Студопедия — Тұрғызу жөніндегі жалпы ережелер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тұрғызу жөніндегі жалпы ережелер






 

Бүгінде индустриалды әдістерді қолдану арқылы тұтас құймалы темірбетондардан құрылыс жүргізу толық құрастырмалы ірі панельді үй құрылыстарын толықтыра түсетін, тұрғын үй, азаматтық құрылысты одан әрі индустрияландыру бағыттарының біріне айналды. Ол қазір тұтас құймалы темірбетоннан салынатын құрылыстардың индустриалды әдіспен жүргізілуіне байланысты туындап отыр. Инвентарлық, бірнеше мәрте шегендеп бекітуді, арматуралық қаңқаларды және зауытта дайындалатын торларды қолдана отырып жоғары өндірістік тиімділік алуға болады. Механикаландырылған әдістермен беру, бетон төсеу және тығыздау құралымдарды бетондауды механикаландыруды 80-85% жеткізуге мүмкіндік береді. Электротермиялық әдіспен өңделген бетон мен аязға қарсы түрлі химиялық қосымшалар қодану арқылы жылдың кез келген мезгілінде және кез келген температурада үймереттер мен ғимараттар тұрғызуға болады.

Тұтас құйма темірбетонды дамытудың осындай ағымының мынадай артықшылықтары бар: құрылыс индустриясы кәсіпорындарынан шалғай аудандарда құрылыс жүргізу мүмкіндігі жасалады; күрделі қаржыны аз жұмсай отырып өндірістік базаны құруға немесе толық құрамалы үй құрылыстарына қарағанда оның қуаттарын ұлғайтуға болады; кен өндірілетін және топырақ қабаты отыра беретін аудандарда сейсмикалық табанды және шытынамайтын төзімді құрылыстар жүргізу артықшылығы.

Ауыл-селолы жерлерде жеке меншік үйлерді жаппай салған кезде тұтас құймалы үй құрылыстары едәуір артықшылыққа ие болады. Бұл жағдайда құрылыс процесі өндірістік базаға соншалықты тәуелді болмайды. Ал үй қабаттарының аздығы жергілікті құрылыс материалдарын: күлді, шлак және басқа өнеркәсіп қалдықтарын, ірі кеуекті керамзит-бетон, тағы басқаларын пайдалануға кең жол ашады.

Елімізде тұтас құймалы темірбетоннан құрылыс жүргізген кезде пайдаланылатын жаңа құралымдық үлгілер мен материалдар, еңбекті ұйымдастырудың анағұрлым жетілдірілген әдістері табандылықпен іздестіріліп, ғылыми жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстанда сейсмикалық аймақтарының ерекшеліктері де ескерілген тұтас құймалы тұрғын үй, азаматтық үймереттер тұрғызудың айтарлықтай тәжірибесі жинақталған.

Қазір көпқабатты үймереттерді тұрғызуда негізінен шегендеп бекіту жүйелерін пайдаланудың құралымдық-технологиялық белгілерімен ерекшеленетін үш негізгі технологиялық әдісі қалыптасқан. Олар мынадай: үймереттерді сырғымалы қалыппен тұрғызу; ірі қалқанды және блокты - қалқанды қалыптармен тұрғызу; көлемді-ауыстырмалы (туннелді) қалыппен тұрғызу.

 

Тұтас құймалы бетондардан қабаты аз құрылыстарды тұрғызған кезде ұсақ қалқанды және ірі қалқанды қалыптар қолданылады.

Сырғымалы қалыппен қаңқасыз құралымдық үлгілі тұтас құймалы үймереттер тұрғызылады (қабаттары жоғары, ішкі және сыртқы қабырғалары бойлата тұрғызылған, біртұтас жоспарлы әрі күрделі пластикалық көлемді, мұнара үлгісінде болады), сондай-ақ тұтас құймалы немесе құрастырмалы үй құрылысының өзге технологиялық тәсілдері үйлестірілген тұтас құймалы ядросы қатқыл құрылыстар салынады.

Ірі қалқанды және блокты-қалқанды қалыптармен үймереттерді тұрғызу анағұрлым технологиялық әрі үнемді тәсіл болып табылады. Әдетте олардың ішкі және сыртқы көлбеу қабырғалары, жабындары мен қалқаларының құрама элементтері бар қаңқасыз құралымдық жүйесі болады. Ірі қалқанды қалыптардың бір артықшылығы сол, онда бетон қоспасын төсегеннен кейін оған қосымша динамикалық әсер болмайды. Соның нәтижесінде сырғымалы немесе шағын қалқанды қалыптар төселген бетон қабатының жылжып не ажырап кетуіне жол берілмейді.

Көлемдік-ауыстырмалы қалыптар қашықтығы мен қабаттары түрліше келетін, нобайынды тік бұрышты, көлбеу қабырғаларының саны шектелген үймереттер құрылысында пайдаланылады. Төннел үлгісіндегі көлемді-ауыстырмалы қалыптармен көлбеу қабырғалары, жабындары, тұтас құймалы қабырғалары бар қаңқасыз құралымдық жүйедегі үймереттер салынады. Мұндай қалыптармен сондай-ақ сыртқы және ішкі қабырғаларын бойлата салу арқылы да үймереттерді тұрғызуға болады. Әсіресе, ол күшті жел соғатын және жауын жауып тұратын аймақтарда құрылыс жүргізген кезде өте тиімді. Көлемді-ауыстырмалы қалыптармен көлбеу сыртқы және ішкі қабырғалары бар қаңқасыз құрастырма-тұтас құймалы үйлер тұрғызылады, жабулары құрастырмалармен жабылады.

Жабулар мен қабаттарды көтеру әдісін қолданғанда біртұтас жалпақ жабулар дискілері құрылыс алаңында, бірінші қабаттың едені деңгейінде бетондалады да, бетон қажетті беріктікке жеткен кезде көтергіш механизмдерден жобалық белгіге көтеріледі. Жабуларды көтеру әдісінде қабатты орнату жобалық белгіде жүргізіледі, ал қабаттарды көтеру әдісінде жер бетімен деңгейлес тындырылады.

Сөз орайында тұтас құйма үй құрылыстарында, әсіресе кеуекті толтырғыштарда жаңа тиімді бетондарды пайдалану арқылы үймереттерді тұрғызуды түрлі технологиялық тәсілдерін үйлестіріп отыру қажет екендігін атап өтуіміз керек. Тұтас құймалы құрылыста тұтас құйма құрылымдар мен ғимараттарды тұрғызу барысында материал сыйымдылығын, еңбек және энергия шығынын азайту, тасымал шығынын кеміту, сондай-ақ құрылыс мерзімін қысқарту есебінен жеңіл бетонды қолданудың экономикалық тиімділігіне қол жеткізіледі.

Жеңіл бетонды қолдану тұтас құймалы құралымдардың салмағын (тұрақты күш түсуін) едәуір кемітуге мүмкіндік береді, осының өзі іргетасқа түсетін күшті кемітеді, ал ол іргетастың көлемін кішірейтуге, қадалы іргетастың қада санын азайтуға көмегін тигізеді. Жеңіл бетоннан жасалған қондырғы жылуды аз мөлшерде өткізетіндіктен қоршау құралымдарының қалыңдығын жұқартып, бу-жылу жүйесі қондырғысынан бас тартуға мүмкіндік береді. Шетел және отандық зерттеулер мәліметтеріне қарағанда жеңіл бетоннан құйылған тұтас құймалы қоршағыш құралымдар 1 шаршы метр қабырғаның өзіндік құнын 8-12% кемітетін көрінеді.

Жеңіл бетонды қолдану үймереттерді қолдану сапасын жақсарту тұрғысынан алып қарағанда да қолайлы. Ол жеткілікті жоғары деңгейде сығымдалады және жылжығыш келеді, ал осының өзі деформацияны теңдестіріп, күш түсуден, температурадан және басқаларынан болатын ауқымды кернеуден арылуға себепші болады.

Ауыр бетонды жеңілімен алмастыру қалыптардың материалдық сыйымдылығын азайтуға мүмкіндік береді. Жеңіл бетон қоспасы тығыздығының аз блып келуі және оның бүйірдегі қысымының кемдігі қалыптардың құрылысын елеулі түрде ықшамдап, салмағын жеңілдетеді.

 

Тұтас құйма және құйма-құрамалы үймереттердің;







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1166. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия