УК-спектрі, идентификация реакциялары бойынша алынған нәтижелер нормативті құжат талабына сәйкес келеді. 2-метил-1,4-дигидрокси-3-нафталинсульфонат натрий тұзы және натрий бисульфиті қоспалары анықталды, бірақ шекті мөлшері нормативті құжат талабына сәйкес емес.

Аталған зат қандай қоспалар тобына жатады?

@деструкция өнімдері және оның ары қарай тотықсыздануы

@конденсация өнімдері

@гидролиз өнімдері

@синтездің аралық өнімдері

@тотығу өнімдері

~ Викасол субстанциясының сандық мөлшерін анықтау үшін фармацевт-аналитик титрлеуге арналған колбаға мырыш тозаңын, хлорсутек қышқылын және нормативті құжатта көрсетілген әдістемеге сәйкес басқа компоненттерді қосты.

Фармацевт-аналитик мырыш тозаңын қандай мақсатта пайдаланды?

@натрий сульфитін бөліп алу үшін

@β-метилнафталин түзілуі үшін

@препаратты тотықсыздандыру үшін

@препаратты тотықтыру үшін

@натрий сульфонаты түзілуі үшін

~Фармацевтикалық өнеркәсіпке капсулалар өндірісі үшін пирацетам субстанциясы түсті. Оның сапасына талдау жасауда фармацевт-аналитик субстанцияның ақ кристалды ұнтақ екендігін анықтады; мөлдірлігіне сынақ жүргізгенде, алынған ерітінді опалесценциясы I эталон опалесценциясынан асып кетті, балқу температурасы 150-152°С аралығында жатады. Жоғары эффективті сұйықтық хроматография әдісімен қоспалардың суммарлы мөлшері анықталып, 0,4% құрайтындығын көрсетті. Бұл көрсеткіш нормативті құжат талабына сәйкес емес.

Препарат тұрақтылығы өзгеруі себебінен қандай жанама үрдістер болуы мүмкін?

@жарық және 25˚С жоғары температура әсерінен препараттың деструкциясы

@препараттың тотықтырғыштармен әсерлесіп, тотығуы

@синтез жағдайының бұзылуы

@ауадағы көмір қышқылы әсерінен препараттың деструкциясы

@препарат дисмутациясы

~Фармацевт-аналитик 0,025 г индометацин таблеткаларына фармакопеялық талдау жүргізуде жұқа қабатты хроматография әдісі көмегімен бөгде қоспаларды олардың хроматограммадағы дақтар түсінің қарқындылығы мен өлшемі арқылы анықтады, суммарлы саны 1,5% құрады. УК-спектрофотометрия әдісімен индометациннің бір таблеткадағы мөлшерін граммен есептегенде 0,022 құрады, яғни нормативті құүжат талабына сай емес.

Препарат тұрақтылығы өзгеруі себебінен қандай жанама үрдістер болуы мүмкін?

@тотықтырғыштар әсерінен препараттың тотығуы

@синтез жағдайының бұзылуы

@25˚С жоғары температурадағы препарат гидролизі

@жарық және 25˚С жоғары температура әсерінен препарат полимеризациясы

@0˚С төмен температурадағы препарат гидролизі

~Нормативті құжат талабына сәйкес букарбанды идентификациялауда қышқылды ортада гидролитикалық ыдырау реакциясы қоданылады.

Аталған реакцияны жүргізу нәтижесінде қандай өнімдер түзіледі?

@көмір қышқылы, аммиак

@күкіртсутек, су

@формальдегид, күкірт қос тотығы

@өзіне тән иісі бар аминдер

@изонитрил, мочевина

~Сынақ зертханасында метронидазол субстанциясын идентификациялауда төменде көрсетілген гидрлеу реакциясы нәтижесінде нитротоп аминтобына ауысады.

Түзілген өнімді қандай реакция көмегімен идентификациялауға болады?

@азобояу түзілуі

@каролин түзілуі

@аммиак бөлінуі

@эфир түзілуі

@этил спиртінің түзілуі

~Нормативті құжат талабына сәйкес салициламид таблеткаларының сандық мөлшерін анықтау қышқыл-негіздік титрлеу бойынша жүргізіледі. Препаратты диметилформамидте ерітіп, эквивалент нүктесіне дейін титрлейді.

Салициламидтің әлсіз қышқылдық қасиетін ескере отырып, фармацевт-аналитик қандай титрант қолданады?

@хлорсутек қышқылы ерітіндісі

@натрий гидроксиді ерітіндісі

@күкірт қышқылы ерітіндісі

@натрий метилаты ерітіндісі

@хлор қышқылы ерітіндісі

~Химия-фармацевтикалық өнеркәсіп «Прозерин» таблеткалары өндірісі үшін субстанция сатып алды. Таблетканың негізгі әсер етуші заты - неостигмин метилсульфатын идентификациялау үшін 30% натрий гидроксиді ерітіндісімен қыздырады. Нәтижесінде түзілген өнімді иісі және ылғалды лакмус қағазын көк түске бояуы арқылы анықтайды.

Зерттелетін препараттың сілтілі ортада ыдырауы нәтижесінде қандай өнім түзілді?

@изонитрил

@формальдегид

@диметиламин

@метанол

@этилацетат

~Нормативті құжат талабына сәйкес лидокаин гидрохлориді субстанциясының сандық мөлшерін анықтау сусыз ортада титрлеу әдісімен жүргізіледі. Препаратты құмырсқа қышқылы мен сірке ангидриді (1:20) қоспасында ерітіп, эквивалент нүктесіне дейін титрлейді, индикатор кристалды күлгін.

Лидокаин гидрохлоридінің әлсіз негіздік қасиетін ескере отырып, фармацевт-аналитик қандай титрантты қолданады?

@хлорлы қышқыл ерітіндісі

@натрий метилаты ерітіндісі

@хлорсутек қышқылы ерітіндісі

@натрий гидроксиді ерітіндісі

@күкірт қышқылы ерітіндісі

~Химия-фармацевтикалық өнеркәсіп эфедрин таблеткалары өндірісі үшін субстанция сатып алды. Фармацевт-аналитик субстанцияның сапасына талдау жүргізу барысында идентификациялауды калий (III) гексацианоферраты ерітіндісімен қыздыру арқылы жүргізді. Нәтижесінде түзілген өнімді ащы бадамның иісі бойынша анықтады.

Эфедриннің ыдырауы кезінде қандай өнім түзілді?

@ацетальдегид

@этилацетат

@формальдегид

@изонитрил

@бензальдегид

~Химия-фармацевтикалық өнеркәсіп шаншуға арналған ерітінділер өндірісі үшін эпинефрин субстанциясын сатып алды. Фармацевт-аналитик сапасына талдау жасауда оның ақ түсті кристалды ұнтақ екендігін анықтады. Ерітіндінің боялу дәрежесі, қышқылдығы көрсеткіштері бойынша нормативті құжатқа сәйкес емес. Тазалығына жүргізілген сынақ тектес қоспалар мөлшерінің жоғары екендігін көрсетті.

Препарат тұрақтылығының өзгеруіне қандай құбылыстар себеп болды?

@жарық және 25˚С жоғары температура әсерінен препараттың полимеризациялануы

@ішкі кешенді тұздар түзілуі

@ жарық және ауадағы оттегі әсерінен тотығу

@25˚С жоғары температурадағы препарат гидролизі

@ 0˚С төмен температурада препараттың гидролизге ұшырауы

~ Химия-фармацевтикалық өнеркәсіп шаншуға арналған ерітінділер өндірісі үшін токоферол ацетаты субстанциясын сатып алды. Фармацевт-аналитик субстанцияны идентификациялауда сілтілі гидролиз жүргізіп, түзілген өнімге концентрлі күкірт қышқылын қосып, алынған қоспаны ішінде суы бар колбаға құяды. Нәтижесінде этилацетаттың өзіне тән иісі шығады.

Фармацевт-аналитик дәрілік препарат идентификациясын қандай функциональды тобы бойынша жүргізді?

@күрделі эфир тобы

@фенолды гидроксил

@фитольды радикал

@хроман ядросы

@сірке қышқылы қалдығы

~Нормативті құжат талабына сәйкес эпинефрин (адреналин) субстан-циясының сандық мөлшері сусыз ортада жүргізіледі. Препаратты мұзды сірке қышқылында ерітіп, эквивалент нүктесіне дейін титрлейді, индикатор кристалды күлгін.

Эпинефриннің қышқыл-негіздік қасиетін ескере отырып, фармацевт-аналитик қандай титрант қолдануы қажет?

@хлорлы қышқыл ерітіндісі

@натрий метилаты ерітіндісі

@хлорсутек қышқылы ерітіндісі

@натрий гидроксиді ерітіндісі

@күкірт қышқылы ерітіндісі

~Химия-фармацевтикалық өнеркәсіп фенобарбитал 0,1 г таблеткалары өндірісі үшін субстанция сатып алды. Сапасына талдау жүргізуде ерітіндінің мөлдірлігі мен боялу дәрежесінің нормативті құжат талабына сәйкес емес екендігі анықталды. Тазалығына жүргізілген сынақ қоспа мөлшерінің жоғары екендігін көрсетті, аталған қоспа потенциометрия әдісімен анықталған, сулы ерітіндісінің рН 3,8 құрайды.

Препараттың нормативті құжат талабына сәйкес болмауына қандай қоспа себеп болған?







Дата добавления: 2015-06-16; просмотров: 1432. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия