Студопедия — Дәріс 7. Отбасы - әлеуметтендiру процесiнің жетекші институты
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 7. Отбасы - әлеуметтендiру процесiнің жетекші институты






Дәріс жоспары:

1.Отбасы және оның баланы әлеуметтендіру институты ретіндегі қоғамдық мәні

2.Отбасының әлеуметтендірушілік белгiлерi мен әлеуметтендірушілік ықпалы

3.Отбасы типтері және ондағы әрекеттер сферасы

4.Отбасының әлеуметтендірушілік қызметі

5.Толық емес отбасылардағы тәрбие мен әлдеуметтендіру үрдісінің жүргізілу мүмкіндіктері

 

Отбасы қоғамның элементарлы құрылымы ретіндегі алғашқы әлеуметтік бөлігі болып табылады.

Отбасындағы адамдардың бiр-бiрiмен өзара қарым-қатынасының сипатына қарай М. Галагузова оларды авторитарлы, демократиялық және эгалитарлық деп бөлдi. Авторитарлық отбасы өзiнiң қарым-қатынастағы қаталдығымен сипатталады. Мұндай отбасыларында әйел ерiне бағынышты немесе ерi әйелiнен аса алмайды және балалары ата-аналарының дегенiнен шыға алмайды. Демократиялық отбасыларындағы қарым-қатынас толық өзара түсiнiстiк пен сыйластыққа негiзделедi. Мұнда отбасы мүшелерiнiң үйiшiлiк қызметтерi қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне қарай тең бөлiнген, отбасындағы әрекеттердi ұйымдастыру мен атқаруға бәрi жұмыла қатысып отырады. Ал эгалитарлық отбасылары ондағы ересектердiң тең құқылығымен ерекшеленедi. Мұндай отбасыларындағы адамдар үшiн отбасы проблемаларына қарағанда жеке басының проблемалары бiрiншi орында тұрады. Мысалы, жұмыстағы жетiстiктер және т.б. Мұндай отбасыларында үйiшiлiк жұмыстар тең бөлiнген, барлығы ұжым болып жабыла кiрiсiп атқарады және шешiм қабылдайды. Бос уақытты да бiрге өткiзуге тырысады. Мұндай отбасыларындағы қарым-қатынастың кемшiлiгi отбасы проблемаларын шешуде кейбiрiнiң жеке мүддесi немесе қызығушылығы ескерiлмесе, кикiлжiң тууы мүмкiн.

Енді осы қарастырылған отбасыларының ішіндегі бірқатар отбасы типтеріне сипаттама беріп, тоқталып өтейік:

Жас отбасы. Бұл отбасылар жұбайлық өмір дамуының алғашқы сатысында және жұбайлық таңдау міндеттерін жүзеге асыру кезеңінде. Бұл кезеңде олар бір-бірін енді танып біліп, мінез-құлықтарындағы алшақтықты түзетуге, үйреншікті өмір сүру салтынан жаңа өмірге бейімделу кезеңін бастан кешіреді.

Орташа жастағы жұбайлар отбасы. Қарым-қатынастарына қарай мұндай отбасыларына тәрбиеленушілерді тәрбиелеушілік айқындалатын өзіндік ұжымдық сипат тән. Көптеген жұбайлар бұл жас кезеңінде тек сөз ғана емес, отбасындағы іс-әрекет пен ерлі-зайыптылық өнегесінің тәрбиелік ықпалын қолданатын өздерінің жеке тәжірибелеріне сүйенеді.

Ересек жұбайлар отбасы. Мұндай отбасыларына өздері жеке немесе ересек балаларымен және немерелерімен тұратын жұбайлар отбасы жатады. Оларға зейнеткерлікке шыққан жұбайлар жатады. Мұндай отбасыларының мәселелеріне олар жаңа мекенжайға

көшкенде бейімделудің қиындығы, жұмыс орнын ауыстыруға байланысты туындаған қиыншылықтар және т.б. жатады.

Баласыз отбасылары. Әдетте мұндай отбасыларына он жылдан бері некелерінде бала болмаған жағдайда осылай аталады. Әрбір үшінші баласыз отбасы ерінің бастамасымен ажырасады. Әйтсе де ажырасу арыздарын бергендер олардың ішінде аздаған бөлігі ғана баланың болмауын ажырасу себебі ретінде көрсетеді, көп бөлігі көрсетпейді екен.

Көп балалы отбасы. Мұндай отбасыларына төрт баласы бар отбасылар кіреді. Мұндай отбасылары өздерінің ауызбіршілігімен ерекшеленеді және ажырасу көрсеткіштері де салыстырмалы төмен болады.

Аз балалы отбасы. Бұл қазіргі кезде ең көп тараған отбасылар, оларға екіден немесе жалғыз баласы бар отбасылар жатады.

Күрделі отбасы. Бұл бірнеше ұрпақ өкілдерінен тұратын толық отбасыларын, тіпті бірнеше некелік отбасыларын қамтитын ұжым. Оны жұбайлардың ата-аналары, жұбайлардың өздері және олардың балалары құрайды. Жыл өткен сайын мұндай отбасыларының саны азайып барады.

Қолайлы отбасы. Мұндай отбасыларына жас отбасылар, орташа жастағы, ересек жастағы жұбайлар отбасы және т.б. кіреді. Сонымен қатар, мұндай отбасыларына баласыз, көп балалы, күрделі отбасылар және т.б. да енеді.

Қолайсыз отбасы. Қолайсыз отбасыларына нақтылы бір уақыт барысында отбасыаралық және отбасыішілік тұрақсыздық қалыптастырып келген ықпалдарға қарсы тұруға қабілетсіз отбасыларын жатқызамыз.

Аралас отбасы немесе қайталанған некелі отбасы. Бұл бірінші неке сәтсіз болғанда қайта некелесуден пайда болған отбасылары. Ондағы мүшелердің жартысы бұрынғы некеден туылған балаларды қамтиды. Мұндай отбасыларын Ресей ғалымдары үш түрге бөледі (Ф. А. Мустаева):

1. Балалы әйелдің баласыз еркекке тұрмысқа шығуы;

2. Балалы еркектің баласыз әйелге үйленуі;

3. Балалы еркек пен балалы әйелдің ортақ отбасылық тұрмыс құруы.

Некесіз отбасы. Бұл өз қарым-қатынастарын заңды ресми түрде рәсімдеуді қажет етпеген әйел мен еркектің ұзақ уақытқа созылған ортақ тұрмыстық одағы. Бұған некеге дейінгі жастардың ұзақ уақыт бойы бірге тұрған келісімді ортақ одағы жатуы мүмкін, көп жағдайда мұндай отбасыларында өмірге сәбидің келуімен заңды некеге тұру қажеттілігі орын алады.

Толық емес отбасы. Бұл көбінде ажырасудан кейнгі отбасылары немесе ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болуына байланысты пайда болған отбасылары, кейде жалғыз адамдардың бала асырап алуынан пайда болған отбасылары болып табылады.

«Аналық» отбасы. Бұл толық емес отбасыларының бір түрі десек те болады. Ата-анасы некеге тұрмай әйел азаматтың жеке қалауымен бала табуы нәтижесінде пайда болған отбасы болып табылады.

Ажырасудың нәтижесінде пайда болған толық емес отбасы. Ажырасудан кейінгі отбасы көп уақытқа дейін осындай көңіл-күйді басынан кешіреді. Ажырасқан отбасыларының үштен бір бөлігі ғана қайта толық отбасы жағдайына ие болады.

Ата-аналарының біреуінің қайтыс болуынан пайда болған толық емес отбасы. Бұл отбасыларында ата-ана рөлін ана немесе әке орындайтын болады.

Әйел (немесе еркек) тарапынан бала асырап алу негізінде қалыптасқан отбасы. Мұндай отбасыларына өмірге деген құлшынысының жоғары болуы тән.

Дистанттық отбасы. Мұндай отбасыларына қалыпты отбасыларын жатқызамыз. Оларға ерлі-зайыптылардың бірінің кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланысты өмірінің көп бөлігін бөлек өткізетін баласыз отбасылары, аз балалы және көп балалы отбасылары кіруі мүмкін.

Әртүрлі деңгейлі отбасы. Мұндай отбасыларындағы жұбайлардың кәсіби бағыты мен білімі әртүрлі деңгейде болады.

Аралас ұлтты отбасы. Бұл ата-аналарының әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын адамдар некесі, мұнда тіпті олардан туылған балаларының өзі кәмелет жасына толғанда ата-аналарының бірінің ұлтын таңдауға құқылы болады. Содан әр ұлтты отбасы болып шыға келеді.

Бала тәрбиесiне деген ата-аналар көзқарасының әртүрлiлiгi және отбасындағы тәрбие жұмысының жүйесiз әдiстерiнiң қолданылуы, ата-аналар мiнез-құлқының жиi өзгерiп отыруы, баланың мiнез-құлқынан тыс мадақтау мен жазалау тәсiлдерiнiң сәйкессiз қолданылуы (ата-аналардың мiнез-құлқына қарай) отбасындағы баланың мiнезiнiң терiс қалыптасуына әсер етедi.

Толық емес отбасыларындағы балалар тәрбиесi де өзiндiк ерекшелiкке ие. Көптеген зерттеу жұмыстары толық емес отбасыларындағы жалғыз ананың бала тәрбиесiнде әкенiң орнын толтыра алмайтындығын, яғни бiр сөзбен айтқанда баланың толыққанды әлеуметтенуiн қамтамасыз ете алмайтындығын айтады. Соған қарамастан көп жағдайда толық емес отбасыларында ана баланың кезiнде ала алмаған әке қамқорлығын беруге тырысады. Осы мақсатта ана балаға қамқоршы болу, қорғаушы, бақылаушылық позицияны ұстанады.

Тұжырым:

1.Отбасы-қоғамның бір бөлшегі бола отырып, баланың қоғамға енуін қамтамасыз ететін әлеуметтендірудің негізгі институты болып табылады.

2.Отбасының әлеуметтендірушілік қызметінің сипаты оның қоғаммен қарым-қатынасы нәтижесінде қалыптасқан отбасылық құндылықтарына байланысты анықталады.

3.Отбасы типтеріне байланысты отбасының баланы әлеуметтендірушілік ықпалы да әртүрлі болады.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.Бала тұлғасын әлеуметтендiруде отбасының рөлi қалай көрiнедi?

2.Әлеуметтік педагогтар тарапынан ұсынылып жүрген отбасылық қарым-қатынастың типтерiн бөлiп көрсетіңіз. Олардағы тәрбие мен әлеуметтендіру ерекшеліктерін сипаттаңыз.

3.Отбасына берiлген әртүрлi анықтамаларды салыстырыңыз. Олардың қайсысы отбасының сипатының мәнiн толық ашады?

4.Отбасының маңызды қызметтерiн ата-бабаларымыздың тарихи дәстүрлерімен және бүгінгі күнгі жаңа дәстүрлермен салыстыра отырып, сипаттаңыз.

5.Қолайлы емес отбасының типологиясын және ондағы қарым-қатынасты реттеудiң мүмкiн болатын жолдарын өзiңiздiң тұжырымыңыз бойынша ұсыныңыз.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 8506. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия