Студопедия — Лекция. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция. Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия






1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттары.

2. Қайта өрлеу дәуіріндгі ғылым.Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей т.б. ілімдері.

 

Философ тарихында ХV-ХVІ ғасырлар қайта өрлеу дәуірі деп аталады. Осы кезеңде Батыс Европа елдерінде өнеркәсіп, сауда-саттық, теңізде жүзу ісі жедел қарқынмен дами бастады. Ғылым салаларының ішінде, әсіресе механика, математика, жаратылыстануға көп көңіл бөлінді. Қөлөнер кәсібінен машина жасау өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан ары дамуы ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына себеп болды. Шіркеу тарапынан болған қудалау мен қысымға қарамастан қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н.Коперник, Дж. Бруно, Г.Галилей және т.б. ортағасырларда қалыптасқан жаңсақ пікірлерге қарсы шықты. Қайта өрлеу дәуірі философиялық ой тұрғысында дүниенің жаңа көріністерін көрсетті. Осы философиялық негізде пантеистік ілім қалыптасты. Осы дәуірдің философиялық екінші ерекшелігі антропоцентризм пайда болды. Адам философиялық зерттеудің негізігі объектісі бола отырып, дүние орталығы болып табылды. Енді адам тек жаратылған пенде емес, ол табиғаттың, айналасындағы барды жаратушы, рух беруші болды.

Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының аса ірі өкілдерінің бірі Н.Коперник (14473-1543ж.ж.) болды1543 жылы жарияланған «Аспан денелерінің қозғалысы» атты еңбегінде жердің және басқа да планеталардың күнді айналатындығы туралы гипотезасын жариялады. Н.Коперниктің гелиоцентрлік теориясы ғылымда бұрыннан қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп, қайта қарауға мәжбүр етті.

Сол кезеңдегі пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Н.Кузанский (1401-1465ж.ж.) салды.. Ол 1401 жылы шаруа отбасында Германияның Куза деген қалашығында туылған. Негізгі философиялық еңбектері: «Ғылыми білімсіздік туралы», «Құдай туралы», «Ақыл», «Болмыс туралы». Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Дүниені де, адамды да құдай жаратты дейді ол. Кузанскийдің пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелердің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда, материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып, өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады.

Адам табиғаты Н.Кузанскийде құдайдың ең жоғары жарықталуы деп көрсетілген. Пенделердің ең жоғарғысы адам, құдайға да ең жақын тұратын адам. Бірақ адам ақыл-ойының, іс-әрекеттерінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам-дегеніміз оның ақыл-ойы» деп тұжырымдайды. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет. Бірақ Н.Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, жаратушының рөлін жоққа шығарады. Өйткені пантеизм құдайды табиғатпен алмастырады.

Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Дж.Бруно (1548-1606ж.ж.) философиялық танымның мақсаты құдайды емес табиғатты танып білу деп есептеді. Сонымен қатар, ол табиғаттың шексіздігін, әлемдегі басқа дүниелердің бар екендігі жайлы идеялар айтты.

Таным теориясында Дж. Бруно адамды табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыра отырып, ол сыртқы дүниені, табиғатты бейнелейді деп есептеді. Дж.Бруно сезім мен ақыл-ойды бір-біріне қарсы қояды. Ақыл-ойды нағыз білімнің көзі дейді. Брунаның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ.. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем мен құдай бір. Әлем – универсум (әмбебеп бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан сол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болады. Барлық заттар қарапайым бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно – монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз сансыз көп тіршілік түрлдері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды.

Классикалық механиканың негізі болған эксперименттік-теориялық жаратылыстанудың қалыптасуына көп әсер еткен Г.Галилейдің;(1564-1642ж.ж.) ғылыми-философиялық қызметі Европа-да философиялық ойдың ілгерілеуіне септігін тигізді. Галилей ашқан астрономиялық жаңалықтар атап айтқанда, Н.Коперниктің гелио-центрлік теолриясының ақиқаттылығын дәлелдеді. Г.Галилей таным теориясында екі тәсілді: анализ (талдау) және синтезді (біріктіру) пайдалану қажет деп есептеді.

Г.Галилейдің ойынша, ақиқат білім синтездеу мен анлиздің, сезімдік танымның нәтижесінен шығады. Сондықтан, табиғатты танып білуде адам тек өзінің ақыл-ойына сүйенуге тиіс. Оған дін араласпауы керек. Өйткені, ғылымның объектісі табиғат пен адам. Ал, діннің қарастыратыны дінге бой ұсыну мен тіл алғыштық.

Қайта өрлеу дәуірінде түрлі қияли теориялар мен ілімдер пайда болды. Солардың бірі - утопиялық социализм теориясы. Оның негізін салушы ағылшын қоғам қайраткері, гуманист Томас Морр(1478-1535) және Томаза Компанелло(1568-1639). Ол өздерінің «Утопия» және «Күн қала»деген еңбегінде болашақ бақытты қоғамдық құрылыс жайлы баяндап береді. Олар қоғамда жеке пен қанау жоқ, адамдар ынтымақты қауым болып өмір сүреді. Еңбек ету барлық қауым мүшелерінің міндеті, әркім өз еркімен қызмет етеді, білім алады, дене мен ой еңбегі дұрыс ұйымдастырылады, т.с.с.

Қысқасы, қайта өрлеу дәуірі жаңа қоғамдық идеялар тудырды. Бұл дәуірде болған экономикалық, әлеуметтік өзгерістер мен ғылыми жаңалықтар адамдардың дүниеге көзқарасын, олардың дүниедегі алатын орны жайлы түсініктерін өзгертіп, бұдан кейінгі ғылым мен философияның дамуына ықпал етті.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2709. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия