Студопедия — Handicap (тұжырымдама) моделі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Handicap (тұжырымдама) моделі






70-жылдары еуропалық зерттеушілер «мүгедек» терминінен бас тартады. Бірте-бірте «мүгедек» сөзі қолданыстан шыға бастайды, себебі ол сөз «жарамсыз», «қатардан шыққан» деген мағынаны білдірді және оның орнына ағылшын-саксондық «Handicap » сөзі келеді, бұл сөз тікелей аударғанда «шляпадағы қол» деген мағынаны білдірді. Handicap – бұл өздерінің бос уақытын ойын материалы болмаған жағдайда ұйымдастыруға тырысқан адамдардың кездейсоқ ойлап тапқан ойыны. Ойынға қатысушылар байланған қол арқылы белгілі әрекеттерді орындады. Мұндай кедергі ойыншылардың мүмкіндіктерін шектеді, оларға өздерінің уақытша жағдайларын қайтып оралмайтын мүгедектердің жағдайымен салыстыру мүмкіндігі ұсынылады.

Аталған тұжырымдаманың авторы (Ф.Вуд) өзінің моделін қарапайым қағидаға сүйеніп құрды: «Алдында өзіне қалыпты әрекет етуін тежейтін кедергілер, шектеулер болатын, нәтижесінде оның әлеуметтік қолайсыз жағдайға түсетін кез келген адам мүгедек болып саналады». Бақытсыз оқиға, ауру және басқа себептер ағза функцияларының жеткіліксіздігін туындатуға қабілетті органикалық бұзылыстарға әкелуі мүмкін (патологиялық аспект), бұл өз кезегінде әлеуметтік қолайсыздықтың, жайсыз жағдайдың себебі болуы мүмкін (ситуациялық аспект). Handicap бір мезгілде философиялық, әлеуметтік және медициналық тұжырымдама болып табылады. Әлеуметтендіру ешуақытта қоғамнан тыс жүзеге асырылмайды. Тек қана қоғамда болып, «норманы» ассимиляциялауға, оған бейімделуге болады. Мемлекет бейнесіндегі қоғам, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіндіктерін кеңейтеді және жеткіліксіздіктің орнын толтырады, мұнда кедергілерді жою қажет болады, «әлеуметтік қаптауды» жүргізу керек болады: пандустарды, әжетханаларды құру, арнайы лифт құрастыру, соқыр жаяу жолаушыларға арналған бейімделген бағдаршамдарды орнату, Брайль алфавитін тарату және т.б. Handicap тұжырымдамасын көптеген еуропалық елдерде халықаралық келісімдерге бейімдеу, мүмкіндігі шектеулі қоғам мүшелерінің азаматтық ұстанымын анықтады және құқықтық қоғамдағы олардың азаматтық мәртебесін бекітті.

Азшылық тұжырымдамасы соңғы уақытта кең таралып келеді. Соған сәйкес мүгедектігі бар адамдар, сыртқы шектеулер арқылы құқықтары мен еркіндіктеріне қысым жасалатын әлеуметтік азшылық ретінде қарастырылады: архитектуралық ортаның қолжетімді болмауы, қарым-қатынастың тұйық шеңбері, қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуға, коммуникация және ақпарат құралдарына, мәдениет және спортқа шектелген қолжетімділік. Аталған модельді мазмұны мүгедектіктің алуан түрлі мәселелерін шешудің келесі тұғырын анықтайды: мүгедектігі бар адамның тең құқықтары, оның қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысуы заңнамамен бекітілуі қажет, олар адамның өмір сүру әрекетінің барлық саласындағы қағидалар мен ережелерді стандарттау арқылы жүзеге асырылуы қажет, сонымен бірге әлеуметтік құрылымдар құратын тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етілуі керек. Мүгедектіктің аталған моделі, ерекше мұқтаждықтары бар жекеленген әлеуметтік топқа кепілдік қатынастай, мүгедектердің ерекше құқықтарын қорғауға қоғамды бағдарлайды.

Мүгедектерге қысым жасаудың теориялық моделін АҚШ-да 1994 жылы оқытушы Харлан Хан мүгедектер қозғалысының белсенді мүшесі ұсынды. Теориялық негіздеме ретінде, мүгедектердің құқығының философиялық принциптері мен идеялары, азаматтық құқық идеясы қолданылды. Мүгедектіктің медициналық моделімен салыстырғанда, Хан моделі мүгедектерді қазіргі заманғы қоғамда қысым көрсетілетін азшылық тобы ретінде қарастырады. Аталған тұжырымдамаға сәйкес, мүгедектікті индивидке тән нәрсе ретінде қарастырмау қажет: бұл аталған индивидті қоршаған ортаның қолдауының, мүгедек жасауының салдары. Атап айтсақ, егер қоршаған орта белгілі бір міндеттерді орындау үшін барлық ресурстарды ұсынатын болса, онда мұндай индивид үшін мүгедектік мәселе ретінде болужан қалады.

Қысым жасалатан азшылық ретіндегі мүгедектіктің моделінде, үш базалық қағида бар:

- мүгедектің кезігетін мәселелерінің көпшілігінің қайнар көзі, бірінші кезекте әлеуметтік жағдайдың салдары болып табылады;

- қоршаған ортаның көптеген қажетті жағдайлары, қоршаған қоғамның және дұрыс саясаттың тарапынан қамтамасыз етілуі мүмкін;

- нәтижесінде, демократиялық қоғамдағы саясат қоғамның мүгедектерге қатынасын көрсетіп қоймай, сонымен бірге оған деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға белсенді әсер етуі керек.

Хан бойынша, көпшілік саясаттың өзгеруі, атап айтсақ, мемлекеттік саясаттың өзгеруі, біріншіден, мүгедектер үшін әділетсіз қоршаған ортаның физикалық және әлеуметтік жағдайларын жоюдың, екіншіден, мүгедектерге қатысты жағымсыз қатынастың алдын алудың қажетті шарты болып табылады. Азшылық ретінде мүгедектер туралы ұғымдар тұрғысында, олардың кезігетін негізгі шектеулері, көп жағдайда әлеуметтік бағдар мен дискрминацияның әрекетінің нәтижесі болып саналады. Өз кезегінде, мүгедектік мәселесін шешу іштей емес, сырттай болуы қажет, яғни «ең алдымен, мақсаты теңдік пен еркіндіктің нормативті стандарттарын дамыту болып саналатын саяси іс болуы қажет» (31). Сонымен бірге, Х.Хан мүгедектердің құқығын қорғауға қатысты қозғалыс ұзақ уақыт бойы саяси тұрғыда әлсіз болып саналады. Ғалымдар мүгедектердің төменгі қоғамдық-саяси қатысуының себебін, ұйымшылдықтың және өзіндік идентификацияның жеткіліксіз дамыған сезімдерінен деп санайды.

10) Психоәлеуметтік модель ғылыми қауымдастықта кең танымал болды және әдіснамалық базаға айналды, оның негізінде мүгедектіктің америкалық модельдерінің көпшілігі дамыды: қысым көрсетілетін азшылық тобы ретіндегі мүгедектіктің әлеуметтік-саяси моделі, мүгедектіктің мәдени моделі, адамзат алуан түрлілігі моделі. Мүмкіндігі шектеулі кез келген адам, аталған модельге сәйкес, «таңбаланған». «Стигма» ұғымының көмегі арқылы «қалыпты» және «таңбаланған» адамдар арасындағы өзара әрекеттің сипаты қарастырылады, соңғыларын мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарына жатқызуға болады. Дені сау адамдар мен мүгедектер арасындағы шекара, әлеуметтік құрылым болып саналады. Сондықтан, «норма» ұғымын оған мүмкіндігі шектеулі адамдарды енгізіп кеңейту және қоғамдық санада мүгедектіктің позитивті бейнесін қалыптастыру қажет (33).

11) Мүгедектіктің мәдени моделі бірте-бірте өткен ғасырдың 90-жылдары қалыптаса бастады және оның негізіне мүгедектердің өзіндік маңыздылығын саналы ұғынуы, яғни өзіндік идентификациясы алынды. Мүгедектіктің мәдени моделі туралы пікірталас, әлеуметтік бірдейліктің адамдарды қалай біріктіретіні, мүгедектердің мәдениеті пен өнерінің мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамда өзіндік позитивті көпшілік имиджін құруға мүмкіндік беретіні бойынша жүргізіледі. Мүгедектіктің мәдениетін дамыту көрсеткендей, мүгедектік ерекше бірегейлік пен топтық бірдейлікті енгізеді. Мүгедектік мәдениеті ұжымға, топқа, ұйымға қатыстылық үшін мақтанышты қамтиды, әртүрлі мүгедектерді біріктіреді, олардың қоғамдық ұстанымын бекітеді. Мүгедектердің өзіндік идентификациясы кешенді шешімді талап етеді:

- мүмкіндігі шектеулі адамдардың басым болатын мәдени қалаулардан, мысалы сұлу әйелдің жалпы қабылданған идеалынан тәуелділікті жеңу;

- мүгедектіктің ерекше субмәдениетін құру және оны қоғамның мәдени өміріне белсенді енгізу. Мүгедектікті зерттеушілер қазіргі кезде мүгедектердің әлемдік әлеуметтік қозғалысының екінші фазасы басталғанын жазады. Егер соңғы отыз жылдың бойында, мүмкіндігі шектеулі адамдар тең құқықтары үшін күрескен болса, ал екінші фаза ұжымдық бірдейлік үшін күресті білдіреді. Бірінші фазаның бірқатар міндеттері толығымен шешілмеген болса, екінші фазаның базалық мақсаты ретінде ең алдымен болуы қажет:

- мүгедектік мәдениетін құру, себебі ол социумға толық интеграциялау үшін, нақты артикуляция үшін және өзіндік мақсаттары мен мүдделерін дамыту үшін қажет, өз елінің мәдени өміріне белсенді қатысуды білдіреді;

- қоғамның жағымсыз бағдарларын белсенді өзгерту және мүгедектерді олардың құқықтарын қорғаудың шешуші компоненті ретінде өзіндік анықтау (34).

Бұл ұмтылыс аса толыққанды түрде мүгедектердің құқығын қорғаудың америкалық қозғалысының үш қазіргі заманғы лозунгтарында көрініс табады, оны мүгедектердің әлемдік әлеуметтік қозғалысы өздерінің назарына алды: «Біз туралы бізсіз ештеңе!», «Өз айырмашылығыңды дәріпте!», «Мен мүгедекпін, бірақ мен асқақпын!».

12) Адамзат алуан түрлілігі моделі, оған сәйкес мүгедек – бұл көпқырлы мүгедек, оның мүгедектігі бағалаушы компонентсіз және норма мен кемтарлықтың иерархиясын құрусыз, адамзат денесінің алуан түрлілігі арасында, тек оған тән ерекшеліктердің бірі. Мұнда негізгі тірек теңдік ұғымына жасалады: қоғам өмірінің барлық аспектілері қоғам мүшелері үшін бірыңғай қолжетімді болуы керек.Мұндай тұғырда мүгедектік – бұл мәні бойынша, адамның қалыпты күйі (35). Аталған көзқарас өзінің заңды көрінісін мүгедектер туралы АҚШ Заңында және 1993 жылғы құқықтық әрекеттер туралы Биллде тапты: Мүгедектік адамзат тәжірибесінің табиғи бөлігі болып саналады...». Мүгедектіктің бұл прогрессивті модельдері, мүгедектігі бар адамдарды қоғам өміріне қатысатын және оған өздерінің үлесін қосатын адамдар ретінде сипаттайды. Бұл тұжырымдамалардың негізгі тірегі – қоғамның физикалық, әлеуметтік, өндірістік ортасын және оның қатынасын бейімдей алмау қабілеті.

. Мүгедектіктің «жаңаша» парадигмасы мүгедектік ұғымын мүлдем теріске шығарады. А.Е.Думбаев және Т.В.Попова бойынша, ғылыми қауымдастықта мүгедектіктің «жаңа», потсдәстүрлі моделінің нұсқалары ретінде мүгедектектің әлеуметтік моделінің – кешегі күннің идеологиясы екендігі жайлы пікірталастар болатынын атап көрсетеді. Мүгедектік ұғымын теріске шығаратын жаңаша парадигмасының кезеңі келді. Зерттеушілердің пікірлері бойынша, аталған тұжырымды қорғай отырып, базалық үш сыни ескертуді атап өткен жөн:

- мүгедек пен қоғамның әлеуметтік өзара қатынастарын талқылау, дерттер мен аурулар кеңістігінде жүргізіледі;

- дуализм, «дерт/мүгедектік» дихотомиясы болады, ол мүгедектіктің индивидте ауру немесе дерттің болуының салдары, қоғамды дені сау адамдарға және «басқаларға» (аурулар немесе қауқарсыз) бөлу ретінде көрініс береді. Мұнда «қоршаған орта/мүгедектіктің қолжетімділіг» үйлесімінде негізгі тірек түбегейлі басқа жазықтыққа ауысады;

- мүмкіндігі шектеулі адамдармен салыстырғанда, мүгедектік оларға өздерінің басқа сапаларына қатысты базалық сапа ретінде таңылады.

Бұл сынға сүйене отырып, қазақстандық авторлар А.Е.Думбаев және Т.В.Попова (28) мүгедектік және әлеуметтік саясат туралы ұғымдардың дамуының бірнеше ықтимал траекториясын болжайды:

1) Егер мүгедектердің өздерінің құқықтары үшін күресі толық жеңіспен аяқталатын болса, онда ешқандай шектеуші кедергілер, шектеулі мүмкіндіктер де болмайды. Мүгедектердің жалғыз айырмашылығы ретінде, жаңаша технологияларды белсенді қолдануы алынуы мүмкін, сондықтан бірқатар зерттеушілер мүгедектіктің техникалық моделін ұсынады.

2) Мүгедектікті қарастырудың жаңаша парадигмалары, мүгедектікті жұмыспен қамтылмау ретіндегі модельді қамтиды. Аталған модельдің аясында, болашақта «мүгедек» ұғымын жою және мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыссыздармен мағыналық біріктіру мүмкін болады. Бұл қоғамның шектеулі кедергілерді жойған жағдайда мүмкін болады, бірақ қоғамда барлық мүгедектердің жұмыспен қамтылуы үшін жағдайлар жасалмайтын болады. Бұл жағдайда мүгедектердің бір бөлігі ғана, атап айтсақ, еңбекке жарамсыздары немесе жұмыссыздар, тұрғындардың басқа сегменттерінен айрықша идентификацияланатын болады, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатын болады. Мұнда «жұмыссыз» ұғымының аса кең түсініктемесі пайда болады және мүгедектер мен дені сау адамдарды еңбекпен қамтылудың болмауы және «жұмыссыз» категориясын жаңа мәнмен толықтыру негізінде, жаңа бірегей мағыналық біріктіру пайда болады. Жұмысы бар мүмкіндігі шектеулі адамдар, оларға қоғамның қатынасы бойынша басқалардан айрықшаланбайтын болады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қоғамдық қатынастың әртүрлі модельдерінің қарастырылуын тұжырымдай отырып, отандық авторлар А.Е.Думбаев және Т.В.Попова келесі тұжырым жасайды: діни, медициналық, реабилитациялық және экономикалық модельдер аталған адамда белгілі бұзылудың болуын, шектелгенін немесе болмағанына тірек жасайды. Мысалы, діни модель мүгедектердің моральды негіздер боуынша әлеуметтік бейімделуге қабілетсіздігіне зейін аударады («құдайдың жазасы»), ал классикалық медициналық модель – денсаулықтың болмауына, экономикалық – экономикалық еңбекке қабілетсіздікке, функционалды шектеулі моделі (реабилитациялық) – кең мағынасындағы қабілетсіздікке назар аударады. Соған байланысты, мүгедектіктің аталған модельдерін мүгедектіктің «ескі» парадигмасына жатқызуға болады, ол өз кезегінде мүгедектіктің анықтамасына және оған деген әлеуметтік қатынасқа әсер етеді, сонымен бірге мүгедектік саласындағы әлеуметтік саясаттың ұлттық тұжырымдамасын құрастыруға әсер етеді. Бұл тұжырымдамалар мүгедектерге социумға толыққанды енгізуге тырыспай, жекеленген әлеуметтік кеңістіктер құруға бағытталған, бұл өз кезегінде қоғамның дені сау мүшелері мен мүгедектер арасындағы қарым-қатынастың кедергілерін құруға, мүгедектердің енжар әлеуметтік-кәсіби мінез-құлқын мадақтауға, олардың еңбек нарығындағы сұранысының төмендеуіне әкелді. Осы модельдерге негізделетін мүгедектік саясаты, мүгедектіктің «медициналық» тұғыры ретінде идентификацияланады.

Авторлардың толық сипаттаған мүгедектіктің әлеуметтік модельдері, мүгедектік идеяларын бірте-бірте қайта мағыналау үдерісін, стереотипті тұғырлардан бас тартуды, мүгедектерді социумға өзіндік күш-жігері мен өзіндік қатынасы есебінен оңтайлы бейімдеу мүмкіндігі қарастыруға ұмтылысты көрсетеді.

Қоғамдағы әлеуметтік модельдің бекуі, мүгедектіктің ауру немесе еңбекке жарамсыздық ретінде стереотиптерінің жоғалуына әкеледі және социумды үйлесімді етуге ықпал ететін болады. Сонымен бірге, бұл үдеріс мемлекеттік саясатың жүйелі іс-шараларын талап ететін ұзақ үдеріс болып саналады. Қазіргі кезде мүгедектіктің әлеуметтік моделі, мүгедектердің мәселесін олардың бұзылған әлеуметтік байланыстарын қалпына кел тіру аспектісінде қарастыратын бірқатар халықаралық құжаттарда көрініс табады. Мүгедектерге медициналық көмек берумен қатар, оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және барлығына қоғамда қолжетімді ортаны құру бойынша іс-шаралар маңызды рөл атқарады. Білім беруде инклюзивті форманың басымдылығы айқындалады: мүгедектер «арнайы білімділік қажеттіліктері» бар адамдар ретінде қарастырыла бастайды.

 

 

Семинар:







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1501. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия