Студопедия — ЖЕЛІНСАУ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЖЕЛІНСАУ






Желінсау немесе сүт безінің қабынуы, иттер мен мысықтарда жиі, соның ішінде туудың алғашқы күндерінде немесе аптасында кездеседі.

Қабыну үрдісінде сүт бездерінде айтарлықтай өзгерістер болады, нәтижесінде сүттің бөлінуі төмендейді немесе тоқтайды. Сонымен қоса желінсаумен ауырытын жануардың сүтінде ауру тудыратын микробтар болады, жаңа туылған жануар ағзасына түсіп ауру тудыруы мүмкін. Гипогалактия, агалактия және сүттің залалдануына байланысты желінсаумен ауыратын жануардың төлі жиі өледі. Аналық жануардың өзі де өлуі мүмкін, себебі желінсау кезінде ағзаның жалпы жағдайы ауыр болады.

Себебі. Желінсау көп жағдайда желін жарақаттанғанда немесе ұрық өлі туылғанда сүт безінде сүттің жиналып қалуынан, күшіктерді ерте алып қоюдан, жалған буаздықтан, туудан кейінгі инфекция немесе уланудан туындайды. Ауру тудырушы факторлардың маңыздылары: сүт безіне салқын тию, ағза резистенттілігінің төмен болуы.

Белгілері. Иттер мен мысықтарда катаралды және іріңді желінсау жиі кездеседі. Бұл кезде зақымдалған сүт бездері үлкейеді, ауырады және ыстық болады, терісі қызарады (пигменттелмеген болса). Катаралды желінсауда сүті су тәрізді, үлпектері бар, іріңді желінсауда тек бірнеше тамшы сарғыш сұйықтық немесе қан аралас сұр түсті қою масса бөлінеді. Кейде сүт бездерінде абсцестер түзіледі.

Ауру жануардың жалпы әлсіреуімен, тәбетінің төмендеуімен, дене температурасының 1-1,5оС-қа көтерілуімен сипатталады. Аналық жануар балаларын жиі тастап кетеді, ауру желінін жалай береді.

Емдеу. Желінсау пайда болған алғашқы күндерден бастап пенициллин тобындағы антибиотиктер тағайындалады: бициллин-3 (рец. 160), оксациллин (рец. 161), метициллин (рец. 162), фузидин (рец. 163), сонымен қатар гентамицин (рец. 2) немесе тетрациклин, сульфаниламидті препараттар (рец. 18,19,83). Сүт безін жылы камфора майымен ысқылайды, (рец. 164), анилокаинді жақпа май (рец. 165) немесе 1-2 мл спирт қосылған Вишневский жақпа май жағылған қыздыратын компресс салады.

 

160. Rp.: Bicillini-3 600 000 ӘБ N. 3

D.S. Бұлшықетке 600000 ED 3 күн ішінде 1рет. Енгізбес бұрын міндетті түрде инъекцияға арналған дистилденген сумен араластыру.

#

161. Rp.: Oxacillini-natrii 0,25

D.t.d. N. 10

S. Бұлшық етке. Енгізер алдында флакон ішіндегісін инъекцияға арналған 2 мл дистилденген сумен араластыру.

#

162. Rp.: Methicillini-natrii 1,0

D.t.d. N. 10

S. Бұлшық етке тәулігіне 1 г-нан 2 рет.

Енгізер алдында флакон ішіндегісін инъекцияға арналған 2 мл дистилденген сумен араластыру

#

163. Rp.: Fusidini-natrii 0,5

D.t.d. N. 30 in tab.

S. Ішке 1 таблеткадан күніне 3 рет.

#

164. Rp.: Camphorae oleosae 20 % 100 ml

D.S. Қыздырылған күйінде қабынған сүт бездерін сүрту.

#

165. Rp.: Ung. Anilocaini 30.0

D.S. Қабынған сүт бездерін күніне 2 рет сүрту.

#

 

Арасына 1-2 күн салып бір мезгілде 2-3 рет пенициллинді-новокаинді блокада жасайды: сүт безінің зақымдалған негізі мен құрсақ қуысы аралығына 5-20 мл 0,5% новокаин ерітіндісімен араластырылған 300 000—500 000 ӘБ пенициллин енгізеді.

Желіндегі жарықтарға жақпа май (рец. 166), желінге арналған «Спасатель» (рец. 167) бальзамын жағады.

 

166. Rp.: Ac. tannici 1,0

Bismuti subnitratis 2,0 Vaselini 10,0

M.D.S. Желінге тәулігіне 1 рет жағу үшін.

#

167. Rp.: Balsami peruviani 1,0

Spiritus aethylici 30,0

T-rae Hyperici 20,0

Glycerini

Cummi arabica aa 40,0

Alumini sulfatis 0,5

M.D.S. Желінге арналған бальзам.

#

Қабыну үрдісі әлсіз болса жылулық процедуралар тағайындайды: қыздырғыштар, парафинді немесе озокеритті балауыздар, Соллюкс шамымен сәулелендіру және т.б. Осыдан басқа, тері астына окситоцин енгізеді (рец.113).

Алдын алу. Күтіп-бағу мен ұстау жағдайын жақсарту, сүт бездерінің жарақаттануын, салқын тиюді және ластануды болдырмау, сонымен қатар туудан кейінгі асқынуларды болдырмау және уақытылы емдеу. Жүні қалың иттерде желін айналасындағы жүндерді қырқып отыру керек. Емізік терісіндегі жарақаттарды, жырылуларды, жарықтарды уақытылы емдеу керек.

Тәжірибелік сабақтың мазмұны және орындау реттілігі. Сабақ кафедраның клиникасында өткізіледі. Оқытушы ауру жануарларды балау және емдеу әдістерінің сызбасын береді, препараттарды көрсетеді, жеке процедураларды өткізу әдістемесімен таныстырады.

Топтағы студенттерді топшаларға бөледі және тапсырма береді: ауру жануарларды гинекологиялық зерттеу, диагноз қою және емдеу белгілеу. Содан соң студенттер рецепт жазады, эмульсиялар, ерітінділер тәрізді дәрілік формалар дайындайды, емдеу процедураларын өз бетімен жүргізеді.

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2080. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия