Студопедия — Дәріс 10. Девиация - әлеуметтiк-педагогикалық проблема
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 10. Девиация - әлеуметтiк-педагогикалық проблема






Дәріс жоспары:

1. Девиация ұғымы, девиантты мінез-құлық туралы түсінік

2. Девиантты мінез-құлықты балаларға тән қасиеттерге сипаттама

3. Девиантты мінез-құлықтың түрлері және оларға сипаттама

«Девиация» кездейсоқ себептердiң әсерiнен заттың қалыпты жағдайынан ауытқуы деген мағынаны бiлдiредi. Жасөспiрiмдiк шақ - балалық шақтағы ең қиын және ең күрделi кезең. Бұл кезеңдi өтпелi кезең деп те айтады. Себебi бұл кезде жасөспiрiмдер балалық шақтан жiгiттiк шаққа өтедi. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерiстер болады. Ол физиологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік өзгерiстерден көрінеді.

Қоғамда қалыпты мiнез-құлықтан ауытқыған балаларды «қиын» немесе «тәрбиесi қиын» бала деп санау қабылданған. Тәрбиесi қиын балалардың әрекетiн «девиация құбылысы» деп атайды. Мiнез-құлқында, iс-әрекетiнде ауытқуы бар балаларға мыналар жатады:

- мектепке, сабаққа бармайтын балалар;

- жетiм балалар;

- әлеуметтiк жетiм балалар;

- улы заттар мен наркотиктер пайдаланатын жасөспiрiмдер;

- жеңiл жүрiске түскен жасөспiрiмдер;

- тәртiп бұзатын жасөспiрiмдер.

Девиация девиантты, деликвенттi және криминалды мiнез-құлықты қамтиды.

Девиантты мiнез-құлық; деп мiнез-құлқындағы нормадан ауытқуы бар балаларды айтамыз. Бұл топтағы адамдарды тәртiпсiз, әдепсiз деп атауға да болады.

Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі – анық немесе жасырын психопотологияның барлығын білдіретін психикалық саулықтың қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық.

Екіншісі – әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын антисоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, оларды құқық бұзушылық деп қабылдаймыз да, ал салмақты болса әрі жазаланса қылмыс деп атаймыз

Делинквенттi мiнез-құлық;. Бұл мiнездегi балалар девиантты мiнез-құлықты балалар қылығын қайталайды. Делинквентті мінез-құлықты балаларға мынадай қасиеттер тән:

- зорлық көрсету, балағаттау, ұрып кету, адамзатқа қарсы әрекеттер жасайды;

- материалдық пайда табуды көздейтін қоғамдық көліктердегі ұрлық, машина алып қашу және т.б. айналысады;

- наркотик сату, тарату және т.б.

Бұл мiнездегi балалардың сыртқы әрекеттерiнде ғана емес, iшкi дамуында да көп ауытқулар болады.

Криминалды мiнез-құлық; заңға қайшы әрекеттерi арқылы анықталады. Жасына қарай қылмыс кодескiнiң белгiлi статьясына байланысты қылмыстық iс қозғайды. Олардың іс-әрекеттері қоғамға және қоршаған ортаға қауіп төндіреді деп табылады.

Заңды бұзатын, мiнез-құлқында ауытқуы бар балаларға тән сипат мыналар:

- қылмыс түрлерi мен адамзатқа жат қылықтар жасау;

- iшкi құрылымдық ауытқу (яғни ауытқу белгiлi бiр әлеуметтiк топқа байланысты болса);

- ауытқудың сыртқы ортаға бағытталуы (отбасындағы ұрыс-керiс нәтижесiнде қылмысқа барса) немесе өзiне зиян келтiрсе (алкоголизм және т.б.)

Жеткіншектегі ауытқыған жүріс-тұрыс өз-өзін дәлелдеп көрсету үшін пайда болады. Ғалым П. М. Якобсон мінез ауытқуларын оның ішкі түрткілеріне қарай негізгі үш түрге бөліп қарастырған:

1. Дүниеқорлыққа бағдарланған ауытқу.

2. Агрессивтілікке бағдарланған ауытқу.

3. Әлеуметтік-пассивтік ауытқу.

А. Е. Личко жеткіншектердің мінез ауытқуларының ішінде жүріс-тұрысынан көрініс беретін бірнеше түрлерін анықтаған. Олар:

1. Ішімдікке салыну (маскүнемдік). Бұл құбылыс күннен күнге көбейе түсуде. Бұл заңдылыққа сай мәселені салыстырмалы-әлеуметтік зерттеушілер мына тұжырымдарға келді:

- Әлеуметтік-құқықтық жағдайларды бұзатындар ішінде ішімдікті пайдаланатындардың жиі кездесуі;

- Ішімдік пайдалану әлеуметтік бақылаудың спецификалық түрлерімен байланысты. Кей жағдайларда бұл құбылыс белгілі бір қажетті ритуал элементтерімен байланысты болса, басқа жағдайларда жүріс-тұрысының антинормативтік көрінісі ретінде кездесуі;

- Ішімдік, әдетте ішкі комфорттан тасымалданып, тұлғаның өз тәуелділік сезіміне негізделеді.

1.Нашақорлық;. Есірткілерді пайдаланған кезде жеткіншектер белгілі бір жаман қылық жасауы мүмкін. Осыдан қылмыс жасау, ұрлықтар, кісі өлтіру саны көбейеді.

2.Агрессивті мінез-құлық;. Жеткіншектер агрессиясы олардың өмірлік сәтсіздіктерге ұшырауының нәтижесінде өз-өзін сыйлауының төмендеп, қатыгез адамға айналуымен сипатталады.

3.Суицидиалды мінез-құлық;. Осы бағытта ғалым А.Е.Личко жеткіншектердің мінезіне зерттеу жүргізген. Нәтижеде 17 жастағы жеткіншектердің 32%-ы суицидалды әрекетті жасауға бел буғанын анықтаған;

Әлеуметтік ауытқуды С. А. Беличева «девиантты мінез-құлық» деп атап, оларды төмендегідей етіп топтастырды:

- Пайдақорлық бағыттағы девиация: материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу (ұрлық, алдау, жымқыру, сату, т.б. құқық бұзу, түрлері);

- Агрессивті бағыттағы девиация: адамгершілікке кері бағытталған әрекеттер жасау (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау);

- Девиацияның әлеуметтік енжар түрі: әлеуметтік және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және суицид) белсенді өмір сүруден қашу, азаматтық жауапкершіліктен жалтару.

К. К. Платонов девианттық мінез-құлықты бес түрге бөліп көрсеткен:

1. Делинквенттік мінез-құлық (әрекетке шектен тыс күш салу);

2. Аддиктивті мінез-құлық;

3. Патомінездік мінез-құлық;

4. Психопатологиялық мінез-құлық;

5. Гиперқабілеттілік базасындағы мінез-құлық.

Деликвенттік мінез-құлық адамның көңіл көтеруінде т.с.с. әрекеттерден де көрінуі мүмкін. Жасөспірім қызығушылықпен немесе (компания) топ арасында тұрып балконнан төмен қарай өтіп бара жатқан өткіншілерге ауыр зат тастап, дәл тигізгеннен қанағаттануы мүмкін.

Психологиялық ашығудың девианттылыққа жетелейтіндігі ғылымда дәлелденген.Э.Берннің пікірі бойынша адамда психологиялық ашығудың алты түрі бар:

- сенсорлық стимуляцияға ашығу;

- өзгелерге өзін мойындату бойынша ашығу;

- қарым-қатынас жасауға ашығу;

- физикалық жақындасуға және сексуалдық қатынасқа ашығу;

- психологиялық құрылымдық ашығу;

- тіл табысуға келіспеушілік жағдайында ашығу.

Девиациялық мінез-құлықтың шегінде көрсетілген ашығу түрлерінің әрбірі өрши түседі. Адам ашығу сезіміне қанағат таппайды және осы ақиқат жағдайда сол ыңғайсыздықты шешуге ұмтылады.

Мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінез-құлықтың бұзылуы. Бұл әлеуметтік нормаға қарсы немесе агрессивті мінез-құлық (қарсы шығу, дөрекілік) көрсетуімен байланысты ерекшеленеді.

Әлеуметтендірілмеген мінездің бұзылуы - әлеуметтік қоғамда қалыптасқан нормаларды бұзу, балаларға қатыгездік істеумен көзге түсетіндер.

Әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы. Мұндай мінез-құлық антиәлеуметтік тұрақтылық (ұрлау, өтірік айту, сабақ кезінде қыдыру, үйден кетіп қалу, дөрекілік) немесе агрессивті мінез-құлық қарым-қатынасқа тез түсетін балаларда көрінеді.

Делинквентті мінез-құлық;. Бұл қылмысқа жатқызуға, соттауға болмайтын бұзақылық.

Ерте кезден ішімдік қолдану, наркомания. Ішкілік наркоманияның басы болып саналады.

Девиацидті сексуалды мінез-құлық;. Бұл жеткіншектің жыныстық қарым-қатынасқа шектен тыс ұмтылуымен, бірақ онда жыныстық идентификацияның әлі толық жетілмеген сипатымен айқындалады.

Л.М.Анисимова психикалық дені сау үлкен адамдарға суицидалдық мінез-құлық түрінде байқалатын патологияға жатпайтын жағдаяттық реакцияның алты типін бөліп көрсетті:

- эмоциялық дисбаланс реакциясы (жағымсыз эмоциялық тітіркендіргіштердің басым түрге айналған бұзылысы);

- сары уайымшылдық жағдаяттық реакция (дүниені сезінудің өзгеруі; бұл жағдайда бәрі күңгірт, қалыптасқан жағдайдан шығатын жол жоқ, болашақтан күтетін еш нәрсе де жоқ сияқты сезіледі);

- теріс баланс реакциясы (өмірлік қорытындыларды ұтымды жүргізу, болашақты бағалауда жоғары сыншыл деңгейін көздейтін реакция);

- жұмылдыру реакциясы;

- қарсыластық реакциясы (байланыстардан, алғашқы әрекеттерден бас тарту жападан-жалғыз қалу сезімімен, тұйыққа тірелумен қоса жүреді);

- тәртіпке көнбеу реакциясы (мазасыздық күйді туғызады).

Гипермаскулиндік (әйелде еркекке ұқсас белгілердің болуы) мінез-құлық еркектік, тәуелсіздік, әдейі дөрекілік, шамшылдық қасиеттері арқылы байқалып, көбіне жанжалшылдықпен және айқын көрінетін қаталдықпен қоса жүреді. Мұндай жеткіншектер

еркелету мен аялаудан қысылады, таза әйелге тән істер мен қызығушылықтардан қашып жүреді.

Тұжырым:

1. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуы отбасындағы және қоғамдық ортадағы балаға деген мейірімділіктің тым аздығынан немесе тым көптігінен туындайды;

2. Девиантты мінез-құлықтың алдын алмаушылық қылмыстың артуына алып келеді;

3. Бала әлеуметтенуінде оның өмірлік ұстанымдарын берік қалыптастыру маңызды. Сондықтан отбасындағы балаға психологиялық кеңес беру жұмысын жүргізуге ата-аналарды даярлау - әрбір тәрбие мекемелерінің алдында тұрған басты міндеті болуға тиіс.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1.«Девиация» ұғымының мәнін ашыңыз, оның құрылымын сипаттап түсіндіріңіз.

2.Халқымызда әлеуметтік қалыптан ауытқыған мінез-құлықтарды қалай реттеп отырғандығын мысалдармен дәлелдеп түсіндіріңіз.

3.Бүгінгі күні ғылымда айқындалған девиантты мінез-құлықтың түрлеріне сипаттама беріңіз, олардың пайда болуын бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерімен байланыстырып түсіндіріңіз.

4.Девиантты мінез-құлықты балалары бар ата-атаналарға олармен қандай бағытта және қалай жұмыс жүргізуді ұсынасыз?

5.Девиация құбылысы қоғамдық категория ретінде құбылмалы сипатқа ие дегенді қалай түсіндіресіз?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жарықбаев Қ. Б. Жантануға кіріспе: хрестоматия. – Алматы:Дарын. 2005.-191 б.

2. Спиваковская А. С. Психотерапия: игра, детство, семья. –М.: ЭКСМО-Пресс. 2000. -304 с.

3. Невский И. А. Возрастные особенности психического развития детей. –М.:1992.

4. Кон И. С. Психология старшеклассника. – М.:Просвещение. 1987. -196 с.

5. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. Оқулық. 4-томдық. –Шымкент:Нұрлы бейне. 2006. -188 б.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 12882. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия