Студопедия — Кіріспе. Турагенттік іс-әрекеттің мазмұны
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе. Турагенттік іс-әрекеттің мазмұны






Лекциялық кешен құрылымы

Кіріспе. Турагенттік іс-әрекеттің мазмұны.

Лекция мақсаты: Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын талдау. Сұрақтар: Қазақстан Республикасының туризм нарығының дамуы Туроперейтингтің мақсаты мен міндеті Тур: ұғымы, құрылымы және түрлері Қазіргі уақытта Қазақстандық туризм нарығында туризм біркелкі дамымауда. Шығу туризмнің көлемі кіру және ішкі туризмнен асып түсуде. Осыған қарамастан ішкі кіру және әлеуметтік туризмнің дамуында 2001 жылы жарияланған «Туристік іс-әрекет туралы» Заңының басылымдылығына қарамастан, елде шығу туризмі нарығы белсенді қызмет етуде. Бұл дегеніміз туризмнің кіру туризіміне қарағанда шығу туризмі басым болуы, сонымен қатар шетелге ақшаның (вальюта) шығуы олардың ұлттық экономикасының кірісіне ұлғайтайды деген сөз. Мұндай теріс жағдай ел экономикасына қолайсыз әсер етеді. Туристер қызмет көрсетуін ұйымдастыру- ірі туроператорлық фирмалардың іс-әрекетімен тұтас турагенттік жүйелері іс- әрекетінің міндеті болып табылады. Қызмет көрсету бағдарламасын өңдеуде ішкі және шетел туристерін кешенді өңдеу-туроперейтинг міндеті. Зерттеулер көрсеткендей, Қазақстандық кәсіпорындарда яғни туроперейтингтің кешендері енгізілген фирмаларда жыл бойы тұрақты сатылымен маршруттардың толық жүктемесі байқалады, ал маусым кезінде жоғарғы сұраныспен уақытқа сәйкес алдын-ала брондау жүйесі де іске асады. Біздің елімізде туроперейтинг өніміне айтарлықтай үлкен сұранысқа ие бола отырып соған сәйкес кадрлар дайындау қажеттілігі үлкен мәселеге айналуда. Міне сондықтан, туристік кәсіпкерлік сферасына туроперейтинг енгізу және берілген мамандықта ішкі және шетел туристеріне қызмет көрсету де бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мақсатымен кадрлар дайындау қажеттілігі туындайды. Топтық және тұлғалық саяхаттар үшін, турды жасау және сату көптеген турфирма туроператорлардың қабылдау немесе бағытталуы бойынша негізгі іс әрекеті болып табылады. Қазақстандық заңнамаға сәйкес, тур - орналастыру, тасымалдау, туристерді тамақтандыру, экскурсиялық кызметтер, сонымен қатар саяхат мақсатынан тәуелсіз ұсынылатын гид аудармашылармен т.б. қызмет түрлерінің кешенді жиынтығын атаймыз. Туристік өнім және оның өтімі - туристік кәсіпорын іс - әрекетіндегі маңызды бөлімі. Әрбір туристік фирма неге ұмтылады? Фирмалардың негізгі міндеттерінің бірі болып оның табысының ұлғаюы. Табыстарды алынуы және көбеюі ол ең алдымен тұрақты тұтынушылардың болуы мен және көбеюімен байланысты. Тұтынушыларды тарту және ұстап тұру үшін және ол тұтынушылар турфирма берілген фирманың қызметін пайдалануға қызығушылығы болса, онда мұндай қызмет туристік фирманың ұсынылатын қызметінің сапасына сәйкес келуі керек. Туристік қызметтің сату және жылжыту тиімділігі тек тұтынушының мақсатымен қажеттілігі анықтаған кезде ғана қол жеткізуге болады. Туристік фирма мақсатының жетістігі тұтынушының талаптарына толық сәйкес өнім мен қызметінің дамуы болып табылады. Сонымен қатар қарқынды сатылыммен, туристік өнім жүзеге асыруғада тікелей тәуелді. Берілген курстың мақсаты туроператорлар іс әрекеті ұйымдастыру стратегиясын өңдеу, сонымен қатар тартымды туристік өнім мен турөнімді ұсыну жүйесін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек; жүзеге асып жатқан ұғымдарды талдау, терминдердің толық және нақты анықтамаларын таңдау,терминдердің толық және нақты анықтамаларын таңдау; туристік өнімнің ерекшелігін және ұғымын қарастыру; туристік өнімнің өмірлік циклін зерттеу; туристік өнім шығару ерекшелігін талдау; Қызмет көрсетудің экономикалық тиімділігін зерттеу; Берілген курс өзекті болып табылады, себебі тақырыптың терең білімі болашақ туристік әрекетте көмекші құрал ретінде, яғни кез келген туроператорлардың міндетіне кіретін турлар кірісін әрекетін тиімді өңдеулер жасауда көмегін тигізеді. Бұл курстың өзектілігі болып әрбір туроператорлық фирма туристік нарықта бәсекеге қабілетті өнім ұсынуылуына мүдделі болуы керек, ал сол үшін турфирма қызметкелеріне міндетті түрде тур, туроперейтинг өңдеу технологиясын жетік білуі керек.

Практикалық мәнділігі турөнім жасауға негізделеді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары: Қазақстандық туризм нарығы қалай дамуда? туристік нарықта туроперейтингтік бизнестиің пайда болуы немен байланысты? туроператор дегеніміз не? туроперейтингтің міндеті қандай? турагент және туроператор арасында негізгі қандай айырмашылық бар? Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: Туристский справочник-KZ 2009: Казахстан. Регионы. Страны мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные аппараты [Текст]: информационно-рекламное издание. - Алматы: Атамұра, 2009. - 656 с. ХР (5) Бутко, И. И. Туристический бизнес: основы организации [Текст] / И. И. Бутко. - Ростов н/Д: Феникс, 2009. - 384 с. - (Бизнес технологии). - ISBN 978-5-222-10733-1: ХР (2) Чудновский, А. Д. Управление индустрией туризма [Текст]: учеб. пособие / А. Д. Чудновский. - 4-е изд., испр. и доп. - М.: КНОРУС, 2009. - 440 с. - ISBN 978-5-85971-808-5: ХР (6) Экономика и организация туризма [Текст]: учеб. пособие / Моск. академия туристского и гостинично-ресторанного бизнеса; ред.: И. А. Рябова. - 3-е изд., испр. и доп. - М.: КНОРУС, 2009. - 576 с. - ISBN 978-5-85971-809-2: ХР (10)

 

2. Туристтік кәсіпорынның ұйымдастыру-функционалдық құрылымы. Сұрақтар: Туроперейтингтің негізгі ұғымдары Турларды өңдеу кезеңдері. Тур өнімді диверсификациялау Ең алдымен туризм сферасында нақты орнатылған ұғымдық аппарат жоқ. Көптеген авторлар тур, турөнім, турпакет және т.б. ұғымдарға әртүрлі түсініктеме береді. Әрине, 1996 жылы қарашада қабылданған федеральды заңда шиленісу туындайтын туристік ұғымдарды нақты талдаса, кейбір авторлардың есептеуінше бұл талданған түсініктер дәл емес деп есептейді. Заңға сәйкес тур өнімді қалыптастыру - турөнімге (қонақүй, тасмалдаушылар, экскурсоводтар. (гидтер) және басқалары) кіретін жеке қызмет түрлерін көрсететін үшінші тұлғамен келісім шарт жасау мен қолдану бойынша туроператорлардың іс - әрекеті. Туризм және сервис саласында көптеген оқу құралдары мен оқулықтың авторлары терминге өз анықтамаларын береді, мысалы: Донат Исмаев, «Основная деятельность туристкой фирмы» атты кітабында туристік өнім - туристік саяхат үшін қажетті тур фирмалардан туристер сатып алатын қызметтер кешені деп есептейді. Бұл кешенге оның пікірі бойынша, әдетте әртүрлі нұсқадағы көліктік тасымалдаулар, орналастыру, тамақтандыру құралдарына тұрақтану, аялдама пунктеріндегі кездесулер мен өткізулер, экскурсиялық және ойын сауық шараларын жатқызады. Д.Исмаев ұсынған терминология анықтама толық, әрі нақты. Осы терминологияға сәйкес, турұғымы турөніміне қарағанда біршама ауқымды, яғни турөнім дегеніміз тек турға деген құқық болып табылады. Турдың бірінші құрамдас бөлігі тур маршрут болып табылады. Бұл анықтамада көріп отырғанымыздай «қызметтер пакеті» тур ұғымына сай. Шетелдік тәжірбе «пэкидж тур» және «инклюзив» тур терминдерін қолданады. Тур: ұғым, құрылымы және түрлері. Турдың толық құрылымын келесі сызбанұсқада көрсетуге болады. Бұл сызбанұсқадан көріп отырғанымыздай, тур өзіне турдың тұтынушы қасиеттерін біріктіреді, яғни маршрут, қызметтер пакет, және баға. Тур маршруты туристердің қызығушылығы, тілегі мен арманын қанағаттандыруға және оған қажетті тартымдылық беруде үлкен рөл ойнайды. Туристерді келген еліндегі қалалар арасында тасымалдау. Бұл тасымалдау қабылданған турфирма туристімен ұсынылған қызмет пакетіне кіреді. Бірақта тур оператор қызмет пакетін келісу кезінде қабылдаушы фирмамен бағыттары бойынша елде туристерді тасымалдау бойынша ұсынылатын шарттармен келісуге немесе келіспеуге құқылы. Маршрутты құрастыру кезінде жылдамдық пен қолайлы тасымалдауды қамтамасыз ететін, транзиттік аялдама болмайтын және экскурсиялық белсенділігі үшін туристерге күндізгі уақытын бөлудегі көліктің түріне аса мән беріледі. Көлікті таңдау кезінде белгілі бір мәнге тасымалдау құны кіреді. Қызмет пакеті – турдың екінші құрамдас бөлігі, өзінің мазмұны, қызметтік және сапалық қасиеттері бойынша саяхаттаушы туристі қанағаттандыру керек. Қызметтер пакеті қызметке кірген сандық қызметтік қасиеттер мен сапасына байланысты ең әртүрлі нұсқалардан тұруы мүмкін. Пакеттің типтік үлгісі болып орналастыру қызметі, кездесулер мен өткізулер, тамақтану және экскурсиялардан тқратын кешен табылады. Турларды өңдеу кезеңдері.. Туристік өнімді туроператорлармен жасау үрдісі тұтас алғанда келесі этаптардан тұрады: 1. Идея бастамасы салыстырмалы түрде жаңа турөнімнің баңасымен құндық және тұтыну қасиеттері. 2. Жаңа турөнім тұжырымдамасын өңдеу. 3.Турөнімді позициялау. 4. Жаңа турөнімді жылжыту және сату стратегиясын таңдау міндетті. 5. Толық маркетинг. 6. Жаңа турөнімді коммерциялау.. Турөнімді қалыптастыру саласында туристік фирмалар арасында негізгі бәсекелестік күрес екі стратегиялық бағытта жүреді: диверсификация және сапалы жоғарылату. Турөнімді диверсификациялау дегеніміз алуан түрлі турларды жасауда аса үлкен емес нарықтық сегмент сұранысын қанағаттандыруға қабілетті және жеке тұлғаның қажеттілігіне сай тур өнім жасау болып табылады. Диверсификация стратегиясы, жеке алғанда турфирма жұмысының негізгі бағыттары (елдер) бойынша, турлардың алуан түрлілігімен жетілдіруін қарастырады. Көптеген туроператорлар 1-2 елдерге маманданады. Өз-өзін бақылау сұрақтары: турперейтингтің қандай түрлері белгілі? турперейтингтің негізі функциялары жеке тур дегеніміз қандай тур? топтық тур дегеніміз қандай тур? тур өнімнің негізгі тұтынушылық қасиетін атаңыз? Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: Туристский справочник-KZ 2009: Казахстан. Регионы. Страны мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные аппараты [Текст]: информационно-рекламное издание. - Алматы: Атамұра, 2009. - 656 с. ХР (5) Бутко, И. И. Туристический бизнес: основы организации [Текст] / И. И. Бутко. - Ростов н/Д: Феникс, 2009. - 384 с. - (Бизнес технологии). - ISBN 978-5-222-10733-1: ХР (2) Чудновский, А. Д. Управление индустрией туризма [Текст]: учеб. пособие / А. Д. Чудновский. - 4-е изд., испр. и доп. - М.: КНОРУС, 2009. - 440 с. - ISBN 978-5-85971-808-5: ХР (6) Экономика и организация туризма [Текст]: учеб. пособие / Моск. академия туристского и гостинично-ресторанного бизнеса; ред.: И. А. Рябова. - 3-е изд., испр. и доп. - М.: КНОРУС, 2009. - 576 с. - ISBN 978-5-85971-809-2: ХР (10)







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1172. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия