Студопедия — Лекция № 6
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция № 6






Проблемалық оқыту «проблема», «проблемалық сұрақ», «проблемалық тапсырма», «проблемалық жағдай» («ситуация») деген ұғымдарды қамтиды.
Проблема дегеніміз – субъектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім, икемділік, іздену тәжірибесі және т.б.) шешуге болатын жағдай. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалық болуының негізгі шарты – оларға жауап іздеуде оқушыға даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезінеді.
Проблемалық жағдай деп пайда болған құбылыстар, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады. Сондықтан сол қиыншылықтан шығудың жолын қарас-тырып, іздену іс-әрекетіне көшеді. Проблемалық жауап кезеңінде оқушының іс- әрекеті ойлаумен, па-йымдаумен өз бетінше ізденумен сипатталады. Проблемалық оқыту тек проблемалы жағдай тудырып қана қоюды емес, сонымен қатар оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін оқытушы оқушының тақырыпта кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс аңғаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгертуге өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс. Мұның басты жолы - дұрыс ойлай білуге баулу [5; 3].Әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принцип-терге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.

Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ереже-лер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибе-нің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар принциптерге, оқытудың, сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады.

Біздің оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалімнің басшылық ролі; ынталан-дыру; проблемалық оқыту және дамыту, оқыту және тәрбиелеу бірлігі; ізгілендіру; жас және дара ерекшеліктерін назарға алу; кіріктіру принциптері.

Көптеген педагогтар және психологтардың сараптамасы бойынша әр түрдегі жаттығулардың тиімділігі, олардың нұсқалық сипатта болуында.

Нұсқалық жаттығулар оқушылардың ой-өрісін дамытып ғана қоймайды, сонымен қатар оларда тұрақты білім-білік, дағдыны қалыптастырады.

Ең тиімді тәсіл – жаттығуларды қорытындылау, сондай-ақ бір немесе басқа да қағидалар мен заңдылықты нақтылау мақсатында өткізу.

Оқушы өз бетімен немесе оқытушы басшылығымен сол немесе басқа материалдарын қорытындылау кезінде-ақ дағдыланады, әрі оны нақтылау жеңілдірек болады.
Әртүрлі дәрежедегі байланысты ұтымды жүзеге асыру, біздің ойымызша, оқушылардың ақыл-ой іс-әрекеттерінің деңгейіне байланысты. Қандай да бір материалды түсіндіру мен бекітуде, олар жақсы түсінген білімдер қолданылып отырса, онда жаттығулар әдісін пайда-ланған дұрыс. Ал оқушылар қиналып, өз бетінше орындай алмаса, онда әңгімелесу элементтері бар жаттығулар әдісін қолданған пайдалы. Ал материал ұсынуға күрделі болса онда түсіндіру әдісін жаттығулар әдісімен байланыстыра қолдану керек. Ең бастысы, кез келген әдіс-тәсілді таңдағанда оқушыларға оның қаншалықты қажеттілігін ескерген жөн.

Бірақ түсінікті меңгертуде, білімді ортақтастыруда оқушылардың белсенділігіне пара-пар ойлау операциясын қалыптастыруды ешқашан ұмытпау керек.
Проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда болғандығын дәлелдейді және логикалық ойлауға, ғылыми іздену жолына бағыттайды. Проблемалы тапсырмалар сезімге молырақ әсер етеді де, оқушының қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын дамытады. Құмартушылық, қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілетінің, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған сатысы деуге болады.

Мектептегі оқу мен тәрбие, сыныптан тыс жұмыстардың барлығы да оқушылардың жас ерекшелігіне, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Сондықтан да проблемалық оқыту барысында проблемалық тапсырманы шешуге оқушылардың психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы, сонымен қатар білім деңгейі де ескеріледі.

Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оұушы алдында проблемалық жағдаят тудыратын танымдық- іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс- тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптық жағдаятты талап етпейді. Сондай – ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс- тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушы дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді. Проблемалық оқыту, сондай – ақ, мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттері мен ол мәселелерді шешуде маңызды қызмет атқарады. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды. Әрі оқушылардың өзіндік ізденісі мен шығармашылық жұмыстармен айналысуына, берілген ситуацияна шешуге, дағдылануға бейімделеді. Проблемалық оқытуды оқушы дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана басшылыққа алу тиімді.

Жоғары сыныптарда өтілгелі отырған ақын, не жазушының бірнеше әңгімелері көтерген тақырыбы, ортақ мәселелері бойынша қатарынан топтап беріледі. Мысалы, М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінен «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» т.б. әңгімелері оқуға берілген. Оқытқанда, оларды тақырыбы, идеясы, көтерген проблемаларының үндестігіне қарай топтап алып, талдау керек. Мысалы, алғашқы әңгімелерінің ішінен «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Оқыған азаматты» көтерген проблемалары негізінде «М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі қорғансыздар проблемасы, жазушы қорғансыздарын қалай қорғайды?» деген ортақ сұрақпен талдауға болады.

11 сыныпта М.Әуезов шығармашылығына 8 сағат берілген. Оның 1 сағатын «Қорғансыздың күні» әңгімесіне арнаймыз. Демек, сабақ тақырыбы төмендегіше ұсынылады: «М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі. М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі қорғансыздар проблемасы, жазушы қорғансыздарын қалай қорғайды?»

Алдын-ала берілетін тапсырмалар:

- «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Оқыған азамат» әңгімелерін өз беттерімен оқып келу;

- Сынып оқушыларын талданғалы отырған шығармалардың санына байланысты топқа бөлу

Біздің жағдайымызда үш топқа бөлеміз.

1-топқа «Қорғансыздың күні» әңгімесі бойынша тапсырмалар беріледі:

- «Қорғансыздың күні» әңгімесі бойынша тұжырымды, қысқа ғана аннотация, талдау жазу. Сол бойынша әңгіме оқиғасының ең өзекті, түйінді мәселелерінен хабарлама жасауға дайындалу. 106 беттегі үлгіні басшылыққа алу.(Тапсырма осы мазмұнда орындалады. Берілген бағандарды оқушылар өздері толтырады).

- Әңгіме бойынша өз пікірлері мен ойларын жинақтап келу(ауызша): а) әңгімеде боранның суреттелуі. Оның әңгіме идеясын ашуда маңызы бар ма? ә) портреттеуге назар аудар. Оның маңызы, яғни кейіпкерлер іс-әрекетін, жан дүниесін ашудағы маңызы; б) жазушы әңгіме кейіпкерлерінің тағдырын дұрыс шешкен бе? Ол шешімге өзің қосыласың ба?

2-топқа «Оқыған азамат» әңгімесі бойынша тапсырмалар:

- «Оқыған азамат» әңгімесіне аннотация-талдау жасау(1-нұсқа үлгісімен).

- Мына сұрақтар айналасында пікірлерін жинақтап келу: а)әңгіме неге «Оқыған азамат» деп аталған? Әңгімедегі жазушының мақсаты мен мұратын қалай түсінесің? ә) осы әңгімедегі қорғансыздар кімдер? Олардың тағдырын көрсетудегі авторлық шешімге қалай қарайсың?

3-топқа «Жетім» әңгімесі бойынша тапсырмалар:

- әңгімеге аннотация-талдау жасау: а) әңгіменің «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат» әңгімелерімен үндестігі бар ма? Қандай мәселе көтерілген? ә) Бұл әңгімедегі қорғансыз, панасыз кім? Оның тағдыры қалай шешіледі? б) осыншама ауыр трагедияны көрсетуде автор нені мақсат еткен?

Жеке-даралап тапсырмалар беруге болады:

- «Қорғансыздың күні» әңгімесі бойынша портреттеу, пейзаж және суреттеулерді үлестірме қағазға жазып келу;

- «Оқыған азамат» әңгімесіндегі пейзаж, портреттеу және мақал-мәтелдерді үлестірме қағазға жазып келу;

- М.Әуезовтің «Бала Мұхтар» кітапшасы бойынша «Қорғансыздың күні», «Көксерек» әңгімелерінің жазылу тарихы туралы деректер жинау(106 беттегі үлгі-нұсқау).

- «Оқыған азамат» әңгімесіндегі кейіпкерлердің прототиптерін анықтау(Жұмағұл – Смағұл Әмзеұлы, Ақтай – Ахмет Әуезов, Мейірхан – Мұхтар Әуезов)

Проблеманы шешу төмендегідей сұрақтармен жүзеге асырылмақ:

- Қалай ойлайсыңдар, осы үш әңгімеде де қорғансыздар тағдыры сөз болады деп жатырмыз. Жазушының оларға көзқарасы қандай? Қорғансзыдарын қорғай ма, қорғаса, қалай қорғайды?

- Үш әңгімеде де бас кейіпкерлер тағдыры трагедиямен аяқталады. Авторлық осы шешімге қосыласыздар ма?

- Ол трагедиялардың негізгі көзі, бастауы, себебі неде жатыр? Жазушы осы сұрақтарға қалай жауап берген?

- Жазушы шеберлігі, стилі туралы не айтар едіңдер? Деталь, штрихтердің әңгіме идеясын ашудағы маңызы бар ма?(дәлелде).

Он үштегі сәби, қорғансыз Ғазиза, жалғыз ұлдан айырылып, тас бауырлар түбіне жеткен бейшара ана, жетім Қасым тағдырлары – жеке адамдар, жеке қорғансыздар тағдырлары емес, ол өркениет пен гуманизм дәні көктемей жатқан, мал, байлыққа деген ашкөздік жайлаған сахара, дала, оның қорғансыздарының тағдыры.

Сонымен көркем шығарманы оқып үйретудің тиімді жолдарының бірі - проблемалық сұрақ қою арқылы ауызша немесе жазбаша жауап беруге үйрету. Әдеби шығарма бойынша (кейіпкерлер мінездемесі, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме) сондай-ақ сол шығармалар бойынша салынған иллютрациялар мен суреттерге негіздеп өз толғамын, көзқарасын білдіре отырып, шығарма жазу арқылы да оқушының әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға болады.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003.

2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994.

3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. А., 2003.

4. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.

5. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007.

6. Мұхамбетжанова С.Т., Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008.

7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 1998.

8. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы: Мектеп, 1997.

  1. Қоңыратбаев Ә. 4 – 7- кластарда әдебиетті оқыту методикасы, - Алматы «Мектеп», 1987. – 180 бет.

 

 

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981.

2. Семенов А.Н. Комплекс учебников и учебных пособий и проблема интерпретаци художественнгог текста в процессе изучения литературы в школе. – СПб., 1994.

3. Маранцман Б. Чирковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М. 1977.

4. Кудряшов Н. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М., 1981.

5. Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М.2000.

 

Лекция № 6.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 783. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия