Студопедия — Антиоксиданттар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Антиоксиданттар






Антиангиналды заттар

нитроглицерин, нитронг, изосорбид мононитраты, моносорбид динитраты, пропранолол, валидол, верапамил, нифедипин, дилтиазем, триметазидин, никорандил, алинидин, кораксан (ивабрадин), ацетилсалицил қышқылы, морфин гидрохлориді, азот тотығы, гепарин, фибринолизин, стрептокиназа, стрептодеказа, мезатон.

Тромбозға қарсы заттар

токоферол ацетаты, аксорбин қышқылы, танакан, милдронат

Жүрек-қан тамыр жүйесінің патологияларында қолданылатын өсімдік тектес препараттар

долана, таулық арника, меруертгүл, көктемгі жанаргүл,кіші барвинок жапырақтары, валериана тамыры,сасықшөп тұнбасы

 

 

«Жүрек-қан тамыр жүйесі» модулі

«Жүрек-қантамырлар жүйесі» бойынша дәрістер кешені

№ 1 Дәріс

1. Тақырыбы: «Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын дәрілік препараттардың жіктелуі, жалпы сипаттамасы және қолданылуының негізгі бағыттары»

2. Мақсаты:Жүрек қан-тамыр жүйесі патологияларында қолданылатын топ препараттарының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшелігі туралы білімді қалыптастыру

 

3. Дәріс тезистері

Қан айналымды қалыптастыруға әсер ететін заттар практикалық медицинада жүрек қызметінің бұзылыстарында және қан тамыры тонусының патологиялық бұзылыстарында кең қолданылады. Клиникалық қолдану ерекшелігіне байланысты препараттар келесі топтарға бөлінеді:

І. Жүрек қызметінің бұзылыстарында қолданылатын заттар:

а) жүрек жетіспеушілігінде;

б) жүрек ритмінің бұзылыстарында;

в) миокардтың қанмен қамтамасыз етілуінің жетіспеушілігінде.

ІІ. Артериялық қысымның өзгеруімен жүретін патологиялық жағдайларда қолданылатын заттар:

а) артериялық гипертензия;

б) гипертензивтік жағдайлар.

Жүрек жетіспеушілігі кең тараған патологиялар қатарына жататындықтан, аурушылдық көрсеткішінің өсуіне байланысты қазіргі кезде кардиологияда негізгі мәселелелердің біріне жатады.

Жүрек жетіспеушілігі миокард қақпақшасы мен қан тамырларының органикалық бұзылыстары немесе олардың реттеуші механизмдерінің дисбалансы нәтижесінде дамиды. Осыған байланысты, созылмалы жүрек жетіспеушілігінің тиімді фармакотерапиясы әртүрлі бағытта әсер ететін препараттардың кешенінен тұрады. Қазіргі кездегі көзқарастарға сәйкес жүрек жетіспеушілігі фармакотерапиясының бірінші орындағы препараттарына ААФТ, екінші – диуретиктер, үшінші – жүрек гликозидтері жатады.

Жүрек аритмиясы – бұл жүрек ритмінің бұзылыстары. Аримияның себептері әртүрлі. Аритмияға қарсы заттар жүрек ритмін қалпына келтіру үшін кең қолданылады. Олар тікелей немесе тікелей емес миокардтың келесі қызметтеріне, атап айтқанда, қозғыштығына, өткізгіштігіне және автоматизміне әсер етеді. Аритмияға қарсы заттардың әртүрлі жіктелулері бар. Негізгі механизміне және әсер бағыттарына сәйкес келесі топтарға бөлуге болады:

І топ. Мембранатұрақтандырғыш заттар (ІА, ІВ, ІС класстар).

ІІ топ. β – адреноблокаторлық заттар

ІІІ топ. Әрекет потенциалының ұзақтығын азайтатын заттар

ІV топ. Кальций тежегіштері

 

Жүрек ритмі бұзылыстарында қолданылатын басқа топ препараттары.

Миокардың өткізгіштігінің бұзылыстарында қолданылатын дәрілік заттар.

І. М – холинорецепторлардың тежегіштері

ІІ. β1 және β2 – адреномиметиктер

Тәждік жетіспеушілікке байланысты дамитын патологиялық жағдайды «жүректің ишемиялық ауруы» терминімен белгілейді.

Жүректің ишемиялық ауруының негізінде миокардқа оттегінің келуі мен миокардтың оттегіне қажеттілігі арасындағы дисбаланс жатады. Антиангинальды препараттардың негізгі 3 тобын анықтайды: органикалық нитраттар, β– адреноблокаторлар және кальций антагонисттері.

Артериялық гипертензия дамыған елдер халқы арасында 30-40% тараған. Артериялық қысымның деңгейі әртүрлі факторларға тәуелді: жүрек жұмысы, шеткі қан тамырларының тонусы, электролиттік құрамы, айналымдағы қанның тұтқырлығы. Гипотензивті заттардың әсері артериялық қысымды реттеуге қатынасатын физилогиялық жүйенің әртүрлі тармақтарына бағытталған. Артериялық гипертензияны емдеуде негізгі таңдамалы препараттарға диуретиктер, β–адреноблокаторлар, ААФТ, кальций антогонистері және β1 – адреноблокаторлар жатады.

Артериялық қысымды жоғарылататын заттар артериялық гипотензияны емдеу үшін қолданылады. Гипотензия созылмалы және жедел болуы мүмкін.

Жедел артериялық гипотензия жүректің жедел жетіспеушілігіне немесе тамырлық коллапсқа байлансты болуы мүмкін. Қан тамырлары тонусының жоғарылауы әртүрлі дәрілік заттарды қолданғанда дамиды. Негізінен артериялық қысымның төмендеуі жүректің шығарылымының азаюымен немесе шеткі қан тамырларының қарсыластығының төмендеуімен түсіндіріледі.

Гипотензияда қолданылатын дәрілік заттарды келесі топтарға бөлуге болады:

Жүректің шығарылымын және қан тамырларының тонусын жоғарылататын заттар

а) А д р е н о м и м е т и к т е р

Адреналин гидрохлориді

Негізінен қан тамырларының тонусын жоғарылататын заттар

а) А д р е н о м и м е т и к т е р

Норадреналин гидротартраты

Мезатон

б) Ангиотензинамид

4. Power Point бағдарламасындағы иллюстрациялық материалды қолдану







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1384. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия