Студопедия — Тақырып. Техниалық және теориялық механиканың бөлімдері. Негізгі ұғымдар. Статиканың аксиомалары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. Техниалық және теориялық механиканың бөлімдері. Негізгі ұғымдар. Статиканың аксиомалары






12. Законом РК от 29 июня 1998 года (с изменениями и дополнениями по состоянию на 15.01.2014 г.) «О платежах и переводах денег»

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Арағанды политехникалық колледжі

Жалпыкәсіптік пәндер кафедрасы

Техникалық механика негіздері пәнінен

Лекциялар жинағы

Статика модулі бойынша

Дайындаған: ҚПТК оқытушысы Қайыров Р.А.

Арағанды 2014

Мазмұны

I-тарау. Теориялық механика. 3

I-бөлім. Статика. 3

1-тақырып. Техниалық және теориялық механиканың бөлімдері. Негізгі ұғымдар. Статиканың аксиомалары. 3

2-тақырып. Күштің түсінігі. Күштің оське проекциясы. Жазық жүйедегі жинақталатын күштер. 4

3-тақырып. Күштің нүктеге қатысты моменті және оның қасиеттері. Қос күштер. 5

4-тақырып. Еркін және еріксіз денелер. Байланыстар және байланыстар реакциясы. 6

5-тақырып. Арқалық жүйелері. Жүктеме класификациясы. Тіректің түрлері. 8

6-тақырып. Ауырлық центр. Кейбір фигуралардың ауырлық центрларының орыны. 9

I-тарау. Теориялық механика

I-бөлім. Статика

тақырып. Техниалық және теориялық механиканың бөлімдері. Негізгі ұғымдар. Статиканың аксиомалары.

 

Техникалық механика негіздері пәні жалпы техникалық білім берудің өте маңызды жиыны болып табылады және теориялық механика, материалдар кедергісі, машина бөлшектері деп аталатын үлкен үш тараудан тұрады.

Теориялық механика тарауы материялық денелердің механикалық қозғалыстарының жалпы заңдылықтары мен тепе-теңдігін және осы материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуін зерттейтін ғылым болып табылады.

Теориялық механика статика, кинематика және диамика деп аталатын үш бөлімнен тұрады:

1. Статика бөлімінде тыныштықта тұрған абсалютті қатты денелерге, әр түрлі күштер жүйесі әсер еткен жағдайдағы тепе-теңдік шарттарын қарастырады.

2. Кинематика бөлімінде әсер ететін күштерді ескермеген жағдайдағы, материялық нүктенің немесе абсалют қатты дененің қозғалыстарының жалпы геометриялық сипаттамлары зерттеледі.

3. Динамика бөлімі материялық нүктенің немесе абсалют қатты дененің қозғалысы зерттелгенде, осы қозғалысқа себебші болатын әсер етуші күштер және қозғалыстағы материялық объектілердің инерттілігін қарастырады.

Кез-келген екі нүктесінің ара қашықтығы тұрақты болатын денені абсалютті қатты дене деп атайды.

Өлшемін ескермеуге болатын массасы бар денелер немесе дене бөлшектері материялық нүкте деп аталады.

Материалық денелердің бір-біріне әсерлерін сандық мөлшермен анықтайтын және материалық денелердің өзара әсерлерін сипаттайтын шаманы күш деп атаймыз. Оның өлшем бірлігі халықаралық бірліктер жүйесінде Н немсе кН болып қабылданған. Күш бағытталған векторлық шама, ол үш көрсеткішпен бейнеленеді(1.1,а сурет): әсер ету нүктесі(А нүктесі), әсер ету түзуі немесе бағыты(ED түзуі) және шамасы.

Күш векторының барлық ұзындығында күш шамасының қанша бірлігі бар екендігін сипаттайтын шаманы күш масштабы деп атаймыз. Оның өлшем бірлігі немесе болып қабылданған.

 

1.1-сурет.

 

Статика негізінде адамзаттың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесінің нәтижесінде тұжырымдалып математикалық дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналған заңдылықтар жатады.

Осы аксиомалар статикада қарастырылатын барлық мәселелерді қорытып шығаруға әбден жеткілікті.

1-ші аксиома(екі күштің тепе теңдік шарты туралы).

Сан мәндері тең бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталған еркін қатты денеге әсер етуші екі күш әсерінен дене тепе-теңдікте болады(1.1,б сурет).

2-ші аксиома(күштер жүйесін түрлендіру туралы). Өзара теңескен күштер жүйесін қосқаннан немесе алып тастағаннан берілген күштер жүйесінің қатты денеге әсері өзгермейді.

3-ші аксиома (күштер параллелограмының заңы). Дененің бір нүктесіне түсірілген екі және күштерінің тең әсер етуші күші сол нүктеге түсіріледі де, сол нүктеден салынған параллелограмның диоганалімен бағытталады(1.2-сурет).

1.2-cурет. Күштер параллелограмы заңы.

4-ші аксиома (әсер және қарсы әсер туралы заң). Екі дененің бір-біріне әсер ету күштері, шамасы жағынан тең және бір түзу бойымен қарама-қарсы бағытталады(1.3-сурет).

 

1.3-сурет. Әсер және қарсы әсер туралы заң.

және күштері әртүрлі денеге түсірілген, сондықтан бұл күштер тепе-теңдікте болатын күштер жүйесін құра алмайды.

5-ші аксиома (қатаю принцпі).

Егер қатты емес дене тепе-теңдікте болса, онда ол қатты денеге айналғанда тепе-теңдік шарты бұзылмайды.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2218. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия