Студопедия — Тақырып. ХХ ғасыр философиясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып. ХХ ғасыр философиясы






Дәріс жоспары:

1. ХХ ғасыр философиясының мәні және негізгі бағыттары.

2. Позитивизм және оның тарихи түрлері

3. Прагматизм және классикалық философияның абстрактілігіне сын.

4. Экзистенциализм: негізгі ұғымдар. Оның басқа философиялық бағыттарға әсері.

 

Дәріс мазмұны:

ХІХ ғ. 40-50 жылдарында маркстік пікірге қарама-қарсы пікірлер де сол кезде қалыптаса бастады. Бұл бағытты қолданғандар саналықты жақтамады. Олар керісінше, сапасыздықты, ретсіздікті, кездейсоқтықты дәріптеді. Өйткені олардың пікірінше, дүниеде ешқандай реттілік, қисындылық жоқ. Ол алогизмге негізделген. Олай болса, ол ретсіз, түсініксіз, тобыр дүниені реттеп, қисындап түсіну мүмкін емес. Бұл пікірдің уәкілдері: неміс философы Ф. Ницше (1844-1900), дат философы С. Кьеркегор (1813-1855), әсіресе неміс философтары А. Шопенгауэр (1788-1860), О. Шпенглер (1880-1936). Бұл сияқты философтар болмыстың өзіндік заңдылығы бар екенін, оны танып, білуге болатынын мойындамады. Осыдан барып санасыздық, ақылсыздық, интуитивизм, ерікті, былайша айтқанда, соқыр сезімге негізделген қара күшке сену пайда болды. Дүниенің өзі де А. Шопенгауэр пікірінше, “ерік пен елес”. Ерік органикалық емес өмірде де, органикалық өмірде де бар. А. Шопенгауэрше, тау-таста, өсімдік, ағаш, жануарлар – бәрінде де ерік бар, оларды билейтін сол. Ф. Ницше алғашында Шопенгауэрді қолдады, бірақ кейіннен “билікке жету еркі” теориясын уағыздады. “Неліктен алғашқы жабайы тоғай ағаштары бірімен-бірі таласады, күреседі?” – деп сұрақ қоя отырып, оған “билік үшін, үстемдік жүргізу үшін”, – деп жауап қайтарады. Байқап отырсақ, Ф. Ницшенің пікірінше, ондай ерік тек тірі құбылыстарға тән. Осыдан келіп адам да табиғаттың бір бөлігі ретінде сол заңдылыққа бағынады, деп жазды ол Ф. Ницше, бір жағынан, буржуазиялық қоғамды оның руханисыздығы, өмірде моральсыздығы, діни екі жүзділігі үшін әділ сынға алады, екінші жағынан, шектен тыс, құдыретті күші бар адамды дәріптейді. Тек билікке сондай еркі бар, жоғары адамға табынуды уағыздайды. Ф. Ницшенің басты еңбектері “Билікке жету еркі”, “Жақсылық пен жамандық сыры”.

ХХ ғасырдың бас кезінде “Өмір философиясын” жақтағандардың бірі – француз философы А. Бергсон (1859-1941). Ол шала саналықты, тіпті санасыз рухты жақтады. Интеллект, дейді ол, өмірді кинотаспа сияқты санасыз қабылдайды. Өмір дегеніміз, А. Шопенгауэрше, шексіз творчествалық қалыптасу. Ал Бергсонның пікірінше, өмір тұтас, үздіксіз, қайталанбайтын, өздігінен, творчестволықпен пайда бола беретін жаңаша түрлер. Н. Винер Бергсонның осы пікірін кибернетикаға қолданды.

ХХ ғасыр – ғылыми-техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми-техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншіден сцентизм деп атайды (лат. Schentic – ғылым). Ол бағыт ғылымғы, ғылыми-техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт ХХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңа техникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисцентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми-техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызады. Ал адамдардың санасын ол қыспақта ұстайды, ойлау жүйесіне томаға салады деп есептейді. Техника – адамдардың барлық іс-қимылын, ойын бақылайтын автоматтарды, есептегіш машиналарды, жасанды интеллектерді дүниеге әкелді. Осылардың бәрі адамды тірі, жанды автоматқа айналдырады, оның ерекшелік қасиеттерін сөндіреді, дейді. Бірақ сол ғылыми-техникалық прогресс өшіп бара жатқан капитализмге дем беріп, оны тірілтіп, тез дамытқанын айтпайды. Олардың пікірінше, капитализм – мәңгі өлмейтін қоғам. Бұл – мәселенің әлеуметтік жағы. Ал мәселеге басқа тұрғыдан келсек, бұл екі бағыттың екеуінің де айтқандары шындыққа жанасады. Мәселе қай жағынан келуде ғана. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан, оған сыңаржақты қарап, не жақтауға, не даттауға болмайды.

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында физиология мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1838-1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус (1843-1896) болды. Ресейде оларды жақтап, соңына ерген А. Богданов (1873-1928), В. Базаров (1874-1939), т.б. Э. Мах былай деді: “... Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді”. Бірақ біз оларды психологиялық қабілет арқылы қабылдаймыз. “Біз мынадай қорытындыға келдік, – дейді Р. Авенариус, – әртүрлі болмыс өзінің мазмұны жағынан сезім ретінде, әртүрлі жағынан қозғалыс ретінде ойға келеді. Ол – ойды үнемдеу”. Ол үшін ойлап, түбіне жете алмайтын ұғымдардан, мәселен, материядан бас тарту қажет. Оны сезім элементтеріне бөлшектеу қажет, сонда бәрі өз орнына келеді, дейді. Э. Мах: “Денелер емес сезім тудыратын, жоқ денелерді құрастыратын элементтер кешені (сезімдер кешені)”, – дейді ол. Олай болса, физика атомдары, химия молекулалары физика мен химиядағы сезім кешендерінен басқа ештеңе емес, тек физика – химия тәжірибесіндегі үнемдеу белгілері. Дегенмен ХХ ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.

Позитивизм дұрыс пікір (лат. Positives) болып дүниеге келді, оның негізін салған Огюст Конт (1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның негізі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты – ғалымдарды толып жатқан алдын ораған ойлардан, былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым өз алдына философия. Позитивизм эволюциясы осы дәуірдің ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі – эмпириокритицизм, үшінші кезеңі – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм.

Әдебиеттер:

13. Бердяев Н.А. Самопознание. Опыт философской автобиографии. – М., 1991.

14. Вернадский В.И. Жизнеописание. Избранные труды. Воспоминания современников. Суждение потомков. – М., 1993.

15. Замалеев А.Ф. Курс истории русской философии. – М., 1995.

16. Зеньковский В.В. История русской философии. в 2 т. – Спб., 1991.

17. Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Философия. – А., 1994.

18. Лосский Н.О. История русской философии. - М., 1991.

19. Соловьев В.С. Оправдание добра. – М., 1992.

20. Толстой Л.Н. Избр. филос. произведения. – М., 1992.

21. Чадаев П.Я. Философские письма. Полн. собр. соч. и избр. письма. В 2 т. Т. 1. – М., 1991.

22. Чернышевский Н.Т. Соч. Т. 3., Т. 4., – М., 1994.

23. Федоров Н.Ф. Философия общего дела. Соч. – М., 1982.

24. Хомяков А.С. Соч. в 2 т. Т. 1., – М., 1994.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1193. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия